- Жүрек қайналымы жүйесінің негізгі бөлімі болып табылады, ол насос тәрізді қанды қантамырларына үздіксіз айдап тұрады
- Жүрек (лат.cor, грекше cardia) қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты ағза болып табылады
- Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға тіреледі
- Жүректе төрт қуыс бар, олардың екеуі жүрекше екеуі қарынша
- Жүрекше мен қарынша арасында атриовентрикулярлық жүрекше - қарынша тесік болады, оны жабатын екі үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар бар
- Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады:ішкі- эндокард, ортаңғы - миокард, сыртқы –эпикард
- Эндокард қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерде екі не үш жақтаулы және айшық тәрізді қақпақшаларға айналады, сондықтан әр қақпақша эндокардтың екі жапырағынан тұрады
- Миокард көлденең жолақты ет талшықтарынан тұратын ең қалын қабат
- Эпикард жүректі сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына жетіп,жүрек сыртын екінші рет қаптайды
- Бұл эпикардтың сыртқы қабаты, яғни перикард - жүрек қабы болып табылады
Жүрек үш қабат көлденең жолақ ұлпадан құралған.
Эндокард
(ішкі қабаты)
Эпикард
(сыртқы қабаты)
Миокард
(ортаңғысы)
Жүректің қан айдау қызметі Жүректің негізгі қызметі - қанды жүрекшелер мен қарыншалардың миокарды арқылы тамырлар жүйесіне айдау отыру
Жүрекше систоласы
Қарынша систоласы
Жүректің қан айдау қызметі - Жүректің негізгі қызметі - қанды жүрекшелер мен қарыншалардың миокарды арқылы тамырлар жүйесіне айдап отыру
- Осыған орай, жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, орта есеппен минутына 65-80 рет соғады
- Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметінің оралымы (циклы) деп аталады
- Жүрек жиырылған сәтте ондағы қанның қысымы көтеріледі
- Жүрек қуыстарындағы қан қысымының өзгеруі белгілі бір заңдылыққа бағынады
- Осыған орай қақпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады
Достарыңызбен бөлісу: |