Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы


Жоғары білім саласындағы жаһандық үдерістер



бет12/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#21063
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жоғары білім саласындағы жаһандық үдерістер
Астанада Н.Назарбаев Университетінде «Жоғары білім беру көшбасшыларының ІІ Еуразиялық форумы» өтуде. Оған Ирландияның Жоғары білім басқармасының атқарушы директоры Том Боланд, АҚШ-тағы «Бэбсон» және «Олин» колледждерінің профессоры Ричард К.Миллер және дүниежүзілік банкте көп жылдар бойы Еуропа мен Орталық Азияның 27 елінің білім саласындағы саясат мәселелерін үйлестірумен айналысқан Стивен П.Хейнеман арнайы қатысты.

Айтулы шараға Назарбаев Университетінің шетелдік академиялық серіктестері, атап айтқанда: Кембридж Висконсин-Мэдисон университеті, Unіversіty College London, Carnegіe Mellon Unіversіty, Duke Unіversіty және т.б. әлемнің беделді оқу орындарының өкілдері де жиналды.

Форумға қатысушылар «Жоғары білім беру саласындағы жаһандық трендтер және оның ай­мақтарға ықпалы» деген тақырыпты талқылауда. Сонымен қатар панельдік сессияларда «Білім беру қызметтерінің бәсекелі нарығында жоғары білім берудегі стратегиялық көшбасшылық» тақырыбы да көпшілік назарына ұсынылды. Аталмыш форумда бүгінгі күннің талаптарына жауап беруді ғана емес, болашақтың проблемаларын шешудің жолдарын анықтаудың тетігі ретіндегі стратегиялық көшбасшылық мәселесін шешуді қарастырды. Бұл сессияның модераторы – Лондон университеті колледжінің (UCL) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-провосты, профессор Майкл Уортон болды. Профессор Уортон өз кәсіптік тәжірибесінің негізінде университеттердің заманауи функция­лары контекстіндегі көшбасшылық проблемалары туралы кеңінен әңгімелеп берді. Ал «Олин» колледжінің негізін қалаушылардың бірі болып табылатын профессор Ричард Миллер, Назарбаев университетінің қызметіне жоғары баға бере келе, «бүгінгі күннің әлемдік деңгейдегі Уни­верситеті көшбасшылық, академиялық еркіндік және инновация сияқты үш мәселеге негізделуі керек» екенін атап өтті.

Әсіресе, жоғары білім берудің Екінші Еуразиялық форумының пікірталастарына қатысушы шет­­елдік сарапшылар «Оқыту нәтижелерін бағалаудың жаһандық құралдары» тақырыбына қызығушылық танытты.

Атап айтқанда, АҚШ Висконсин-Мэдисон Университетінің ассоцияланған профессоры Марк Джонсон былай деді: «Мен бұл салада әлі де өткір мәселелер бар екеніне сенімдімін. Мысалы, студенттерді оқытудың тарихи және мәдени зерттеулердің болмауы; кәсіби мәдениет пен сабақ беру практикасының тұрақты мәдениетаралық талдауының болмауы; институциалдық мәдениеттің әртүрлілігіне назар аударылмауы. Сондай-ақ, түрлі ұлттық мекемелердегі басшылардың стилі «бағалау» және «есепберушілік» сияқты ұстанымдарды қалай қалыптастыратындығын да білу қажет» деп ойын түйіндеді.

Одан әрі Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстанның ЖОО-ның кітапханашылары үшін кәсіби семинар өткізді. Форумның негізгі сессиясының бірі – қазақстандық білім беру жүйесіне шолу жасау болды. Аталған сессия аясында халықаралық сарапшылар тобы еліміздегі білім беруді реформалаудың тиімділігін зерттеудің алдын ала нәтижелерін ұсынды. Сонымен қатар қатысушылармен бірлесіп отандық білім берудің барлық деңгейін – мектепалды сыныбынан бастап жоғары оқу орындарына дейін бәсекеге қабілеттілікті дамыту проблемаларын ашып айтты.

Ең бастысы, ұсынылған барлық тақырыптарға қызығушылық жоғары болды. Жоғары білім беру жүйесі бұрынғы қалпында қалуы мүмкін еместігін, әлемдегі жаһандық үрдістерге байланысты өзгеріске ұшырауда екендігі мәлім. Форумға қатысушылардың ұсыныстары мен бастамалары, саланың маңызды мәселелерін талқылау – білім беру мекемелерінің басшыларына өздерінің басқарушылық жұмыстарында анағұрлым тиімді еңбек етуге көмектесу керектігін алға тартты.
//Сыр бойы.-2013.-15 маусым.- 6 б.

Ботагоз АЖАРБАЕВА
НОВЫЕ ПРИОРИТЕТЫ ОБРАЗОВАНИЯ

О стратегических приоритетах нового этапа модернизации казахстанского образования на традиционном брифинге Службы центральных коммуникаций при Президенте РК рассказала ответственный секретарь Министерства образования и науки РК Алия Галимова. В сфере менеджмента образования акцент сделан на формирование государственно-общественной системы управления. Общественное участие на разных уровнях управления образования осуществляется в форме попечительских и наблюдательных советов. Их главная задача – обеспечение финансовой поддержки, контроль за расходованием финансовых средств, укрепление материально-технической базы учреждения и другие. В рамках модернизации внедрена новая система повышения квалификации педагогических кадров, разработанная Назарбаев интеллектуальными школами совместно с Кембриджским университетом и соответствующая международным стандартам. По завершении курсов педагоги сдают квалификационный экзамен и получают сертификаты, которые дают право на получение 30%, 70% и 100% доплаты к зарплате в зависимости от уровня программы. В целях повышения доступности платных образовательных услуг принят закон о государственной образовательной системе, который позволит формировать образовательные вклады в банках второго уровня. Оптимизированы формы административной отчетности. Количество форм сократилось с 467 почти втрое. В пять раз уменьшена нагрузка по заполнению форм школами. Из 41-й осталось 8. Также успешно внедряются системы электронного обучения, подушевого финансирования системы образования. Благодаря реализуемым механизмам Казахстан заметно продвинулся вперед в международном рейтинге качества образования. Так, по глобальному индексу конкурентоспособности наша республика в 2012 году заняла 51-е место среди 144 стран мира, переместившись за один год на 21 позицию. По индексу образования ЮНЕСКО Казахстан в течение последних шести лет находится в семерке лидеров среди 120 стран мира.


//Кызылординские Вести.-2013.-15 июня.- С.3




СТАВКА НА ИННОВАЦИИ И ЛИДЕРСТВО
В Назарбаев Университете прошел Второй Евразийский форум лидеров высшего образования. Эксперты, ученые, политики, ректоры отечественных и зарубежных вузов мирового уровня, представители международных банков и государственных органов, посольств – всего более 400 участников встретились на Втором Евразийском форуме лидеров высшего образования. Инициатором важного события, способствующего глобальному диалогу более 30 стран Европы, Америки, Азии, Евразийского региона, Австралии, стал Назарбаев Университет. – Наша страна всегда уделяла приоритетное внимание модернизации отечественной системы образования, – отметил на открытии форума заместитель Премьер-Министра Ербол Орынбаев. – Стратегический план развития республики до 2020 года закладывает четкое видение: Казахстан – это образованная страна, умная экономика и высококвалифицированные трудовые ресурсы. Конкурентоспособная система образования служит платформой, на которую опирается будущее социально-экономическое и культурное процветание страны. Мы активно перенимаем лучший мировой опыт и ставим перед собой цель – стать центром экспорта образования и научных открытий в Центрально-Азиатском регионе, СНГ и Евразии в целом. Мне особенно приятно, что Назарбаев Университет, наряду с GoingGlobal и WorldClassUniversities, может выступать глобальной площадкой, представляя Казахстан в мировом академическом сообществе. По словам вице-премьера, Назарбаев Университет становится ядром нового инновационного кластера. Для реализации первого этапа уже созданы офис коммерциализации, бизнес-инкубатор, пилотный технопарк. Также здесь появится индустриальная хай-тек-площадка, на территории которой национальным и международным компаниям будет предоставлена возможность размещения собственной инфраструктуры производства и научных подразделений. Выбор компаний будет основан на их будущем сотрудничестве с исследовательскими центрами Назарбаев Университета и приоритетами развития казахстанской индустрии. Впрочем, все достижения университета можно было увидеть собственными глазами, ведь программа Второго Евразийского форума более чем насыщенна. Она включает разнообразные форматы: выставку учебных заведений и издателей учебных материалов, мастер-классы, семинары, пленарные и панельные заседания в параллельном режиме. Многосторонние дискуссии в формате «круглых столов» создают хорошую атмосферу для обмена глобальным опытом, и участники выбирают те темы, которые будут актуальны именно для них. Кроме того, гости получили прекрасную возможность получить информацию о казахстанской системе образования в целом. В частности, о масштабных задачах участникам форума рассказал министр образования и науки Бахытжан Жумагулов. Казахстан интегрирует академическую сферу в рамках Евразийского и общемирового пространства. И в ближайшем будущем еще одной формой сотрудничества станет инициированная Президентом страны передача части государственных университетов в доверительное управление консорциумов иностранных и отечественных инвесторов. Планируется также создание научно-образовательных кластеров мирового уровня в сферах сельского хозяйства, энергетики и химии. Еще один канал международной интеграции – разработка новых образовательных программ для вузов, к созданию которых привлечены эксперты из Великобритании, Австралии, Германии, Японии, Южной Кореи, Сингапура и других стран. Кстати, немало именитых экспертов было и на прошедшем форуме. Среди спикеров – исполнительный директор управления высшего образования Ирландии Том Боланд, профессор Ричард К. Миллер, обладатель пяти престижных преподаватель- ских наград, действующий член Попечительского совета колледжей «Бэбсон» и «Олин» в США, профессор Стивен П. Хейнеман, много лет курировавший во Всемирном банке вопросы политики в сфере образования по 27 странам Европы и Центральной Азии, автор исследований качества образования и разработки стратегии поддержания образовательной эффективности. Кроме того, конечно же, такое событие не могли про- пустить зарубежные акаде- мические партнеры Назар- баев Университета, а это лучшие университеты мира: Кембриджский университет, университет Вискон- син-Мэдисон, UniversityCollegeLondon, CarnegieMellonUniversity, DukeUniversity и другие. Главной темой обсуждения в ходе форума стали глобальные тенденции в сфере высшего образования и их влияние на регион. В ходе панельных дискуссий рассматривалась тема «Стратегическое лидерство в высшем образовании на конкурентном рынке образовательных услуг». По словам организаторов, она вызывает интерес у топ-менеджеров университетов, людей с большим административным опытом. Здесь они обсуждали вопрос стратегического лидерства как способности не только отвечать требованиям сегодняшнего дня, но и определять подходы к решению проблем будущего. Топ-менеджеры, ректоры вузов задаются вопросами, как университету быть лидером, а не аутсайдером в условиях конкуренции. Модератор этой сессии – профессор Майкл Уортон, вице-провост по международному сотрудничеству Университетского колледжа Лондона (UCL). Профессор Уортон на основе собственного профессионального опыта рассказал о проблемах лидерства в контексте современных функций университетов. А Ричард Миллер, он является одним из основателей колледжа «Олин», давая высокую оценку деятельности Назарбаев Университета, отметил, что создание нового вуза – дело многотрудное, ведь миру не нужен еще один средний университет, и мировое образовательное сообщество вполне оправданно ожидает чего-то превосходного. – Университет мирового класса сегодня должен стоять на трех китах – лидерстве, академической свободе и инновациях, – подчеркнул Р. Миллер. К слову, под понятием инновации гость имеет в виду гениальные идеи, способные кардинально изменить жизнь людей, то есть жизнеспособные идеи, а лидерство он воспринимает как искусство, ведь управление вузом – это «сложный процесс, требующий постоянной импровизации, долгосрочной приверженности, терпения и некоторой степени удачи». Многие участники интересовались темой «Глобальные инструменты оценки результатов обучения».

//Кызылординские Вести.-2013.-15 июня.- С.6




София АЛДАМЖАРОВА

СТУДЕНТ РАБОТЫ НЕ БОИТСЯ

Летние каникулы для большинства кызылординских студентов и школьников — время работы. Кто-то из студентов попадет в строительную компанию, кто-то будет заниматься высадкой цветов и деревьев. Еще есть возможность попробовать себя в качестве вожатого в детских лагерях отдыха. Но молодые люди не ограничиваются лишь этим. Они во время каникул нанимаются официантами в кафе и рестораны, работают курьерами, грузчиками, продавцами… Зарабатывают на карманные расходы и школьники. К сожалению, выбор у ребят небольшой. Работодатели неохотно берут молодых людей, не достигших восемнадцати лет. Здесь много нюансов: несовершеннолетним требуется разрешение от родителей, по закону им нужно значительно сокращать рабочий день... А это лишние хлопоты, дополнительная ответственность. В городском центре занятости школьникам и студентам помочь бы рады, да только работодатели ищут людей с опытом и на постоянное место работы. К слову, в каждом центре занятости есть вакансии на так называемую «общественно-оплачиваемую работу» по озеленению дворов и благоустройству территорий, работу в дворовых клубах. На такой работе вполне могли бы трудиться школьники, но она лишь для тех, кто состоит на учете как безработный, а школьников, студентов очных отделений, пенсионеров центры занятости не имеют права ставить на учет. Управление образования тоже не в силах помочь несовершеннолетним в трудоустройстве – оно содействует только выпускникам интернатов. Кстати, у этой группы молодых людей свои проблемы. Некоторые работодатели не считают выпускников интернатов ответственными и надежными людьми. И все же шанс заработать на школьную форму, канцелярские принадлежности, обновки или, скажем, недорогой сотовый телефон у подростков есть. К примеру, иногда их трудом не пренебрегают операторы сотовой связи. Школьникам предлагается в торговых центрах, да и просто в людных общественных местах продавать телефонные симки – номера в рамках специальных акций. Разумеется, родителям при этом нельзя упускать из виду то, что необходимо составить с работодателем письменный договор. Правда, не всегда трудовое законодательство в отношении эксплуатации труда несовершеннолетних работодатели соблюдают. К примеру, некоторые подростки с раннего утра и до позднего вечера работают кассирами в общественном транспорте, их труд без временных ограничений используется на автомойках, на рынках часто встречаются так называемые «арбакеши» – дети, толкающие тяжеленные тележки… По словам главного государственного инспектора труда по Кызылординской области Утепа Хасанова, в Трудовом кодексе РК определен целый раздел с указанием особенностей регулирования труда несовершеннолетних. Согласно ему заключение трудового договора разрешается с гражданами республики, достигшими 16 лет. С письменного же согласия родителей, опекунов или попечителей трудовой договор заключается с гражданами РК пятнадцати лет при получении ими среднего образования, а также детьми с 14 лет в свободное от учебы время. Одна из самых востребованных вакансий у молодежи – работа промоутером. Регулярно в крупных магазинах и супермаркетах проходят рекламные акции крупных компаний, где парни и девушки проводят презентации и дегустации, раздают рекламный материал, информируют клиентов о товаре и проводят розыгрыш призов. Работа непыльная, не требует опыта работы, высшего образования, знания иностранных языков и занимает всего несколько часов в день. Главное требование к промоутеру – приятная внешность, хорошо поставленная речь и умение общаться с людьми. Возрастных ограничений, в принципе, нет. Но работодатели стараются брать молодежь от шестнадцати лет. – Некоторые компании выставляют определенные требования к промоутерам: рост не менее 165-175 сантиметров, приятная внешность, стройная фигура, – говорит Азамат, работающий промоутером в торговых центрах уже третье лето. – Но желающих хоть отбавляй. Заработать можно, я, например, накопил на ноутбук. Промо-акции обычно длятся от десяти дней до двух месяцев. Оплата труда почасовая – от пятисот до полутора тысяч тенге, смотря какую продукцию рекламируешь и сколько клиентов привлечешь. Некоторые фирмы оплачивают наш труд еже-дневно, другие выдают зарплату по окончании рекламной акции или рабочего месяца. Скажу честно, работа промоутера не требует специальной подготовки, зато нужна выносливость: иногда приходится часами стоять в торговых залах или дефилировать по оживленным улицам. Еще один распространенный вариант для студентов и школьников – работа курьером. Молодым людям предлагают доставлять корреспонденцию или распространять рекламные газеты и журналы. Преимущество такой работы в том, что график может быть свободным. В месяц курьер может заработать до двадцати тысяч тенге в месяц в зависимости от нагрузки. По знакомству можно устроиться кассиром в магазин за 20000 тенге в месяц, могут взять и без законченного высшего образования, еще и научат за две-три недели азам «кассирства». Также учащаяся молодежь может подработать развозчиками пиццы, горячей еды из кафе и ресторанов, получая стабильную зарплату до двадцати тысяч тенге. – По знакомству можно устроиться официантом на корпоративные вечеринки. При этом знать все тонкости профессии не обязательно: в задачу наемного официанта входит сервировка стола и уборка грязной посуды. За полдня такой работы мы получаем в среднем пять тысяч тенге, – делится секретом Айгуль, студентка одного из колледжей. – Второй год на целое лето нанимаюсь официанткой. Работаю с десяти утра до двух-трех часов ночи. В день платят две тысячи тенге, плюс иногда набегают чаевые. Этот нелегкий труд изматывает, но я должна работать, потому что нас с младшей сестренкой мама воспитывает одна. Пополнить скромный бюджет студентам могут помочь студенческие строительные отряды, а также программа «Жасыл ел», рассчитанная на краткосрочную работу студентов в летнее время. К примеру, активную работу по привлечению студентов в стройотряды развернул в прошлом году КГУ им. Коркыта-ата. Как сказала методист департамента по воспитательной работе при университете Гульнар Сарсенбай, пятьдесят студентов в 2012 году работали на агро-биологическом участке, благоустраивали, озеленяли, занимались исследовательской работой по научным проектам. Труд – оплачиваемый в пределах сорока тысяч тенге. Такая работа будет продолжена и нынешним летом, пятьдесят человек снова будут заняты на агробиологическом участке. Нынче, как и в прошлом году, студентов университета также будут привлекать на объекты компаний «Азеркорпу», «Аккорд Окан», «Импреза», «Даму»… – ребята будут задействованы на строительстве дорог. – В жизни ССОшникам очень пригодятся навыки, приобретенные на стройках, – считает студент третьего курса КГУ им. Коркыта-ата Нурлан Косбармаков. – У этого движения славное прошлое, и хочется верить, что у него и большое будущее. В ССО студенты учатся работать сообща, поддерживать друг друга, уважительно относиться к труду. Сегодня, как и раньше, стройотряды рассматриваются как значимый институт трудовой адаптации учащейся молодежи. Озеленяла и благоустраивала город в рядах «Жасыл ел» и студентка колледжа «Сейхун» Арайлым Сапакова: – Работали по семь-восемь часов в день, получали хорошую зарплату. Снова запишусь в ряды жасылелцев, деньги будут не лишними. В этом году, как и в 2012-м, в рядах «Жасыл ел» будут работать пятьсот студентов. По словам руководителя штаба Есенжола Назарова, кроме благоустройства и озеленения, в рамках акции «Экосакшы» ребята будут следить за общественным порядком, выявлять несанкционированные мусорные свалки, то есть нести экопатрулирование территорий. Труд в штабе оплачиваемый – примерно около тридцати тысяч тенге в месяц. Стремление школьников и студентов зарабатывать, несомненно, заслуживает уважения. Но стоит помнить, большинство работодателей не заключают договоров о приеме на работу. Поэтому и зарплату могут не выплатить, для этого найдется масса причин – не прошел испытательный срок, не подошел по каким-то критериям… Чтобы избежать проблем, специалисты советуют заключать письменные соглашения, в которых четко оговариваются рабочий день и оплата.
//Кызылординские Вести.-2013.-15 июня.- С.13
ҒЫЛЫМ

Ибадулла ТАУТЕНОВ,Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

ТЫҢАЙТҚЫШТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ

Күріш адамзат тарихында елеулі орны бар, бес мың жылдан астам уақыт өсіріліп келе жатқан, үш миллиардтай халықтың негізгі азығы болып табылатын, жер шарында ең көп тараған, маңызды жармалық дақыл. Күріш негізінен тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі. Ол жерлердің климаттық жағдайы дақылдан жылына екі-үш өнім жинауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда дүние жүзінде күріш дақылы 112 елде 150 млн. га шамасында егіліп, онан өндірілетін өнім 620 млн. тоннаға жуықтайды. Күріш өнімділігі жөнінен астық дақылдары ара­сында бірінші орын, ал егіс көлемі және жалпы жиналған өнім бойынша бидайдан соң екінші орын алады. Күріш өндіруде Қытай мен Үндістан алдыңғы қатарда. Оларға тиісінше дүниежүзілік күріш өндірісі көлемінің 35 және 21 пайызы тиесілі. Онан кейінгі орындарды Индонезия, Вьетнам, Бан­гладеш, Тайланд, Бирма, Филиппин, Бразилия, АҚШ ием­денеді. Күріш негізінен өндірілген жерінде қолданылатын өнім, оның 14-15 пайызы ғана шет жерлерге сатылады. Күрішті ірі көлемде экспортқа шығарушы елдерге Тайланд, Вьетнам, Индия, АҚШ, Қытай, Пакистан, ал көп көлемде импорттаушы елдерге Индонезия, Филиппин, Бангладеш, Бразилия, Иран, Жапония жатады. Жоғарыда айтылған Қытай, Жапония, Кореяда, Үндістан мен Индонезияда, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде күріш тек қана азық емес, ол өркениет пен мәдениеттің бір бөлігі. Сондай-ақ, күріш құдайдың сыйы, құнарлылық пен өмірдің символы болып есептеледі.

Күріш шаруашылығында әлемдік экономиканың аграрлық секторындағы еңбек ресурстарының 50 пайыздан астамы айналысатыны, бұл дақылдың көп еңбекті қажет ететінін дәлелдейді. Әлемде күрішке деген тұтынушылық сұраныс жыл сайын артып келе жатқаны белгілі болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Азық-түлік және Ауылшаруашылық ұйымының болжамы бойынша 2020 жылға күрішке деген сұраныс 781 млн. тоннаны құрап, бидайға деген сұраныстан 2-3 пайызға артады.



Күріш егіншілігі Қазақстанда негізінен Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы алаптарда, Қызылорда облысы аумағында дамыған. Бұл өңірдің теңіз деңгейінен төмен жатуы, топырақ-мелиоративтік және агроклиматтық жағдайы арнайы күріш ирригациялық инженерлік жүйенің салынуына себеп болды. Соңғы жылдары облысымызда күріш егісі көлемі 70-75 мың га-ға жетіп, елімізде өндірілетін күріш өнімінің 85 пайызын өндіруге қол жеткізді. Нәтижесінде еліміз бойынша алынған өнім мөлшері күріш жармасына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жол­дауында аграрлық секторды дамыту мен азық-түлік қау­іпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі және бұл салада еліміз көшбасшы елдер қатарында болу керектігін, ол үшін ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек өнімділігін 2020 жылға дейін кем дегенде 4 есеге дейін арттыру қажеттілігін міндеттеді. Бұл міндеттің күріш шаруашылығында толық орындалуына мүмкіндіктер бар. Тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қаржылай қолдау деңгейі өсіп келеді. Саладағы басты мәселе сумен қамтамасыз ету болса, Елбасының тікелей араласуымен салынған Көксарай су реттегіші дақылдың өніп-өсу кезеңінде суды толық мөлшерде жеткізуге мүмкіндік жасады. Облыстың ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы және ауыл халқының басты табыс көзі болып отырған күріш шаруашылығын дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сыр өңіріндегі суармалы егістік жерлердің топырағы құнарсыз, көп жылдар бойы ғылыми талаптарға сай пайдаланбағандықтан оның құрамындағы қарашірінді мөлшері 1%-дан төмендеп кеткен. Сол себепті күріштен сапалы және мол өнім алу үшін дақылдың қоректену режимін минералды тыңайтқыштар қолдану арқылы реттеу қажет. Әсіресе, үнемі егін егіп, өнім жиналатын егістік жерлерге өнім құрамымен кеткен макро және микроэлементтердің орнын толықтыру үшін топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыш енгізу арқылы қорек элементтерін қайтару жұмысы орындалмай жүр. Соның нәтиже­сінде, жыл сайын өнімділік төмендеп, өнімнің биохимиялық және технологиялық сапа көрсеткіштері кемиді. Облыстың күріш өсіруші агроқұрылымдарында азот және фосфор тыңайтқыштарының өзін кез келген шаруашылық қаржылық жағдайына байланысты бере алмайды. Күріш өсімдігі 1 тонна дән өнімі мен соған сәйкес сабанын құрау үшін топырақтан 25 кг азот, 13 кг фосфор және 34 кг калий элементін алады. Бұл элементтер топырақта жеткілікті болмаған жағдайда өнім төмендейді, себебі олардың әрқайсысының ағзада атқаратын қызметі бар. Сол себепті негізгі осы үш элемент топыраққа минералды тыңайтқыш түрінде енгізілуі керек. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ұсынымдары бойынша 3 жылдық жоңышқа танабынан кейін орналасқан күріштен 50 ц өнім алу үшін 100 кг азот, 75 кг фосфор және 60 кг калий енгізу керек болса, күріштен соң орналасқан танапқа сол деңгейде өнім алу үшін 160 кг азот, 120 кг фосфор және 90 кг калий тыңайтқышын әсер етуші зат бойынша енгізу керек. Фосфор және калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерін күзде сүдігер жыртар алдында немесе көктемде топырақты негізгі өңдеу кезінде берген дұрыс, ал азот тыңайтқыштарының 50-70% себу алдында топыраққа енгізіп, қалған 30-50% көктеп шығу, түптеу кезеңдерінде 1-2 үстеп қоректендіру арқылы берген жөн. Ұшақпен бір рет үстеп қоректендіру шығындары ты­ңайтқыш бағасымен қоса есептегенде 1-га-ға 10-12 мың теңге­ден келетін болғандықтан шағын шаруашылықтар азоттың жылдық мөлшерін егу алдында беруді оңай көреді. Нәтижесінде азот элементінің белгілі бір мөлшері қашыртқы сулармен шайылып жоғалады, су көздерін нитраттармен лас­тайды.

Күріш өсімдігіне қолданылатын азот тыңайтқыштарына аммоний сульфаты, карбамид және аммиак селитрасы жа­тады. Аммоний сульфаты құрамында 20%-дай азоты бар коксо­химия, капролактам өндірісінің қосалқы өнімі. Күрішті себу алдында және үстеп қоректендіруге де қолданылады. Мөлшерден артық берілген жағдайда күріштің пирикуляриоз ауруын қоздыратыны байқалып жүр. Карбамид (мочевина) құрамында 46% азоты бар түйіршік тыңайтқыш суда жақсы еритін болғандықтан қапта сақталып, тасымалданады. Себу алдында және үстеп қоректендіруге қолданылады.

Аммиак селитрасы құрамында 34,6% азоты бар түйіршік тыңайтқыш суда жақсы еритін болғандықтан қапта сақталады. Құрамындағы нитратты азоттың тез шайылу қаупі бар, сондықтан күріш егісінде тек үстеп қоректендіруге қолданылады. Соңғы кездері облыста фосфор тыңайтқыштарынан аммофос, суперфосфат және фосфорит ұны қолданылып жүр. Аталған тыңайтқыштар бағасына, құрамындағы фосфор мөлшеріне және енгізу әдісіне қарай қолданыс табуда.Құрамында фосфор элементі бар қосылыстар ерігіштігіне байланысты бір түрден екінші түрге ауысып, өсімдікке қажетті жылжымалы фосфор қорын жасап отырады. Облыстың суармалы жерлерінің аллюваильді-шөгінді топырақтарында жалпы калий элементі жеткілікті болғанымен, оның өсімдік пайдаланатын алмаспалы формасымен қамтамасыз ету үшін калий тыңайтқышын енгізу керек. Зерттелген калий тыңайтқыштарынан күріш дақылына пай­далануға құрамында 52-60% калийі бар хлорлы калий ты­ңайтқышы ұсынылады. Жоғарыда айтылғандай, хлорлы калий күзде немесе көктемде енгізіледі, топыраққа кейде оның жылдық мөлшерінің 40 пайызын күріштің түтіктену кезеңінде үстеп қоректендіру арқылы береді. Күріш өндірісінде жетекші орын алатын елдерде айтылған үш макроэлемент тыңайтқыштарынан басқа микроэлементтері бар тыңайтқыштар, өсімдік өсуін реттегіштер қолданып, дақыл өнімділігі мен өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізген. Күріш өндіру тиімді болу үшін өнімнің өзіндік құнын мейлінше азайту керек, ал ол жоғары өнімділікке байланысты. Өнімділікті көтерудің негізгі жолдарының бірі тыңайтқышты тиімді пайдалану болып саналады. Егер үш түрлі тыңайтқышты қолданғанда күріш өнімділігі екі есеге артатын болса, азоттың әсерінен қосымша өнімнің 60-%, фосфордан 20-30, ал калийдің әсерінен 5-10% құралатыны анықталған. Сондықтан дақыл өнімділігін арттыра отырып, егістік жерлердің топырағының құнарлылығын төмендетпеу жағын да ойластыру қажет.

//Сырбойы.-2013.- 1 маусым.- 13 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет