Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
74
— Уа, жарқыным, Әбілқайырға ердің — жол бермедің, ұлымды өлтірдің — құн
бермедің. Бар жынымызды қоссақ біздің де бір Қобыландылық бақсылығымыз
бар. Ел қамын ойлап келіп отырмыз. Келін-кепшігіне өкпелеген қариядай,
теріс
айналып, тоңқайып жатып алғаның не қылғаның? Тұр, сөйлеселік! — деген
даусын көтеріп.
Арғын бидің өктем сөйлеуінен, бұл келгендер, ел аузындағы өзімен үзеңгілес
батырлар екенін біліп, Қобыланды басын көтеріп, сәлем беріп, түрегеліп отырған.
Сырттағы жалшыларына қонақтарға арнап ту бие сойдырған Торғынай
бәйбішесі үйге кіріп, бес тайдың терісінен тіккен сабаны қара піспекпен
күрпілдете пісіп, тегенедей-тегенедей ағаш аяқтарға қымыз құя бастаған.
Ұзақ жүріп шөлдеп қалған Арғын сапты аяқты орталай бір сіміріп алған да,
сөзіне кіріскен.
— Күнбатысында Еділді, күншығысында Орхон, Ертісті, солтүстігінде Тобыл,
Есілді, оңтүстігінде сонау Қытай Шым қабырғасына дейін жалпақ даланы ежелден
ен жайлаған ел едік. Көне заманнан тіліміз де, ойымыз да, шаруашылығымыз,
салтымыз да бір еді. Қыпшақ,
Алшын батысымды, Найман, Керей шығысымды,
Үйсін, Дулат, Қоңырат оңтүстігімді қорғап келдің. Атам заманнан орталары¦да
мен бар едім. Сендерден күші асып, жер ортама жау жеткенде, аянып қалған кезім
жоқ. Қандай өкпең бар, ағайын? Ерлігім кімнен кем еді? Долданған теңізге желкен
қайық не істей алады, хұнуға да қарсы шаптым, Қытайға да қарсы шықтым, бірақ
күшім жетпеді. Ағайын деп Керей, Найман, Қоңырат жеріне ығыстым. Қоныс
берді бұл ағайын. Арғын деп өзеніне ат қойдым. Соққан құйындай боп жерімді,
елімді талап хұну өтті батысқа. Ата қонысыма қайта келдім. Қайтадан Арғынаты
тауына қазық қақтым. Жауласар еліммен шекаралас Қыпшақ, Керей, Найман,
Алшын, Үйсін, Дулат, Жалайыр, сендер болдыңдар.
Ортаңда көз оймақтай мен
қалдым. Сонау бір арғы заманда хан көтеріп ел болмасақ та, көшкен жерімізді
жаудан сақтадыңдар, құрымадық. Ал бүгін не болғалы тұрмыз? Ойладың ба
осыны, ағайын, өзара? Ойламасаң ойлайық, — Қобыланды сөйлемек боп тамағын
қырынып ыңғайлана беріп еді, Арғын би оны тоқтатып тастады. —
Шаңырақ
өзіңдікі, кезегің келер, айтарсың. Алдыменен ағайынның сөзін ұғып ал. Сөйле
Қарақожа батыр! — деді жолы үлкен болмағанмен осы отырғандардың жасы
үлкені Керей Қарақожа батырға сөз тастап.
— Дұрыс айтты Арғын би, — деді, ел арасында «бес құлаш» деп аталатын
еңгезердей,
қошқыл өңді Қарақожа батыр, — анадан ер болып жалғыз Қыпшақ
туған жоқ, батырлыққа, ерлікке бәріміз де ортақпыз. Ежелден біздің қонысымыз
Орхон, Онон өзендерінің бойы мен қарт Алтай, Тарбағатай таулары екені бәріңе
аян. Арғы аталарымыз кәпір дінінде болыпты деседі. О заманда қазақ қандай дін
ұстағанын кім білген. Мүмкін кәпір де болған шығар. Бірақ Керей Керей болғалы,
Ертіске көшіп қонғалы Үйсін, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман, Уақ сендермен бір
шығысып келеді бұл Керей. Рас, ерте кезде монғол елімен де біз дос болғанбыз.
Қыз алысып, қыз беріскенбіз. Бірақ Темучин Шыңғысхан аталысымен-ақ, өзімен
көршілес Керейдің ел болып отырғанын көргісі келмеді. Татар қауымынан кейін,
ауызды бізге салды. Қылышынан қан тамған Шыңғысханмен он жыл айқастық.
Керейдің ардагерлері Марғыз Бұйрық хан, Қожатұр хан, Уан хан — бәрі Шыңғыс
қолынан қаза тапты. Осыншама біз не үшін алыстық, неге ардақты ұлдарымызды
құрбан етіп қан-жоса болдық? Көк Орданың ханы Әбілқайырдың құлы болуға ма?