Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет6/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
11 
хабарландырылмапты. Бұл жолғы шақырылғандар кілең Әбілқайырдың өзіне дос 
адамдары және Жәнібек пен Керей ғана екен. 
Хандардың аңға шығуы ежелден бір үлкен мереке. Жұрттың жақсы ат, қыран 
құс, салтанатты қару-жарақ, ер-тұрмандарын көрсететіні осы жер. Ердің ерлігі, 
ептілігі, мергендігі де байқалатын осы жер... Жайшылықта мардамсып жүретін өр 
көңіл батырсымақтардың күтпеген жерден, қамыс арасынан өзіне қарсы атыл- 
ған ірбіз, барыс, арыстандардан үрейі ұшып кетіп, қолындағы алдаспанын 
көтеруге де жарамай, жайрап қалатыны да осы ара. Той-думан, жарыста жамбыны 
бір атқаннан жарқ еткізіп жерге түсіретін мергендердің, аяқ астынан зу етіп тұра 
қашқан қыр қоянынан сасып қалып, қолындағы садақ жебесін құла жон- 
ға жіберіп күлкі болатыны да осы ара... Бұрынды-соңды жұрт көзіне түспеген жас 
жігіттің, қанжардай қос азу тісін жалақтатып, қылшық жалын тікірейтіп, тайшадай 
қара доңыз қарсы ұмтылғанда, үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ 
маңдайдан қарыс сүйем кіргізіп, омақата құлатып, атаққа ілінетіні де, тағы сол 
саят базарында. 
Жәнібек Керей сұлтанмен іштей жер танысып, ақылдасып алғаннан кейін, 
ханмен бірге аңға шықпақ болды. «Тағдырдың жазғанын көріп алармын, — деді 
ол, — егер ажалың келсе, алтын сандық ішінде тығылып жатсаң да табады. Ал 
ажалың жоқ болса, жаңбырдай жауған оқтан да адам тірі қалады». Керей де бұны 
мақұлдады, тек «сақ болайық және қасымызға сенімді жігіттерді көбірек ертелік, 
— деді ол, — егер біз аңға шықпай қалсақ, Әбілқайыр хан ойын сезгенімізді 
бірден ұғады. Ондай жағдайда тастай түйініп алған хан, шешінген судан тайынбас 
дегендей, ойлаған мақсатына жету үшін басқа шара қолданады. Ажал қашан да 
болса ерте, егер дәміміз сол күні бітер болса, оған да тәуекел!» 
Жәнібек енді аңға шығуға қамдана бастады. Сұлтанның жалғанда жақсы көрері 
жүйрік ат, қыран құс. Ол Дәшті Қыпшақтағы атақты құсбегінің бірі болатын. Ақ 
Ордасының жанында бүркіт, қаршыға, лашын, тұйғын, ителгілерге арнап тігілген 
қараша үйлері іргелес тұратын. Өзге құсбегідей бүркітті ол балапан күнінен емес, 
әбден қанды балақ болған кезінде торға түсіретін. Сосын үйрететін. Далада өскен 
қыран алғыр келеді дейтін. Тағы бүркіт көпке дейін көндікпейтін, сөйтсе де әбден 
жыртқыш құсты баулуға машық болған сұлтан еркіне қоймайтын. Кереге қанат 
қыранға томаға кигізіп, алтыбақанда әткеншек тепкізіп, ат үстіндегі қимылға 
үйрететін. Содан кейін суға салып, ақ жем ғып ет беретін. Алғашқы кезде көндіге 
алмаса да, ашыққан қыран бірте-бірте бұл ақ жемге де үйренетін. Осылай бірте-
бірте асау бүркіт жуасып, иесіне мойынсұна бастайтын. Содан кейін барып, 
бүркіттің томағасын алып, қызыл жегізеді. Қанды көз жыртқыш қызыл етті 
көргенде, жанын қоярға жер таба алмай асығады. Ием қашан жем береді деп 
шыдамсыздана күтеді. Қыранын мұндай жағдайға жеткізген Жәнібек енді құсын 
қолға қондырып, атқа мініп, ұшырып байқайтын. Алыстап бара жатса кейін 
шақырады. Иесінің даусына әбден үйренген құс, жаны сүйер қызылға қарайлап 
қайта оралады. Осылай түз қыранын бірте-бірте сыннан өткізіп қолға мейлінше 
үйретіп болғаннан кейін, бір күні оны алып шығып, қызыл түлкіге салатын. Қыран 
құс тұтқында боп, қанша қолға үйренсе де, кенет өзінің ата салтына бағып сол 
баяғы тағы қалпына тез көшетін. Көктен шүйіле түсіп қызыл түлкіні іледі. Ыстық 
етке тұмсығы тиіп дәніккен бүркіт, ием тағы түлкіге салса екен деп шабыттана 
түседі. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
12 
Жәнібектің осылай үйреткен бірнеше кереге қанат, ақ иық қыраны болушы еді. 
Бірақ қыс бойы аңға салған бүркіттерін ол жаз шыға түлетуге кіріскен. Күз таяп 
келе жатқан соң, кеше ғана ақ жем беріп, қырандарын баптай бастаған. Бүркіт 
салуға ерте болған соң, Жәнібек бұ жолы бүкіл Дәшті Қыпшаққа аты шыққан 
Сомбалақ атты қаршығасын алып шығуды жөн көрді. Хан шақыруынан қатты 
сезіктенген Жәнібек, бешпетінің ішінен қорасан болатынан жұқа етіп тоқыған 
шағын сауыт киді. Алдаспанын қамсыз қайрап, садақ жебесіне жаңадан сұңқардың 
қауырсынын қадады. 
Ханның аңға аттанатын күні жеткенде адыр басына керней-зурнайшылары 
шығып, бүкіл даланы басына көтере, барылдата тартып, аңшыларға «жиналыңдар» 
деп белгі берді. Оқшау төбелі мидай дала. Ат құлағы мен бұйра қымыздығы 
аралас біткен жасыл шалғын. Әлжуаз сабақтары толығып ылдидағы қызғалдақ, 
сарғалдақтар көк майсадан жоғары көтеріліп, өрекпіп жеткен... Тұс-тұстан төбе 
басына сұлтан, әмір, бектер ағыла бастады. Кенет хан ордасы жағынан бір топ 
адам көрінді. Өзгеден сәл үздіктеу келе жатқан, жал-құйрығын түйіп тастаған 
күрең қасқа жүйрік ат мінген, үстінде аң аулауға деп арнап тіккен шолақ сауыт, 
зерлі күміс дулығасы бар Әбілқайыр ханның өзі. Соңынан ергендері үзеңгілес 
батыр нөкерлері. Кілең жеңіл сауыт, ықшам киім киген. Аттарының бәрі жал-
құйрығын түйіп тастаған, ауыздығымен алысқан жүйріктер. Үстеріндегі 
сауыттары, асынған қару-жарақтары күнмен шағылысқан осынау топтың ішінен 
үш-төрт әйел көзге түседі. Әсіресе, ортада келе жатқан, бүкіл Дәшті Қыпшақ 
жеріне әйгілі, «Ортеке» деп ат қойылған күлсары сәйгүлік мінген жас әйел 
таңғажайып салтанатымен анадайдан-ақ көздің жауын алады. Астындағы сайгүлік 
жүйрігінің ат-әбзелі, жүген-құйысқаны, өмілдірігі — бәрі сары алтынмен 
апталған. Әйелдің үстінде алтын жіппен зерлеген сарғылт, дүрия қысқа шапан
басында сүйір ұшты құндыз бөрік. Шалбарының етегі де алтын оқамен әдіптелген. 
Кеудесіндегі гауһар таспен безелген алқасы көзді шағылыстырып күн сәулесімен 
ойнайды. Алыстан-ақ бұл әйел қалың көкпек арасындағы сарғалдақтай, көзді 
тартады. Өзі де мейлінше сұлу, жаңа туған ай секілді жіңішке қасын сүрмелеп 
тастаған. Ұзын шаштарын жиырма-отыз сала етіп, ұп-ұсақ етіп өрген. Бір өзінің 
түр-келбеті бүкіл әлемге сән бергендей осынау салтанатты әйелді көрген адам «бұ 
жалғанда мұндай жан жаратылмас» деп ойларлық. Бұл — Әбілқайыр ханның 
төртінші әйелі, атақты ғалым — Самарқант ханы Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-
Сұлтан-Бегім сұлу еді. Бұлар төбеге жеткен кезде солтүстіктегі ақ ордалардан тағы 
бір топ салт атты көрінді. Алдарында қос қара көк жүйрік мінген Жәнібек пен 
Керей. Екеуі де аңға шыққандарын әдейі аңғартқандай иықтарына қаршыға 
қондырған. Ерлеріне атпа найза ілген. Киімдері де ықшамды. Құндыз жағалы, 
қысқа лұқпан шапан, бастарында қазақы қимаш бөрік, сырттарынан қимылымызға 
жеңіл болсын деп кереге көз торлы сауыт киген. Ерлерінің басына ешкі терісінен 
жасаған дабыл іліп алған. Бұл топтың арасында да үш-төрт әйел. Бұл әйелдердің 
ішінен біреуі ерекше көзге түседі. Бұл Жәнібек сұлтанның екінші әйелі. Алтын 
хан еліндегі монғолдармен аралас отырған көшпелі Керей руының қызы Жаған 
бикем. Бұның астында аты шулы «Киік-аяқ» атанған ақбоз жүйрік, Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің ер-тоқымындай ат-әбзелін алтын жаппаған, жүген-құйысқаны, ат 
кеудесіне түсіре салған өмілдірігіне дейін бәрі қақтаған ақ күміс... Рабиу-Сұлтан-
Бегімдей ерекше салтанатымен емес, Жаған өз келбетімен, жасынан ат құлағында 
ойнап өскен көшпелі елдің қызы екенін көрсетіп тұрған ерекше отырысымен, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет