Аллаһ тағаламен байланыста болу. Аллаһпенен байланыста болудың мағынасы



бет1/3
Дата19.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#147464
  1   2   3
АЛЛАҺ ТАҒАЛАМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛУ.
Аллаһпенен байланыста болудың мағынасы:

Аллаһ Тағаламен байланыста болу дегеніміз, Оны әр бір жағдайда , әр жерде , әр уақытта , байлық пен кедейлікте , қайғы мен қуанышта ,таршылық пен кеңшілікте де естен шығармай зікір ету.

Аллаһпен әрдайым байланыста болған пенделерді Хазреті Әлі (Аллаһ одан разы болсын) былай -деп сипаттаған :

-Олар фазилет иелері . Сөйлегендері туралық , киінгендері қарапайымдылық , жүрістері кішіпейілділік болғандар . Олар көздерін Аллаһ харам еткен нәрселерге қараудан тиып , ал құлақтарын өздеріне пайда беретін ғылымға қойғандар . Өздерінің жасаған амалдарының аздығына разы болмайтындар , ал арттырғандарын көпсінбейтіндер . Олар өздерін кінәләп , және Аллаһ алдында барша амалдарын шынайы қорқынышпен орындайтындар . Сен олардан мынандай белгілерді көресің ; олар дінде қуатты болады , мінез - құлықтары жұмсақ , тұрақты болады , имандары кіршіксіз айқын , білімге құштар , сыпайылықта артықша , байлықта әрі жомарт , әрі ысырапсыз , ғибадат - құлшылықтарында ықыласты болады . Олар кедейшіліктерін жасырады , қиындыққа сабыр етеді . Тек халал нәрселерді талап қылады. Тура жолға шақыруда белсенді келеді . Салихалы амалдарының қабыл болмай қалуынан қорқынышта жүреді . Олардың кешкі қамы шүкір ету , таңертеңгі қамы зікір қылу . Олар білімдерін әдеппен , сөздерін амалмен толықтырғандар . Үміт еткендері жақын , қателіктері аз . Жүректерінде Раббысына - деген қорқыныш ұялаған , өздері дайым тақуалықта болған , ашу - ызасын ұстай білетін , шаһуаттарының қалауын өлтірген жандар . Олардан тек жақсылық күтіліп , жамандық олардан бой көрсетпейді . Өздеріне зұлымдық қылғандарға кешірімді , таршылық қылып бермегенге беретін , білімсіздікпен байланысты бұзғандарға да қарым - қатынасын үзбей жүретін , ұятсыздықтан алыс , сөздері жұмсақ , ешкімге зияны жоқ , ізгілікке әркез әзір , жақсылықтары алдында , жамандықтары артында болғандар . Өмірдегі кездесетін сілкіністерде тұрақтылық көрсететін , жан қиналатын жағдайларда сабырлық танытатын , кеңшіліктерге шүкірлік ете білетін көңілдері тоқ жандар . Ал адамдар олардан тек рахат көреді .

Бұдан көріп тұрғанымыздай, бұл Аллаһпен болған байланыс өмірдің барлық тұсын қамтиды . Және ол нәрсе Әнғам сүресінің 162 - аятыменен дәлелденген .

"Расында менің намазым және одан өзге барлық ғибадат - құлшылықтарым , өмірім мен өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа ғана тән - деп , айт ! ".

Аллаһ Тағаламен болатын байланыстың күшті немесе әлсіз болуы жүректегі иманның қадіріне қарай болады . Ол жайында Имам Ибн Таймия (Аллаһ оны рахметіне алсын) былай деп айтқан :

Егер әрбір адамның мойнына міндет болған салихалы амалдар кеми бастаса , онда ол нәрсе жүректегі иманның кеми бастағанының дәлелі . Сондықтан көзге көрінер салихалы амалдар жоқ бола тұрып , жүректегі парыз болған иманның кәмілдігін сөз ету , ақылға сиымсыз . Бәлки , иманның кәмілдігі амалдың кәмілдігін ләзім етеді , имандағы кемістік амалдың кемістігін ләзім еткені сияқты .

Және бір сөзінде ол кісі :

- Егер жүректе Аллаһқа - деген нақты сенім мен махаббат шынайы түрде орнықса , онда тілге сол сенім мен махаббатқа тиісті болған жасырын – жария сөздермен әрекеттену зәру болады . Және адам бойында көрініс тапқан сөздер мен істер сол жүректе орныққан нәрсенің әсерінен болады . Олардың әрқайсысы бір - біріне әсерде болады (яғни жүректегі иман сыртқы амалдарға , ол сыртқы амалдар жүректегі иманға әсер етеді) . Бірақ жүрек – негізгі тамыр іспетті , ал дене соның қосымша бұтақтарына ұқсас . Бұтақтар тамырға сүйенеді , ал тамыр солармен қуаттанады " - деген .

Әрбір құл өзінің Аллаһ үшін қылған мінәжәтінан ләззат тауып , Раббысына жақындауы үшін жоғарыдағы мәселелерге көңіл бөлуі қажет . Және ол нәрселерге пенде Аллаһтан болған таупиқ пен жәрдем арқасында жетеді .
Аллаһпен байланыста болудың ережелері
Әһлі сунна уал жамағаттың¹ жолынан алыстап кетпеу үшін бұл ережелерден бекем ұстану қажет .

Бірінші ереже : Ықылас .

Қайсы бір амал ықылассыз орындалса ауадағы тозаңдай шашырап, иесіне ешбір пайда бермейді .

Шейхул - ислам Ибн Таймия былай - деген :

- Ықыласқа келер болсақ – ол исламның ақиқаты . Өйткені ислам - дегеніміз , өзгеге емес , бір ғана Аллаһқа бой ұсыну . Құранда осыған қатысты мына аят келеді : «Аллаһ өзара шығыса алмаған ортақтардың меншігінде болған құл мен бір ғана кісінің меншігінде болған құлды мысалға келтірді . Ол екі құлдың мысал-жағдайлары тең бе ?» ² ( Зумар : 29)

Ендеше , кім Аллаһқа бойұсынбаса тәкәппарлық қылғаны , ал кім Аллаһқа және сонымен қатар өзге бір нәрсеге бойұсынса - Раббысына серік қосқаны . Серік қосу да , тәкәппарлықта ислам үшін теріс ұғымдар .
Ықылас турасында айтылған сөздер :
Ықылас - тағат- ғибадаттардағы ниет арқылы Аллаһқа жақын болуды ғана мақсат ету .

Ықылас - барша ынта - назарды Аллаһқа дауамды түрде бұруменен адамдардың өзіне -деген көзқарастарын ұмыту .

Ықыластың ақиқаты - жүректі , оның тазалығын кетіретін қоспалардан арылту , Расында қоспа заттар өзгенің тазалығын кетіруі мүмкін . Сондықтан әрбір зат қоспадан арылса ықыласты³ ( таза ) болған болады . Осы сөзге байланысты Құранда мынандай аят бар : «Біз сендерге малдардың қарындарындағы нажасат пен қанның арасынан шығатын , ішетіндерге сүйкімді тап - таза сүтті ішкіземіз » ( Нахл : 66 )

Фузаил Ибн Ғияз былай - деген : "Адамдарға бола амалды тәрк ету – рия ( мақтангершілік ) . Ал енді олар үшін амал жасау – ширк . Ал ықылас – осы екеуінен - де таза болу".

Ықылас – істеген амалына Аллаһтан өзге куәләрді талап етпеу.

Құран Кәрімде де ықыласқа дәлел болатын аяттар көп , мысалы :



«Олар Аллаһқа шынайы ықылас және дінге толық берілген хәлде ғибадат жасауға , намаз оқуға , зекет беруге ғана әмір етілген » ( Байина : 5 ).
«. . . Бірақ тәубе еткендер , өздерін түзегендер , Аллаһқа шынайы беріліп , діндерін Аллаһ үшін ықыласпен қылғандар , міне солар иман келтіргендермен бірге » ( Ниса : 145 ) .

1. Әһлі сунна уал - жамағат – Аллаһтың елшісінің көрсеткен жолынан бекем ұстанушы қауым .

2. Бұл аят бір Аллаһқа серік қоспай ғибадат етуші құл мен Оған өзге нәрсені серік етуші құлдардың жағдайын білдіру үшін түскен . Яғни , егер бір құл өзара ерегісіп шығыса алмай жүрген бірнеше адамдардың меншігінде болса , және олар келісімге келмей бірі құлға "мына істі атқар деп" - деп , бұйырса , ал екіншісі: " жоқ , оны емес бұны істе "-деп тұрып алса , үшіншісі мүлдем басқа нәрсені бұйырса , онда ол бейшара құлдың жағдайы не болады ? Қайсысының көңілінен шығып , басын бәлекеттен арашалай алады ? Ал бір ғана адамның меншігінде болған құлдың басы ондай нәрселермен ауырмайды . Ол өзінің атқаратын ісін нақты біліп ,егесінің көңілінен шығып жүреді . Ондай болса ол екеуінің мысалы тең емес . Бір Аллаһқа ғибадат етуші мен Оған серік қосушы құлдардың да мысалы осындай . Серік қосушы да Аллаһтың , не өзге сиынғанының да ризашылығына жетпей , үлкен зиянға ұшырайды .

3. Араб тілінде "ықылас" сөзі таза - деген мағынаны да береді .


«Кімде – кім Раббысына жолығуды үміт етсе , салихалы амалдар жасасын және Раббысы үшін болған ғибадатында Оған ешкімді ортақ етпесін !» Яғни амалдарын жалғыз ғана Аллаһ үшін ықыласпен орындасын. ( Каһф : 110 )
«Аллаһ - Тағала сендердің қайсыларың амал қылуда жақсырақ екенін сынау үшін өлім мен өмірді жаратты » ( Мүлк : 2 ) .
Жоғарыдағы Мүлк сүресінің екінші аятындағы " амал қылуда жақсырақ " - деген сөзге Фузайл : " Амалдың жақсырағы – ең ықыласты және ең дұрыс болғаны "- деп , түсіндірме берген . Сонда қасында отырғандар одан :

- Ей Әбу - Әли ! . Амалдың ең ықыластысы және ең дұрысы қандай болады ? - деп сұрады .

Сонда ол кісі :" Егер амал шынайы ықыласпен жасалынып бірақ , дұрыс болмаса қабыл етілмейді . Керісінше дұрыс болып , бірақ ықылассыз жасалынса және қабыл емес . Амал ықыласты және дұрыс болғанда ғана қабыл етіледі . Амалдың дұрыс болуы - дегеніміз сүннетке сай келгені , ал ықыласты болғаны – Жалғыз ғана Аллаһтың разылығы үшін орындалғаны "- деп айтты да , сол сөзіне дәлел ретінде жоғарыда келген “ Каһф ” сүресінің 110 – шы аятын оқыды .

Сол үшін , ей мұсылман бауырым ! Жақсылап біліп ал! Адам баласы жасайтын әрбір амалы үшін , кішісі болсын , үлкені болсын екі сұраққа жауап беруі тиіс . Яғни , не үшін жасап жатырмын ? Қалай жасап жатырмын ? Бірінші сұрақ амалдың жасалу себебі мен онда көрсетілген мақсатты айшықтайды . Ол амал кездейсоқ жәй әрекет пе ? Жоқ , әлде құлшылық хақын орындауға , Аллаһтың сүйіспеншілігіне бөленіп, Оған жақын болуға және Оған апарар жолды талап етуге бағытталған амал ма ? .

Ал , екінші сұрақ амалдың қалай жасалғанын көрсетеді . Яғни ол жасалынған амал пайғамбарымыз Мухаммедтің (Ол кісіге Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) үмбетіне әмір қылған істерінен бе немесе Аллаһтың Өзінің елшісінің тілінде орнатқан шариғатының бұйрықтарынан ба ? Жоқ , әлде одан өзге нәрсе ме ?

Бірінші сұрақтың тура жауабы , амалдағы ықыласты Аллаһтың разылығы үшін ғана арнау . Екінші сұрақтың тура жауабы , пайғамбарымыз Мухаммедтің( Ол кісіге Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетіне нақты ілесу .

Нәпсі жасаған амалы үшін мақтауды , көрініп қалуды , сол іс үшін сыйлық алуды сүйетін болғандықтан ықылас оған өте ауыр келеді . Сондықтан Сәһл Әт - Тустари ( Аллаһ оны рахметіне бөлесін ):" Нәпсіге ең қатты тиетін нәрсе не ?" деген сұраққа, "нәпсіге ең қатты тиетін нәрсе – ықылас . Себебі ықыласпен жасалған амалда нәпсінің ешбір үлесі жоқ " - деген .

Ықылас туралы әңгімені оның жүрекке тигізетін көптеген пайдаларынан бірісін ескере отырып бітіргіміз келеді . Шын мәнінде ықылас жүректі түзейтін нәрселердің бірі . Кімде - кім жүрегіне ықыласты орнықтырса , қианат , кесапат , арсыздық және көреалмастык - деген аурулардан оны айықтырады . Осы сөзге дәлел болатын Имам Ахмадтың өзінің “ Муснад ” атты кітәбінде Нуғман Ибн Баширден ( Аллаһ одан разы болсын ) риуаят еткен мынандай "сахих" хадисі бар .



" Мұсылман адамның жүрегі үш нәрседе көреалмастық жасамайды . Амалды Аллаһ разылығы үшін ықыласпен орындауда , мұсылман басшыларына насихат жасауда , мұсылман жамағатын ләзім тұтуда . Расында дұға - тілек мұсылмандардың баршасын қамтып , баурап тұрады " .

Екінші ереже : Амалдың сүннетке сәйкес келуі .

Бұл ереже кез - келген амалдың қабыл болуы үшін ләзім тұтатын шарт . Осыған байланысты Муслимнен риуаят етілген сахих хадис бар . Ол хадисте :



" Кімде – кім Біз (Аллаһпен оның елшісі) әмір етпеген бір амалды жасаса , ол амал одан қабыл болмайды "-делінген .

Ибн Әл - Қайим өзінің “нуния ” өлеңінде :

Нақ бағынып , шын сүйіп ғибадат ет Құдайға,

Шайтан , Нәпсі жетектеп түсірмесін ылайға .

Ықылас пен жақсылық болсын сенің тамырың ,

Адаспайсың ұстасаң Құран , сүннет әмірін .

Ғибадатты арнама Құдайыңнан өзгеге ,

Жаратқанның хақ жолын бидағаттан¹ іздеме .

Ширк пенен бидағат қыл бұрау боп мойныңа ,

Ертең сүйреп кетпесін жаһаннамның қойнына - деген .

Осы өлең жолдарын шарыхтаушы кісі былай - деп , түсіндірме береді:

“ Ғибадаттың негізгі Пайғамбарымыздан (Ол кісіге Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) келген шариғат бұйрықтарына қайтады . Расында Аллаһ Тағала үшін жасалатын ғибадат - құлшылық Оның Өзінің орнатқан шариғатымен ғана болады . Яғни Аллаһқа құлшылық адамның өз ойына келген , немесе нәпсісі мен Шайтан малғұн әдемі көрсетіп қойған амалдармен , бидағатшылар мен кейбір сопылық ағымында адасқандардың өздеріне және соңынан ерушілеріне жасап алған шариғаттан бөгде зікрлерімен , немесе ерекше киімдер мен арнайы тамақтар арқылы , тағы одан бөлек кез - келген Ол әмір етпеген істермен жасалмайды .

Кейбір сәләф² ғалымдары былай - дейді :

" Бес нәрсе бар . Сол нәрселермен амал толық болады . Олар : Аллаһты тану , хақиқатты білу , амалында Аллаһқа ықыласты болу , сүннетке сәйкес амал жасау , тек халал нәрселерден ішіп - жеу . Егер осы нәрселердің біреуі жоғалса істеген амалдан сауап жоқ . Ол - дегеніміз , егер Аллаһты танып хақиқатты білмесе оған амалдан пайда жоқ . Және Аллаһты танып , хақиқатты біліп , бірақ амал ықылассыз орындалса – пайдасыз . Сол сияқты Аллаһты танып , хақты біліп амалда ықыласты болып , бірақ оны сүннетке сәйкес жасамаса және пайдасыз . Тіпті жоғарыда келгеннің бәрі орындалып , бірақ ішіп - жегені халал болмаса – амал пайдасыз . ( "Жамиғул-ғулум",87).

Осы айтылған сөздерін негізгі түйіні жоғарыда келген "Кімде -кім Біз (Аллаһпен Оның елшісі) әмір етпеген бір амалды жасаса , ол амал одан қабыл болмайды " - деген хадис . Бұл хадис ислам қағидасының негізгі өзегі және бүкіл көзге көрінер сыртқы амалдардың таразысы .Ал"Расында барлық амалдар ниетке қарай (сауап –жазасын) алады" деген хадис ішкі амалдардың таразысы.Бірінші хадис амалдарды сүннетке сәйкес атқаруды , ал, екінші хадис оны ықыласпен атқаруды әмір етеді.

Аз да болса сүннетке сәйкес орындалған амал, көп болып сүннеттен алыс болған амалдардан жақсы . Осы сөзді Имам Әл– Ләликайидің Убай ибн Кағбтан келтірген мына хабары қуаттай түседі . Ол кісі :"Аллаһтың көрсеткен жолы мен бекіткен шариғатында ортақандылықпен амал жасау Оның жолы мен шариғатынан ұстанбай жасалған ыждаһатты көп амалдан жақсырақ . Қараңдар ! Егер сендер амалдарыңды пайғамбарлардың ( Оларға Аллаһтың сәлемі болсын ) қалдырған жолы және бекіткен сүннетіне лайықты түрде , барша ыждаһатпен немесе ортақандылықпен орындайтын болсаңдар , онда сол амалдарың қандай дәрежеде болар еді ? " - деген .

Және Абдуллаһ Ибн Масғуд ( Аллаһ одан разы болсын ) былай деген :

" Сүннеттегі ортақандылық бидағаттағы ыждаһаттан жақсы" .

Өзінің сөзінде Имам Аз-Зуһри былай - деген: " Сүннеттен бекем ұстану – құтылудың жолы " .

Хасан Басри :" Сөз амалсыз дұрыс емес , сөз де , амал да ниетсіз дұрыс емес , ал осы үшеуі сүннетке негізделмесе және дұрыс емес " – деген .

Сағид ибн Жубейрден жеткен хабарда :" Аллаһ амалсыз сөзді , сөзсіз амалды қабыл етпейді . Және сөзді , амалды , ниетті сүннетке сәйкес болмайынша қабыл етпейді" – делінген ( Имам Әл-Ләликәйидін, " Әһлі сунна уал -жамағат сенімі негіздерінің шархы"- атты кітәбінен ) .
1. Бидағат – Құран мен сүннетте келмеген , адамдардың өз қалауларымен түзіп алған құлшылық түрлері .

2. Сәләф ғалымдары - деп , ілгері өткен ғалымдарды айтады .



Үшінші ереже : Амалдың үзілместен дауамды болуына көмектесетін ортақандылық .

Белгілі хадистанушы Имам Әл-Бухари өзінің мәшһур " Сахих хадистер " кітәбінде осы тақырыпқа " Амалдағы ортақандылық " - деген атаумен арнайы бөлім жазған . Сол кітапта Айша анамыздан ( Аллаһ одан разы болсын ) жеткен хадисте мына хабар бар ; Айша анамыз ( Аллаһ одан разы болсын ): " Пайғамбарға ( Ол кісіге Аллаһтын игілігі мен сәлемі болсын ) ең сүйікті амал қайсы ? " - деп сұралғанда , ол кісі : " Дайым үзілмей орындалатыны " - деген . Және: " Намазға қашан тұратын еді" - деген сұраққа , " Әтештің дауысын естіген уақытта " - деп айтқан .

Әбу Хурайрадан келген хадисте пайғамбарымыз: " Ешбіріңді істеген амалдарың құтқармайды " - деген . Сонда қасындағылар: " Сізді де ме , ей , Аллаһтың елшісі !? " - дегенде : " Иә , мені де , егер Аллаһ мені өз рахметіне алмаса . Сондықтан амалдарыңды ақиқи дәрежесінде , шариғат талабына жақындатып орындаңдар , таңда , кешке , түнде ғибадат жасаңдар . Және амалдарыңда ортақанды болыңдар . Сонымен мақсаттарыңа жетесіңдер " - деп айтқан .

Ибн Мажаһ , Абу Иағла , Ибн Хиббан - дардың келтірген бір хадисінде , ол хадисті Әл - Бусайра "хасан" ( жақсы ) хадистердің қатарына қосқан , Жабир ( Аллаһ одан разы болсын ) былай - деп , айтқан ;



" Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтын игілігі мен сәлемі болсын ) бірде жартас үстінде намаз оқып жатқан бір кісінің қасынан өтеді . Кейін Мекке шетіне барып , онда біраз уақыт болып қайта оралса , әлгі кісінің әлі сол қалпында намаз оқып жатқанын көреді . Сонда Пайғамбар ( Ол кісіге Аллаһтын игілігі мен сәлемі болсын ) адамдарды топтап , өз қолдарын біріктіріп ұстап тұрып , үш мәрте :

" Ей , адамдар ! Сендерге амалдарыңда ортақанды болу ләзім " - деді . Одан кейін :" Аллаһ сендердің амалдарыңды қабылдауды тоқтатпайды , тек өздерің одан жалығу мен шаршауға түспесеңдер " - деп айтты .

Және бір хадисте : " Расында бұл дін өте бекем , Сондықтан оған жұмсақтықпен бойлаңдар . Шамаларыңнан тысқары нәрсеге ұмтылып , ғибадатты өздеріңе жағымсыз етіп алмаңдар . Шынында жүрісті тездетем - деп , көлігін қинаған адам мақсат жеріне жетпейді , көлігінен де ажырайды " - делінген .

Имам Аш - Шатиби өзінің " Иғтисам " атты кітәбінде , жоғарыдағы хадиске қатысты болған мына сөзін келтірген :

- Адам да сол сияқты . Оның өмірі – жол , барар мәресі - өлім , мінген көлігі – нәпсісі .Сондықтан арқалаған жүгіменен бірге сол жолдан аман - есен өтіп , мақсатына жетуі үшін , адамға өз нәпсісін тек қамшылай бермей , оған жұмсақтық пен аяушылық көрсетуі де қажет .

Негізінде келтірілген хадис шектен шығып , ғибадатты нәпсіге ауыр да , жағымсыз көрсетуден қайтарады . Ал шариғат тиым еткен нәрселер жақсы істердің қатарына қосылмайды .

Имам Ат - Табари Яхия ибн Сайидадан мына сөзді жеткізген . Ол кісі :

" Ілгеріде " жас кезіңде барынша амал жаса, және амалыңды сүйген хәліңде тиісті уақыттарда тоқтата тұр (яғни, оны өзіңе қиындатып, кейін жақтырмай тастап қойма). Аз да болса әрдайым үзілместен орындалатын амал, көп болып кейін тоқтап қалатын амалдан жақсы"- деп айтылатын еді" - деген.

Хасан Басри:

- Бұл дін қияметке дейін жалғасатын дін. Расында сабырлық көрсетпеген адам ол дінді тастап қояды. Шынында ақиқат ауыр, ал адам әлсіз. Сондықтан " әр адам шамасы келетін амалдардан ұстасын, себебі ол ажалының қашан жететінін білмейді " - делінетін. Егер пенде өз нәпсісіне қатаң болып, оған шамасы келмейтін нәрселеді жүктесе, бір күні соның бәрін тастап қояды. Тіпті өзіне парыз болған амалдарды да қалдырып қоюы мүмкін. Ал егер өз нәпсісіне жеңілдік жасап оған шамасы келетін амалдарды ғана артса, онда бұл нәрсе оның көрегенділігі. Сонымен қатар өзінің нәпсісін оны тағат-ғибадаттардан махрұм ететін дұшпанынан құтқарған болады. " Жүрістің жаманы – шаршататыны "- деген сөз рас - ақ "-деген.

Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : " Өздеріңе шамаларына қарай сүйіп орындайтын амалдарды жүктеңдер"– деген. Осы хадис жайында белгілі муфассир-ғалым Әт-Табари: "Өзіңді үзбей орындайтын амалға дайында және сол амалдың жалғасты болуы үшін өзіңе оны сүйікті ет. Бұл жердегі хикмет, амалды дайым хәлде орындайтын адам әрдайым тағат-ғибадатын тоқтатпайды. Аллаһтан сол амалына сауап үміт етіп, оны жиі атқарып тұрады. Аз да болса амалын әрдайым атқарушы адам, көп амал жасап, ақырында жалығып тастап қойған адаммен тең емес. Мойнына артықша амалдарды жүктеп алып, кейін оларды тастап қойған адам, сол амалына қарсы шыққан мен тең. Шариғатта Құранды жаттап, кейін ұмытып тастап қойғандар азаппен ескертілген. Сол сияқты амалдарды тастап коюшы да жазғыруларға лайықты болады.



Төртінші ереже : Ғибадаттарда тепе-теңдікті ұстау.

Бұл ережедегі мақсат, ғибадаттың бір түріне басым көңіл бұрып, оның екінші түріне немқұрайдылық жасамау. Немесе ақырет істеріне көбірек беріліп, дүние істерін тәрк етіп қоймау. Кейбір сопылық жолын ұстағандардың ақырет - деп, дүние істерін мүлдем тастап қоятындары немесе - кейбір адамдардың нәпіл ғибадаттарды парыз ғибадаттардан артықша қойып, түндерін ұйқысыз сол ғибадаттарға арнап, кейін шаршап парыз болған ғибадат - таң намазына ұйықтап қалатыны тәрізді. Және бар уақытын бала - шағасы мен дүние істеріне жұмсап, парыз амалдардан бейғам болғандардың мысалы да осындай.



Ғибадаттарда тепе - теңдікті ұстауға негіз болатын аяттар :

«Қолынды мойныңа байлаулы қойма және оны мүлдем ашып та жіберме», ( яғни түк бермес сараң да болма, сонымен қатар қолындағының бәрін беріп қойып, қарап қалма ). (Әл-Исра:29)

« Аллаһтың бойұсынған құлдары егер напақа берсе ысырапшылық та, сарандық та жасамай, сол екеуінің арасын ұстана білген қауым ». (Әл-Фурқан:67).

Осы тақырыпта белгілі хадис танушы Әл-Бухари мен Әт–Тирмизилердің Әбу Жухайфадан ( Аллаһ одан разы болсын ) риуаят етілген Пайғамбарымыздың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) мына хадисын жеткізген:

"Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары Салман мен Абу Дарданы бір - біріне бауыр етеді. Бірде Салман Абу Дарданың үйіне зиаратқа келгенде оның әйелі Умму Дарданы жүдеу халінде көріп, " Саған не болған ? Жүдеп кеткен көрінесің ғой " - деп, сұрайды. Сонда ол кісі жауабында :"Сенің бауырың Абу Дарда бұл уақытша дүниеден ешнәрсені қажет етпейді " - деген. Кейін Абу Дарда келіп бауыры Салманға тамақ ұсынып :" Алып отыр мен ораза тұтқан едім " - дейді. Сонда Саламан :

- Сен жемегенше мен де бұл тамақты ауыз тимеймін, - дейді. Ол сөзден соң Абу Дарда бауырымен қосылып тамақ жейді. Түн орнаған сәтте Абу Дарда Раббысы үшін артықша нәпіл намаз оқу үшін орнынан тұрады. Салман оған :"Үйықта" дейді. Жатады. Кейін біраз уақыттан соң қайта тұрып ғибадатына кіріспекші болғанда, тағы да "Ұйықта " - дейді. Жатады. Тан намазының уақыты жақындай бастаған сәтте Салман оған :" Ал енді тұр "- дейді.Сөйтіп,екеуі де,таһажжуд намазына тұрады. Одан соң Салман оған :

- Расында сенде нәпсіңнің хақысы бар, Раббыңның хақысы бар, қонағыңның хақысы бар, және шынында әйеліңнің хақысы бар. Әрқайсысына өзінің хақысын бер "- дейді. Ол екеуі Пайғамбардың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) алдына келген уақыттарында осы жайында хабарлайды. Сонда Пайғамбар( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ):"Салман тура айтқан екен "- деді.

Абдуллаһ Ибн Масғуд ( Аллаһ одан разы болсын ) "Сіз неге нәпіл оразаларды аз тұтасыз?" - деп сұралған. Ол кісі :" Ол нәрсе (яғни,нәпіл оразалар) мені Құран оқуымнан әурелеп қояды. Ал Құран оқу менің сүйікті ісім "- деген.

Сол сияқты Имам Мәлікке: " Түнді түгелімен ғибадатпен өткізу туралы не дейсіз?" - дегенде, ол кісі ондай істі жақтырмайтынын білдірген. Және сөзінде :" Ол адам таң намазына шаршап тұрады. Аллаһтың елшісінде көптеген көркем үлгілер бар. Ісінде сол кісіге ұқсауға тырыссын " - деген, кейін: " Сол ғибадаты таң намазына зарарын тигізбесе оқасы жоқ " - деп айтты.

Сөзді түйіндей келгенде, Әһлі сунна уал жамағат жолын ұстанушылар әрбір істе тепе - теңдікті ұстаған орта қауым. Олар Аллаһтың сипаттарына байланысты ұстанымда Әһлі-Тағтил1 мен Әһлі-Тамсил2 ағымдары сияқты оңға-солға ауытқымағандар. Аллаһтың істеріне байланысты нанымда Жабария 3 мен Қадария 4 қауымдарындай шектен шығып немесе түсіп кетпей орта жолды ұстағандар. Шариғатта келген уәде мен ескертулер үкімінде Уағидия 5 мен Муржия 6 топтарына ұқсап асыра сілтемей, тепе - тендікте болғандар. Олар тек дін істерінде ғана емес, дүние істерінде де орта жолды ұстағандар.

Аллаһтың діні – шектен шыққандар мен ол дінге немқұрайдылқ жасағандарда болмайды. Аллаһтың діні – орта жолды, ақиқаттан ауытқымаған, әр істе тепе - теңдікті ұстай білгендерде болады.

Имам Аш-Шатиби : " Шариғат адамға жүктейтін міндеттеріне қарай екі тараптың ең асыл ортасын алып жатқан жол. Ол жол адамнан тепе - теңдік пен ортақандылықты талап ете отырып, өз ішіне пендені машақатқа немесе немқұрайдылық пен жалқаулыққа түсірмейтін істерді қамтиды " – деген. ( "Ал- Муафақат" , 2\163 – 168).


Аллаһпен байланыста болудың маңызды жайлары.
Бірінші : Жүрекке тиісі болған істер.

1 – Құдіретті Аллаһтан қорқу. Аллаһ жанатты жүрегінде Раббысынан қорқыныш ұялатқандарға уәде еткен.



«Раббысының алдында тұратын күннен қорыққан пенде үшін екі жаннат беріледі»(Рахан:46).

Раббысының алдында тұратын күннен қорыққан адам, Оны есіне алса істеп жатқан күнәсін тастайды. Ал күнәға бет ала бастаған болса райынан қайтады. Жүректегі Аллаһтан болған қауіп адамды дүние зейнеттерінің арбауынан қорғап тұрады. Уаһб ибн Мунаббиһ : "Аллаһтан қорқумен тең келетін бір - де бір ғибадат жоқ " - деген. Абу Сулайман Дарани:"Дүние мен ақыреттегі жақсылықтардың бәрі Аллаһтан қорқуда. Аллаһтан қорқудан бос болған жүрек өлген жүрек " - деп қорытқан. Және Фудайл ( Аллаһ рахметіне бөлесін ) : " Дені сау адамның Раббысынан қауып етуі үміт етүінен абзалырақ, ал ауру адамның үміт етуі басымырақ болуы қажет " - деп айтқан. Абдуллаһ Ибн Мубарак : "Рабыссынан дайым қорқушы мен Аллаһ жолында соғысқан екі кісі жайында сұралғанда :" Мен үшін Құдайдан қорқушырақ болғаны сүйіктірек " - деп, жауап берген.

Ибраһим Әт-Тейми сөзі : "Раббысының азабына душар болудан уайымдамайтын адамға тозаққа кіріптар болудан қорқу керек. Себебі Аллаһ жаннаттықтардың мына сөзді айтатының хабарлаған :



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет