Тіркеме қағаздың түпнұсқасы – жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және жүкпен, оның келуі туралы ескерту қағазымен алушыға беріледі.
Жол тізімі - жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және сол жолда қалады.
Тiркеме қағаздың дубликаты – тасымалдау шартын бекіткеннен кейін жіберушіге беріледі.
Жүкті беру парағы - жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және келісілген жолда қалады.
Келуі туралы ескерту парағы - жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және жүк пен оның тіркеме қағазының түпнұсқасымен бірге алушыға беріледі.
Тасымалдау төлемдерін төлеу реті. Тасымалдау ақысы.
СМГС бойынша тасымалдау ақысы келесідей жүзеге асырылады:
Жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелтiлгенге дейiн төлейдi. Бұл орайда жүк тасымалдау ақысы жүк тасымалы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа есептеп алынады және беруге байланысты түпкiлiктi есеп айырысуды жүк алушы жүк жеткiзiлген кезде жүргiзедi. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың тасымалдар үшiн берешегi болған, сондай-ақ олар төлемдердi дер кезiнде жасамаған жағдайда, бұдан кейiн тасымалдаушы борыш өтелгенге дейiн тасымалдау шартын жасасудан бас тарта алады. 4. Кiнәлi тарап (жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор) тасымалдаушыға вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақыны бүкiл кiдiрiс уақытына қоса төлейдi. Жүк тасымалына ақы - жүктi тасымалдауға қабылдаған күнi, ал жүк жеткізілген кезде есеп айырысқан ретте жүк берiлген күнi төленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |