Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының



жүктеу 117.61 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі117.61 Kb.
Алматы қалалық

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2014 жылдың 9 айының жұмысының қорытындысы бойынша есеп.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылады.

Табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.

18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (1852 теңге). Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды (3 тоқсандағы мөлшер-12847 теңге). 2014 жылдың басынан бастап балалар жәрдемақысы 12,8 млн. теңге сомасында 609 отбасына (1389 балаға) төленді.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (3 тоқсандағы мөлшері 8565 теңге).

Ағымдағы жылдың 1 қазанына атаулы әлеуметтік көмек 13,7 млн. теңгеге 155 отбасына (570 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 2681 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар- балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.

Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 64,9 млн.теңге сомасында 3787 адамға тағайындалды.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлер, еңбек майданына қатысушылар, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруынан зардап шеккен бірінші топтағы мүгедектер, жасы бойынша мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалар ішінен 2013 жылдың желтоқсан айында арнайы қалалық жәрдемақы алмаған 21264 тұлғаларға қаңтар айында бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 36956 мың теңге жалпы сомасында арнайы қалалық жәрдемақы төленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы шешімі қабылданды.

Осыған орай, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап арнайы қалалық жәрдемақының орнына бір айлық есептік көмек көлемінде (2014 жылы-1852 теңге) айсайынғы әлеуметтік көмек төленеді. Осы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға тағайындалады:


  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында әлеуметтік көмек бір айлық есептік көмек көлемінде 204,6 млн. теңге сомасында 15570 адамға төленді.

Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі әлеуметтік көмектің түрлері көрсетілген:



  • өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін. Ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік көмек 6,4 млн. теңге сомасында 47 адамға көрсетілді;

  • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің бір жарым есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға біржолдық әлеуметтік көмек 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Жыл басынан әлеуметтік көмек 11,1 млн. теңге сомасында 860 адамға көрсетілді.

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына) жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің алты есе мөлшерінен аспайтын ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмек 31,9 млн. теңге сомасында 3628 адамға көрсетілді.




  • ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде орташа табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға көрсетіледі:

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға (жанұяларға);

  2. бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

  3. бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

  4. зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.

Әлеуметтік көмек 1,8 млн. теңге сомаға 220 адамға көрсетілді.
Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы V сайланған кезексіз XXIII сессиясысының «Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек балаларды үй жағдайында оқытып тәрбиелейтін отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 12038 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. 2014 жылдың басынан жәрдемақы 15,1 млн. теңге сомасында, 634 адамға төленді.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін жеңілдетілген санаториялық-курорттық ем беріледі. Жыл басынан санаториялық-курорттық емді 272,6 млн. теңге сомасына 3062 адам алды.

ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүрулері үшін тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде. 2014 жылдың 9 айында 2,9 млн. теңге сомасына 295 ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне берілді.

Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 «Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне сәйкес жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе және/немесе теміржол көлігімен бару және қайта оралу үшін толық құны өтеледі. Есептік кезеңде Санкт-Петербург қаласына бару және қайта оралу үшін Ленинград қаласының қоршауында болған 5 адамға берілген шығын 427,8 мың теңгені құрады.

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі V сайланған кезексіз XXV сессиясысының «Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы» шешіміне сәйкес және 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының 69-шы жеңіс жылдығына байланысты біржолдық материалдық көмек келесі адамдарға берілді:

Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне- 150 000 теңге көлемінде жалпы 149,8 млн. теңге сомасына 999 адамға;

Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға- 30 000 теңге көлемінде жалпы 123 млн. теңге сомасына 4100 адамға;

Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне- 30 000 теңге көлемінде жалпы 660 мың теңге сомасына 22 адамға;

Ауғанстанда қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне және ата-аналарына - 30 000 теңге көлемінде жалпы 1,1 млн. теңге сомасына 38 адамға.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Алматы қаласының әкімдігіне жыл басынан бастап 75 көп балалы аналардың құжаттары жіберілген, оның ішінде жеті және одан да астам бала туып өсірген 15 адам «Алтын алқа» алқасымен, алты және одан да астам бала туып өсірген 60 адам «Күміс алқа» алқасымен марапаттау үшін.

Есептік кезеңде Әлеуметтік тұрғын үйінде 43 адам, Ардагерлер үйінде – 325 адам, Психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Алматы интернат үйінде -628 адам, Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы интернат үйінде -160 адам, күндізгі уақытта болу орталығында 48 адам тұрады. Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының көмегін 635 адам пайдаланды.

Бұдан басқа, қаланың аудан әкімдерінің аппараты жанындағы үй жағдайында әлеуметтік көмек беру 28 бөлімшелерінде жеке басты 2490 жалғыз тұратын мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында, және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттары» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік сектор арқылы АӘҚ жартылай стационар жағдайында және үй жағдайында 5 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшеде, екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) және күндізгі уақытта болу орталығында көрсетіледі. Сонымен, жартылай стационар жағдайында 100 адамға, үй жағдайында 1123 адамға, оның ішінде аудан бөлімшелерінде 607 адамға, оңалту орталықтарында 516 адамға қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында күндізгі уақытта болу бөлімшелерінде үкіметтік емес ұйымдар- «АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының Қауымдастығы, «Рух» ҚБ, «Мархабат» ҚҚ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, онда 1 қазанның жағдайы бойынша психоневрологиялық патологиясы бар 185 мүгедек балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға қызмет көрсетіледі.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1448 мүгедектер жеке көмекші қызметімен 328,2 млн. теңге сомасына, 1707 мүгедектер протездеу және ортездеу қызметтерімен 58,7 млн. теңге сомасына, 350 бірінші топтағы мүгедектер және жүрдекше-арбашамен жүріп тұратын мүгедек балалар «инватакси» көлік қызметімен 50,1 млн. теңге сомасына, 1028 мүгедектер санаториялық-курорттық еммен 81,3 млн. теңге сомасына, 650 мүгедек кресло-арбамен 40,4 млн. теңге сомасына, 835 мүгедектер сурдотехникалық құралдармен 26,2 млн. теңге сомасына, 843 мүгедектер тифлотехникалық құралдармен 28,3 млн. теңге сомасына, 148 мүгедек- ыммен сөйлесу тілінің аудармашысымен 12,4 млн. теңге сомасына, 290 мүгедек есту протездік көмегімен 2,9 млн. теңге сомасына, 1317 мүгедектер-арнайы гигиеналық құралдармен 60,2 млн. теңге сомасына қамтамасыз етілді.

Қалған қызметтерге және арнайы құралдарға мемлекеттік сатып алу іс-шаралары өткізілуде.

Негізгі салаларда мүгедектердің тіршілік әрекетіне кедергісіз ортаны жасау олардың өмірінің сапасын жақсарту үшін маңызды мәселе болып табылады. Осы мәселені шешу үшін барлық аудандарда жұмыс комиссиясы құрылған, олар мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, және әлеуметтік қорғау нысандарын қажетті талаптарға сәйкес келтіру үшін төлқұжаттауды жүргізеді. 2014 жылы 551 нысандарды паспорттау жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айында 197 нысандар паспортталған.

Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша 2014 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздардың саны 45,2 мың адамды, ал жұмыссыздықтың деңгейі 5,6 пайызды құрайды.

Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш білдіргендердің саны – 5360 адам. Соның ішінен 1235 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылары атанды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша есепте 1593 жұмыссыз тұрды.

Ағымдағы жылы қалалық Даму бағдарламасы аясында жұмыспен қамту іс-шараларымен 5194 адам қамтамасыз етілді. Олардың ішінде 2295 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның ішінен 472 адам- әлеуметтік жұмыс орындарына. Қоғамдық жұмыстарға 2268 жұмыссыз қатысты, кәсіптік оқуға 631 адам жіберілді.

Қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша есепке алынған жұмыссыздардың деңгейі 0,2 пайызды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің деңгейінде қалды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмыспен қамту көмегін алу үшін өтініш білдіргендердің саны 11772 адамды құрады, оның ішінен жұмыспен қамтылғандардың саны 196 адамды не болмаса 1,7 пайызды құрады.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 85,8 мың адам жұмыс істейтін 304 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 758 адам. Мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 33 адам.

Сауалнама сұранысының мәліметі бойынша жұмыс күшінің болжау қажеттілігі 5260 адамды құрады, оның ішінде мамандар-1479 және жұмысшы мамандықтары – 3481.

Қаланың Даму бағдарламасы аясында тоғыз айда 18861 не болмаса жоспардан 94,3 % жұмыс орындары құрылды, оның ішінде ең үлкен меншікті салмақ сату саласына- 35,8%, өнеркәсіпке-11,6% құрылысқа-9,1% келеді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Қалада бірінші және үшінші бағыттары іске асырылуда.

Бірінші бағыттың аясында сегіз инвестжоба білім нысандарын күрделі жөндеу және сейсмикалық тұрақтандыру және үш инвестжоба -медициналық әлеуметтік мекемелерді күрделі жөндеу үшін. Есептік кезеңде 469 жұмыс орындары құрылып, оған 236 бағдарламаға қатысушылар орналастырылған.

Бағдарламаның үшінші бағытына 2474 адам қатысты, оның ішінде 504 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген, 721 адам -жастар іс-тәжiрибесiне, 1249 адам- кәсіби оқуға жіберілгендер. Оқу орындарында бұрынғы жылдардан ауысқан контингенттен 762 адам кәсіби оқыту курстарынан өтті, оның ішінде 756 адам оқуды бітірді.

Алматы қаласы әкімінің және ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің арасындағы қосымша келісімге сәйкес Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында 4969 адам (өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, аз қамтылғандар, жұмыссыздар) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.

Ағымдағы жылы 9 бос жұмыс орындар жәрменкесін өткізу жоспарланған.

Тоғыз айдың ішінде 6 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкелерге 336 жұмыс берушілер қатысып, 2400-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. 2,3 мыңнан астам адам қатысты, олардың 103-не жұмысқа жолдама берілді, 40- жұмысқа орналастырылды, 60- кәсіптік оқуға, 11- қоғамдық жұмыстарға, 71- әлеуметтік жұмыс орындарына, 9- жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, 920- жұмыс берушілерге түйіндеме берді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылары бекіткен бас бостандығынан айырылған тұлғаларға жұмыспен қамту көмегін көрсету туралы 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде еңбек заңнамаларын, Жұмыспен қамту заңнамаларында қарастырылған әлеуметтік қорғау түрлерін түсіндіру үшін 2 семинар өткізілді.

Әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту және нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Жыл басынан бастап әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу қалалық үш жақты комиссияның 2 мәжілісі және оның жұмыс тобының 7 мәжілісі өткізілді. Республикалық үш жақты комиссияның бейнеконференция тәртібінде бір мәжілісі өтті.

Алматы қаласы әкімдігі, Алматы кәсіподағы және Алматы қаласы кәсіпкерлері Палатасының арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған Аумақтық келісім әзірленді. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу қалалық үш жақты комиссияның жұмыс жоспары дайындалып бекітілді.

Алматы қаласы бойынша 2014 жылы «Парыз» кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары және байқауға қатысушылардың сұранысын бағалау үшін эксперттік жұмыс тобының құрамы бекітілді. Байқауға қатысатын кәсіпорындардың сұраныстарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта байқауға қатысатын қаланың 38 кәсіпорындары мен мекемелерінен сұраныс қабылданды.

Жыл басынан бастап ТМД елдерінен түскен қаланың кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс істеген жұмыскерлердің жұмыс орындарын және орташа жалақысын дәлелдеу үшін 24 сұраныс қаралды.



Қалада жүзеге асырылатын жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік бағдарламалар туралы халыққа хабарлау мақсатында БАҚ-та 109 мақалалар жарияланған, телеарналарда 48 сұхбаттар ұйымдастырылып, сайттарда 10 ақпарат орналастырылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауын хабарлау және насихаттау мақсатында жыл басынан қаланың еңбек ұжымдарында 63 кездесулер өткізілді, оған 2,2 мыңнан астам адам қатысты, тағы да 52 «дөңгелек» стол және жиналыстардың жұмыстарына қатыстық.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет