Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Әдебиеттік оқу 3-сынып



бет10/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#450164
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
faae59c0-6797-4c09-975e-dc03507d5c33

Бөлім: Жазылым





Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру

Оқу мақсаты




3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Әңгімені түсініп оқы.


Бозша торғай

Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы жаңбыр жауған. Жер саз.

Омар атай бір топ жусанның ығында бүрісіп отырған кішкентай құсты көрді. Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны екен. Тұмсығының жиектері сап-сары. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді.

Балапан Омар атайға жасқана қарады. Қорқып кетті. Салбыраған қанатын жиюға шамасы келмей, сүйреткен бойы бір түп жусанды сырт айнала берді. Бірақ жүгіріп кете алмады. Жығылып қалды. Омар атай бозша торғайды жерден көтеріп алды. Алақанына қойып, аз ғана уақыт қызықтай қарады. Әрі тоңған, әрі қорыққан кішкене құс қалшылдап тұр.

Омар атай бозша торғайды үйіне әкеліп, күн сәулесі түсіп тұрған терезе жақтауына отырғызды. Алдына ыдысқа салып жем әкеп қойды. Бозша торғай жем жемеді. Омар атайға жалт-жалт қарай берді. Омар атай оның сырын сезіп, жымиып қана күлді де, тысқа шығып кетті. Сәлден кейін терезеден сығалап қарап еді, кішкене құс жемді теріп жеп жатыр екен. Үсті де құрғап кеуіпті. Бозша торғай ыдыстың ернеуіне ұшып қонды.

  • Ә, әлденіп алдың ба? Өзіңе дос екенімді білген шығарсың? – деп қойды атай. Омар атай ептеп келіп терезені ашты.

Бозша торғай сыртқа ұшып шықты.Көтеріліп барды да, әуеде қалықтап тұрып әндете бастады.

    • Сұрақтардың көмегімен әңгімені бөліктерге бөл. Әр бөлікке тақырып қой.

      • Омар атай бақшадан нені көрді?

      • Атай оған қандай қамқорлық жасады?

      • Оқиға қалай аяқталды?

Дескриптор

Білім алушы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет