Lex loci laboris тек ұзақ мерзімде жұмыс істейтін жұмысшыларға қолданылады.
Басқа мемлекетке іс сапармен жіберілген жұмысшыға мекеме орналасқан мемлекет, яғни іссапарға жіберуші, заңының қағидасы қолданылады. Ол дегеніміз lex loci deligationis.
Келесі байлам lex flagi. Су немесе кеме көліктерінде жұмыс жасаушы жұмысшының еңбек қатынастары көлік құралы тіркелген мемлекеттің заңымен реттеледі.
Италия, Франция және т.б. елдердің теңіз көлігінде ту заңы, Албанияда әуе және су көліктері тіркелген елдің заңы қолданса, Венгрияда теміржол мен автомобиль көліктеріне тасымалдаушының заңы қолданылады. Сондай-ақ кейбір мемлекеттерде бірлескен тұрғылықты орнын қолдану түрі байқалуда.
Жұмыс берушінің жеке заңы – lex personalis, lex societatis. АҚШ және Англия заңнамаларына сәйкес, жалдау шартын жасасқан мемлекеттің заңы, еңбек қатынастарын реттейтін шарт осы мемлекеттерде жасалса, жергілікті құқық қолданылады.
Жұмысшының еңбек құқығы, әрекет қабілеттілігінің жеке заңы бойынша анықталады. Мысалы: Англия мен АҚШ заңнамасында шетел азаматы өз заңы бойынша әрекет қабілеттілігі жоқ болса да, ол шарт жасасқан жердің заңы бойынша әрекетке қабілетті деп танылса, онда lex loci contractus қолданылады.
Жақын құқықты, lex causae, қолданудың негізгі максаты: біріншіден lex voluntatis асыра пайдаланушылыққа жол бермеу; екіншіден келісімшарты таныс емес құқыққа бағындырудан сақтау.
Федосееваның оқулығы бойынша Венгрлік құқық астарынан келесідей қосымша коллизиялық байламдар қалыптасқан:
Тағайындаушы органның немесе сайлаушы ұжымының жеке заңы
Жұмыс берушіңің жеке заңы, егер де ол бірнеше мемлекеттерде жұмыс атқарса;
Венгірлік заң, егер венгірлік еңбек етушілердің іссапар барысымен шет елге шығу кезінде;
Тасымалдаушының жеке заңы халықаралық тасымал шеңберінде пайда болған еңбек қатынастарын реттейді.
Алайда, нақты бір мемлекеттің құқығы коллизиялық нормаларды жекелей дифференцияласа да, олар еңбек жағдайларының әр алуандығымен еңбек қатынастарының барлық элементтерін қамти алмайды. Дегенмен де, Қазақстан құқығында халықаралық жеке еңбек қатынастарына қатысты қоллизиялық нормалардың жүйесін дайындағанда, осы саладағы шетел тәжірбиесін пайдалануымыз қажет. Соңғы жылдарда, әр түрлі мемлекеттердің заң шығарушы органдары нормативтік актілерде еңбек аясында заң қақтығыстары жағдайларының орын алуын көрсетеді. Дания, Венгрия, Испания, Австрия мемлекеттерінің халықаралық жеке құқық туралы немесе азаматтық кодекстердің сәйкес тарауларында арнайы тарауларында арнайы еңбек коллизиялық нормалары бар.
Қазіргі ҚР заңнамасында және бұрынғы Одақ мемлекеттерінде халықаралық еңбек қатынастарына байланысты коллизиялық нормалар бекітілмеген. ҚР “Еңбек туралы Кодесінде” (15.05.2007 ж.); АК ерекше бөлімінде енбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалар жоқ.
Ескерте кететін жайт, АК бабында, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Бұл байланымды заң ұқсастығы реттінде жеке тұлғаның еңбекке әрекет қабілеттілігін анықтағанда қолданады. Сондай-ақ, нормативтік актілерде әр түрлі коллизиялық байламдар бар. Мысалы: “Шетел инвестицтялары туралы” ҚР заңында (27.12.94 ж. –күші жойылған) келесі екі коллизиялық байланым қарастырылған: негізігі – lex voluntatis және субсидарлы – lex loci laboris.
ҚР аумағында орналасқан құрылтайшылары немесе меншік иелері толығынан немесе ішінара шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР Еңбек туралы заңдары қолданылады. Демек, бұл заң lex loci laboris-ті заңды түрде бекітіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |