Есеп шығару
1. Өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу 200 В, ал тізбектегі ток күші 5 А болса, сым арқылы 3 минутта қанша жылу бөлініп шығады?
Шешуі: Q = IUt = 5 A * 200 B *180 cek = 180 кДж
2. Амперметр 8 А көрсетіп тұрса, R1= 3 Ом; R2= 6 Ом; R3=2 Ом, жалпы кернеу неге тең болады?
Ш ешуі:
3.Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар.
t=10мин=600 c
q=300Кл I=
I= =0.5A
4. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А-ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең?
5.Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде ,ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
21-22 - сабақ
Электр тізбегі және оның құрама бөліктері.
Мақсаты: Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданып, кернеудің физикалық мағынасын,оның өлшем бірлігін түсіндіреді.
Кернеу – токты тудыратын, электр өрісін сипаттайтын физикалық шама.
1 Кл заряд орын ауыстыру үшін электр өрісінің атқаратын жұмысын анықтайды.
Кернеудің өлшем бірлігі– 1 вольт (В). «Кернеу» мағынасын қалай түсінуге болады?
Электр тогы өзендегі және құламадағы судың ағысына ұқсас, яғни жоғары деңгейден төменгі деңгейге судың ағысына ұқсас. q заряды судың массасына сәйкес келеді, ал кернеу – деңгейлер айырмасына, өзендегі судың күші. Судың жұмысы оның массасынан және құлау биіктігінен тәуелді болады. Неғүрлым судың деңгейлер айырмасының көп болса, соғұрлым су көп жұмыс жасайды. Ток күшінің жұмысы өткізгіштегі электр зарядынан және кернеуден тәуелді болады. Тізбек бөлігінде кернеу көп болса, ток күшінің жұмысы да көп болады. Егер тізбекте кернеу болмаса, онда ток күші де жоқ. (өзендегі су ағысы жоқ сияқты)
Достарыңызбен бөлісу: |