«alкali» сөзі арабтың «сілті» және гректің. "eidos" – ұқсас сөзінен шыққан яғни, сілтіге ұқсас деген мағынаны бiлдiредi



бет3/3
Дата04.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#497727
түріҚұрамы
1   2   3
Алкалоидтар мен құрамында азоты бар заттар

Алкалоидтардың биосинтезі. Алкалоидтардың биосинтезі алифатты байланысқан аминқышқылдарының азотын қосу арқылы N-гетероциклді жүйенің түзілуін талап етеді. Бастапқы кезеңдерде аминқышқылдарының алмасуына тән реакциялар-декарбоксилдену (ферменттер – декарбоксилазалар), тотықтырғыш дезаминдену (аминоксидазалар) және қайта аминдеу (аминотрансферазалар) реакциялары жүреді. Нәтижесінде алкалоидтардың биосинтезінде негізгі реагенттер - аминдер (аминқышқылдарының декарбоксилденуінде және альдегидтер (кезінде аминқышқылдарының тотығу дезаминденуі) түзіледі.
Алкалоидтардың халық шаруашылығындағы, әсiресе медицинадағы маңызы өте зор. Олар жүрек, жүйке, ас қорыту және тағы басқа ауруларды емдеуде кеңiнен қолданылады. Көптеген алкалоидтар өсiмдiк негiзiндегi тағамдардың құрамында болады. Оларға шәй, кофе, какао, көкнәр, темекi және т.б. жатады. Олардың денені сергiтетiн және наркотикалық қасиеттерi бар.
Эфедрин тыныс алуды күшейтедi, қанның қысымын түсiруге пайдаланады. Эфедрин алкалоидының улылығы өте төмен және ол астманы емдеуге қолданылады. Горденин, керiсiнше, қанның кысымын күшейтедi. Пиридиннiң туындысы - пиперин - қара бұрыштың құрамында болады, ол улы емес, бiрақ, белокты қыздырады - сол үшiн тағамға қосады. Атышулы алкалоид - никотин, ол темекi өсiмдiгiнiң жапырағында синтезделедi, бұл орталық және шеткi жүйке жүйесiне әсер ететiн күштi улы зат. Никотиннiң әсерiмен қан тамырлары тарылады, яғни қан қысымы күшейедi. Оның жоғары мөлшерi тынысты бекiтiп, өлiмге алып келуi мүмкін. Пиридин және пиперидин сақиналарынан тұратын анабазиннiң әсерi никотинге өте ұқсас. Бiрақ, оның жәндiктердi жоюдағы әсерi никотиннен әлдеқайда күштi.
Алкалоидтардың көпшiлiгiнiң адам мен жануарлар үшiн улық қасиетi бар, сондықтан оларды көп мөлшерде пайдалану денсаулық үшiн өте зиян, мысалы, стрихниннiң орташа мөлшерiнiң өзi адамды өлiмге алып келедi. Анабазин, никотин және стрихнин секiлдi алкалоидтар өсiмдiктердi қорғау үшiн пайдаланылады. Өсiмдiктерде табиғи жолмен жасалатын алкалоидтардың негiзiнде олардың жаңа синтетикалық түрлерiн алу мүмкiн болып отыр. Мысалы, кокаиннiң негiзiнде медицинада кеңiнен қолданып жүрген новокаин жасалды.
Хинолиннiң туындысы хинин алкалоиды Қара теңiз жағалауында өсетiн хин ағашының қабығында көп синтезделедi және оның мөлшерi ағаш қабығының құрғақ салмағының 15%-не дейiн жетедi. Хининнiң адам ағзасына әсерi әртүрлi - ол нерв жүйесiнiң қызметiн тежейдi, температураны төмендетедi. Малярияға қарсы дәрi ретiнде медицинада қолданады. Аса күштi есiрткелердiң бiрi - морфин изохинолиндi алкалоидтар тобына жатады, ол көкнәр өсiмдiгiнiң қауашағының қабығында синтезделедi және оның мөлшерi өсiмдiктiң құрғақ салмағының 25 %-на жетедi. Сонымен қатар, көкнәрде морфиннен басқа наркотин (5%), папаверин (0.8%), кодеин (0.3%) сияқты алкалоидтар кездеседi. Пуриннiң туындысы болып табылатын алкалоидтар - кофеин және теобромин. Кофеин кофе дәнiнде (3%), шайдың жапырағында (5%) және какаода синтезделедi. Кофеин орталық нерв жүйесiн қоздырады, қан тамырларын тарылтады және оның нәтижесінде қан қысымы артады. Оның ерекше қасиетi - есiрткелердiң басқа түрлерiне үйренiп кетуден сақтай алады.
Кокаин деген алкалоид қоғам күресiп жатқан есiрткелердiң iшiндегi ең күштiсi. Ол Оңтүстiк Америкада, Ява аралы мен Индияда өсетiн кока өсiмдiгiнiң өнiмi. Кокаин сезiмтал жүйке нервтерінің ұштарын қызметiнен айырады, сондықтан жергiлiктi жансыздандырғыш ретiнде қолданылады, орталық жүйке жүйесiне әсер ету арқылы адамды мастықтың ерекше түрiне ендiредi. Бiрнеше қайтара пайдаланғанда адам кокаинға үйренiп, оның әсерiне шексiз құштар болып тұрады - бұл адам ағзасын қайтымсыз өзгерiстерге алып келедi. Адам үшiн кокаиннiң улық дозасы - 0.2 грамм, ал, емдiк дозасы 30 миллиграмм ғана.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет