Алипбаева Г. А., Нурова А. К


Өз-өзін бақылау сұрақтары



бет12/38
Дата03.12.2023
өлшемі240.59 Kb.
#485256
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
дүниетану оқыту әдістемесі

Өз-өзін бақылау сұрақтары:


  1. «Қоршаған айналаныді оқыту әдістемесі» пәнін оқыту әдістері атаңыз.

  2. Оқыту принциптерін білу оқу үрдісін оның заңдылықтарына сәй- кес ұйымдастыру, оқу материалының мақсаттарын анықтау және маз- мұндау.

  3. Оқыту сабақтарын бес типтерін атау және түснктеме беру.

  4. Экскурсияның маңыздылығы мен және сынып классификациясын сипаттау.

ТАРАУ 2 «Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі» бойынша сабақтарды ұйымдастыру




    1. "Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі" бойынша жұмысты ұйымдастырудың негізгі түрлері


Жоспары:


  1. Сабақ туралы түсінік

  2. Сабаққа койылатын талаптар

  3. Сабақтың құрылымы

  4. Сабақ типтері: кіріспе, корытынды, топсеруен, сарамандық, зертхана- лық, аралас, заттық, олардың ерекшеліктері



    1. Сабақ туралы түсінік


Мектепте оқу пәндерінің материалдарын меңгерту үшін ұйымдасты- рылатын біртұтас жүйе оқу-тәрбие процесі деп аталынады. Бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу әртүрлі ұйымдастыру формаларында жүргізіледі. Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйым- дастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс. Оқу жұмысының әрбір формасы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сипатына, оқушылар құрамына, оларды сабақ кезінде ұйымдастыруға, сонымен бірге оқу уақытының режиміне байланысты.
Қазіргі кезде қоршаған айнала сабақтарының ұйымдастырылуы мы- на төмендегідей түрде жүргізіледі: сынып сабағы, лабораториялық-прак- тикалық сабақ, сабақтан тыс жұмыстар, үй жұмысы, сыныптан тыс жұ- мыстар (экскурсия, бақылау, мерекелік кештер, үйірме).
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандық- тан, оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше екенін білу қажет. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың ру- хани қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқу- шылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндет- тері іске асырылады. Оқыту процесінің негізгі компоненттері (құрылым- дық бөліктері) мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері, бақылау мен бағалау – сабақта да орын алатыны заңдылық.
Сабақ – жастары шамалас топқа ұйымдасқан оқушылардың сыныпс деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалімнің басшылығымен ортақ оқу бағдарлама арқылы қатаң сабақ кестесі бойынша жүргізілетін оқу түрі. Сабақ барысында оқушылар білім, білік, дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы және өзіндік көзқарастары да- миды, сонымен бірге мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы болу себебі – ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді.
Сабақ – сыныптағы барлық оқушылардың қатысуы міндетті, қатаң сабақ кестесі бойынша жүйелі түрде жүргізілетін оқу түрі.
Лабораториялық-практикалық сабақ – бұл да міндетті оқу түрі, бірақ бұл сабақ түрін өткізуге арнайы жабдықталған кабинет және құрал- жабдықтар талап етіледі.
Үй жұмысын ұйымдастыру – мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу материалдарын қайталау мен бекіту мақсатында және сондай-ақ оқушы- лардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған өз бетінше орындалатын жұмыс.
Экскурсия – ерекше сабақ түрі, мектептен тыс орындарда өтіледі; арнайы әдістемені талап етеді. Экскурсия сыныпс сабағының бір бөлігі, сондай-ақ сыныптан тыс сабақ түріне де жатады.
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері – оқу бағдарламасына сәйкес бүкіл сыныпс бойынша табиғатқа бақылау, мектеп маңындағы тә- жірибе алаңындағы жұмыстар, географиялық алаңдағы жұмыстар, тірі табиғат бұрышындағы тақырыптық жұмыстар және бағдарламадан тыс бәріне міндетті емес сыныптан тыс жұмыстармен үйлесетін түрлері.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз бетінше, өз құштарлы- ғымен айналысатын, үйірме мүшелерімен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Әр оқу формасы мектепте білім беру жүйесіне кіретін, бірін-бірі то- лықтырады және пәннің материалдарын толық, жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы әсіресе, сабақтан тыс жүргізілетін мысалы, экскурсия, түрлі бағыттағы үйірмелер, факультативтік сабақтардың көмегімен артады. Ендеше, бі- лім беру үрдісінде білім, тәрбие, дамыту мақсаттары бірін-бірі толықтыра түсетін түрлі оқыту формаларын үйлесімді қолдану жағдайында ғана жүзеге аса алады.
Қоршаған айнала сабақтары бастауыш сыныпта оқытылатын басқа пәндік сабақтардан өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Дүниетану сабақта- рында мұғалім қоршаған айналаны ғылымдарын меңгертуге арналған оқыту әдістері қолданады, ол өз кезегінде жоғарғы сыныптарда физика, география, биология, химия пәндерін оқып үйренуге жоғары деңгейде мүмкіндік жасайды. Бұл әдістер табиғат объектілері мен құбылыстарды бақылау, практикалық жұмыстар мен тәжірибе қою (жасау), экскурсия ке- зіндегі түрлі жұмыстар және т.б. Нәтижесінде жаратылыс құбылыстары мен заттарын толық тани отырып, олардың себебін де түсіндіріп, жан- жақты талдап, қорытындылауға машықтанады, бұл баланың белгілі деңгейде білімінің кеңеюіне және оның логикалық ойлау қабілетінің қалыптасып, дамуына көмектеседі.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет