Алипбаева Г. А., Нурова А. К



бет14/38
Дата03.12.2023
өлшемі240.59 Kb.
#485256
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
дүниетану оқыту әдістемесі

3. Сабақтың құрылымы.


Барлық сабақтар дидактикалық мақсаттары мен оқыту әдістеріне қарай 4 типке бөлуге болады.

  1. Жаңа білім, дағдылар мен машықтарқалыптасатын сабақтар;

  2. Білім мен дағдыны жетілдіретін, тиянақтайтын сабақтар; жинақ- тап, қорыту сабақтары;

  3. Білімді тексеру сабақтары.

  4. Аралас сабақтар.

Дидактикада Я.К.Коменский, И.Ф.Гербарт, К.Д.Ушинский, Ы.Алтын- сарин, А.Байтұрсынов т.б. негізін салған оқыту теориясында – сабақтар- ды топтастыруға байланысты қалыптасқан көзқарас бар екені белгілі. Сондай-ақ, кеңес дәуірінде және одан кейінгі кездерде жарық көрген ди- дактикалық еңбектерде сабақтарды топтастыру жалпы алғанда, мынан- дай критерийлерге негізделеді.

  1. Сабақтың дидактикалық мақсаты;

  2. Сабақтың құрылымы (дидактикалық кезеңдері, этаптары);

  3. Сабақта қолданылатын негізгі бір әдісі.

Бірінші белгіге байланысты сабақтың мына түрлері анықталады: кі- ріспе сабақ, жаңа білім беру сабағы, бекіту, қайталау, дағды қалыптас- тыру сабақтары, білім тексеру, бағалау сабағы т.б. Екінші белгі бойынша

  • аралас сабақ, пәнаралық сабақ т.б. Үшінші белгі бойынша-пікірталас сабағы, компьютерлік сабақ т.б. Әрине, бұлардың жеке пәндерді оқыту ерекшеліктеріне байланысты түрлі нұсқалары, өзгермелі түрлері болуы мүмкін.

Сабақ құрылымын аралас сабағының мысалында түсіндірейік: Аралас сабақта сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері, бөліктері-
нің ұштасуы орын алады. Сабақтың бұл түрі бастауыш сыныптарда кеңі- нен қолданылды. Төменгі сыныпс оқушылары біркелкі жұмыстан жалыға- ды, жылдам шаршайды. Ал, аралас сабақтағы оқу жұмысының әртүрі, бірінен кейін бірі ауысып отыруы балалардың таным белсенділігін артты- руға, зейіндерінің тұрақтануына мүмкіндік береді.

  1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

  4. Жаңа материалды түсіндіру.

  5. Оны пысықтап, бекіту.

  6. Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру.

Аралас сабақтағы оқу жұмысының әртүрі, бірінен кейін бірі ауысып отыруы балалардың таным белсенділігін арттыруға, зейіндерінің тұрақ- тануына мүмкіндік береді. Бұл сабақ типі бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Сабақтың мақсатын ойластыру барысында мынадай 3 сұраққа жауап табу керек:

    • не меңгерілу тиіс?

    • меңгерту процесінде жаңа ұғымдардың белгілі қандай қызметтері туралы айтылады?

    • қандай маңызды мазмұны тірекке алыну керек?

Сабақтың мақсаты деп пәнді оқыту процесінде қалыптасатын білім- нің құнды жүйелері. Ең маңыздысы баланың жеке басының қасиеттері – бұл әлеуметтік белсенділігі, ойлау және кенеттен тығырықтан шығу қыз- меттері, айналадағы құбылыстарды түсіне, талдау, теориялық білімдерін іс жүзінде тұрмыста қолдана білу, түрлі тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін дамыту т.с.с.
Екінші маңыздылығы мұғалімнің оқу-тәрбиелеу процесіндегі жетекші ролін түсінуі. Шығармашылықпен айналысатын кез келген мұғалім бірса- рындылықтан алшақтап, эвристикалық оқыту әдістерін пайдалана оты- рып шығармашылықпен жұмыс істейтін орта түзіп, баланың интеллектін дамытатын жағдай жасауға ұмтылады.
Үшінші маңыздысы сабақта түрлі әдістер мен тәсілдерді үйлесімді қолдана алу шеберлігі. Оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда са- бақта нақтылық болу керек. Сабақта материалды меңгертуде әр алуан тәсілдерді пайдалану, әсіресе бастауыш сыныптарда мұғалімнің алдын ала ойластырған белгілі бір жүйесі мен тәртібін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет