Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының



жүктеу 140.42 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі140.42 Kb.
Алматы қалалық

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2015 жылдың жұмысының қорытындысы бойынша ақпарат.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында іске асырылады.

Табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.

18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (2081 теңге). Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды (4 тоқсандағы мөлшер-13566 теңге). 2015 жылдың басынан бастап балалар жәрдемақысы 18,2 млн. теңге сомасында 651 отбасына (1732 балаға) төленді.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (4 тоқсандағы мөлшері 9037 теңге).

2015 жылы атаулы әлеуметтік көмек 14,7 млн. теңгеге 109 отбасына (436 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 2803 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар- балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.

Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 53,9 млн.теңге сомасында 2775 адамға тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы №183 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы», 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешімдеріне сәйкес келесі әлеуметтік көмектің түрлері көрсетіледі:

1) алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (АЕКМ) көлемінде (11892) жарты жылда бір рет әлеуметтік көмек. Осы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға тағайындалады:



  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

  • бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауыруы бар 1 топтағы мүгедектерге;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

Есептік кезеңде әлеуметтік көмек 252,7 млн. теңге сомасында 11220 адамға төленді.

  1. өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін әлеуметтік көмек. Ағымдағы жылдың басынан бастап әлеуметтік көмек 44,7 млн. теңге сомасында 227 адамға көрсетілді;

  2. жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолдық әлеуметтік көмек. Жыл басынан әлеуметтік көмек 26,3 млн. теңге сомасында 1894 адамға көрсетілді;

  3. ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде орташа табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға көрсетіледі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға (жанұяларға);

бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.

Жыл басынан бастап әлеуметтік көмек 7,1 млн. теңге сомаға 823 адамға көрсетілді.

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына) ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмек 70,7 млн. теңге сомасында 725 адамға көрсетілді.

6) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті азаматтары бар отбасына олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.Отбасының әрбір мүшесіне арналған аталған көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Әлеуметтік көмек 14 отбасына (68 адам) 1,5 млн. теңге сомада төленді.

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІІІ сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы N 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға жергілікті бюджет есебінен бір тоқсанда мөлшері 6,5 айлық есептік көрсеткішті немесе 12 883 теңгені құрайтын жәрдемақы төленеді.2015 жылдың басынан жәрдемақы 612 балаға 24,5 млн. теңгеге төленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласы Алатау және Наурызбай аудандарында су тасқынынан зардап шеккендерге зиянды (нұқсанды) өтеу төлемдері жүргізілді. Зиянды (нұқсанды) өтеу үшін 252 млн. теңге, бағалаушылардың еңбегін өтеу үшін 10,5 млн. теңге қарастырылған.

Есепті күнге өтініш берген 154 зардап шегушіге барлығы 175,5 млн. теңгеге келтірілген зиянды өтеуге көмек көрсетілді. Бағалаушылардың 156 есеп үшін атқарған жұмыстарын, екінші деңгейлі банктердің комиссиялық сыйақыны төлеуіне барлығы 5,3 млн. теңге жұмсалды.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін санаториялық-курорттық ем беріледі. Жыл басынан бастап 4850 еңбек пен соғыс ардагерлері «Ақ-қайың», «Қазақстан» санаторияларында, «Қарғалы», «Самал» пансионаттарында 441,9 млн. сомаға денсаулықтарын жақсартты.

ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етіледі. 2015 жылдың ішінде 2,7 млн. теңге жалпы сомасына 1696 жүру билеттері берілді.

Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 «Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне сәйкес жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе және/немесе теміржол көлігімен бару және қайта оралу үшін толық құны өтеледі. Ағымдағы жылы Санкт-Петербург қаласына дейін және кері қайту үшін Ленинград қаласында қоршауда болған 3 адамға берілген қаражат 190,2 мың теңгені құрады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығын тойлауға байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оған теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне, Ауғанстанда қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне және ата-аналарына республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан біржолдық материалдық көмек көрсетілді:



  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне -826 адамға 150 000 теңге көлемінде 123,9 млн.теңге жалпы сомаға;

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 4103 адамға 30 000 теңге көлемінде 123,1 млн.теңге жалпы сомаға;

-Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне - 16 адамға 30 000 теңге көлемінде 480 мың теңге жалпы сомаға;

- Ауғанстанда қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне және ата-аналарына - 41 адамға 30 000 теңге көлемінде 1,2 млн. теңге жалпы сомаға.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығын өткізуге дайындалу іс-шаралар жоспары бойынша Жеңіске үлес қосқаны үшін республикалық бюджеттен:


  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне -820 адамға 100 000 теңге көлемінде 82,0 млн.теңге жалпы сомаға;

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 144 адамға 30 000 теңге көлемінде 4,3 млн.теңге жалпы сомаға; 33 адамға 70 000 теңге көлемінде 2,3 млн.теңге жалпы сомаға;

  • қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) – 1374 адамға 25 000 теңге көлемінде 34,3 млн.теңге жалпы сомаға

  • Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне 16 адамға 30 000 теңге көлемінде 480 мың теңге жалпы сомаға;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 22070 адамға 25 000 теңгеден, барлығы 551750 мың теңге сомаға.

Қалада «Самрұқ-Қазына» қорымен бірге іске асыратын «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің «Жеңіс» жобасына сәйкес туыс жағынан тұрақты бағып-күтуі болмаған жалғыз тұратын соғыс ардагерлері мен мүгедектерін, еңбек тылының қатысушыларын медициналық дабылдамасымен (дабыл тетік) қамтамасыз ету пилоттық жобасы жүргізілуде. Осыған байланысты, қалалық және аудандық Ардагерлер кеңесі басшыларының, ішке істер, төтенше жағдай, қорғаныс істері, денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдері өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өткізілді, онда медициналық дабылдама берілді.

2015 жылы 1176 соғыс ардагерлері мен мүгедектері және еңбек майданының қатысушылары медициналық дабылдамамен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Алматы қаласының әкімдігіне жыл басынан бастап 110 көп балалы аналардың құжаттары жіберілген, оның ішінде жеті және одан да астам бала туып өсірген 33 адам «Алтын алқа» алқасымен, алты және одан да астам бала туып өсірген 77 адам «Күміс алқа» алқасымен марапаттау үшін.

Есептік кезеңде Әлеуметтік тұрғын үйінде 40 адам, Ардагерлер үйінде – 298 адам, Психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Алматы интернат үйінде -628 адам, Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы интернат үйінде -144 адам, күндізгі уақытта болу орталығында 50 адам тұрады.

Бұдан басқа, қаланың аудан әкімдерінің аппараты жанындағы үй жағдайында әлеуметтік көмек беру 29 бөлімшелерінде жеке басты 2400 жалғыз тұратын мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі.

Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы 280 койко-орынға арналған. Жыл басынан бастап оның қызметімен 1013 адам пайдаланды.

Алматы қаласында электрондық билеттендіруді жүзеге асыру және зейнеткерлерге «Оңай» жол картасын беру үшін құжаттарды қабылдау және жол картасын беру жұмыстары жүргізілді. Басқарманың барлық аудан бөлімдерінде зейнеткерлерге жеңіл жол картасын алған кезде жайлылық жасалған, балансты толықтыру үшін терминал қойылған, кеңесшілер жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 4 қаңтар жағдайы бойынша 98110 жол картасы берілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында, және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 26 наурызда № 165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттары» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік сектор арқылы АӘҚ жартылай стационар жағдайында және үй жағдайында 6 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 16 бөлімшелерде, екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) және күндізгі уақытта болу орталығында көрсетіледі. Сонымен, жартылай стационар жағдайында 100 адамға, үй жағдайында 1070 адамға, оның ішінде аудан бөлімшелерінде 625 адамға, оңалту орталықтарында 452 адамға қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік емес сектор арқылы жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық патологиясы бар және тіреу-қимыл жүйесі бұзылған 190 мүгедек балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға қызмет көрсетіледі.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жыл басынан бастап 684 мүгедектер кресло-арбамен (жүріс арбалар, аккумуляторлар) қамтамасыз етілді, 1740 мүгедектер жеке көмекші қызметімен, 301 мүгедектер есту протезін алды, 987 мүгедектер тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді, 210 мүгедектер ым тілі қызметін алды, 2024 мүгедектер арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 2579 мүгедектер санаториялық-курорттық еммен, 436 бірінші топтағы мүгедектер және жүрдекше-арбашамен жүріп тұратын мүгедек балалар «инватакси» көлік қызметімен, «Инватакси қызметі даму» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 180 мүгедектерге көлік қызметтері көрсетілді, 75 мүгедек балаларға кохлеарлық имплант қойылды, 1500 мүгедектерге протездеу қызметі көрсетілді.

Алматы қаласы бойынша 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмірінің сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 648 нысандарды төлқұжаттау жоспарланған, 2016 жылдың 1 қаңтарына 691 нысан төлқұжаттандырылды.

Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша 2015 жылдың 3 тоқсанында еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың саны 883,9 мың адамды құрады, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 73,7 мың адамға көп. Қала экономикасында 838,7 мың адам жұмыспен қамтылған, жұмыссыздардың саны 45,3 мың адам, жұмыссыздықтың деңгейі 5,1 пайыз, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 0,4 пайыздық тармаққа аз. Жастардың (15-28 жас) жұмыссыздық деңгейі 7,2 пайыз, ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде ол 8,1 пайызды құрады.

Есептік кезеңнің соңында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 1300 адам, желтоқсан айының соңында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызды құрайды.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына Даму бағдарламасы және Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы аясында өтініш білдіргендердің саны – 18669 адам, оның 7136 жұмыссыздар. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен (былтырғы жылдардан ауысқандарды ескергенде) 20650 адам қамтылған, олардың 16398 адамы жұмысқа орналастырылған, қоғамдық жұмысқа 2940 адам қатысты, кәсіптік оқу курстарына 1311 адам жіберілді.

2015 жылдың 12 наурызында Алматы қаласының әкімі 2015 жылға арналған Алматы қаласында халықты жұмыспен қамтуға жәрдем беру Кешенді жоспарын бекітті. 2015 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мақсатты көрсеткіштерге жету туралы Меморандумға қол қойылды.

Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру, қазақстандық маңызды дамыту сұрақтары бойынша әкімдік, бизнес субъектілері, кәсіподақтар арасында қабылданған меморандумның мониторині жүргізіледі. Қазіргі уақытта 14719 меморандум қабылданды.

Мүгедектерді жұмыспен қамту жұмыстары жалғастырылуда. Жыл басынан бері аудандық бөлімдерде жұмыссыз ретінде 655 мүгедек есепте тұрды, оның ішінен 572 адам ағымдағы жылы өтініш берді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 630 адам қамтылды, оның ішінде:


  • 206 адам тұрақты жұмыстарға орналастырылды;

  • 264 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;

  • 53 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты;

  • 14 адам жастар іс-тәжірибесіне жолданды.

Жыл басынан бастап 20 бос жұмыс орындарының жәрменкесіне қатысып және өткіздік, оның ішінде 2 қалалық бос жұмыс орындар жәрменкесі, мүгедектерге, ЖОО және орта арнайы оқу орындарының түлектеріне, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының қатысушыларына арналған бос жұмыс орындары жәрменкесі.

Жәрменкеге 674 жұмыс берушілер қатысып, 5,5 мыңнан астам бос жұмыс орындар ұсынды. 6,4 мыңнан астам жұмыс іздеген азаматтар, мүгедектер, жұмыссыздар, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламаның қатысушылары қатысты. Жәрменкенің қорытындысы бойынша ізденушілер жұмыс берушілерге және жұмыспен қамту аудандық бөлімдеріне 3,1мыңнан астам түйіндеме мен сауалнама тапсырды, 317 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 1 мүгедек.

Мұқтаж азаматтарды қосымша әлеуметтік шараларымен қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен колледж және кәсіптік лицей тұлғалары, ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар, 50-ден асқан тұлғалар нысаналы топқа жатады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмыспен қамту көмегін алу үшін өтініш білдіргендердің саны 14474 адамды, оның ішінен жұмыспен қамтылғандардың саны 248 адамды құрады, олардың 127 жұмыссыздар.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 118,8 мың адам жұмыс істейтін 467 мекемеге сұрау салынды. Ондағы мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 396 адам, олардың 73-жұмысы жартылай тоқтағандықтан, 135 адам өндіріс көлемінің қысқартылуына, 188 адам-толық тоқтауына байланысты. Сауал салынған мекемелерде жұмыстан босатылғандардың саны – 1625 адам, жуырдағы 2 айда қысқартылуға 4120 адам жатады.

Жыл бойы 21808 жұмыс орындары құрылды, жоспар 20000, оның ішінде ең үлкен меншікті салмақ сату саласына- 32,2%, құрылысқа 13,1%, өнеркәсіпке-7% келеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылары бекіткен бас бостандығынан айырылған тұлғаларға жұмыспен қамту көмегін, әлеуметтік және басқа көмектерді көрсету туралы 2015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес басқарманың өкілдері кәмелет жасқа толмаған ЛА-155/6 мекемесінің тәрбиеленушілеріне бос жұмыс орындарын іріктеу және жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс кеңесіне қатысты, сотталушы және босатылған азаматтарды әлеуметтендіру үшін ЛА-155/1, ЛА-155/8, ЛА-155/13 мекемелерінде семинарлар өткізілді.

Мемлекет басшысының жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру сұрақтары бойынша тапсырмасын орындау мақсатында қаланың аудандарында 70 ақпараттық стендтер орналастырылған, олардың мәліметтері апта сайын жаңартылады.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіледі.

Бағдарламаның 1 бағытын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының 5 нысандарында ағымдағы жөндеу жасалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 4 әлеуметтік нысанның, Құрылыс басқармасы-1 нысанның әкімшілігі болды.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарының реттеуін даму аясында өндіріс-еңбек қатынастарында тұрақтылық сұрақтарын, еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс орындарының қысқартылуының болдырмайтындығын қарастыратын, Алматы қалалық әкімдігінің, Алматы Кәсіп Одағының және Кәсіпкерлер Палатасының арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Аумақтық келісім қабылданды.

Жыл басынан бастап әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу Қалалық үш жақты комиссияның 3 отырысы өтті. Оларда Алматы қалалық әкімдігінің, Алматы Кәсіп Одағының және Кәсіпкерлер Палатасының арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған Аумақтық келісімге өзгерту еңгізу сұрақтары қарастырылды, Алматы қаласының аудан әкімдері, кәсіпорын басшылары және Алматы кәсіподақтар Одағының арасында жұмыскерлерді қысқарту және еңбекақыны азайту болмастығы, кәсіпорындардың «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Республикалық сайысқа қатысу туралы Меморандум қабылданды.

ТМД елдерінен түскен жұмыскерлердің жұмыс орындарын және орташа жалақысын дәлелдеу үшін 13 сұраныс қаралды.



Өткен кезеңде жұмыспен қамту сұрақтары бойынша азаматтардың 203 арызы қаралды.

Қалада жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар туралы халыққа хабарлау мақсатында БАҚ-та 125 мақалалар жарияланған, телеарналарда 63 сұхбаттар ұйымдастырылып, 97 «дөңгелек» стол және жиналыстардың жұмыстарына қатысу жұмыстары жүргізілді, кz сайттарында 13 ақпараттық хабарлау орналастырылды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет