Алидар: Жаңа жыл жол болсын, Алуа; Жасыл желек жамылған Раяна



бет3/4
Дата25.12.2022
өлшемі26.25 Kb.
#467899
1   2   3   4
Жаңа жыл құтты болсын! Бозторғай даярлық

Би: Бразилия биі
Джин:Енді мен сендерді Бразилия еліне апарайын,кәне көздеріңді жұмыңдар.
(Музика ойнайды) Бразилия

Жүргізуші: Джин! Бразилия әдемі жер екен. Бірақ біздің еліміз оданда керемет. Бізді өз елімізге,өз балабақшамызға апаршы.
Джин: Жарайды. Кеттік онда Қазақстанға!
Жүргізуші: Джин! Балабақшаға жеткенше балалармен бірге ән айтып барайық.
Ән: Сәнденген шыршамыз
Джин: Мінеки балалар,көңілді жүріп балабақшаға келдік. Ал енді соңғы үшінші тілектеріңді айтыңдар.
Расул: Біз Аяз атаны көргіміз келеді.
Джин: Аяз ата қандай болады? Мен көрмегенмін,білмеймін ғой.
Жүргізуші: Ия, Джин! Біздің балалар Аяз атаны асығып күтіп отыр.Мына Аяз атаны сиқырлап ортаға келтірші.(1-Аяз атаШыршадан ойыншық аяз атаны береді)
Джин: (2-ші Аяз ата)Сиқырлап сәл үлкенірек аяз атаның ойыншығын шығарады.
Айназ: Жоқ,Аяз ата бұдан да үлкен! Аяз ата –ойыншық емес,ол тірі адам!
Джин: Олай болса,Бұл Аяз атаны тоңазғышқа сап қояйын.Себебі,ол суықты,мұзды жақсы көреді ау. Суықта тұрып өсіп,үлкейеді.
Жүргізуші: Джин! Аяз атамыз үлкейгенше тақпақтарын айтамыз.
Даниал: Дала қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады,қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
Айназ: Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жанбатыр: О алақай қыс келді,
Бізге қуаныш әкелді.
Дала қарға оранды,
Бала біткен қуанды.
О Диас: Аяз келді қаһарлы,
Айланы қар жапты.
Ақ тон киіп,орман тұр.
Дәл атамдай салмақты.
Алинұр: Қармен ойнап балалар,
Далада жұр алысып.
Шана,шаңғы, конькимен,
Бір-бірімен жарасып.
Аққала жасап әбігер,
Ақ қарды ойып құшақтап,
Қып-қызыл алма беттері,
<Қыс жақсы>-дейді-түсі аппақ.
Жүргізуші: Балалар,Аяз атамыз үлкейіп пе,Джин!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет