Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§2 Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты және орны



бет53/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141
annotation9411

§2 Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты және орны

Сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды ерекшеліктері бір жүйеге, субъектілік құрылымы әр түрлі қатынастар болып табылады. Оған әр түрлі әдістер мен құқықтық құралдар қолданылады. Осыған қатысты қатынастардың екі деңгейі ажыратылады: біріншіден, мемлекет және халықаралық құқықтың басқа субъектілері арасындағы қатынастар (мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы қатынастар) олар универсалды, аймақтық және жергілікті сипатта болады; екіншіден, әр түрлі мемлекетт ердің жеке тұлғалары мен заңдытұлғалары арасындағы қатынастар (бұларға диагональды деп аталатын мемлекет және шетел жеке және заңды тұлғалар арасындағы қатынастар да жатады).


Біріншілері – халықаралық (жария) құқық нормаларымен реттеледі, екіншілері – әр мемлекеттердің ұлттық құқығымен және халықаралық жеке құқығымен реттеледі. Бірақ халықаралық құқықтың нормалары мемлекеттер арасындағы сыртқы экономикалық қатынастарды реттей отырып жеке құқықтық қатынастарға да үлкен ықпал етуде.
Осыдан сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтың реттеудің бірінші ажыратушы белгісі шығады, ол бір жүйеге жатпайтын құқықтық нормалардың тығыз әрекет етуі, яғни халықаралық құқықтың және ұлттық құқықтың нормаларының бірлесіп әрекет етуі болып табылады.
Сыртқы экономикалық мәмәлелерді құқықтық реттеудің екінші ажыратушы ерекшелігі ұлттық құқыққа жататын әр түрлі құқықтық салалар нормаларын өзара әрекет етуі болып табылады. Анықтаушы құқықтық қызметін конституциялық құқық атқарады. Конституциялық құқықтан басқа, сыртқы экономикалық қызметте реттеуде жария құқықтың басқа да салалары елеулі роль атқарады: әкімшілік құқық (соның ішіндегі кеден құқығы), қаржылық құқық (оның сала тармақтарына жататын салық, валюталық құқықтары). Жария құқықтың әр түрлі салаларының нормаларының сыртқы экономикалық мәміле тараптарының арасындағы қатынастарды тікелей реттемейді, бірақ жария құқық нормаларының жеке құқықтық салдары сөзсіз: сыртқы экономикалық мәміленің міндеттемелерінің жүзеге асырғанда тараптар жария құқық нормаларын міндетті түрде басшылыққа алуы керек. Жария құқықтың нормаларын сақтамау (бұзу) жеке құқықтық мәміленің жүзеге асырылуына кедергі болады.
Сыртқы экономикалық мәмілелердің басты реттеушісі азаматтық құқық болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша сыртқы экономикалық мәміле әр түрлі мемлекеттердің азаматтық құқығымен байланысты. Осыдан халықаралық жеке құқықтың ерекше рөлі байқалады. Әлемдік қауымдастықтың халықаралық сауда құқығын унификациялауда елеулі жетістіктерге жеткенніне қарамастан, сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша қатынастарды реттеудің коллизиялық әдісі, сонымен қатар ұлттық коллизиялық нормалар көмегімен реттеу өзінің ұстанымын (позициясын) сақтауда.
Сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеудің үшінші ерекшелігі, кеңінен тараған мемлекеттен тыс реттеудің нысандары болып табылады. Осындай реттеудің басты нысаны «контракт шарттары» болып табылады: мәмілені бекіткенде, тараптар өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу еркіндігіне ие. Алайда бұл еркіндік шексіз емес. Ол біріншіден, жария құқық нормаларымен шектеледі, екіншіден, азаматтық құқықтың жалпы диспозитивтігімен (заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі), үшіншіден, азаматтық құқықтың императивтік нормаларымен. Мемлекеттен тыс реттеуде үлкен орынды халықаралық сауданың әдеттері алады. Мемлекеттен тыс реттеу нысандарына сот және арбитраж (төрелік) тәжірибиесін жатқызуға болады. Ол қолданылатын құқықтың нормаларын (халықаралық және ұлттық) және халықаралық сауда әдеттерінің мазмұнын түсінуге және талқылауға көмектеседі.
Сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу күрделі жүйе болып табылатын, өзінің табиғаты бойынша әртүрлі, бірақ өзара байланысты және өзара қызмет ететін элементтерден тұрады: халықаралық жария құқықтың нормаларынан, ұлттық құқық нормаларынан, одан бұрын халықаралық жеке құқықтың нормаларымен және мемлекеттен тыс реттеу нормаларынан тұрады.
Халықаралық құқық экономикалық аяда мемелекеттер арасындағы қатынастарды реттей отырып, сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеуге де өз ықпалын тигізеді. Халықаралық құқықтың сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу екі бағытта жүргізіледі:

  1. Халықаралық экономикалық байланыстардың, олрадың құқықтың режимін жүзеге асыру негіздерін бекітеді.

  2. Сыртқы экономикалық мәмілелерді материалдық-құқықтық және коллизиялық нормаларды унификациялау жолымен біріңғай құқықтық реттеуді жасау.

Бірінші бағытқа сауда шарттарын жатқызуға болады. Олар екі тараптың қатысуымен (екіжақты) жасалады (олардың атаулары әр түрлі болуы мүмкін: достық, сауда, теңізбен жүзу туралы шарт, сауда және экономикалық ынтмақтастық туралы шарт және басқалар). Олар шартқа отырған мемлекеттер үшін тек қана саудада емес, сонымен қатар басқа, кез келген экономикалық қатынастар үшін жалпы құқықтық негізді бекітеді. Олардың сауда шарттары деп аталуы тарихқа байланысты, себебі бірнеше ғасыр бойы сауда қатынастары мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстардың бірден-бірі болды. Соңғы уақытта сауда шарттарын дамыту үшін немесе олардың орнына сауда, ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдерді бекітеді. Бұл шарттар сыртқы экономикалық мәмілеге қатысушылары үшін маңызды сұрақтарды шешеді: келісімге отырған әр мемлекеттің тарапынан сауда немесе экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға құқық берілген субъектілерді анықтайды; теңізбен жүзу саудасы саласында, транзит, тауарларды тасымалдау, тауараларды әкелу және әкету тәртібін белгілеу үшін, кедендік қатынастар үшін бір-біріне құқықтық режим белгілейді (негізінде, ең қолайлы режимді); бір тараптың заңды және жеке тулғаларының екінші тараптың аумағындағы қызметіне құқықытық режим белгілейді; сауда және басқа экономикалық қатынастардан шығатын жалпы есеп тәртібән бекітеді (кейбір уақытта мемлекеттер есеп-ақша қатынастары туралы арнайы екі жақты шарттарды бекітеді).
Қазақстан тауар айналым немесе төлем мен тауар айналым туралы үкімет аралық келісімдерді бекітеді, онда тарап арасында тауардың түрі, тауар айналымының құрам бөліктері бөліктері бекітіледі. Олардың сауда шарттарынан айырмашылығы – олар қысқа мерзімдерге жасалады (6-12 айға), ал ұзақ мерзімдерге жасалғанда жыл сайын толықтырушы протоколдар қабылданады. Бұл келісімдер мемлекеттерді келісілген қалыптарды орындауға міндеттейді, яғни келісілген тауар түрі шегінде кедергісіз лицензияны беру және тауарларды әкелу және әкету үшін басқа жағдайлар жасау.
Өзінің мазмұны бойынша тауар айналым туралы келісімдерге тауарлық келісімдер жақын келеді, олар көп жақты шарттар болып табылады. Халықаралық нарыққа қатысушы мемлекет үшін белгілі бір тауарларды сатып алу-сатуға квотаны белгілеу арқылы мемлекеттер бағаның тез ауысуын тоқтатуды көздейді. Ондай келісімдер мұнай, каучук, бидай, какао, кофе, қант және басқалар жөнінде бар. Мемлекеттер белгілеген квота шегінен тыс тауарлардың әкелуін және әкетуін болдырмауға міндеттенеді.
Қарастырылған халықаралық шарттар қатысушы мемлекеттер арасында өзара қарым-қатынастарды реттейді. Бірақ шарттарда орын алған қалыптардың сыртқы экономикалық мәміле тараптары үшін құқықтық салдары бар, егер тараптар қатысушы мемлекеттің құзыретіне тәуелді болса.
Мәміленің халықаралық шарттармен өзара байланысына қарамастан мәміленің өзінің заңи ерекшеліктері бар. Бұл мынаны білдіреді:

  1. Тараптар мәмілеге отырған тиісті халықаралық шарттардың қалыптарын басшылыққа алуға міндетті.

  2. Мәміле жасалған кейін тараптардың құқықтары мен міндеттері мәміленің өзімен анықталады.

  3. Егер мәміле жасалғаннан кейін мемлекеттер халықаралық шарттардың мазмұнына өзгертулер еңгізсе, онда ол тараптар тиісті өзгерісті мәмілеге еңгізгеннен кейін ғана азаматтық-құқықтық міндеттемелерді түзеді.

Сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеудегі халықаралық құқықтың екінші бағыты әр түрлі мемлкеттердің режимдерін жасау, орларды құқықтық реттеудің біраңғайлығы байқалады. Бұл тиісті коллизиялық құқықтың нормаларын және азаматтық құқықтың нормаларын унификациялау әдісімен жүзеге асырылады, яғни халықаралық сауда құқығын унификациялау. Бұнда атап кететін бір жайт ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалар үшін маңызды халықаралық шарттар болып Қазақстан Республикасы қатысатын шарттар табылады. Бұл біріншіден Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы 1980 ж. Конвенция, халықаралық лизинг туралы Оттава концвенциясы 1988 ж. және шаруашылық дауларды шешу туралы, 1992 ж. тауарлардың жалпы жеткізілім шарттары туралы ТМД келісімдері және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет