Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


Заңды тұлғалардың жеке статутын анықтаудың негізгі доктриналары



бет34/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141
annotation9411

Заңды тұлғалардың жеке статутын анықтаудың негізгі доктриналары

Әр түрлі елдердің ұлттық құқықтық нормалары қандай заңды тұлғаның осы мемлекетке қатысты екенін анықтау мазмұнында сәйкес келмейді, осылайша олардың заңнамасы, доктринасы және сот тәжірибесі заңды тұлғаны ұлттық деп санауға мүмкіндік беретін, құқықтық тәртіпті табу мәселесін әр түрлі шешеді. Осыған қарамастан, заң шығарушы немесе соттың белгіленген құрылымды өзінің немесе шетелдің құқықтық тәртібімен, заңды тұлғаны құқық субъектісі ретінде саралауда, басшылыққа алатын бірнеше қағидалар дайындалған. Олардың қатарына бекіту немесе тіркеу орны, заңды тұлғаның бас органдарының орналасу жері, қызмет ету орталығы қағидалары жатады. Одан басқа кейбір жағдайларда, сотпен нақты іс қаралғанда заңды тұлғаның бірнеше белгілерге бірдей иелену кезінде және олардың бірден бірі шешуші болмаған жағдайда, «бақылау теориясы» қолданылады. Бұл критерийлер доктринамен дайындалғаннан кейін оларға қатысты теорияларды да ажыратуға белгіленген.


В.П. Звековтың көрсетуі бойынша, заңды тұлғаның заңын анықтаудың келесі теориялары бар:бекіту жері бойынша, әкімшілік орталықтың орналасу жері бойынша, қызмет ету жері бойынша.3
Инкорпорация теориясы. Заңды тұлғаның жеке статутын анықтаудың бұл белгісі англо-саксондық жүйесі бар елдерге тән: яғни Сингапур, Филиппины, Батыс Самоа, Багам, Норманд, Виргин аралдары т.б. Сонымен бірге континентальдық құқық жүйесіне жататын елдер де, өздерінің заң және сот тәжірибесінде аталған белгіні белсенді қолданады. Мысалы, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Нидерланды, Қытай, Чехия, Словакия заңды тұлғаның заңын анықтауда, инкорпорация белгісіне қайта сілтеу жасайды. Тек қана соңғы онжылдықта, бұл белгі белгіленген мемлекеттердің нормативтік материалдарында заңды көрініс тапқан.
Теорияның және сол инкорпорация критериясының негізгі мазмұны- компания (АҚШ-қа қатысты корпорация) бекітілген елдің құқықтық тәртібіне қатысты болады. Басқаша айтқанда, қазақстандық заңнамамен құрылған және соның ұйғарымы негізінде өмір сүретін компания және т.б. Бұл теорияның белгілі бір нұсқалары бар.
Осылайша, (скандинав елдерінде) компания тіркелген елдің заңына бағынады.
Шетелдік заңды тұлғаның жеке статуты болып табылатын құқықтық тәртіпті табу мақсатында Венгрияның 1979 жылғы халықаралық жеке құқық туралы заңында коллизиялық ережелердің иерархиясы бекітілген: «Заңды тұлғаның жеке заңы болып заңды тұлға тіркелген ел болады. Егер заңды тұлға бірнеше елдің заңдарына сәйкес тіркелсе, немесе жарғыда көрсетілген тіркеуді қажет етпейтін әкімшілік орталықтың орналасқан жер заңы бойынша болса, онда ол оның жеке заңы болады. Егер заңды тұлғаның жарғыға сәйкес орналасқан жері болмаса, немесе бірнеше орналасқан жерлері болса және ол ешбір мемлекеттің заңына сәйкес тіркелмесе, онда оның жеке заңы болып, заңды тұлғаның орталық әкімшілігінің қызмет ету орны болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет