Аллаһ дінінде тұРАҚты болудың жолдары



жүктеу 318.06 Kb.
Дата08.06.2016
өлшемі318.06 Kb.
АЛЛАҺ ДІНІНДЕ ТҰРАҚТЫ БОЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Алғы сөз

Ақиқатта барлық мақтаулар Аллаһқа тән . Біз Оған мақтаулар айтамыз , Одан жәрдем сұраймыз және кешірім өтінеміз . Нәпсіміздің жамандығы мен амалдарымыздың кемшілігінен Аллаһтан пана тілейміз .Аллаһ кімді тура жолға салса оны ешкім адастыра алмайды , ал кімді адастырса оны тура жолға салушы жоқ . Аллаһтан өзге ғибадатқа лайықты ешбір тәңірдің жоқ екеніне , Оның жалғыз , әрі серігі жоқ екеніне куәлік беремін!

Және Мухаммедтің Оның құлы , әрі елшісі екеніне куәлік беремін!

Расында Аллаһ дінінде тұрақты болу – нақты шешім , толық естілікпен тура жолдың үстінде болуды қалаған әрбір шынайы мұсылманның негізгі талабы . Бұл тақырыптың маңыздылығы төмендегі жағдайлар арқылы анықталса керек .Олар :

Мұсылмандар өмір сүріп жатқан қазіргі қоғамдардың қәте ұстанымдары мен ахуалдары және олар отына күйіп жатқан фитна¹– бүліктер мен өтіріктердің көптеген көріністері , хақ дінді адамдарға бөтенсітіп жатқан шаһуаттар мен шүбһәлардың алуан түрлері .Осының салдарынан қазіргі уақытта діннен ұстанушылардың күйлері , төмендегі хадис хабарлағандай жағдайда . Ол хадис былай –дейді :

« (Ақырзаманда) дінінен берік ұстанушы адам (жанып тұрған) шоқты ұстаушы адамдай болады »

Қазіргі замандағы мұсылмандардың Аллаһтың дінінде тұрақты болу үшін керекті болған шараларға мұқтаждықтары , өздерінен бұрынырақ өткен мұсылман бауырларының мұқтаждықтарынан да артықша екені әрбір ақыл егесі үшін дау тудырмайды . Сонымен қатар , заманның бұзылуы , мұсылман бауырлардың сиреуі , қолдаушының әлсіздігі мен көмекшінің аздығы хақ дінде табандап тұру үшін көп күш-қуат жұмсауды талап етеді .

Және діннен шығушылар мен амалында солғындық танытушылардың көптеп кездесуі , тіпті осындай нәрселердің ислам дініне қызмет жасап жүргендердің арасында да көрініс беруі мұсылман кісіні қауіп пен уайымға салып ,оның дінінде тұрақты болуы үшін тыныштық пен қауіпсіздік жолдарын іздеуге итермелейді.

Және де осы қозғалып отырған тақырыптың жүрекпен байланыста болуы . Ал ,ол жүрек турасында пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) былай-деген :



« Шынында адам баласы жүрегінің құбылуы қатты қайнаған қазандағы нәрсенің аударылып-төңкерілуінен де тезірек » (имам Ахмад риуаят еткен 6/4)

Пайғамбарымыз жүрекке және мысал келтіріп :



«Жүрек әркез құбылып тұратындығы үшін қалб²-деп аталынды .Шын мәнінде жүректің мысалы талдың түбінде тұрақтаған құстың қауырсыны сиақты . Жел оны (қауырсынды) ішін сыртына қаратып аударып тұрады » -деген .(имам Ахмад риуаят еткен 4/408)

Бұл жайында бір ақын :

Адам «инсан³ »-деп аталынды ,

Ұмытшақ болғандығынан .

Жүрек « қалб »-деп аталынды ,

Өзгеріп тұрғандығынан – деп айтқан .

1.Фитна – іріткі ,бүлік , сынақ немесе адамның иманы тексерілетін тауқыметтер .

2.Араб тілінде жүректі қалб-деп атайды . Сонымен қатар « қалб » сөзі айналу , өзгеру-деген мағыналарды да береді .

3.Араб тілінде адамды инсан –деп атайды . Сонымен қатар « инсан » сөзі ұмыту – деген мағынаны да береді .

Шаһуаттар мен шүбһәлардың желінен құбылысы көп болған жүректі тұрақты қылу - өзіне тән қиыншылықтарына сай , көп күш-қайратты қажет ететін өте күрделі , әрі маңызды іс .


Тұрақтылақ жолдары
Құдіреті күшті Аллаһтың бізге берген рахметтерінің бірі , Ол өз кітәбінде және пайғамбарының тілінде ,әрі ол пайғамбарының өмірбаянында Аллаһ жолында тұрақты болудың көптеген жолдарын баяндап өтті .

Ендеше құрметті оқырман ! Төменде сол жолдардың кейбірін өзіңе ұсынамын



Бірінші : Құранға көңіл бұру .

Қасиетті Құран тұрақтылықтың ең алғашқы жолы.. Ол құран Аллаһтың берік тұтқасы , әрі ашық нұры . Ол тұтқадан ұстағанды Аллаһ Өзі сақтап , ол нұрға ергендерді Аллаһ Өзі құтқарады . Және осы Құранға шақырған кісі ең тура жолға бағытталған болады . Аллаһ Тағала Құранның бір уақытта емес , белгілі уақыттар арасында бөлім – бөлім болып түсірілу себебін , адамдардың дінде тұрақты болуы үшін – деп , хабарлаған . Яғни , Аллаһ Тағала Өз кітәбінде кәпірлердің келтірген күмән-шүбһәларына былай-деп жауап қайтарған :



« Және кәпір болғандар « неге оған ( пайғамбарға ) Құран бір бүтін жинақ болған түрде түсірілмеді ? »-десті . Біз оныменен (Құранмен ) жүрегіңді бекем (тұрақты) ету үшін осылай (бөлек –бөлек түрде)түсірдік және (саған) оны (Құранды)анық етіп оқыдық . Олар саған бір мысал келтірсе , Біз саған (ол мысалға жауап ретінде) ақиқатты және көркем түсінікті келтірдік ». (Фурқан :32-33 )



Не үшін Құран тұрақтылықты күшейтетін бастаулардан болды?


  • Өйткені Құран жүрекке иманды орнатып , Аллаһпен болатын байланыс арқылы нәпсіні тазалайды .

  • Өйткені Құран жүрекке байсалдылық пен саламаттылықты орнатады . Сондықтан оны жамандықтар мен бүліктердің құйынды желдері теңселте қоймайды . Және адам жүрегі Аллаһты естеуменен тыныштық табады .

  • Өйткені Құран мұсылманға айналасында болып жатқан оқиғалардың шынайы суретін көруге және оларды дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.Әрі Құран оған болып жатқан істерге дұрыс үкім шығара білу таразысын ұсынады .Сондықтан оның үкімі оқиғалар мен адамдардың өзгеруіне қарай өзгерместен, тұрақты болады .

  • Және кәпірлер мен мунафиқтар сияқты дін дұшпандарының тарататын күмәндарына тойтарыс береді .Бұған ілгергі өткен мұсылман қауымдардың өмірінен нақты мысалдар келтіруе болады .Мысалға мушриктер пайғамбарымыз Мухаммедке ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құран аяттарының түсірілуі бірнеше уақыттарға кідірген кезде « Мухаммедтің Құдайы оны тастап кетті » -деген сөзді шығарады .Ол сөздер пайғамбарды (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) біраз уайымға салады . Сол уақытта Аллаһ мына аятты түсіреді :

«Сені Раббың тастап кетпеді және жек көрмеді » ( Духа сүресі :3 )

Ал осы аят пайғамбарымызға (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) қаншалықты әсер еткен еді ?

Және осы оқиғаға ұқсас Құрайыш кәпірлері Мухаммед (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды Меккедегі Румдық бір ұстадан үйренген –деп жалған сөз тарата бастағанда , Аллаһтың ;

« Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде ( яғни , арап тілінде сөйлемейді ) . Ал бұл Құран ашық арап тілінде »-деген сөзі пайғамбарды (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаншалықты қуаттай түскен еді ?

Сол сияқты , бір мунафиқ :



« Маған (соғыстан қалуға) рұқсат бер және мені бүлікке салма »-дегенде , Аллаһ Тағаланың :

« Байқаңдар! Олар (соғыстан қалғаны үшін) бүлікке түсті » (Тәубе : 49)-деген сөзі мұсылмандар рухын қаншалықты көтеріп , қуаттандырды .

Осы келтірілген аяттар діндегі тұрақтылықты бекемдей түсіп , иман орнаған жүректердің байланысын арттырмай ма ? Және күмәндарға тойтарыс беру , әрі өтірікшілердің үндерін өшіру емес пе ? Раббыммен ант етемін ! Әлбетте , дәл солай .

Және бір ғажап нәрсе , Аллаһ Тағала мұсылмандарға Худайбиа соғысынан қайтқандарында көп олжаға ие болып оралатындарын уәде қылады ( ол Хайбар олжалары болатын ). Және Аллаһ ол олжаларды олардың өздеріне ғана нәсіп ететінін , әрі оған өзгелерсіз өздері ғана баратынын айтқан .Әрі мунафиқтердің сол жорықта олармен бірге болуды сұранатынын , ал мұсылмандар оларға «бізге ермеңдер»–дейтінін , мунафиқтер болса Аллаһтың сөзін өзгерткілері келіп , сұраныстарын қайталай беретіндігін хабарлаған. Ол мунафиқтер «сендер бізден қызғанып жатырсыңдар »-дегенде , Аллаһ оларға « Сөзді түсінуге жанаспайтын ол қауымға не болды ?» ( Ниса : 78 ) -деп жауап қатады . Ғажабы сол ,кейін осы оқиға дәл сол хабарланған күйінде , ізбе-із ,сөзбе-сөз мұсылмандардың көз алдында болып өтеді .

Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе біз өмірлерін Құранмен байланыстырып , оны оқуға , жаттауға , мағыналарына ой жіберіп , тәпсірін түсінуге ден қойып , өздерінің іс-әрекеттерін сол Құраннан бастап , әрі соған қайтып отыратындар мен Аллаһтың емес , адамдардың сөзіне ерекше мән беріп , соныменен әуре болушылардың арасында көп айырмашылық бар екенін біле аламыз .

Егер, ілім талапкерлері сол ілімге қойған талаптарының көбісін Құран мен оның тәпсіріне жұмсаса қандай жақсы болар еді ?!
Екінші: Аллаһтың бекіткен шариғатына , салихалы амлдарға ұқыпты болу .

Аллаһ айтты :

«Аллаһ сондай иман келтіргендерді дүние тіршілігінде де , ақыретте де бекем сөзбен¹ тұрақтылықтарын күшейтеді . Және Аллаһ залымдарды адастырады . Сондай-ақ Аллаһ қалағанын жасайды ».(Ибраһим:27)

Осы аят тұрғысында белгілі ғалым Қатада «Дүние тіршілігінде оларды жақсылық және салихалы амалдар арқылы тұрақты етеді . Ал ақыретте болса , қабірде (қойылатын сұрақтарға жауап бере алуы үшін) тұрақтылығын күшейтеді »-деп , айтқан .Осындай түсіндірмелер бірнеше сәләф ғалымдарынан да риуаят етіледі .(Ибн Касирдің тәпсірінен 4/421)

Және Аллаһ Тағала :

«Егер олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарғандарында , сөзсіз олар үшін хайырлы , әрі тұрақтылығы күштірек болар-еді»-деген .(яғни , хақиқат үстіндегі тұрақтылықтары күшті болар еді) Ниса сүресі , 66-шы аят.

Бұл анық нәрсе . Әйтпесе , бұл тұрақтылықты бүлік бой көрсетіп , бақытсыздық орай бастағанда , жалқаулықпен салихалы амалдарды тастап қойғандардан күтеміз бе?!Жоқ,бірақ Аллаһ сондай иман келтіріп , әрі салихалы амалдарды атқарушыларды имандарымен Өзінің ең тура жолына басатйды . Міне сол үшін Аллаһтың елшісі (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салихалы амалдарға өте бекем болар еді . Және ол кісіге аз да болса әрдайым үзілмей орындалатын амалдар сүйікті көрінетін . Сахабалар да (Аллаһ олардан разы болсын)егер бір амалды атқарса , сол амалдарына тұрақты


1.Бір Аллаһтан өзге ғибадатқа лайықты ешбір тәңір жоқ –деген сөз.

болатын.Сол сиақты Айша анамыз(Аллаһ одан разы болсын) да бір амал жасаса , оны ешуақытта тастамай орындайтын .Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім он екі ракағат¹ намазға бекем болса (үзбей орындаса) , оған жаннат уәжіп болады (яғни, жаннатқа кіреді )»-деп ,айтқан . (Сахихул Тирмизи: 1/131). Және хадис қуддуста Аллаһ « Құлым Маған нәпіл ғибадаттарменен² Мен жақсы көргенімше жақындай береді »-деген .(Сахихул Бухари)


Үшінші: Пайғамбарлар қиссасынан өнеге алу үшін , әрі оларға амал қылу үшін түсініп

оқып , терен зерттеу .

Бұл тақырыпқа Аллаһтың мына сөзі дәлел болады :

Ей , Мухаммед ! «Саған жүрегіңді тұрақты ету үшін (өткен ) пайғамбарлар хабарларынан баян етеміз . Осында саған ақиқат және иман келтіргендер үшін насихат , әрі (өнегелер) ескертулер келді ».(Һуд:120)

Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) өмір сүрген дәуірінде түскен осы аяттар ( яғни , пайғамбарлар қиссасын баяндайтын аяттар ) ойын үшін , не ермек үшін түскен жоқ . Керісінше үлкен бір мақсатта түсірілді . Ол мақсат – пайғамбар (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) , әрі ол кісімен бірге болған мұсылмандардың жүректерін тұрақты етіп , имандарын бекемдеу .

Ей, құрметті мұсылман бауырым ! Аллаһ Тағаланың түсірген мына аяттарына ой жүгіртіп көрші .



Олар , егер бір нәрсе істейтін болсаңдар оны (Ибраһим пайғамбарды) өртеп , өздеріңнің құдайларыңа көмектесіңдер – деді . Біз « ей , от ! Ибраһимге салқын , әрі сәлеметті бол » - дедік . Олар оған бір айла (зиян) жасауды қалады , олардың өздерін зиянға ұшыраушылардан еттік . (Әнбия : 68-70)

Құрметті сахабалардың бірі Ибн Аббас (Аллаһ одан разы болсын) осы аяттарда келген оқиғаға байланысты ;

- Ибраһим пайғамбар ғаләйһиссаламның отқа тасталған кезде айтқан соңғы сөзі « Аллаһ маған(жәрдем етуге) жетерлі . Және Ол ең жақсы пана болушы » - деген сөз болған дейді .Ал , осы қиссадан өмірде әділетсіздік пен азаптарға тұс келіп қалған сәттерде , жаныңа хақ үстінде нақ тұруға көмектесетін тұрақтылықты таппайсың ба ?

Аллаһ Тағала Құранда осыған ұқсаған тағы бір қиссаны баян етеді . Онда :



«Екі топ бірін –бірі көрген сәтте , Мусаның жолдастары : «Сөз жоқ қолға түстік »-деді .(Сонда Муса пайғамбар) : «Жоқ олай емес.Расында Раббым менімен бірге , Ол мені құтылу жолына бастайды»- деп айтты »-делінген . (Шуғара :61)

(Бұл аятта келген оқиғаның қысқаша көрінісі мына түрде болған :Муса пайғамбар ғаләйһиссалам Аллаһтың бұйыруымен Бани Исрайл елін залым Ферғауынның қыспақ-зорлығынан құтқару үшін түн жамылып жолға алып шығады . Жолда алдарынан теңіз кездеседі. Әрі сол тұста Ферғауын өзінің жойқын әскерімен арттарынан қуып жетіп қалады.Осы екеуінің арасында қайда қашарын білмей сасқалақтаған Бани Исрайл адамдары: «Сөз жоқ қолға түстік» деп ,үмітсізденеді.Сонда Муса пайғамбар

ғаләйһиссәләм :«Жоқ олай емес.Расында Раббым менімен бірге , Ол мені құтылу жолына бастайды»-деп , айтады . Ақиқатта Құдіреті күшті Аллаһ теңізді қақ жарып , ортасынан жол төсеп оларды өткізеді де , артынан қуа түскен Ферғауынды әскерімен қоса сол теңізге батырады .)

2.Күнделікті оқылатын бес уақыт парыз намаздарының алдында , әрі соңында оқылатын сүннет намаздары .

3.Аллаһтың парыз қылғанынан бөлек құлдың өз ықтиарымен орындайтын шариғатқа сәйкес ғибадат түрлері

Міне осы жерде де , залымдармен бетпе –бет келіп , үмітсіздердің айқай-шуының ортасында қалған қиын сәттерде Аллаһтың жәрдеміне нақты сенген иман мен тұрақтылықты көрмейміз бе ?

Осы сияқты Муса мен Ферғауынның жинаған сиқыршылары арасында болған болған оқиғаны оқысаң , онда сол сиқыршылардың ақиқатқа көздері жеткен соң Ферғауынның үрейлі ескертулерінен де қорықпай , хақ үстінде нақ тұрып тұрақтылық танытулары дін үстіндегі бекемділікті арттырады . Залым Ферғауын Құранда хабарланғандай ол иман келтірген сиқыршыларға былай деп айтқан еді :

«Оған мен рұқсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме ?. Расында ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен . Енді мен , әлбетте аяқ –қолдарыңды айқаштап (яғни , оң қол мен сол аяқты немесе сол қол мен оң аяқты) кесемін және сендерді құрма ағаштарына асып қоямын . Сөйтіп қайсымыздың азабымыз қатты , әрі тұрақты екенін білесіңдер – деді . (Таһа: 71)

Қара , сондағы аздаған мұсылмандардың жауыздығы шектен шыққан залымның патшалығында тұрып , келтірген имандарынан ешбір шегінбестен айтқан сөздерін :



« Олар : « Бізге келген ашық дәлелдерден , сондай-ақ бізді жаратқаннан сені артық көре алмаймыз . Ендеше істейтін үкіміңді істей бер . Расында сен осы дүниеде ғана ықпал жүргізе аласың –деді » . ( Таһа:72)

Сол сияқты Иясин сүресіндегі келген Аллаһқа иман келтірген бір кісі туралы оқиға және Ферғауынның қарамағында иман келтірген кісі туралы оқиға , отты ошақ иелері туралы оқиғалардың барлығы осы тақырыпты қозғайды . Осы оқиғалардың бәрінен алынатын үлкен дәріс – Аллаһ жолында тұрақты болу дәрісі болса керек .


Төртінші : Дұға –тілек .

Аллаһ Тағаладан тұрақтылық тілеп жалбарыну – мұсылмандардың сипаттарынан болып табылады . Мысалға олар Раббыларының үйреткен мына тілектерін әрдайым айтып жүреді :

Ей , Раббымыз ! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқыта көрме !

Ей, Раббымыз ! Бізге сабырлық беріп , табандарымызды тұрақты қыла көр !


Имам Ахмад пен имам Муслимнің Абдуллаһ Ибн Омардан риуаят еткен хадисінде «Адам балаларының жүректерінің барлығы Мейірімді Аллаһтың саусақтарының екі саусағының арасында бір ғана жүрек сияқты . Оны қалағанына қарай аударып тұрады »-делінген.Сондықтан пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : « Ей , жүректерді аударып тұрушы Аллаһ ! Жүрегімді Өз дініңде тұрақты қыл ! » ( Сахихул жамиғ : 7864 ) - деген тілекті көп айтар еді .
Бесінші: Аллаһты зікір ету ( еске алу )
Бұл нәрсе тұрақтылықтың ең маңызды себептерінен . Екі үлкен істердің мына аятта біріктіріліп келуі туралы ой жүгіртіп көрші :

« Ей , иман келтіргендер ! Егер ( жау ) тобына жолықсаңдар бекем болыңдар және Аллаһты көп зікір етіңдер » .( Анфал :45)

Аллаһты зікір етуді Аллаһ жолындағы соғыста тұрақтылықты күшейтетін ең үлкен көмекші етіп қойған .

Тарихта болып өткен мұсылмандардың румдықтар және парсылармен болған соғыстарына назар салайықшы . Өздерінің алып денелеріне сенген олар Аллаһты көп зікір етуші саны жағынан да , дайындығы жағынан да аз мұсылмандардан қатты жеңіліске ұшыраған еді ғой . Ал Жүсіп пайғамбар ғалайһисссаламды өте сұлу да , келбетті әйел өзіне шақырғанда : « Аллаһтан пана тілеймін » -деп , зікірін қамал етіп қорғанған жоқ па еді . Бүкіл шаһуат қалауының әскерлері сол қорғаннан өте алмай , айлалары таусылған еді ғой .Міне ,сол сияқты Аллаһты зікір етіп еске алу мұсылмандардың тұрақтылығының күшейуіне әсерін көптеп тигізеді .
Алтыншы: Мұсылманның дұрыс жолмен жүруге ұмтылуы .
Әрбір мұсылманға жүруге міндет болған жалғыз , әрі дұрыс жол - Әһлі Сунна уал Жамағат жолы . Яғни , Аллаһтың дұшпандары мен адасушылардан алыста болған және Аллаһтың елшісінің үлгі етіп қалдырған сүннет жолынан бекем ұстанған , имандары таза , бағыттары дұрыс болған , дүние-ақыретте жеңіске жетуші , әрі құтылушы топтың жолы .

Осы алтыншы ереженің тұрақты болудағы құндылығын білгің келсе , терен ойланып өз-өзіңнен сұра : Не себептен ілгергі өткен қауымдар мен кейінгі өткен қауымдардың табандары Аллаһтың тура жолының үстінде тұрақты болмай , ауытқып , өмірден адасқан күйлерінде өтіп кетті ?.Немесе ол тура жолға өздерінің қымбат уақыттарының көбісін зая кетіріп , өмірлерінің өрімді тұстарын өткізіп алғаннан кейін ғана түсті ? .Мұсылмандыққа кірген кейбір кісілердің бидағатшылар мен адасушылардың тобына өтіп , кейін одан қайта шығып , Құран мен сүннетті шетке ысырып , өздерінің ойларына артықша салмақ берушілердің қатарына қосылып жатқанын , одан көңілдері орнықпаса Құранды өз мақсаттарында өз ойымен тәпсірлеушілердің тобын таңдағанын , одан қалса « иман келтірсе болды адамға істеген күнәләрі әсер етпейді »-дейтін ағымдарға кіргенін немесе сопылықтың бір түрінен екінші түріне көшіп жүргендерін көресің . Осы сияқты бидағатшылардың әркез айнып , тыным таппай жүргендерін байқайсың . Құран мен сүннеттен гөрі өз ойларын артық бағалаушылардың , философияға сүйенушілердің өлім алдында тұрақтылықтан құр қалып жатқандарын қара .Ілгергі өткен ғұламалар : « Өлім алдында күмән мен күдікке түсіп күйрейтіндердің көбісі – филасофия мен өз ойына сүйенушілер »- деп айтқан . Ал ,енді санаңмен сүзгілеп жақсылап ойланып көрші ! Бәз біреудің Әһлі Сунна уал Жамағат жолына танымымен жетіп , түсінігімен түскеннен кейін , одан наразы болып шығып кеткенін көрдің бе ? .Иә , әлсіз ақылының үстінен нәфсі –шаһуат қалаулары үстемдік құруы себебінен жолдан шығып қалғандар табылуы мүмкін , бірақ бұл жолды кемістігін көргендігінен немесе одан да жақсы жол тапқандығынан тастап қойған ешкімді таба алмайсың .Бұған айқын дәлелді Рим империясының патшасы болған Геракл мен сол кезде әлі иманға келе қоймаған , араптардың бетке ұстар құрметтілерінен болған Абу Суфяннын арасында болған әңгімеден де таба аламыз .Геракл Абу Суфяннан Мухаммед пайғамбардың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) соңынан ерушілер жайында сұрайды . Және сөзінде :



  • Олардың ішінде ол дінге кіргеннен кейін оның (Мухаммедтің) дініне наразы болып бас тартқандары бар ма ? – дейді . Оған Абу Суфян :

  • Жоқ – дейді .Сонда Геракл :

  • Ақиқатымен жүректерді баураған иман да осы тәрізді (болады) – деген .

Көптеген пенделердің бидағаттың бір түрінен екінші түріне көшіп жүріп , ақырында Аллаһ оларды Әһлі Сунна уал Жамағаттың тура жолына салғаннан кейін , өздерінің бұрынғы қате ұстанымдарына қатты наразы болып жатқандарын жиі естиміз .Бірақ осының тескері мысалын естідік пе? Егер сен нағыз тұрақтылықты қажет етсең , онда саған шынайы иман келтіргендердің тура жолымен жүру міндет болады .


Жетінші : Тәрбие .
Имани , ғылыми , жан-жақты түсінікті күшейтетін сатылы тәрбие Аллаһ дініндегі тұрақтылықты күшейтетін себептердің ең негізгісі .

Имани тәрбие : Бұл - Аллаһтан болған қауып , үміт , махаббат арқылы жүрек пен ішкі дүние сезімін тірілтуші тәрбие . Және аят – хадистен алыс болу себебінен , әрі адамдардың бос сөздеріне сүйенудің салдарынан пайда болатын қатыгездікті кетіретін тәрбие

Ғылыми тәрбие : Соқыр ілесушілік пен бос еліктеушіліктен қорғайтын , дұрыс дәлелдерге негізделген тәрбие .

Жан-жақты түсінікті күшейтетін тәрбие: Өзі өмір сүріп жатқан кішкене ғана ортаның қөзқарастарымен шектеліп қалмай , күнәһар –қылмыскерлердін жолдары мен Ислам дұшпандарының құрып жатқан жоспарларын зерттеуге мүмкіндік беретін , жан-жақта болып жатқан оқиға мен өзгерістерді санамен саралап , біліммен бағалауға жағдай туғызатын тәрбие .

Сатылы тәрбие : Мұсылманды кемелдіктің дәрежесіне көтеру үшін біртіндеп жүйелі жоспармен берілетін тәрбие .Бұл нәрсе жүйесіздік пен зиянға апаратын асығыстықтан құтқарады .

Тұрақтылықты күшейтетін нәрселердің осы бір жолдарын анғырақ білу үшін пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) өмірбаянына орала отырып , өзімізден сұрайық :

- Меккеде пайғамбардың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) соңына ерген сахабалардың басына қиыншылық орнап , қуғын-қыспақ көріп жатқан кездерінде олардың танытқан тұрақтылықтарының түп негізі неде еді ?

- Және Біләл , Хаббаб , Мусғаб сияқты сахабалар және Иясир әулеті мен олардан басқа әлсіз ,күшті бірнеше сахабалар Шиғаб қоршауында көрген қиыншылықтарға қандай тұрақтылық танытқан еді ?

- Олар Аллаһ тарапынан қаранғылықты түруші нұрлы шырақ болып жіберілген пайғамбардан(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) алған терең тәрбиелерінсіз осындай бекем тұрақтылықта болулары мүмкін бе еді ?

Мысалға Хаббаб Ибн Арт ( Аллаһ одан разы болсын ) атты сахабаны иман келтіргені үшін егесі темір шыбықтарды отта қызыл шоқ болғанша ұстап , кейін оның жаланаш арқасына басатын . Шоқтай болған темір шыбықтардың қызуы , оның шыжғырылған арқасынан аққан қан мен майдан ғана басылатын .Оның ондай азапқа сабыр етуіне не нәрсе жәрдем етті ? .Шанқыған күннің астында , ыстық құмның үстіне жатқызылып , үстіне күнге күйген үлкен тас қойылып азапталынған Біләл мен шынжырмен шырмалып , темір бұғаумен бұғауланған Сумайя атты әйел затының сабырлықтары қандай еді ? Мұсылмандардың Медина қаласында болған кезеңдеріндегі оқиғаларға оралып көрелік . Мұсылмандардың көбісі шегінген Хунейн соғысында пайғамбардың қасында тұрақтылық танытып қалғандар кімдер еді ? Олар Мекке ашылғаннан кейін жаңадан діңге кірген , пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) мектебінен әлі де жетерлі тәрбие алмаған , әрі ол соғысқа қолға түсер олжадан болған үлесті үміт етіп шыққандар ма еді ? Әрине олай емес . Пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) қасында сабырлық пен тұрақтылық көрсеткендердің көбісі оның (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) қолында үлкен тәрбиеден өткен мұсылмандардың таңдаулылары болатын .Егер олар пайғамбардың тәрбиесінен өтпегенде Аллаһтың дінінде тұрақты бола алар ма еді ?


Сегізінші : Ұстанған жолдың хақ екеніне сенімді болу .

Мұсылман пенденің өзінің ұстанған жолының хақ екендігіне көзі жеткен сайын , ол жолдың үстіндегі тұрақтылығының арта түсетініне ешбір күман жоқ .Осыған байланысты осы сезімді күшейтудің өз жолдары бар :

- Біріншіден , ей, мұсылман бауырым ! Сен ұстанған бұл діннің , бұл тура жолдың осы ғасырдың немесе осы заманның жаңа туындысы емес екенін білуің .Расында бұл жол сенен бұрын барша пайғамбарлар мен Аллаһтан келген ақиқатты мойындаған шыншылдар , хаққа көздері жеткен ғұламалар мен Аллаһ жолында жанын пида еткен шаһидтер және салихалы пенделер жүріп өткен көне жол .Міне осыны білсең бойыңдағы ғаріптік сезімдер кетіп , жалғыздығың көпшілікке , қайғы - қасіретің қуаныш пен шаттыққа ауысады . Өйткені олардың барлығының өзіңнің бір жол бойындағы серіктерің , әрі діни бауырларың екенін сезінесің .

- Екіншіден , Аллаһтың таңдағандығын сезіну . Құдіреті күшті Аллаһ Тағала Өзінің Кітәбінде :

« Барша мақтау Аллаһқа тән және сәлем Оның таңдаған құлдарына болсын ». (Нәміл:59).

« Кейін ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық (ол құлдар Мухаммедтің(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) үмбеттері » . (Фатыр:32).

« Міне осылайша Раббың сені таңдайды және саған түстердің жоруын үйретеді ( яғни , Жүсіп пайғамбар ғалайһиссаламға ) » . ( Жүсіп :6) – деп , айтқан .

Аллаһ Тағала пайғамбарларды таңдаған болса , онда сол пайғамбарларға мойынсынып , олардың соңынан ерген пенделерге де сол таңдағандықтан тиетін үлес бар . Ол үлес – олардың өздеріне мұра етіп алған пайғамбарлардың қалдырып кеткен білімі .Егер сені Аллаһ жансыз бір зат немесе хайуандардың бір түрінен етіп жаратқанда , әлде Құдайға сенбейтін атейст етіп , әлде бидағатқа үндеуші етіп , әлде пасық ,әлде өз дініне ешкімді уағыздап шақырмайтын мұсылман , әлде көптеген қателері бар жолға шақырушы етіп жаратқанда не сезінер едің ?.Аллаһ Тағаланың сені таңдағаны , хақ жол Әһлі Сунна уал Жамағаттың дағуатшысы еткені , сенің ұстанған тура бағытыңдағы тұрақтылығыңды күшейтетінін көрмейсің бе?


Тоғызыншы: Аллаһ Тағалаға уағыздауменен айналысу .
Адам жаны қимыл-әрекетте болып тұрмаса бүліне бастайды . Жақсы іс-әрекеттерге ұмтылыс жасап тұрмаса тот баса бастайды . Адам жанының көркеюінің үлкен жолдарының бірі Аллаһ жолына дағуат етуге асығу . Бұл іс - адамды азаптан құтқаратын , пайғамбарлардан қалған парыз іс . Ол істе адам мүмкіншіліктері күшейіп , өте маңызды істер жүзеге асырылады . Сол үшін Аллаһ Тағала Өз Кітәбінде :

« Міне сол үшін ақиқатқа шақыр да , бұйырылғаныңдай мықты тұр » - деп айтқан . ( Шура :15)

Және ; « пәленше не ілгерлемейді , не кері кетпейді бір орында тұр » - деп , айту әсте дұрыс емес . Адам бір орында тұрып қалмайды . Не ілгерлейді , ілгерлемесе , онда сөзсіз кері қарай кетіп бара жатқаны . Себебі ; сен егер өз пәпсіңді тағат-ғибадаттармен шұғылдандырмасаң , онда ол сені күнә істермен шұғылдандыра бастайды .Иман ізгі амалдармен артып , ал күнәнің себептерінен кеміп отырады . Аллаһ жолына дағуат жасау уақыт пен пікірдің жұмсалуыменен , дененің ынталы әрекеті , әрі тілдің қуаты арқылы мұсылманның негізгі қам-қарекеті мен маңызды ісіне айналса , онда ол нәрсе адастыру мен бүлікке салуды мақсат еткен шайтанның барша әрекеттеріне тосқауыл болады .Осыған дағуатшының қарсыластар мен өтірікшілерге қарсы тұру кезіндегі көкірегінде пайда болатын сезімдерді қос . Бұл - дағуат істерінде кездесіп тұратын , иманды арттырып , оның ішкі парыздарын күшейтетін сезім .Ондай болса , өз бойына өте үлкен сауапты қамтыған Аллаһ жолындағы дағуат , хақ жолда тұрақты болудың тағы бір негізгі себебі . Және ол нәрсе адамды кері кету мен шегінуден сақтайды .Себебі шабуылдағы адам қорғанысқа мұқтаж емес .Расында Аллаһ әркез дауатшылармен бірге , олардың хақ жолында басқан қадамдарын тұрақты , әрі бекем етеді .Дағуатшы дәрігер сияқты . Адамдардың бойындағы ауырулармен өзінің білімі , тәжірбиесі арқылы күрес жүргізетін . Әлбетте аурулардың келетін жолдары мен олардың келтіретін зиандарын білетін дәрігер , ол аурулардан өзі де алыста болады .
Оныншы: Тұрақты етуші себептерге көңіл бөлу.
Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : « Расында адамдардың ішінде жақсылықтың ашқышы , жамандықтың жапқышы болғандар бар » - деп айтқан . (Хасан хадис . Ибн Мажа Анастан риуаят еткен , 237).Мұсылман ғұламалары мен салихалы пенделерді , дағуатшылар мен иманды адамдарды іздеу , олардың өздері мен сөздеріне көңіл бөлу Аллаһ жолындағы тұрақтылықты күшейтетін көмекшілердің бірі . Ислам тарихында мұсылмандардың араларындағы иманы қуатты кісілер арқылы көптеген бүліктер мен қиыншылықтардан тұрақтылық танытып өтіп кеткенін көреміз . Осыған дәләл ретінде белгілі ғалым Али Ибн Әл-Мадинидің ( Аллаһ ол кісіні рахметіне бөлесін) сөзін алсақ болады . Ол кісі :

-Аллаһ Тағала «ридда»¹ күні Әбу Бәкірмен , ал «михнат»² күні Ахмедпен дінді үстем етті » - деген .

Ибн Әл-Қайимнің өз ұстазы Ибн Таймияның тұрақтылықты күшейтудегі алған орны туралы не айтқанын ойдан өткізіп көр :

-Егер қорқыныш күшейіп , ойымыз бұзыла бастаса , және жер бізге тар көрініп қинала бастаған сәттерде оған баратын едік . Оны көріп , сөзін ести бастаған уақытта жоғарыдағы сезімдердің барлығы тарап , орынын қуаныш пен қуат , айқын сезімдер мен тыныштық басар еді – деген . Өзіне жолығудан бұрын пенделеріне жаннатын көрсетіп қойған , әрі салихалы амалдар арқылы ол жаннаттың есіктерін ашып қойған және сол жаннатты жарыса талап ететіндей рухтандырып қойған Аллаһ кемшіліктерден пәк ! .

Міне осы жерден тағы да байқап отырған нәрсеміз мұсылман бауырлардың тұрақтылықты күшейтудегі негізгі бастау екендігі . Салихалы бауырларың , үлгілі мұсылмандар және туралыққа тірбиелеушілер сенің Аллаһ жолындағы көмекшілерің , сүйенер мызғымас арқауың . Олар өздерінің Аллаһтың кітәбінен білген білімдері мен даналыңтары арқылы сенің тұрақтылығыңның күшейуіне себептерін тигізеді .Олармен әркез бірге бол жарасымда жаса . Жалғыз қалып шайтандардың арбауына түсіп қалма .Жалғыз қалған қойды қасқыр түрткені сиақты ,шайтан топтан болінгендерді аңдиды .
Он бірінші : Аллаһтың жәрдемі мен келешектің Ислам үшін екеніне сену .

Аллаһтың хақ жолында нақ тұрған аяғымыз тайып кетпеуі үшін , жәрдем кешіккен сәттерде тұрақтылық танытуға баршамыз мұқтажбыз . Құдіретті Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда Әл-Ғимран сүресінде :



«Қаншалаған пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдар соғысқан болатын . Сонда бастарына келгенге олар босамады да осалдамады . Сондай-ақ именбеді . Аллаһ сабырлыларды жақсы көреді . Ал олардың сөздері : « Раббымыз ! Күнәларымызды , ісіміздегі орынсыздықтарымызды кеше гөр , әрі табанымызды мықтап , кәпір қауымға қарсы жәрдем бер !» -деу ғана еді . Сондықтан Аллаһ оларға дүние пайдасын беріп және ақырет пайдасының ең көркеміне бөледі . Алаһ жақсылық істеушілерді сүйеді » - деп айтқан . ( Ал-Ғимран:146-147) . Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) әуел баста мушриктерден көптеген зәбір мен қиыншылық көрген сахабаларына келешектің Ислам діні үшін болатынын айтып , имандарын қуаттандырып , табандарын тұрақтандыратын . Сонда ол кісі сахабаларына : « Аллаһ Тағала бұл істі ( яғни , Ислам дінін ) сөзсіз тамам етеді , Сонға-адан шыққан көлікті жолаушы Хадрамаутке дейін Аллаһтан өзге ешкімнен қорықпай сапар шегеді . Және ол қойы үшін қасқырдан да қорықпайды » - деп айтатын . ( Имам Бухари риуаят еткен , Фатхул Бари кітәбі ; 7/165 ) . Және расында солай да болды .

1.Кейбір арап тайпаларының діннен бас тартып , ал кейбір тайпалардың зекеттің парыздығын мойындамай бүлік шығарған кезеңдері .

2.Құранды жаратылған – деп тұжырымдайтын бүлікшілердің пайда болған кезеңдері .
Міне , келешектің Ислам діні үшін екенін сүйіншілеп хабарлайтын хадистермен өркендеп келе жатқан Ислам ұрпақтарын таныстыру , олардың тұрақтылығын күшейтуде елеулі орын алады .
Он екінші : Жалғанды жауып тұрған пердені ашып көрсету , әрі сол жалған нәрсеге алданып қалудан сақ болу .

Алаһ Тағала Құран аяттарында :



« Кәпірлердін елде айналып кезулері сені алдамасын . Аз бір пайдаланудан кейін олардың орны тозақ , нендей жаман орын » - деп айтқан . ( 3 :196 ) . Бұл аяттар мұсылман пендеге жеңілдік жеткізіп , тұрақтылықтарын арттырады . Және Аллаһ тағаланың Рағд сүресіндегі :

« Ол ( Аллаһ ) көктен жаңбыр жаудырды да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып , көпірген көбікті қалқытып ақты . Сондай-ақ сәндік бұйым немесе аспап жасау үшін , оған от жағып еріткен металдарда да сондай көбік болады . Аллаһ ақиқат пен жалғанды осылайша мысалдайды . Ал енді көбік кеуіп ұшып кетеді де , адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады . Осылайша Аллаһ мысалдарды береді » -деп айтқан .( Рағд -17 )

Осы аятта ақыл егелері үшін ғибрат бар . Адамды жалған нәрседен қорқып , оған бой ұсынып кетуден сақтайды .

Құран аяттарында жалғаншы-өтірікшілер масқара етіледі және олардың зымиян мақсаттары мен айла - әдістері әшкере етіледі . Мысалға Әнғам сүресінің 55- ші аятында :

« Күнаһар –қылмыскерлердің жолын анық көрсету үшін аяттарымызды осылай ашық баян етеміз » -деп айтылған . Бұл тәріздес аяттар мұсылмандардың алданып қолға түсіп қалуынан сақтандырады әрі Исламға оның дұшпандары қай тұстан келетінін ескертіп отырады .

Өздерінің дұшпандарының айла -әдістерінен бейхабар болған көптеген ислам дағуатшылары мен оның өркендеуіне үлес қосамын дегендердің ойламаған жерден кедергіге тап болып , ақырында өз тұрақтылықтарын жоғалтып , табандары тайғандар да бар .


Он үшінші : Тұрақтылыққа көмектесуші мінез – құлықтарды жинау .

Мінез –құлықтардың ең бастысы - сабыр . Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :« Сабырдан да артығырақ , одан да көлемдірек силық ешкімге берілеген емес » - деген . ( Бухари , Муслим риуаят еткен ) . Яғни мінез құлықтардың ішінде сабырдан артық сыйлық жоқ . Және сабырдың ең күштісі қиындықпен болған әуелгі соқтығыста болады . Егер кісі күтпеген жерден қиыншылыққа ұшырағанда сабырлық көрсетпесе есеңгіреп , тұрақтылығын жоғалтады .

Белгілі ғалым Ибн Жаузидің ( оны Аллаһ рахметіне бөлесін )мына сөзіне көңіл аударып көрші :

- Жасы сексенге таяған бір қарт кісіні көрдім . Оның қызының баласы қайтыс болды .Сонда сол қарт кісі : « Ешкімнің дұға –тілек жасауы қажет емес . Өйткені бәрібір қабыл болмайды . Расында Аллаһ ерегісіп баланы бізге қалдырмады – ау » - деді . Әлбетте Аллаһ Тағала оның айтқандарынан әлдеқайда биік .

Міне сабырсыздықтың себебінен адамдар осындай ауыр күнәлі сөздерге барып жатады .

Ухуд соғысында мұсылмандар қатты қиналған еді . Себебі ондағы

болған сәтсіздікті олар күтпеген еді . Және Аллаһ Тағала оларға жәрдемді уәде еткен еді . Расында Аллаһ оларға сол соғыста төгілген қан мен шаһит болғандар арқылы үлкен сабақ берді .Осы соғысқа байланысты түскен Құран аятында былай делінеді :

« Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерің ұшырағандықтан : « Бұл қайдан келді » - дедіңдер . ( Оларға ) « Ол ( жеңіліс ) өздеріңнен » - деп айт » .(3 :165).

Олардың өздерінен не кемшілік кеткен еді ? . Ол кемшілік ; сендер осалдық жасадыңдар . Пайғамбардың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) берген әмірі тұрғысында дауластыңдар . Өздерің жақсы көретін нәрсені көргеннен кейін . Пайғамбардың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) бұйрығынан бас тарттыңдар . Сендерден дүниені қалағандар бар .
Он төртінші : Салихалы кісінің өсиеті .

Мұсылман пенде қиындықтарға тап болған кезеңдерде , Раббысы сынға ұшыратқан сәттерде тұрақтылықтың күшейуінің тағы бір жолы – Аллаһтың оны даналықпен уағыз ететін , иманының қуаттануына себепкер болатын салихалы кісіге жолықтыруы . Сонда Аллаһ Тағала оның сөзін пайдалы , әрі қателіктерден тосушы етеді . Және расында салихалы адам Аллаһты , Оған жолығатын күнді , жаннатты , тозақты еске түсіретін сөздермен насихаттайды .

Осы жерде тазартылған таза алтындай болып шығуы үшін қатты сынақтарға төзген имам Ахмадтың өмірінен мысал келтіргіміз келеді .

Ол кісі халифа Мамунның алдына кісенделген күйде келтірілген еді .Ол халифаға жеткізілместен бұрын адамдардан көптеген қорқытуларды естіген еді . Тіпті бір қызметші оған : « Маған бір қиын боп тұрғаны , ей , Абдулланың әкесі ! . Халифа қылышын бұдан бұрын шығармағандай суырған көрінеді . Егер сен оған Құранды жаратылған – деп жауап бермесең , онда ол Пайғамбарға деген жақындығымен ант ішіп отыр , сені сол қылышымен өлтіретініне » -деген .

Және осы кезде көзі ашық есті адамдар өздерінің имамына тұрақтылықты күшейтетін сөздерді айту үшін қолайлы сәтті іздеп жатты . Имам Әз-Заһабидін «Ағламу ән-нубала »атты кітәбінде Әби Жағфар әл-Әнбариден мына қисса айтылады :

- Имам Ахмадтың Мамунның алдына айдалып бара жатқаны туралы хабар маған жетті . Содан Ефрат өзенінен өтіп барсам , ол кісі бір үйде қамаулы отыр екен . Мен оған амандастым .Ол кісі :

-Ей, Абу Жағфар ! . Әуре болдың ғой -деді . Мен ол кісіге :

-Ей, имам ! . Сен бүгін көптің бетке ұстарысың . Адамдар сізді үлгі тұтады . Уаллаһи , егер сен Құран жаратылған –деп жауап берсең , онда адамдар да солай деп кетеді . Ал егер Құран жаратылған деген деген сөзге ілеспесең , онда адамдар да ондай сөзді айтудан бас тартады . Сонымен бірге егер де ол адам ( Халифа Мамун ) сені өлтірмеген күннің өзінде , сен расында бәрібір өлесің . Өлім сөзсіз болады . Сол үшін Аллаһтан қорық ! « Құран жаратылған » -деген сөзді мақұлдама дедім .Сонда имам көзіне жас алды да : « Ма ша Аллаһ ! . Ей, Әбу Жағфар ! . Осы сөзіңді қайталашы » - деді . Мен оған ол сөздерімді қайталап айтып бердім . Ол кісі қатты әсерленсе керек , « Ма ша Аллаһ » - деген сөзін қайта айтты .

Халифа Мамунға апарылған сапары туралы имам Ахмадтың өзі былай деген : « Рахба деген жерге жеттік . Ол жерден түн ортасында қайта жүрдік . Сол тұста бізге бір кісі жолығып :

-Қайсыларың имам Ахмадсың - деді . Ол кісіге :

- Мына кісі – деп жауап берілді . Сонда ол кісі түйешіге : « Тыныштал » - деді де :

- Ей,имам !.Саған сол жақта өлтіріліп , жаннатқа кіруіңнің оқасы жоқ – деді.Кейін :

- Сені Аллаһқа тапсырдым –деді де кете берді .

Мен ол кісінің кім екенін сұрадым . Маған ол кісінің Рабиға руынан шыққан араб екені хабарланды . Және ол малдың жүнімен айналысады екен . Жақсылықтарымен аты көп шыққан Жабир ибн Ғамир атты араб екен .

« Әл бидая уанниһая » атты кітапта бір ағараби кісінің имам Ахмадқа былай деп айтқан сөзі бар : « Ей . имам ! . Әлбетте сен адамдардың бір өкілісің . Оларға жаман әдетті бастама . Сонымен қатар сен бұл күнде адамдардың бетке ұстарысың . Сондықтан олардың сені итермелеп отырған нәрсесіне көніп кетпе . Көнсең адамдар сенің сөзіңе еріп кетеді . Және қиямет күні олардың да күнәсін арқалайсың . Егер Аллаһты сүйсең өзің ұстанған ақиқаттың үстінде сабыр ет . Расында өзің мен жаннаттың арасындағы бір ғана бөгет , ол сенің өлтірілуің болып тұр » . Имам Ахмад : «Сол ағрабидің айтқан сөзі менің ұстанған шешімімді күшейтіп , олардың мені итермелеп тұрған нәрсесінен бас тартуға себеп болды » -дейді .

Және бір риуаятта имам Ахмад :

- Менің басыма осы іс түскелі бері « Рахбату Тауқ » деген жердегі бір ағрабидің маған айтқан сөзінен күштірек сөзді естімедім – дейді . Ол ағрабидің :

- Ей , Ахмад егер сені ақиқат өлтірсе шаһид болып өлесің . Ал егер тірі қалған болсаң мақтауға лайықты болып өмір сүресің –деген сөзі жүрегіме қуат берді - дейді .( Сайру ағлам ан - нубала : 11/241) .

Имам Ахмад осы бүлік кезінде өзіне еріп серік болған жас жігіт Мухаммад ибн Нух туралы былай деген : « Жастығы мен білім дәрежесіне қарай Мухаммад ибн Нухтан мықтырақ ешкімді көрмедім . Мен оның өмірінің тек жақсылықтармен ғана түгелуін тілеймін . Сол жігіт бір күні маған :

- Ей , Абдуллаһтың әкесі ! . Аллаһтан қорқыңыз !. Оны естеңіз !. Сіз мен сияқты емессіз . Сіз өзгелер үлгі тұтар адамсыз . Сізден болар сөзге бүкіл ел мойынын созып қарап отыр . Аллаһтан қорқыңыз !. Аллаһтың әміріне берік болыңыз ! – деді . Кейін сол жігіт қайтыс болды . Оның жаназасын өзім оқып , өзім жерледім » . ( Сайр ағлам ан-нубала :11/242 )

Тіпті байлаулы имам Ахмадқа ұйып намаз оқыған қамаудағы кісілер де оған тұрақтылықты күшейтетін сөздерді айтуда өз үлестерін қосты . Имам Ахмад бірде қамауда отырғанда :« Бұл қамауда отырғаныма мән беріп отырғаным жоқ .Түрме не , үйім не бәрі бір . Қылыштан өлуден де қайғырмаймын . Мені ойландыратын нәрсе дүре соғудың бүлігі » - деген . Сонда онымен бірге қамауда отырғандар :« Ей, Абдуллаһтың әкесі ! Ол да ойландырмасын . Дүре де сол екі соққыдан кейін қалғанының қайда тиетінін білмей қаласың » - деген . (Сайр ағлам ан-нубала : 11/240 ).

Ей, құрметті мұсылман бауырым ! . Салихалылардың өсиетін ізденуге талпын . Ал , егер олардан өсиет , насихат естісең ақылыңа орнықтыр . Ауыртпашылығы бар сапарға шығар болсаң , әлде қиындыққа душар болмастан бұрын , тіпті душар болсаң да иманды ізгі кісілердің өсиетін ләзім тұт . Және бір мансапқа тағайындалсаң да немесе кенеттен бір көп дүниеге мирасқор болсаң да , байлыққа кеңелсең де олардың өсиетін іздеп , насихаттарына құлақ сал . Сол арқылы өзіңнің де , өзгенің де Аллаһ жолындағы тұрақтылығын күшейт . Расында Аллаһ мұсылмандардың жәрдемшісі .


Он бесінші : Жаннат нығметтерін . тозақ азаптарын және өлімнің бар екенін еске алу .

Жаннат уайым –қайғылардан жұбаныш , іші тек шаттық пен қуаныш болған құрметті жай. Бұл дүниеден өткен шынайы мұсылмандардың мекені . ( ? ) Жаннаттағы болатын сый құрметтерді білетін адамға амал – ғибадаттарың қиыншылықтары жеңілдей түседі . Және соған қарай бағытталған жүріс -әрекеттерін тоқтатпай жалғастыра береді . Және ол Аллаһ жолында өзінің тұрақтылығын арттырып , хақ жолындағы бекемдігін күшейтіп отырмаса кеңдігі аспандар мен жердей болған жаннаттан махрұм қалып қоюы мүмкін екндігін де біледі . Және расында адамның жаны жердің топырағынан сондай биік те , құрметті әлемге көтермелеп сүйрейтін бір нәрсеге мұқтаж .

Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) өзінің сахабаларының тұрақтылығын күшейту үшін оларға жаннат жайында ескертіп отыратын . Осыған байланысты келген хадистердің бірінде Аллаһтың елшісі ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) Иясирдің , оның баласы Ғаммар , әйелі Умму Ғаммардың Аллаһтың діні үшін мушриктерден қиындықтарды көріп жатқан кезеңдерінде , олардың қастарына келіп :« Сабыр етіңдер Иясир әулеті ! Өйткені сендерге уәде етілгені – жаннат » - деген . ( Хасан , сахих хадис . Ал – Хаким риуаят еткен : 3/383 ) .

Тура осы сияқты пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) аңсарларға ( мединалық сахабалар ) : « Сендер менен кейін бір қиыншылыққа кезігесіңдер . Сол кезде менімен Хаузда ¹ жолыққанша сабырлы болыңдар » - деген .

Сол сияқты қабірдегі жағдайды , махшар күніндегі жағдайды , есеп беретін күндегі жағдайды , амалдардың таразыға тартылатын кездегі жағдайды , қыл көпірден өтетін кезеңдерді және тағы да басқа ақырет ахуалдарын еске алу тұрақтылықты күшейтеді .

Әрбір адам баласы сөзсіз дәмін тататын өлімді де еске алу мұсылманды бейғамдықтан сақтап , оны Аллаһтың қойған шектеулерінен өтіп кетуінен қорғап тұрады . Себебі өлімнің табан астында екенін білсе және оның қас –қағым сәтте болуы мүмкін екенін түсінсе , онда өзін күнә жасауға , не теріс жолға түсуге қалай ғана жіберсін ? .Сол үшін Аллаһтың елшісі ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : « Ләззаттарды қиратушыны ( өлімді ) еске алуды көбейтіңдер » - деген . ( Тирмизи : 2/50 ) .




Тұрақтылық қажет етілетін жерлер .
Ондай жерлер де ,жағдайлар да көп .Әрқайсысына жеке –жеке тоқталсақ болар еді , дегенмен біз олардың кейбірін ғана жалпы атап өтпекшіміз .
Бірінші : Фитналардағы² (бүлік кезеңдеріндегі ) тұрақтылық .

Жүректерді қобалжытып , өзгертіп тұратын себептердің бірі – бүліктер . Жүрек таршылық немесе кеңшілік бүліктеріне ұшыраған сәттерде , жүрегіне иманды терең орнатқандар ғана тұрақтылық танытады .



Бүлік түрлері .
Мал бүлігі .Осыған байланысты Құранда мынандай аят бар :

« Және олардан : « Егер Аллаһ бізге өз кеңшілігінен берсе , әрине садақа беріп , салихалы – игілерден болар едік » - деп Аллаһқа уәде бергендер бар . Сонда Аллаһ оларға өз кеңшілігінен берген кезде , оныменен сараңдық жасап , қарсы келген хәлде теріс бұрылды » . ( Тәубе : 75/76 ) . Міне біреулер малға деген махаббатының салдарынан сауаптан құр қалып , Раббысына күнәһкар болып жатады .

Атақ бүлігі .Аллаһ Құранда :

«Таңертен ,кешке Раббыларына , Оның дидарын қалап жалбарынушылармен бірге сабыр ет . Дүние зейнетін қалап көзіңді олардан ( басқа жаққа ) аударма . Және Біз жүрегін Бізді еске алудан қаперсіздендірген , әуесіне ерген және ісі шектен шыққан біреулерге бағынба » - деп айтқан . (Кеһф : 26 ) .

Жоғарыда айтылып өткен екі бүліктің тигізетін қатерлері туралы Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : « Қойға шапқан екі аш қасқырдың оған тигізетін зияны , мал мен атаққа құмартқан пенденің дініне тигізетін зиянынан артық емес» - деп айтқан . ( Имам Ахмад риуаят еткен . Мунад кітәбі :3/460 ) .Хадис мағынасы ; пенденің мал мен атаққа деген құштарлығынын дінге тигізетін зияны , екі аш бөрінің қойға тигізетін зиянынан да қауіптірек .

1.Жаннаттағы көл .

2.Фитна сөзі – Іріткі , бүлік , сынақ немесе адамның иманы тексерілетін тауқыметтерді қамтитын мағынаны береді . Біз бұл жерде бүлік – деген мағынасын алдық .




Әйел бүлігі : Құранда ол жайында :

«Ей , иман келтіргендер ! Сөзсіз әйелдеріңнен және балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар бар . Олардан сақсыныңдар ... » ( Тағабун :14 ) - делінген .
Балалар бүлігі : Бізге жеткен хадистердің бірінде :« Бала адамды қорқақ , саран , уайымшыл етеді » - делінген . (Абу Ияғла : 2/305 . Сахихул Жамиғ : 7037 ) .
Қуғын-сүргін , әділетсіздік және зұлымдық бүлігі : Бүліктің осы түріне ақиқи мысал ретінде төмендегі аяттарды келтіруге болады :

« Іші лаулаған от болған ор иелері құрысын . Ол уақытта олар оның ( отты ордың) маңында отырған . Және олар муминдерге қылып жатқандарына куәгер болған . Олардың муминдерге өшігулерінің себебі ; аспандар мен жердің иелігі Өзінде болған Өте үстем , аса мақтаулы Аллаһқа иман келтірулері ғана еді .Және Аллаһ барлық нәрсеге куәгер » . (Буруж : 4/9 ) .

Түсіндірме . Бұл жердегі отты ор иелері деп отырғандар ілгеріде өткен бір кәпір қауымы . Олардың қарамағында мұсылмандар өмір сүрген Олар сол мұсылмандардың өз діндерін тастап олардың жолымен жүрулерін талап етеді . Мұсылмандар одан бас тартады . Содан олар жерден үлкен ор қазып , ішіне лаулатып от жағып , мұсылмандарды сонымен азаптайды . Олардың талаптарына жауап бергендерді қоя беріп , қайтпағандарын отқа тастайды .Сол үшін Аллаһ оларды : « Отты ор иелері құрысын » деп - ләғнет еткен .Аллаһтың қарғысына ұшырағандардың жағдайы қандай жаман !.

Имам Бухаридің Хуббабтан риуаят еткен мынандай хадисі бар : « Біз Аллаһтың елшісіне (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) ахуалымызды шағым еттік . Ол кісі Қағбаның көлеңкесінде шапанына жастанып жатқан еді . Сонда ол кісі ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :


  • Сендерден ілгері өткендер болған . Олардан бір кісі алынып , жерден шұңқыр қазылып , соған салынатын . Кейін ара келтіріліп , оның басына қойылып , екіге бөлініп тасталынатын . Және темір тарақтарменен еті сүйегінен ажыратылып таралатын . Сонда да ол нәрсе оны дінінен шығармайтын » -деді .( Бухари риуаят еткен . Фатхул Бари : 12/315 ) .


Дажал бүлігі : Бұл тірілердің көретін ең үлкен бүлігі . Пайғамбарымыз ол жайында ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

- Ей , адамдар ! Шын мәнінде Аллаһ адамды пайда еткеннен бері жер бетінде Дажалдың бүлігінен үлкен бүлік болған емес . Ей , Аллаһтың құлдары ! Ей , адамдар ! Берік болғайсыңдар ! Мен сендерге оны менен бұрын ешбір пайғамбар сипаттаған бір сипатымен сипаттап беремін .... – деген . ( Ибн Мажа :

/1359 . Сахихул Жамиғ : 7752 ) .

Бүліктерге бетпе-бет келгенде жүректің тұрақтылық танытуы немесе тайсақтауына байланысты кезеңдерді Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) өзінің бір хадисінде былай деп сипаттайды: « Бүліктер жүрекке қамыстай қаптап қайта-қайта тап келеді . Қайсы бір жүрек ол бүліктерді қабыл етсе , оған қара дақ түседі . Және қайсы бір жүрек оларды қайтарса , оған ақ дақ түседі . Осылайша екі түрлі жүрекке айналғанша (жалғасады ) . Бірі сафадай аппақ жүрек . Ол жүрекке аспан мен жер орынында тұрғанда ешбір бүлік зарарын тигізбейді . Ал екіншісі құмырадай төңкерілген қара-ала жүрек . Жақсылықты білмейді , жамандықты қайтармайды . Тек өзінің нәпсі - әуесінің қалағанын ғана қабылдайды » . ( Муслим : 1/ 127 ) .
Екінші : Аллаһ жолындағы соғыстағы тұрақтылық .

Аллаһ Құранда : « Ей , иман келтіргендер егер ( өздеріңе қарсы ) топқа жолықсаңдар тұрақты болыңдар » - деген . ( Анфал : 45 ) .

Және дініміздегі ең ауыр күнәлардың бірі жаумен бетпе-бет келгенде соғыстан қашып кету .Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) дәуірінде болған үлкен соғыстардың бірі Хандақ соғысында мұсылмандар мушриктер шабуылының бетін қайтару үшін ор қазып дайындық жасаған . Сол ор қазу жұмыстарына пайғамбарымыз да қатысқан . Және ол кісі арқасына құм – топырақ көтеріп жүріп ; « Ей , Аллаһ ! Егер олармен кезіксек , табандарды тұрақты ете гөр !» - деген тілекті сахабаларымен бірге қайта-қайта қайталайтын .( Бухари , Алфатх : 7/399 ) .
Үшінші : Ұстанған жолда тұрақты болу .

« Муминдердің арасында Аллаһқа берген уәдесін растаған ерлер бар . Олардан уәдесіне опа қылғандар бар ( яғни , шаһид болды ) , және олардан (шаһид болуды ) күтушілер бар . Әрі олар уәделерін әсте ауыстырмады» .( Ахзаб :27 )...?.

Төртінші :Өлім алдындағы тұрақтылық .

Кәпір мен күнәһкар қауымдар қиындық пен қайғы күшейген сәттерде тұрақтылықтан махрұм қалып жатады . Және олардың өлім келген сәтте калима шаһадатты¹ айтуға ешбір шамалары келмейді .Ал бұл болса жаман өлім белгілерінен . Тіпті кейбіреуіне жаны кеудесінен шығайын деп жатқанда « лә иләһа иллаллаһ » кәлимасын айт десең , басын оңға – солға шайқап қарсылық білдіріп жатқандай хәлде көресің . Ал біреулерінің ; « мына біреусі жаңа екен , ал анау біреусі арзан екен» -деген сияқты сауда сөздерді айтып жатып өлетінін көресің . Және тағы біреулері соңғы демінде шахмат тастарының аттары мен жүрістерін атап немесе өлең оқып немесе ғашығының атын айтып жатып үзілетінін көресің . Бұның себебі осы істердің оларды бұл дүниеде Аллаһты естеуден айналдырып қойғандығынан . Кейбір жағдайда олардың жүздерінің қарайғанын немесе денелерінен сасық иіс шыққанын немесе соңғы демін жүздерін құбыладан басқа жаққа бұрып барып шығаратынын байқайсың . Ондай нәрседен Аллаһтың Өзі сақтасын ! .

Ал салихалы пенделерді , пайғамбардың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) сүннет жолының үстінде бекем болғандарды Аллаһ өлім сәтінде тұрақты етіп , оған кәлима шаһадатты айтуын нәсәп етеді . Олар жан тапсырған сәттерінде денелерінен жұпар иіс сезіліп , жүздері жарқырап , әрі ол жүзден шаттық белгісі шырай береді .

Төменде сондай , өлім сәтінде Аллаһ тұрақты еткен игілердің бірін айтып өтпекшіміз . Ол – Абу Зурға Ар-Рази деген , хадис танушылардың имамы болған кісі . Абу Жағфар Мухаммад ибн Әли Уаррақ Абу Зурға былай дейді: «Біз Машһаран деген жерге ол кісіні көру үшін келдік . Ол кісі жан тапсырайын деп жатыр екен . Қасында Абу Хатим , ибн Уараһ , Әл-Мунзир ибн Шазан және басқа да кісілер бар екен , Сол жерде олар Пайғамбарымыздың « Өлім хәлінде жатқандарыңа лә иләһа илләллаһты айтуын естетіңдер» деген хадисін еске алды . Бірақ олар жан тапсырғалы жатқан Абу Зурғаға лә иләһа илләллаһ - деп айтыңыз деуден ұялды . Сондықтан олар бір-біріне осы хадисті
1.« Куәлік беремін бір Аллаһтан өзге ғибадатқа лайықты ешбір тәңір жоқтығына және куәлік беремін расында Мухаммед Оның құлы ,әрі елшісі екеніне» – деген сөз .
Пайғамбарымыздан( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) кімдер жеткізгенін естеп өтелікші деді . Бірінші Абу Уараһ бастады :


  • Салихтен Абдулхамид ибн Жағфар , ал одан Абу Ғасим жеткізді деді де , ары қарай жеткізушілердің есімдерін айтуға шамасы келмей қалды . Сонда Абу Хатим :

  • Салихтен Абдулхамид ибн Жағфар жеткізді , одан Абу Ғасим жеткізді , одан Бундар жеткізді – дей бастады да ары қарай айта алмай тоқтап қалды .Басқалары үндемеді . Сонда өлім хәлінде жатқан Абу Зурға көздерін ашты да :

  • Бізге бұл хадисті Бундар жеткізген , ол Абу Ғасимнен алған , Абу Ғасим Абдулхамидтен алған , Абдулхамид Салих ибн Ғурейбтен алған , Салих ибн Ғурейб Касир ибн Муррадан алған . Ал ол Муғаз ибн Жабал атты сахабадан естіген . Ол сахаба : « Аллаһтың елшісі : « Кімнің ақырғы сөзі лә иләһа илләллаһ болса жаннатқа кіреді » -деп айтты » - деді де жан тапсырды .

Міне осындай пенделері туралы Аллаһ Құранда былай деп хабарлаған :



« Расында : « Раббымыз Аллаһ » деп , кейін тура болғандар , Оларға періштелер бірінен соң бірі түседі де :« Қорықпаңдар және кейімеңдер ! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер» дейді » . ( Фуссилат:30 ) .
Ей , Аллаһ бізді солардың қатарынан ете гөр ! Ей , Аллаһ біз сенен істегі тұрақтылық пен турашылдыққа нақ шешімде болуымызды сұраймыз ! Және дұғаларымыздың соңын Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән ! деп бітіреміз .

Мухаммад Солих Мунажжид .







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет