1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
в
|
б
|
д
|
а
|
д
|
а
|
д
|
б
|
в
|
б
|
25 - сабақ
№ 2 зертханалық жұмыс.
«Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»
Мақсаты:
– эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтайды;
– кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтайды;
1) Ауызша сұрақтар
1.Тұрақты токтың жұмысы неге тәуелді?
2.Токтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңыз.
3.Тәжірибеде қандай қуат бірліктері қолданылады?
4.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады?
2) Есеп шығару үлгісі
Үтікті күнделікті 20 мин уақыт қолданады. 30 күндегі токтың атқарған жұмысын есептеңіз және құнын анықтаңыз. Тариф 1кВт*сағ =19.67тг
t = 20 мин=1/3 сағ х 30 күн. = 10 сағ. А = 0,6 кВт х 10 сағ. = 6 кВтсағ
Құны = А * тариф=6 кВт*сағ*19,67=118.02 тг
3) «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»
1.Жұмыстың орындалу барысы:
Ток көзінен, шамнан, амперметрден, кілттен тұратын тізбекті тізбектей жалғаңыздар және вольтметрді шамға параллель жалғаңыздар, тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңіздер;
Вольтметрдің және амперметрдің көрсетуін жазыңыздар;
Тізбекті ажыратыңыздар да, қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңіздер;
Тізбектің сұлбасын салыңыздар;
Электр тогының қуатын Р=UхI формуласы бойынша есептеңіздер;
А=UxIxt формуласы бойынша электр тогының жұмысын есептеңіздер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.
Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге енгізіңіздер.
2.Электр тізбегінің сұлбасын салыңыздар. Содан кейін сұлба бойынша тізбек құрастырыңыздар.
3.Кестені толтырыңыздар:
P=U*I=3*0.2=0.6W
A=P*t=0.6*60=36Дж
Өткізгіш
|
I, A
|
U, В
|
Р, Вт
|
t, с
|
А, Дж
|
Шам
|
0,2
|
3
|
0,6
|
60
|
36
|
4.Қорытынды жазыңыздар.
Алынған қуаттың мәні шамда көрсетілген қуаттың мәнімен сәйкес келеді.
5.Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар қосымша практикалық жұмыс орындайды.
Екі бірдей төменвольтті шамды тізбектей және параллель жалғаңыздар. Екі жағдайдағы шамдардың тұтынатын қуатын есептеңіздер (Р1 және Р2) және екі жағдайда шамдардың тұтынатын қуаты әр түрлі шыққанын түсіндіріңіздер.
1 жағдай
1 жағдай- екі бірдей төмен вольтті шамды тізбектей жалғап, қуатты өлшейді.
Р1 = U1 х І1
2 жағдай
2 жағдай -екі бірдей төмен вольтті шамды параллель жалғап, қуатты өлшейді.
Р2 = U2 х І2
Қорытынды жазыңыздар(Қуаттардың әр түрлі болуын түсіндіреді.)
Шамдарды паралель жалғағанда қуат көбірек болады, тізбектей жалғаудағы қуатқа қарағанда. (Р2> Р1), өйткені параллель жалғаған кезде тізбектің кедергісі азаяды (R2< R1), ал Ом заңы бойынша тізбек бөлігіндегі ток күші артады (І2> І1)
Үйге тапсырма:
Тәжірибелік тапсырма. Кестені толтыру. Үйлеріңдегі электр құралдарының кестедегі шамалардың мәндерін анықтау.
Шамалар
|
Құралдар
|
Электр шамы
1 тәуліктегі
|
Шаңсорғыш
1 сағаттағы
|
Тоңазытқыш
1 сағаттағы
|
Қуат, Вт
|
50
|
1000
|
400
|
Кернеу, В
|
220
|
220
|
220
|
Ток күші, А
|
0,22
|
4,54
|
1,81
|
Құралдағы токтың жұмысы, кВт*сағ
|
1,2
|
1
|
0,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |