Деңгейлік тапсырмалар.
«А » деңгей
1.Ток көзінен, электр шамынан, кілттен, амперметрден, вольтметрден құралатын электр тізбегінің сызбасын кескіндеңдер.
2.Екі электр тізбегіне қосылған бірдей екі шамның бірі көмескі, екіншісі жарық. Олардың қайсысында ток күші көп?
«В» деңгей
1.25 Кл заряд өткенде , ток күші 25 кА электрлік разряд қанша уақытқа созылады?
минутта 90 Кл электр өтетін өткізгіштегі ток күшін табыңдар.
3.12 В кернеу түсіп тұрған құралдан 5 Кл заряд өткен кезде істелетін жұмысты есептеп табыңдар.
« С» деңгей
1.Тізбектің екі бөлігінің әрқайсысысында бірдей заряд орын ауыстырғанда 20 және 80 Дж жұмыс жасалған. Олардың қай бөліктерінің арасындағы кернеу жоғары және қанша есе?
2. Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар.
3. Тізбекке қосылған құралдың обмоткасы арқылы 5 мА ток жүріп тұр. Құралдан 1 сағатта қандай электр мөлшері өтеді?
Өзіндіктерінен шығаруға арналған есептер
№1.Тізбектің бір учаскесі арқылы 10Кл электр өрісі өткен кезде 10Дж жұмыс істейді. Тізбектің осы учаскедегі кернеуін анықта.
№2.Электр шамының қылсымынан 5 мин сайын 540Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?
№3.Тізбектің біручаскесіарқылы 1Кл электр өрісі өткенде сол учаскеде 5Дж жұмыс істеледі. Осы учаскедегі кернеу қандай?.
23-24 - сабақ
Электр тоғы жұмысы мен қуаты
Мақсаты: Жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолданады.
Электр тогыныӊ жұмысы қанша электр энергиясы (электр өрісініӊ энергиясы) басқа түрдегі энергияға айналғандығын көрсетеді. Мысалы, металл өткізгіштіӊ қызуы, шамныӊ жануы т.б. Бұл жағдайларда электр энергиясы басқа түрдегі энергияға (ішкі энергия) айналады.
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
А- электр тогыныӊ жұмысы (Дж); I- тізбектегі ток күші (А)
U- тізбек ұштарындағы кернеу (В); t- уақыт (с).
Достарыңызбен бөлісу: |