Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет57/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
112 
шауып, бүкіл денесін кескілеп өлтірді. Өздері де енді хан қарамағынан шығып 
жан-жаққа тарап кетті. Дулат руынан шыққан әмір Мір Кәрімберді Моғолстан мен 
Ферғана, Андижан шекарасына бекініс салып, маңындағы Мауреннахр 
диқандарын шабуға кірісті. Қоншы руынан шыққан Мір Хақберді бек Ыссықкөл 
жағасындағы Қой Сойды деген аралға бекініс тұрғызып, жүздеген қарақшы 
жігіттерімен Түркістан мен Сайрамды тонауға аттанды. Моғолдың Шорас пен 
Барын руларының әмірлері түбі бір елден шыққандары есіне түсіп, Уайс хан мен 
әкесі Исан-Тайшы сан айқасқан ойраттардың қонтайшысы Амансанджи жағына 
ауып кетті. Қалушы, Бұлғашы руларының әмірлері Әбілқайыр қарамағына, Дәшті 
Қыпшаққа көшті. Ал, моғолдардың ең негізгі көп руы Қоңшының бек, әмірлері еш 
жаққа кетпегенмен де Моғолстанның кең даласында бүліншілік ұйымдастырумен 
болды. Темір наиптың өлімінен шошып қалған Исан-Бұғының өзі де Алмалықтан 
қашты. Бірақ бұны бір кезде Исан-Бұғының әкесі Уайс ханның күшімен Қашқарды 
қолына алған Сейтәлі әмір Іле өзенінің жағасындағы Аққұйын деген жерден тауып 
алып, Ақсу қаласына әкеп хан етті. Осы бүлінуден бастап Моғолстан бір ханға 
бағынудан қалды. Толып жатқан әмірлер, бектер, хакімдер бір тайпы мемлекетті 
быт-шыт қып бөліп алды. Тек ел шетіне жау келсе ғана бас қосатын күйге жетті. 
Исан-Бұғы Ақсуда әбден орнығып алғаннан кейін, көп қол жинап хаджири 
есебі бойынша сегіз жүз елу бесінші, жаңа есеппен бір мың төрт жүз елу бірінші
жылы Ташкент, Яссы, Сайрам шаһарларын шапты. Аямай тонап, қайтадан Ақсуға 
қайтты. Алдыңғы жылы екінші рет Исан-Бұғы тағы Мауреннахр жеріне аттанды. 
Бірақ бұ жолы жауды өз жерінде күтіп алған әбусейіт жеңістік бермеді. Исан-Бұғы 
әскерін бетпе-бет келіп, ұрыста тойтарып, Талас өзенінің бойындағы Тараз-Жаңғы 
қаласына дейін қуып салды. Исан-Бұғы дәл осы жолы астанасын қайтадан 
Алмалыққа көшірді. Ондағысы Қытай мен Жоңғар қаупінен мединесі алыстау 
болсын дегені еді. Сөйтіп жүргенінде қауіп енді кенет оңтүстік өкпе тұсынан 
туды. Сырт естуіне қарағанда, Мір Кәрімберді, Мір Хақберді әмірлер Жұныс 
сұлтанға барып қосылған тәрізді. Бұ да Исан-Бұғының қобалжуын күшейте түсті. 
Өз жағында табжылмай жиені — Мір Сейтәлі мен Мір Мұхамед-Шейх әмірлер 
ғана қалды. Қысқасын айтқанда, Исан-Бұғы енді өз үйінде өрт шыққанын анық 
ұқты. Бұл қиындықтан құтылатын қандай жол бар? Мединесін қайтадан Ақсуға 
көшіру керек пе? Одан не табады? Алмалыққа жетер Жұныс пен әбусейіт мырза 
Ақсуға жете алмай ма? әрине жете алады. Бірақ Ақсуда Мір Мұхамед-Шейх пен 
ар жағындағы Қашқардағы жиені Мір Сейтәлі әмірлер бар емес пе, Исан-Бұғының 
басына шын қауіп туса, бұлардың үндемей қалмайтыны кімге болса да аян. Содан 
сескеніп Жұныс атының басын кейін тартар? О да мүмкін. Бірақ бір әкеден туса 
да, бір анадан тумаған, өзі Жұныспен қан майданда бетпе-бет бір кездеспей, күні 
бұрын қашқаны қалай болады? Жұныс осы Моғолстаннан кеткелі жиырма 
жылдың ішінде Исан-Бұғыға қарсы екі рет қол жиып майданға шыққан. Бірақ 
екеуінде де жеңіліп кейін шегінген. Бұл жолы да сөйтер? әй, оған сену қиын. Бұ 
жолы күш Жұныс жағында. Жұныс жағында емей немене, оны жақтап Дәшті 
Қыпшақтың айбынды ханы Әбілқайырдың туған күйеу баласы, Жұнысқа ең 
жақын бел құда болып Ақсақ Темірдің алтын тағындағы әбусейіт отыр. Жоқ, 
іштей іри бастаған Моғолстан оған дәл қазір қарсы тұра алмайды. Сонда не істеу 
керек? әлде торғауыттың қонтайшысы Амансанджидың өзінен жәрдем сұраса ма 
екен? 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
113 
Исан-Бұғы екі қолын артына ұстап гүлі төгілген, түгі екі елі жібек фарсының 
қырмызы қызыл кілемін көк шалғынды басқандай аяғымен жайпай аттап, ерсілі-
қарсылы жүре бастады. Оның қалмақ қонтайшысынан жәрдем сұрасам қайтер еді 
деген үмітінің де сыры бар еді. 
Жағатайдың бесінші буыны, Мұхамедтің шөбересі Уайс сұлтан ер жеткен 
кезде, Моғолстан тағында әкесі Мірәлі оғыланның інісі Мір Мұхамед отыр- 
ған-ды. 
Мір Мұхамед хан мен Уайс сұлтанның арасы өте нашар болды. Уайс сұлтан өзі 
секілді кілең от жүрек жігіттерді жинап алып, Моғолстанның шетінде, 
Қашқарияда біраз уақыт аламандық құрып жүрді де, Түркістанға келген. Бұл кезде 
Түркістанның хакімі Ақсақ Темірдің атақты серігінің бірі Қыпшақтан шыққан 
Сар-Бұғы әмірдің баласы, Шайх-Нұридин болатын. Ол Мір Мұхамед ханмен өте 
араз еді. Шайх-Нұридин әмір Уайс сұлтанды құшағын жайып қарсы алды. Өзінің 
қызы Дәулет-Сұлтан-Сақынажды қосты. Одан Уайстың тұңғышы Жұныс сұлтан 
туды. Шайх-Нұридин әмір Уайсқа әскери жәрдем беріп, сан мәртебелі Мір 
Мұхамед ханға қарсы салды. Бірақ қандай айқас болса да күші мол Мір Мұхамед 
жеңе берді. Тек осы хан өз ажалынан өлгеннен кейін барып, Уайс бір мың төрт 
жүз жиырма бесінші жылы ғана Моғолстан тағына отырды. Бірақ оның хандық 
өмірі өте аз болды. Моғолстан тағын бар болғаны үш-ақ жыл биледі. Қашқар ханы 
Қарахан ұрпағы Сатуқ-Бограның қолынан майданда қаза тапты. Бірақ осы аз 
өмірінде Уайс хан көп іс істеді. Ең алдымен ол мұсылман дініндегі елдермен 
жауласуды тоқтатты. Бар күшін Қытай мен Ойрат қонтайшыларымен күреске 
жұмсады. Осы кездегі Ойрат қонтайшысы Исан-Тайшымен майданда сан мәртебе 
кездесті. Қытай богдаханынан үнемі әскери жәрдем алып отырған Исан-Тайшы 
оған жеңгізбеді. Бір-екі рет тұтқын да етті. Бірақ Шыңғысханның ұрпағы деп 
босатып жібере берді. Уайс сұлтан ең ақырғы мәртебе Тұрфан қаласының 
жанындағы ұрыста тағы Исан-Тайшаның қолына түсті. Бұл жолы торғауыт 
әміршісі оны текке босатқысы келмеді. «Егер қарындасың Мақтұм ханымды маған 
әйелдікке берсең босатам» деді. Амал жоқ, Мақтұм ханымды Исан-Тайшыға 
беруге тура келді. Одан ойраттың осы күнгі қонтайшысы Амансандж туды. 
Қасқырдың бөлтірігі өсе келе енесіне шабады. Амансандж Исан-Тайшы секілді 
көкжалдан туған арлан бөрі еді. Ол шешесінің ақ сүтінен әкесінің алтын тағын 
артық көрді. Сол тақты күшейту жолында «Моғолстанды нағашы жұртым» демеді. 
Кере қарыс аузын қазақ руларының қанына толтыра ұрттады. Көршілес Найман, 
Керей ауылдарына маза беруді қойды. Тек бұл руларды ойраттың қисық 
қылышынан қазақтың қара сойылы мен қайыспас ерлігі, табан тіреп қарсы тұрар 
қайсарлығы ғана құтқарып жүрді. 
Исан-Бұғының Амансанджидан жәрдем сұрасам қайтеді дегені — сасқан 
ханның «түбі жиенім ғой» деген құр далбасасы еді. Бірақ сасқан ханға жәрдем 
басқа жақтан келді. 
Хан осылай ерсілі-қарсылы қалың ойда жүргенінде үйге бас найыбы Үйсін 
Қастек кірді. 
— Ұлы мәртебелі тақсыр хан, хан кеңесі тегіс жиналды. 
— Мір Сейтәлі әмір де келді ме? 
— Иә, тақсыр хан, кеше оған ат шаптырылған. 
— Мір Мұхамед хан ше? 
— О да. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет