5 –7- сабақ
Физиканың негізгі бөлімі-механика
Мақсаты: Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларымен танысып, механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын түрлендіріп,
формулаларды қолданып, есептер шығарады және практикалық тапсырмалар орындай алады;
Сыныптағы сен отырған парта есіктен 3 м жерде тұр. Ал мұғалім мен сенің аралығың 2 м. Мұғалім орнынан тұрып тақтаның алдына барды. Енді оның сеннен ұзақтығы 2,5 м. Демек, мұғалімнің сыныпта отырған орны белгілі бір уақыттан кейін өзгереді. Бұл айтылған қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады.
Автомобиль доңғалағының бірлігі В жерге қатысты түзу сызықты, ал протекторындағы А нүктесі доңғалақ білігіне қатысты қисық сызықты қозғалыста болады.
Қозғалыстағы денені әрқашан сурет арқылы бейнелеу қолайсыз.
Осыған орай траекторияның ұзындығы дененің өлшемдерінен
өте үлкен болған жағдайларда денені материалдық нүкте деп
қарауға тиіспіз. Мысал үшін Ташкенттен Бұхараға қарай ұшып бара
жатқан ұшақты материалдық нүкте деп алуымызға болады. Бірақ көпірден
өтіп бара жатқан пойызды материалдық нүкте деп қарау мүлдем қисынсыз.
Материалдық деп аталуының себебі сол, дененің өлшемдері есепке
алынбағанымен, оның массасы, жылдамдығы және басқа да физикалық
шамалары сол күйінде, өзгеріссіз қалады
Механикалық қозғалыс тақырыбы бойынша тапсырмалар.
№1. Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қай траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына, лифттің қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің қозғалысына сәйкес келеді?
№2. Гүл арасы бал жинау кезіндегі өз қозғалысын А гүлінен бастады. Сода нкейін В гүлінде аялдама жасады. Ең соңында өз С ұясына ұшып келді.
Тапсырмалар:
a) аратраекториясынасипаттамаберіңіз.
b) араныңорынауыстыруынсуреттесызыпкөрсетіңіз.
c) араныңжүргенжолы мен орынауыстыруыныңмодулдерітеңбе? Өзжауабыңыздыдәлелдеңіз.
d) араныматериялықнүктеретіндеқарастыруғаболадыма? Неліктен?
№3 . Әскери-патриоттық ойын кезінде оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға тапсырма алды: солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, 600 м оңтүстікке, 200 м батысқа, 200 м солтүстікке және 300 м батысқа. Топтың қозғалыс траекториясын сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз. Масштабты өзіңіз таңдап алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |