Аллаһ тағаламен байланыста болу. Аллаһпенен байланыста болудың мағынасы


« Расында елшілерімізге, иман келтіргендерге бұл дүниеде де, куәгерлер әзір болып тұратын қиамет күнінде де жәрдем етеміз



бет3/3
Дата19.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#147464
1   2   3

« Расында елшілерімізге, иман келтіргендерге бұл дүниеде де, куәгерлер әзір болып тұратын қиамет күнінде де жәрдем етеміз » ( Ғафир :51 ).

« Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келушілер, міне солар сөзсіз қор болушылардың қатарында болады »( Мужадала :20 ).
Екінші : Аллаһ тағаламен байланыс орындарының негіздері.

1 – Нәпсіні тазарту. Аллаһ Тағала "Шәмс" сүресінде сегіз нәрсеге ант етіп, 1 пенденің түзелуі мен құтылуы нәпсісін тазалауға қатысты екенің айтқан.



« Расында нәпсісін тазартқан құтылады » ( Шәмс: 9 ).
Жубейр ибн Нафирдің риуаятымен бізге жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһ игілігі мен сәлемін жолдасын ) былай - деген :

"Үш нәрсе бар. Кім оларды орындаса иманның дәмін татады: бір ғана Аллаһқа серік қоспастан ғибадат жасаса; расында Одан өзге ғибадатқа лайықты ешбір тәңір жоқ. Және жыл сайын малының зекетін жан ризашылығымен беріп тұрса; бергенде кәрі, лас немесе тағы басқа айыптары барын емес, орташасынан алып берсін. Өйткені Аллаһ сендерден мал - мүліктерінің ең жақсысын сұрамады, ең нашарын ұсынуды әмір етпеді. Және нәпсін тазартса " - деді. Сонда бір кісі : " Нәпсіні тазарту " -дегеніміз, не?" – деп, сұрады. Оған " Қайда болса да Аллаһтың өзімен бірге екенін білу " - деп жауап берді.

Нәпсіні тазарту жолдары:

1 – Шынайы таухид ( яғни Аллаһтан өзге ғибадатқа лайықты ешбір нәрсенің жоқ екенін білу. )

2 – Намаз



3 – Садақа

4 – Харам істерді тәрк ету.

5 – Ең бастысы, өз нәпісін бақылап, есепке алып тұру.
Соған байланысты Ибн Әл-Қайим өзінің " Иғасатул - лаһфан " атты кітәбінде былай - дейді:

"Нәпсіні есепке алып бақылау екі түрлі жолмен болады. Бір жолы амал жасаудан алдын, ал бір жолы амалдан соң. Бірінші жолға келетін болсақ, ол нәрсе амалды жасамастан бұрын, оның ақырында беретін нәтижесін ой сүзгісінен өткізу. Оның орындалуы тасталуынан артық болмайынша кіріспеу".Осы жайында Хасан Басридің мына сөзі бар:

" Амалға кіріспес бұрын оған ой жүгіртіп, егер ол іс Аллаһ үшін болса жасап, ал Аллаһ үшін болмаса тоқтатқан адамды Аллаһ рахметіне бөлесін ".



  1. Егер Аллаһ сөзін антпен бастаса, ол нәрсе кейін келетін сөздің өте маңыздылығын көрсетеді. Және сол нәрсеге қатты көңіл бұруды қажет етеді. Бір емес бірнеше анттардан кейін келген Шәміс сүресінің 9 - ші аятына қаншалықты көңіл бұру қажет екенін осыдан білсе болады.

Ал, амалдан соң нәпсіні есепке алуға байланысты екінші жол үш қысымнан тұрады :

а) Нәпсіні Аллаһтың хақтары кемсітіліп, керекті дәрежесінде орындалмаған амал үшін есепке алу.

ә) Нәпсіні жасалғанынан жасалмағаны абзал болған амал үшін тергеп, есепке алу.

б) Нәпсі, істелуі рұқсат болған әдеттегі істерді Аллаһ үшін жасады ма, әлде дүние қызықтары үшін жасады ма? - деп, есепке алу.
6. Дұға -зікірлер мен нәпіл ғибадаттарға көңіл болу.

Аллаһ Тағала құлдарының арасындағы Өзінің ең жақыны, әрі ең дәрежелі болған Мухаммедке ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :



« Расында, күндіз сенің көп тірлігің бар. Раббыңнің есімін зікір ет және Оған барынша беріл » ( Муззаммил:7 – 8 )

«Және Раббыңды күн шығудан бұрын әрі күн батудан алдын мақтап пәкте. Түннің бір бөлімінде , әрі намаздардан кейін де Оны пәктеп зікір ет » ( Қаф :39 – 40 )

«Күндіздің әуелінде және ақырында Раббыңның есімін зікір ет. Түн бөлімінде Ол үшін сәждеге түсіп намаз оқы, әрі түн бойы Оны пәкте »(Инсан:25-26)деп, айтқан.

Уақыттарды дұрыс бақылап, дауамды жасалатын зікірлермен толтыра білу - Аллаһқа апаратын жол.

Белгілі ғалымдар Әт-Табарани және Әл-Хакимдердің келтіруі бойынша, сахих жолдармен жеткен бір хадисте Ибн Әбу Ауфа былай деген : " Расында Аллаһтың елшісі ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мне сәлемі болсын ) : "Құдайдың құлдарының арасында Раббысына жақсырақ болғандары, Аллаһты [ең абзал уақыттарда] зікір ету үшін күннің, айдың және жаңа туған айлардың кезеңдерін бақылап, есептен жүреді ".

Ибн Әл-Қайим өзінің " Мадарижул саликин" атты кітәбінде: " Зікірдің мысалы үкіметтің шығаратын бұйрығына ұқсас. Егер үкімет: "Пәленше осы жоғары қызыметке бекітілсін " - деп, бұйрық шығарса ол адам соған жетеді. Ал бұйрық берілмесе, ол жоғарғы орын да жоқ. Сол сияқты, Аллаһ кімге зікірді берген болса, онда ол пендесін "Аллаһтың досы " - деген, мәртебеге көтерген болады. Және зікір – жүрек азығы. Егер ол азықтан ажыраса, жүрек өлікке, ал дене оның қабіріне айналады. Сол сияқты жүрек үйлердің тірегі, ал сол үй тірегінен ажыраса ойран болады " - деп, келтірген.

Адам бойындағы дене мүшелерінің әрқайсысының белгіленген уақыттарда орындайтын ғибадаттары бар. Ал жүрек пен тілдің ғибадаты зікір. Және бұл зікірдің белгіленген уақыты жоқ. Адам ол екеуімен тұрса да, отырса да, жатса да өздерінің сүйікті Раббыларын мақтап, пәктеп зікір ете береді. Жүрек негізінде бос және ұсқынсыз жайға ұқсайды, ал зікір оны толтырушы әрі көркемдеуші нәрсе.
Құранда зікір он түрлі күйде келген.
а ) Барлық жағдайда, және белгілі уақыттарда зікір етіндер - деп әмір күйінде келген :

« Және Раббыңнан қорыққан күйде іштей жалбарына зікір ет » ( Әғрәф: 205 )

ә ) Зікірдің тескерісі болған ғапылдық пен ұмытудан қайтарған күйде келген:



« Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар.... Сондай Аллаһты ұмытқан, Аллаһ оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар» ( Хашр: 18 -19 )

б ) Аллаһты көп зікір етушілердің құтылатынын хабарлаған күйде келген : «Аллаһты шынайы түрде көп зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар » ( Әнфал :45 ).

в ) Зікір етушілерді мақтап, оларға Аллаһтың қасында үлкен сыйлық барын хабарлаған күйде келген :

"Аллаһты көп зікір етуші ерлер мен әйелдер үшін Аллаһ жарылқау және ұлы сыйлық әзірледі " ( Ахзаб :35 ).

г ) Зікірді тастап, басқа нәрсемен алданып қалған адамның зиянға ұшырайтынын ескерткен күйде келген :

" Ей, иман келтіргендер! Сендерді малдарың мен балаларың Аллаһты зікір етуден тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар зиянға ұшыраушылар" ( Мунафиқун :9 ).

д ) Аллаһты зікір етіп еске алғандарды Аллаһ та еске алатынын хабарлап келген :



"... Мені зікір етіп еске алыңдыр, Мен де сендерді еске аламын...!" ( Бақара :152 ).

ж ) Зікірдің аса үлкен нәрсе екенін хабарлаған :

" Расында Аллаһты зікір етіп еске алу аса ұлы нәрсе " ( Ғанкабут : 45 ).

"з ) Әрбір игі амалдардың басы болған зікірдің, сол амалдардың соңы екенін білдіріп те келген :



"... Аллаһ сендерге жеңілдікті қалайды, ауырлықты қаламайды. Ол жеңілдік ( ораза күндері ) санын толықтыруларың, әрі тура жолға салғандығы себепті, Аллаһты ұлықтауларың үшін..." ( Бақара :185). Яғни , ораза әрбір мұсылманға парыз болған салихалы амал, ол амал басы шүкір, зікірмен басталып, ақыры Аллаһты ұлықтаумен аяқталады. Сол сияқты басқа амалдар да осы тәріздес келеді.

и ) Аллаһты зікір етушілердің, Оның құдыретін танытатын әрбір белгілерден өздеріне пайдалы ғибрат ала білетін көреген қауым екендігін баяндаған халде де келген :



«Шәксіз көктер мен жердің жаратылысында, түн мен күндіздің ауысуында ақыл егелері үшін ( Раббыларының хақтығы мен құдыретін танытатын )белгілер бар. Олар тұрса да, отырса да, жатса да ( яғни барлық халде ) Аллаһты зікір етіп еске алады...» ( Әлі Ғимран :190 ).

к ) Зікір әрбір ізгі амалдардың серігі, әрі рухы тәріздес екендігін хабарлап келген. Онсыз амал жансыз дене іспеттес : мысалға зікір намазға серік етіліп келген.



"... Мені зікір етіп еске алу үшін намазды толық орында " ( Таһа :45 ).

Ал бұл аятта жиһатпен серік етіліп келген :



" Ей, иман келтіргендер! Қашан ( кәпір ) қауыммен жолықсаңдар, бекем болыңдар және Аллаһты көп зікір етіндер..." ( Әнфал :45 ).
7 – Кедергілерді алып тастауға көңіл бөлу.

Раббысына жол тартқан адам мына нәрсені білсін! Расында нәпсі қалауы жүрек пен Аллаһ арасындағаы байланысты үзуші нәрсе. Пенде өзінің нәпсісіне қарсы тұрып, оны жеңбейінше ол байланысқа жете алмайды. Шынында адамдар екі топтан тұрады:

Бірінші топ : Оларға нәпсілері үстем келіп патшалық құрады және оларды әмірлеріне бағындырып құрдымға сүйрейді.

Екінші топ : Олар керісінше нәпсілерінің үстінен патшалық құрып, оны өз әмірлеріне бойұсындырғандар. Осыған байланысты Аллаһ Құранда былай – дейді :

« Ал енді кім шектен шыққан болса және дүние тіршілігін ақыреттен жоғары қойған болса. Расында тозақ оның жайы болады. Ал кім Раббысының алдында тұрар күннен қорқып, нәпсісін оның бұзушы қалауларынан тосқан болса, расында жаннат оның жайы болады ». ( Назиғат :37 – 41 ).

Ибн Әл-Қайим өзінің " Иғасатул - лаһфан " (1/57 ) кітәбінде былай - деп айтқан:" Бірде Шейхул - ислам Ибн Таймиядан, нәпсіні реттеп, ізгі іске жаттықтыру, ұстанған жолды кедергілерден тазалап, апаттардан аман болу мәселесінде сұрадым. Ол кісі : " Нәпсі жөнінде түйіндей айтар болсақ, ол бір нәжіс толған қапшыққа ұқсайды. Оның бетін қозғаған сайын астынан және бір ластық шыға береді. Егер одан өтіп кету мүмкін болса, солай жаса. Себебі оны тазалап та бітіре алмайсың, әрі барар жағыңнан да қалдырады"- деді. Мен ол кісіге " Осы жайында кейбір білім егелеріне сұрап - едім, олар маған былай деп түсіндірме берді " - деп, төмендегі сөзімді айттым :

" Бұл жол бойы кездесіп тұратын кедергілер - жолаушының жолында кездесіп тұратын жылан, шаяндарға ұқсас зиянкестер сияқты. Егер жолаушы олардың әрқайсысын өлтіруменен айналысса, онда сапар қиындап, барар жерге жету мумкін болмай қалады. Сондықтан сенің мақсатың ондай кедергілерге мән бермей айналып өтіп, жүрісіңді үзбей жалғастыру болуы керек. Ал ол зианкестер жолыңды тосатын дәрежеде кездессе, оларды өлтір де, жүрісіңді үзбей жалғастыр". Осы мысалды ол кісі де қуаттап, айтушысына мақтау айтты".

Кедергілердің тағы бір түрі – күнәлар. Ілгергі ғалымдар осы нәрсеге өте сақ болуды айтып өткен. Осы тұрғыда Ибн Даххак былай - дейді : " Құранды жаттап кейін оны ұмытып қойған көп адамдарды білеміз. Оның басты себебі жасалған күнәлар болған. Кейін мына аятты оқыды : " Бастарыңа бір бейнет орнаса ол нәрсе өздеріңнің қолекі істеген күнәларыңның себебінен. Және де Аллаһ ( күнәләрыңның ) көбін кешіп жібереді " ( Шура :30 ).

Бір кісі Хасан Басридан : " Мен түн ортасында тұрып намаз оқу үшін дәрет алатын суға дейін дайындап қоямын. Бірақ тура алмай қаламын. Неге? "- деп, сұрағанда. " Сені күнәләрің байлап қояды " - деп жауап берген. Және мәшһур ғалым Ас-Саури: " Бір жолы жасаған күнәм үшін бес ай бойы түн ортасында тұрып оқылатын таһажжуд намазынан махрұм қалдым " – деді . " Ол не күнә ? " - деп сұралғанда, ол : " Бір кісінің ғибадат үстінде жылап жатқанын көрдім де, бұл пенде шынайы емес, ел көрсін үшін жылап жатыр - деп айтқан едім " - депті. Тағы бір оқиға, бірде Карах ибн Уабра бір жылап жатқан кісінің үстінен түседі . Одан: "Не жақындарыңнан біреу қайтыс болды - деген хабар естідің бе?" - деп сұраса : " Жоқ, бұл нәрсе одан да ауырырақ " - дейді. " Бір жерін қатты ауырып жатыр ма? " - десе, " Жоқ, одан да қиынырақ " - дейді. Сонда ол кісі " Ендеше сені қатты қинап жатқан не нәрсе ?" – дегенде : «Өткен кеш есігім жабық, пердем түсірілген еді, ( яғни, кедергі болар ешкім жоқ болды ) ал мен болсам күнделікті оқып жүрген Құран бөлігін оқи алмай қалдым. Ондай өкінішті жоғалтуға жасап қойған бір күнәмнің кесірінен ұшырап отырмын» - депті. Сулайман Ад - Дарани : «Қайсы бір адам жамағат намазынан қалып қойса, бұл оның жасаған күнәсінің салдарынан !» - деген. Және бір ғалым былай - деп айтқан : "Қанша адамдар бар, істеген бір күнәсі үшін, түннің соңғы бөлігінде оқылатын таһажжуд намазына тұру ләззатынан ажыраған, және қанша көздер бар, харам нәрсеге қарауы себебінен егесі Құран оқудан тосылған. Расында құл бір жеген харам тамағы үшін бір жылдық түнгі таһажжуд намазына тұрудан махрұм болып жатады. Намаз егесін үлкен - кіші күнәлардан тосатыны сияқты күнәлар да намаз және басқа ізгі істерден тосып қояды " .

Ибн Әл - Қайим өзінің " Әл - Жәуәбул Кафи " атты кітәбінде күнәлардың әсері туралы былай - деп жазған :

" Күнәлар тағат - ғибадаттан тосады. Ғибадатқа апаратын жолды кескілейді. Адам күнә әсерінен бір ғибадатын тастайды, кейін сол күнәнің қайталануы себепті екінші ғибадат түрін де тастайды, одан соң үшіншісін тастауы ықтимал. Солай жалғаса берсе пенде бір күні өзінің көптеген ғибадаттардан ажырап қалғанын көреді. Ал, сол ғибадаттардың әрқайсысы дүние және сол дүниедегі барша заттардан артық екені рас. Бұның мысалы бұзылған бір тамақты жегені себепті, ұзақ ауруға ұшырап көптеген көркем тамақтардан (дәмді тағамдардан) тосылған пендеге ұқсайды.

. Кедергілердің тағы бір түрі : шариғат рұқсат еткен істерде шектен шығу. Мысалы : жеп - ішу, киіну, көлікке міну сияқты тағы басқа істер. Осы нәрселерді керекті мөлшерінен арттыру – Аллаһ пен пенде арасындағы байланыстың үзілуіне себеп болады.

Кедергілердің тағы бір түрі : Аллаһпен болатын байланыстың қажеттілігінен қаперсіз болу және өлімді ұмыту.

Кедергілердің және бір түрі: өзін кәміл дәрежеге жеттім - деп, нәпсісін тәрбиелеуді және оны есепке алып тұруды тастап қою.

Кедергілердің тағы бір түрі : адамның өз мойнына міндеттер мен жұмыстарды көптеп жүктеп алуы. Дүние жұмыстарының көптігі, Аллаһпен болатын байланыстың уақытын азайтып, оған дұрыстап көңіл бөлуден тосып қояды.

Кедергілердің тағы бір түрі : Істелуі тиіс амалдарды кейінге қалдыра беру. Ақырында ол нәрсе ауыр соғуы мүмкін.

Кедергілердің тағы бір түрі : Дін тұрғысында өзгелерге үлгі болған бір адамнан бірер кемшілікті көру. Кейбір жастар өздерінің үлгі тұтқан адамдарын басқалардан ерекше көріп, оларда кемшілік кездесуі мүмкін емес - деген ойда жүреді. Ал егер олардан бірер кемшілікті көрсе, оны да өздеріне үлгі етіп алып, соқыр ілесе бастайды.

2 – Аллаһпен болатын байланыстың тағы бір негізгі орыны – сабырлық.
Шейхул-ислам Ибн Таймия: " Ғибадаттарды орындаудағы сабырлық харам нәрселерден аулақ болудағы сабырлықтан артығырақ. Аллаһ үшін тағат - ғибадатты жасауға бағытталған әрекет, күнәні тастау үшін жасалатын әрекеттен сүйіктірек. Және тағат - ғибадаттарды тастау, күнәлі істерді істеуден де жеккөрініштірек" – деген.

Сабырлық үш түрлі болады.

1 – Аллаһтың жәрдемімен сабыр ету.

2 – Аллаһ үшін сабыр ету.

3 – Алаһпен бірге сабыр ету.
Сабырлық түрлерінің біріншісіне тоқталар болсақ :

Аллаһтан сол іске жәрдем тілеу. Және пендеге сабырлық беруші Аллаһ екенін нақ білу. Расында пенде Аллаһтың жәрдемінсіз өздігінен сабыр етуге шамасы жетпейді. Бұған "Нахл" сүресінің 127 – ші аяты дәлел :



«Сабыр ет! Және сабыр етуің Аллаһтың ғана көмегімен»

Екінші түрі : Аллаһ үшін сабыр ету. Яғни Аллаһтың махаббаты мен ризашылығына бөлініп, Оған жақын болуды мақсат етіп сабырлық көрсету. Ол сабырлық өзіңнің рухани қуатыңды көрсетіп, адамдардан мақтау сөздерді есту үшін болмауы керек.

Үшінші түрі : Аллаһпен бірге сабыр ету. Бұл нәрсе құлдың Аллаһ бекіткен діни үкімдерге сабырлық көрсету. Өмір атты жолдың бойына, әрбір бұрылыс - қиылысына қойылған шариғат ережелерінің көрсетпелерімен біргелікте жүріп отыру. Бұл сабырлықтың ең ауыр түрі. Бұл нағыз шыншылдардың сабырлығы.

Аллаһ Тағаламен байланыстың жемістері.
1 – Көкіректің кеңейуі.

2 – Жауапкершілікті сезіну.

Егер бір адам өзінен осы жауапкершілікті тапса, онда соның әсерімен өзін тәрбиелей бастайды. Парыз-уәжіп амалдарға ықтияттылықты күшейтеді. Аллаһ разылығы үшін нәпіл ғибадаттарын арттырады. Харам нәрселерден жолын тазалайды. Осының себептерінен ол адам одан да үлкен жауапкершілікті көтеруге дайындық табады. Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) адамдарды осы Аллаһпен болатын байланыстың жауапкершілігін сезінуге тәрбиелейтін. Ол кісі ( Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) Абдуллаһ ибн Омар жайында былай, деген. “ Иә, ол ( яғни, Абдуллаһ Ибн Омар ) өте салихалы екен, егер түннің соңғы бөлігінде таһажжуд намазына тұратын болса". Және ол кісі ( Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) күйеу баласы Әлі мен қызы Фатиманы да ( Аллаһ ол екеуінен разы болсын )осы намазға оятатын. Мұсылман үмбетінің басына көптеген қиын - қыстау кезеңдерде сахабаларын да осы жуапкершілікті сезінуге тәрбиелейтін. Бадр соғысы кезеңінде сахабаларымен өткізген кеңесі осыған мысал болады.

Және керісінше өз алдында жаупкершілікті сезінбейтін адам, мұсылман үмбетінің алдында да жауапкершілікті сезінбейді. Сол кемшілігі үшін өз ойынан көптеген сылтауларды ойлап таба береді. Мысалға, тағдырды сылтаурата салуы мүмкін. “ Бұл тағдыр ісі. Оны өзгертуге кімнің шамасы жетеді ?" - деген сияқты. Оның мысалы емтиханнан құлаған студент сияқты. Өзінің нашар үлгерімін тағдыр мен мұғалімдеріне тірей салатын. Кейбіреулері тіпті өздерінің айыбына Аллаһтың елшісінің ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін бетжапқыш етіп алады. Мысалға : " Раббыларыңа жолыққанша сендердің бастарына орнайтын заманның екіншісі біріншісінен де жаман болып тұрады" - деген хадиске сүйеніп: " Келешекте жақсылықтан үміт аз. Тілектер тілеп, Аллаһ жолына шақырғаннан ешбір пайда жоқ " - деп, шешім шығарып, өздерінің мойнынан жауапкершілікті өзге ғалымдар мен басшыларға итере салады.

3 - Өз ынтасымен амал жасау.

Аллаһпен болған байланыс адамды өз ынтасымен амал жасауға тәрбиелейді. Сырттан болатын әмірлер мен қысымшылықты күтіп отырмайды. Алдындағы мақсатына ешкімнің зорлығынсыз қадам басады.



4 – Талпынған мақсатының биік болуы.

Кім өз нәпісін тәтті ұйқы мен түрлі тамақтардан қалдырып, түнгі ғибадатқа тұрумен, күндізгі оразаға сабыр етуге үйретсе, сонымен қатар оны шариғат шекарасынан бекем ұстануға тәрбиелесе, онда ол расында өзіне жәрдем еткен болады. Талпынған мақсаттың биіктігі Аллаһ жолындағы дағуат пен шариғат үкімдерінде бекем тұруға көмектеседі. Және ол нәрсе адамға жолын дауам етуге қуат беретін азық болады. Егер адамның талпынған жоғарғы мақсаты Аллаһтың разылығы үшін ғана болатын болса, онда ол мақсатына жету жолында өзіне тынығу үшін үзіліс беруді қаламайды. Және сол мақсатына қатысты болмаған нәрселермен алаңдамайды. Бұндай сипаттағы адам үлкен бір кедергіге тап болып қалмаса, өз мақсатына тезірек жетеді.



5 – Тепе - теңдікті ұстанатын, орташылықпен амал жасайтын тұлғаларды пайда етеді.

6 - Өзгелермен жақсы қарым - қатынас жасай білуге және дүниеге дұрыс көзқараста болуға мүмкіндік береді.



Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мухаммедті өз игілігі мен рахметіне бөлесін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет