Алматы 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназиясы



бет39/48
Дата19.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#492410
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Нұржанова-1

Электр телеграф
Адамдар ғасырлар бойы алысқа хабар жеткізудің жолдарын қарастырды. Алғаш қолданған тәсілдер ашық аспан күні от жағу және айнаны күнге шағылыстыру болатын. 1793 жылы Француздық Клод Шапп ашқан хабар жеткізу машинасына «телеграф»,- деп аталды. Бұл құрылғының жұмысы иінтіректің (рычаг) қозғалысынан пайда болған белгілердің сандар мен әріптерді басқа жерге жеткізуі болатын. Осыдан 40 жыл өткен соң электрлі телеграф дами бастады. 1876 жылы Александр Грейам Белл алғаш сым құралдары арқылы хабарласатын телефонды ойлап тапты.
Телеграф аппараты – электрлік телеграф хабарларын қабылдауға және таратуға, телеграф байланысын құруға арналған аппарат. Алғашқы пайдалануға жарамды (электр-магниттік) телеграф аппаратын П.Л. Шиллинг ойлап тапты (1832). Телеграф аппаратының жетілдірілген түрін және осы аппаратта қолданылатын нүкте мен сызықшадан құрастырылған телеграф кодын америкалық С.Морзе ұсынды (1838). “Морзе әліппесі” кейіннен халықаралық стандартқа енді және көп жылдар қолданылып келді. Телеграф байланысының алғашқы кезеңінде кодталған хабар перне құрылғысын немесе телеграф кілтін пайдаланып Морзе аппаратымен таратылды, ал қабылдаушы жағында жазатын телеграф аппараты сынық сызық түрінде қағаз таспаға ондулятормен тіркелді. Хабар таратуды автоматтандыру бағытында бірнеше телеграф аппаратынан қабылданған сигналды тесілген қағаз таспаға тіркеу әдісі өте маңызды қызмет атқарды. Морзе кодымен тесілген қағаз таспа трансмиттер арқылы автоматты түрде электр сигналына түрлендіріліп, байланыс жолына беріледі. 20 ғасырдың 70-жылдарының орта кезіндегі Телеграф аппаратытары бір қалыпты және бірқалыпты емес кодты аппараттарға бөлінді. Экономикалық тиімділігінің төмендігіне байланысты бірқалыпты емес кодты аппараттар сирек қолданылады. Бірқалыпты кодты Телеграф аппаратында кез келген кодтық комбинацияның элементтер саны бірдей болады және әріптерді басып қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіншілік тудырады. Тарату әдісіне байланысты мұндай телеграф аппараттары асинхронды (стратстопты) және синхронды болып бөлінеді. Әріп басатын телеграф аппаратытарында 7 элементті кодты қолданады. Мұндай телеграф аппаратымен сағатына 2600 сөзге дейін қабылдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет