Алмасай ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер!



жүктеу 136.38 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі136.38 Kb.
Алмасай ауылдық округі әкімінің

2014 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті жерлестер!
2013 жылдың тамыз айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша республиканың барлық аймақтарында ауылдық округтер және кент әкімдерінің сайлаулары өткізілді. Округ тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, ауылшаруашылығы кешенін, элеуметтік сфераларын, инфраструктураны дамыту, жұмыссыздық деңгейін барынша азайту, жергілікті басқару жүйесі мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету мақсатында «2013-2017 жылға арналған Алмасай ауылдық округі даму бағдарламасы» әзірленіп, іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында ең алдымен, еліміздің әр сала бойынша инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар, шикізат өндіру, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, аймақтардың өзара байланысуы, шағын және орта бизнесті өрістету, жаңа инвестициялар тарту, индустриялық-инновациялық жобаларды жаңғырту бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыру қажеттігіне тоқталып, нақты жолдарын ұсынды.

 Алмасай ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабында белгіленген құзырлығындағы міндеттер негізінде атқарады.

Құқықтық жағынан ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының керекті заңнамалармен, басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар, жұмыс регламенті, жылдық және айлық жоспарларымен, ауылдық округі әкімінің Ережесі бойынша өз жұмысын жүргізеді.



2015 жыл айтулы оқиғаларға толы. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Конституция 20 жылдығы, Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы, Абай Кунанбаевтың 170 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы. Келген жыл өткен жылдан да жемісті жыл болады деп үміттенеміз. Жаңа жылда әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін жұмыла көп жұмыстар атқарып, сіздерді алда тұрған міндеттерді іскерлікпен шешуге шақырамыз.

2014 жылы округ тұрғындармен кездесу барысында күнделікті тұрмыс-тіршіліктер бойынша ұсыныстар мен сұрақтар келіп түскен. Б. Өтепов, Алмасай ауылдарындағы медициналық пунктін жөндеу, Алмасай ауылындағы канализация жүйесін, мәдениет үйін іске қосу. Бұл сұрақтар бақылауға алынып, мүмкіндігінше шешімін табуда. Алмасай ауылындағы канализация жүйесі аудандық әділет басқармасында иесіз мүлік ретінде есепке қойылды. Мәдениет үй коммуналдық меншікке алынды, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама қажет.




Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округте екі елді мекен бар. Жалпы тұрғындар саны -1472 адам.

Б. Өтепов ауылы бойынша – 440, Алмасай ауылы бойынша- 1032 адам.

Округ бойынша 319 аула бар, оның ішінде Алмасай ауылында- 220 аула, Б. Өтепов ауылында – 99 аула.

Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 28 989 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 18 910,3 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 2 754,7 га, жайлымдар –13 936 га, шабындық жерлер- 5083,0 га. Округ аумағында 91 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтарында жұмыс атқаратындардың саны- 114 адам. Жер құнарлығының бал бонитеті төмен /24/ және суармалы жерлер аз болғандықтан, шаруа қожалықтары негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Елбасы Жолдауындағы шағын және орта бизнесті дамытуды жүзеге асыру бойынша ауылдық округте «Парасат» ш/қ басшысы Ділмұрат Жұмаш 6 млн. теңге құрайтын мал бордақылау аланың салды. Бордақылау алаңы 50 бас ірі қараға, 50 бас ұсақ малға арналған. Жеке кәсіпкер Молдаханов Алтынбек 100 бас мал бордақылау алаңы және мал сою цехын салуда. Асыл тұқымды мал сатып алу арқылы малдың өсім беру сапасы көтеріледі. Өткен жылы ш/қ «Бари» басшы Бариев Дамир 105 бас асыл тұқымды тайынша сатып алды. «Дархан» ш/қ басшы Бариев Болат 76 бас асыл тұқымды қой сатып алды. Округ бойынша мал тұқымын асылдандыру, малдың тұқымдық сапасын жақсартуға үкімет тарапынан 2012-2013 жылдарға барлығы 12 580 000 теңге субсидия берілді.



Округ бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына 2762 бас ірі қара, оның ішінде сиырлар – 1149 бас, ұсақ малдар – 5790 бас, жылқылар – 904 бас, түйелер-61 бас, құс-2840 бас. Өндірілген өнім- ет- 5406 ц., сүт-32444 ц., жұмыртқа-140 мың дана, жұн-135 ц.

Атауы

Өлшем бірлігі

2013 ж барлығы

2014 ж барлығы

Бас көлемінде айырмашылық

%

ІҚМ

бас

2567

2762

195

107,5

Соның ішінде сиыр

бас

1126

1149

23

102

ҰҚМ

бас

4940

5790

850

117,2

Жылқы

бас

896

904

8

100,8

түйе

бас

73

61

-12

83,6

құс

бас

1240

2840

1600

229,0


Өнім:

Атауы

Өлшем бірлігі

2013 ж барлығы

2014 ж барлығы

айырма-шылық

%

ет

центнер

5393

5406

13

100,2

сүт

центнер

32 444

32 444

0

100

жұмыртқа

дана

133 мың

140 мың

7 мың

105,2

жүн

центнер

128

135

7

105,5

қымыз

центнер

182

190

8

104,3

Алмасай ауылында ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеуде. Ол жұмыспен ветеринарлық фельдшер Қажықан Кенжебек айналысады. 2012 жылы 13 бас сиыр қолдан ұрықтандылып, 13 бас бұзау туды. 2013 жылы 14 бас сиыр қолдан ұрықтандырылып, 14 бас бұзау туды. 2014 жылы 11 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды (алатау тұқымы).

Округте 1 ветеринарлық пункт бар. Онда 1 ветеринарлық врач,1 ветеринарлық фельдшер және 2 ветсанитар халыққа қызмет көрсетеді. Олар ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру, егу жұмыстарын, құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп отыр.

2014 жылы 13 мусымда округ әкімінің шешімімен Алмасай ауылында ірі қара малдың арасынан сарып ауыруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленген. Маусым- желтоқсан айларының аралағында респбубликалық эпизотияға қарсы отряд ірі қара малдан 7 рет қан алып, оң нәтиже берген 175 бас ірі қара мал «Ұлан» ЖШС тапсырылды. Қора-жайларға залалыздандыру жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы 45 қаңғыған ит жойылды. Жаңадан мал қорымы салынды. Мал сою алаңы салу туралы «Ұлан» шаруа қожалығының басшысы Сағатов Мейрағазымен меморандум жасалып, жер учаскесі бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы егістік алқабы 2116,3 га құрады,оның ішінде картоп- 23 га, көконіс- 15,9 га, көпжылдық шөптер- 2077,4 га. «Самат» ш/қ басшысы Акенева Жанат 11 га суармалы жерге көкөніс салды, соның ішінде қырыққабат- 5 га, түрлі түсті қырыққабат -0,5 га, қияр- 1,5 га, қызылша- 1,5 га, сәбіз- 1,5 га, қызанақ- 1 га. Шыққан өнімдерімен округтегі елді мекен, аудан, Өскемен қаласының тұрғындарын қамтамасыз етті. Суармалы жерді игергені үшін 1 232 347 теңге субсидия берілді.

Округте ауыл шаруашылықты дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында шаруа қожалық басшыларымен бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп . 2015 жылға «Алтын асық» мемлекеттік бағдарлама арқылы шаруа қожалық басшылары Ахмадиев Жомарт (асыл тұқымды қошқарлар сатып алу), «Сыбаға» бағдарламасы Бариев Болатбек (сауынды сиыр алу), Туражанов Мейрамғазы (ірі қара мал алу), Каныкен Амантай (ірі қара мал алу), Үміт Қиса (ірі қара мал алу), Мырзабиев Адильбек (ірі қара мал алу), «Құлан» бағдарламасы Сагатов Солтанғазы (жылқы сатып алу), «Ырыс» бағдарламасы арқылы Канапьянов Кайрат (ауыл шаруашылық техникасын сатып алу), Сагатов Мейрамғазы (мал сою цехы, бордақылау алаңының құрылысы) несие алуға ниет білдіріп, өтініштерін жазды.




Бюджет
«Алмасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаты 6 бірліктен тұрады. Қаржыландыру көзі – аудандық бюджет. 2014 жылы әкімшілік – 9 млн 533 мың.теңге қаржыландырылды. Бұл шығыстар бабына әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, қызметтік көлікті пайдалану және жөндеу жұмыстары, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, кеңсе тауарларын алу енгізілген. Округ аумағындағы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін 160,0 мың теңге бөлінген. Аталған қаржы қоқыс төгетін орынды жинауға жұмсалды. Ауылдарды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 160,0 мың теңге бөлінген. Жолдарды күтіп ұстауға – 200,0 тыс теңге. Оған Алмасай ауылына, 17 км. елді мекеніне кіреберіс жолдары қардан тазартылды. Бөлінген қаржы 100 пайызға игерілді.

Ағымдағы жылға жоспар бойынша: мүлік салығы – 29 472 теңге, жер салығы – 89 248 теңге есептелінген, аталған сомалар толығымен бюджетке аударылды.



Әлеуметтік қорғау

Тұрғындардың белсенді экономикалық саны 880 адам, өзін-өзі қамтитын- 222 адам ,оқушылар – 202 адам, мектеп жасына дейінгілер- 99 адам, зейнеткерлер-124 адам, 2, 3 топтағы мүгедектер -41 адам, студент- 68 адам, әскер қатарында- 5 адам, жұмыссыз есебінде тұрғандар 5 адам, тыл еңбеккерлерінің саны – 21 адам, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 21 адам, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 15 адам.

Оралмандар отбасылар барлығы -29. ҚХР- 20 отбасы, МХР- 9 отбасы, әйлдер-66, еркек-61, жоғары білімді-6, арнаулы орта-3, жұмыс істейтіндер- 29, жеке негізде-36, зейнеткер- 7 студент- 4 , оқушы- 25 , мектеп жасына дейінгі- 9.

2014 жылы 38 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 3 адам қайта даярлау курстарында «газбендәнекерлеуші», «іс жүргізуші», «тігінші» мамандықтары бойынша оқып шықты, әлеуметтік жұмыс орында жұмыс атқаруға 3 адам тартылды.

Мемлекеттік атаулы көмек 1 отбасына, балаларға арналған жәрдемақы 22 отбасына тағайындалды. Жалғызбасты зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына берілетін тұрғын үй жәрдемақысы 1 отбасына берілді.

Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 7 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек – жарақпен қамтамасыз ету, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер ауылдық медициналық пунктімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді.




Медициналық қызмет

Округте Алмасай және Баяш Өтепов ауылдарында 2- медициналық пунктер орналасқан, штатта 3 орта білімі бар медбике жұмыс істейді. Жыл көлемінде медициналық көмек 1091 тұрғынға көрсетілген, оның 349 ауырған адамға үйінде көмек көрсетілген. Округ тұрғыны ауруларының алдын алу мақсатында ұлттық скрининг бағдарламасы бойынша қаралып, жылжымалы флюрография көлікпен тексерілді. 2014 жылғы 1 қаңтардан округте туған балалар саны - 15 , қайтыс болғандар - 10 адам. Нәрестелер өлімі тіркелген жоқ.



Білім саласы

Алмасай ауылдық округі аумағында 2 білім беру мекемесі жұмыс істеп тұр. 2013-2014 оқу жылдары Алмасай ауылындағы Абай орта мектебін жалпы саны - 141 оқушы, соның ішінде мектепке дейінгі топта– 25 бала. Бірыңғай ұлттық тестке - 11 оқушының 7-еуі қатысты, орта балдары бойынша 67,2 пайыз. Жыл сайын жазғы демалыс уақытында төменгі сынып оқушылары арасынан аз қамтылған отбасынан шыққан және денсаулығымен дәрігерлік есепте тұрған оқушылар мектеп жанындағы мектеп жанындағы, «Болашақ» аудандық жазғы лагерлерде демалады. Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балалары тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Абай орта мектебінде 24 мұғалім жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда физика пәнінің мұғалімі қажет.

17 км. елді мекенінен мектепке дейін 12 оқушы тасымалданады. Мектептің автобусы күніне 3 рейс жасайды. Орта мектепте 7 компьютер және 16 ноутбукпен жабдықталған 1 мультимедиялық, 1 физика кабинеті бар. Үш компьютер интернет желісіне қосылған. Компьютерлік сынып жоқ.

Жыл сайын жазғы демалыс уақытында оқушылар мектеп жанындағы учаскеде көкөніс өсірумен айналысып, жазғы лагерлерде демалды. Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балалары тегін (55) ыстық тамақпен қамтылып, аптасына екі рет барлық оқушылаға сүт және күнделікті бал беріледі.

Орта мектепте волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, тоғыз құмалақтан спорттық секция жұмыс атқарады. Қатысатындардың саны 58 оқушы.

Б. Өтепов ауылындағы Амангелді негізгі мектебін жалпы саны - 61 оқушы. соның ішінде мектепке дейінгі топта – 19 бала. Бастауыш сыныптың оқушылары және аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, барлығы- 37 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. 5 компьютермен жабдықталған информатика кабинеті бар, 2 компьютер интернет желісіне қосылған. Амангелді негізгі мектебінде 16 жоғары және арнаулы орта білімдері бар мұғалімдер жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қажет.

Мектепте сыныптан тыс футболдан, волейболдан, тоғыз- құмалақтан, дойбыдан, үстел теннисінен, қол күрестен спорттық ұйірмелер жұргізіледі. Барлығы қатысатын оқушылар саны- _34_. Округтегі мектептердің құрама қомандалары аудан, облыс жарыстарында футболдан, баскетболдан, волейболдан, армреслингтен жүлделі орындарға ие болған.

Абай орта мектебінің қыздар волейбол командасы аудандық, облыстық жарыстарға барып аудан бойынша бірінші орынға, облыс бойынша 1,2 жүлделі орындарға ие болды. Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшелігіне кірді.

Округте мектеп жанындағы 2 шағын орталық жұмыс істейді. Алмасай ауылындағы шағын орталыққа 40 бала (сыйымдылығы-50 ), Б. Өтепов ауылындағы шағын орталыққа 10 бала барып жұр. Бала бақшаға кезекте тұрған ауыл тұрғындары жоқ. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында округке 3 жас маман жұмысқа орналасты.




Кәсіпкерлік
Округте 7 дүкен, 2 мектеп жанындағы асхана, түрлі қызмет көрсету нысандары жұмыс атқаруда. 2014 жылы Алмасай ауылында жеке кәсіпкер Ахметова Зинура өз қаражатынан аралас сауда дүкенін ашты. Муликов Саяттың нан және нан өнімдерін шығаратын наубайханасы жұмыс істеп тұр, күніне 500-ден 600-ге бөлке нан шығарады, бір бөлке нанның бағасы 2015 жылғы 1 қаңтарынан 60 теңге. Кәсіпкер сонымен қатар Қасым Қайсенов кенті, 17 км елді мекені және Айыртау ауылдарына да нан тасымалдайды. Нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында наубайхана иесімен меморандум жасалды. Күнделікті әкімшіліктің маманы негізгі тауарларға бағаның тұрақты болуына мониторинг жүргізеді және ауданның кәсіпкерлік бөлімін ақпараттандырады. Ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатымен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрғындарға несиелер берілуде. 2014 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 12 отбасыға 27 млн. 700 мың теңгеге несие берілді. Несиелер мал шаруашылығын дамыту, күс өсіру, көкөніс және жеміс өндеу цехін, дүкен ашу, такси қызметі жобаларға берілді. Соның ішінде орындалған жобалар - ЖК Ахметова Зинура -такси қызметін көрсету- 2 млн. теңге, Айтмуханбетова Клара 3 млн. теңге- кондитер цехын ашу, Муслиманов Жасулан 2 млн. теңге тауық фермасын салып, 600 бас тауық алды, Қабдыбақ Айдынгуль- 2 млн. 200 мың теңге- 11 бас ірі қара сатып алды, Сыдыканова Бикеш 1 млн. 200 мың теңге- 6 бас ірі қара, Тусупбаев Турар 1 млн. 600 мың теңге- 4 бас ірі қара, 2 бас жылқы сатып алды, Муликов Мурат 3 млн. теңге- 10 бас жылқы сатып алды, Байзакова Бакыт 2 млн. 200 мың теңге -10 бас ірі қара сатып алды, Кабидуллинова Назигуль 3 млн. теңге -12 бас ірі қара сатып алды, Махмутов Турсынкан 1 млн. 500 мың теңге -10 бас ірі қара сатып алды, Журтыбаев Муратбек, Журтыбаева Халида 6 млн. тенге – наубайхана ашу.

Біріккен үлттар ұйымының қолдауымен Абай орта мектебінің ауласына көлемі 168 кв.м жылай салынуда. Көктемде іске қосылуы жоспарлануда.


Инфраструктура

Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтылған. Байланыс абонент саны Алмасай ауылында-175, Б. Өтепов ауылында 79.

Алмасай ауылды «Молодежный коммуналдық мемлекеттік мекеме ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Ауыз су бағасы кісі басы 390 теңге (1куб. Метр ауыз судың бағасы-328 теңге 94 тиын). Б. Өтепов ауылының тұрғындары ауыз суды өз құдықтарынан алады.

2014 жылы округтегі елді мекен көшелерін жарықтандыруға 301,0 мың теңге бөлінді. Алмасай ауылының көшелеріне-24 жарық шам, Абай орта мектебінің ауласына 9 жарық шамы, хоккей корабшасына 4 жарық шам орнатылды. 2015 жыға қөше жарықтандыруға 1 млн. 436 5000 теңге қаражат бөлінді.



Құқықтық қорғау

Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарады. Учаскелік полиция инспекторы қызметтік пәтермен қамтылған.

Учаскелік полиция жаныңда 2011 жылы қыркүйек айынан бастап қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.

Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 33 адам тұр. Оның ішінде бұрын сотталғандар –_2_адам, шартты түрде сотталғандар – _2 адам, созылмалы алкоголизммен ауыратын – 28 адам, есепте тұрған жасөспірімдер -1.

2014 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 98 хаттама толтырылды, 30 сотқа жіберілді. Оның ішінде: отбасылық – тұрмыстық аясында құқыққа қарсы іс - әрекеттер жасағандары үшін – __5 адам, бұзақылық жасағандары үшін –__18_ адам, түнгі уақытта тыныштық сақтау ережесін бұзған үшін – _3__ адам, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін – _10_ адам, шылым шегуге тиім салынған жерде шылым шеккені үшін- 1 адам, паспорттық режимін бұзғаны үшін – _20 адам, санитарлық ережелерін бұзғаны үшін -21 адам. Алкоголь өнімдерін шектен тыс пайдаланатын _1 адам мәжбірлеу тәртібімен емделуге жіберілді.

2014 жылы тұрғындардың арыз өтініштерін және құқықбұзушылық пен оқиғаларды тіркеу кітабында _22 факті, оның ішінде –_10_ қылмыстық іс қозғалып _4_ ашылды.



Тұрғындардың өтініштерін қарау

2014 жылы округ әкімінің атына 15 тұрғыннан және 2 заңды тұлғадан жазбаша өтініштер келіп түсті. Өтініштер негізінде тұрғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер қаралып, жауаптары уақытымен қайтарылды.



2015 жылы округтегі ауылдық округ көлемінде шешімін таппай жатқан мәселелер:

  • Алмасай ауылындағы мәдениет үйін қалпына келтіру,

  • Алмасай ауылындағы медпункт ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу,

  • Б. Өтепов ауылындағы медпункт ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу,



Әкім Н. Дутбаев


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет