Алматы қаласы әкімдігінің
________________ № _________қаулысымен
бекітілген
Алматы қаласыЖолаушыларкөлігібасқармасының
2011-2015 жылдарғаарналған
Стратегиялықжоспары
Алматы 2013 жыл
1 бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: Қаланың экожүйесіндегі жүктемені азайту және жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескерумен халыққа көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту бойынша шаралар кешенін жүргізу.
Пайымы: - Қаланың аумағын және қала маңындағы аймақтарда көлік қол жетімділігін толыққанды қамтамасыз ету және халыққа көлiк қызметін көрсету бойынша сапалы және түрлi қызметтердi көрсету.
2. бөлiм. Ағымдағы жағдайды талдау
Стратегиялық бағыт - Алматы қаласының көлiк инфрақұрылымын дамыту.
Мақсат: 1.1.Жолаушыларды және жүкті тасымалдауды дамыту
Алматы қаласында жолаушыларды және жүкті тасымалдаумен 23 автобус тасымалдаушы және 3 «Алматыэлектркөлік» КМК кәсіпорны айналысады. Олардың қарамағында 1800 автобус, 24 трамвай, 154 троллейбус бар. Сонымен қатар 200-ден асатын жалға алынған автобус тасымалдауға тартылады.
2012 жылы Алматы қаласының бағыттар жүйесі 115 бағытты қамтыды, оның ішінде 103 автобус, 10 троллейбус және 2 трамвай бағыт бойынша жоспарға сәйкес 1630 автобус, 20 трамвай, 101 троллейбус жұмыс істейді..
Қоғамдық көліктің инфрақұрылымын дамыту мақсатында диспетчерлік пункттер мен соңғы аялдама пункттерін салу үшін 6 айналмалы алаң салынды. Қалалық көлік инфрақұрылымы үшін тағы 3 жер учаскесін бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамдық көлікте халықта қорғалмаған топтарына атаулы көмек ретінде жолақыға жеңілдіктер ұсынатын жол жүру билеттерінің жүйесі енгізілді. Соңғы өзгерістерді ескере отырып, қаладағы жолаушылар тасымалына арналған жаңа тариф белгіленді.
Тасымалдаушылардың арасындағы бәсекелестікті күшейту мақсатында газбен жұмыс iстейтiн 200 автобусқа арналған муниципалдық автопарк құрылды. Қазіргі таңда 200 автобусқа және 200 таксиге арналған екінші муниципалдық автопарктің ЖСҚ-сы әзірленуде. Сондай-ақ Алатау ауданында ЖЭО-2-нің оңтүстiгінде үшінші муниципалдық автопарктiң құрылысы үшiн 12, 8 га жер телiмiн бөлу мәселесі қарастырылуда.
Өткiзiлген жұмыстардың нәтижесінде, 2011 жылы жолаушылар тасымалы 2010 жылмен салыстырғанда 22, %-ға өстi. Қала бойынша 3 898,843 миллион жолаушылар барлық тасымалдаған, оның iшiнде:
- автобустармен - 2 466, 6 миллион жолаушы,
- электр көлiгімен - 15, 3 миллион жолаушы,
- такси - 704, 8 миллион жолаушы,
- метрополитенмен - 708 243 мың жолаушылар.
Халықаралық жол тасымалдаулар жүйесі бойынша тасымалдауларда қазіргі таңда шамамен 4650 автокөлік жұмылдырылған. Жүктерді тасымалдау үшін жыл сайын 39 Еуропа және Азия елдерiмен рұқсат ету бланкілерін алмасу жүргізіледі, олардың саны шамамен 109 мың дана.
Тұрақты қатынас бойынша 3 халықаралық, 50 облысаралық және 115 қалалық тұрақты жолаушылар бағыты бар.
Автокөлiктер паркі жоғары тозумен сипатталады - 12 жылдан аса пайдалануда тұрған автокөлік құралдарының меншікті салмағы 63 % құрайды, соның iшiнде 57% автобустар, 59% жеңіл көліктер және 84% жүк таситын автокөлiктер.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында стационарлық көздерден атмосфераға зиянды шығарындылардың шығарылуы шамамен жылына 2,5 миллион тоннаны құрайды, ал көлiк шығарындылары жылына 1 миллионнан асады.
Еуро стандарттарды кезең-кезеңімен енгізу тозған автомашиналарды әкелуді шектеуге, қазақстандық автомобиль жинайтын кәсiпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бiрге шығарылатын және импортталатын отынның сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар 2015 жылы 12 жылдан аса жұмыс iстейтiн автокөлiк құралдардың санын 63%-тен 35%-ға дейін төмендету жоспарланады.
1.2. Негiзгi мәселелердi талдау
Қазіргі уақытта Алматы қаласында шаң, көмiртектiң оксидi, азот оксиді және диоксиді, фенол, формальдегид секілді ластаушы заттардың шығарындыларының рұқсат етілген нормалардан асып кетуі қан айналу жүйесі, жүйке және эндокрин жүйесi органдарының, тыныс алу және көз органдары, туа біткен ауытқулар (дамыту кемiстiктерi) ауруының санын өсіреді. Қаланың көлiк мәселелерi қаланың негізгі магистралдары Солтүстік айналым мен Рыскұлов даңғылының ішкіқалалық көлік ағындарының едәуір бөлігін өткізетіндігінен және қала көшелерінің рөлін бұрыннан орындап келетінімен күрделенеді. Магистралдық көшелердің және қала көшелерінің қолданыстағы жүйесі көлік жолы қозғалысының қарқынды түрде өсуінен күрт қалып келеді. Мысалы, егер 1990 жылы қалада шамамен 100000 автомобиль тіркелген болса, ал 2011 жылы 532000 асып кетті, яғни автокөліктердің саны сондай жол параметрлерінде 5,3 есеге өскен. Жыл сайын осы көлік саны көбеюде және қаладағы қиын көлік жағдайына негізгі себеп болып табылады. Жол полициясының мәліметтері жеңіл автокөліктің көптеген паркінің құрылымын қорлайсыз өзгерту динамикасы туралы куәландырады: мұнда шағын және орта сыныпты автокөліктердің саны қысқарады, ал үлкен сыныпты автокөліктердің меншікті салмағы өсуін жалғастыруда. Бұл көлік ағындарындағы қосымша шиеленісті тудырады, автокөліктерді сақтау және тұрақтатуға арналған жер ресурстарының жоғарылаған қажеттілігіне түрткі болады, энергия ресурстарының шығынын арттырады, атмосфераға зиянды заттардың тасталған шығарындысына әкеліп соғады.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жолаушылар тасымалының жағдайы халықтың талаптарына жауап бермейді. Бұл туралы халықтың жолаушылар көлігің нашар жұмысына деген көптеген шағымдары куәлік етеді. Мысалы, жолаушылар көлігі бөліміне орнатылған тек тікелей желі телефонына шамамен 1000 шағым мен ұсыныстар келіп түскен. Мұнда себептері әртүрлі және бірнешеу:
- жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың қажетті инфрақұрылымының болмауы: - соңғы аялдама пункттерінің жабдықталған айналмалы алаңдары және санитарлық-тұрмыстық объектілері, қала маңындағы жолаушылар тасымалын реттеуге мүмкіндік беретін автостанциялар, тасымалдаушылар арқылы орындалған жұмыстар көлемдерінің есебін жүргізуге мүмкіндік беретін диспетчерлік пункттер.
- жеңілдіктерді пайдаланатын тасымалданған жолаушылардың өңделген нақты схемаларының болмауы, бұл орындалған жұмыс бойынша тасымалдаушының шығындарын дәлелдеуге және олардың тасымалы үшін өтемақыны бюджеттен алуға мүмкіндік бермейді.
- білікті жүргізуші кадрлардың тапшылығы және оларды орталықтан дайындаудың реттелген жүйесінің болмауы, оларды дайындауды қаржыландырудың болмауы қазіргі таңда жүргізуші кадрларының жетіспеуіне әкеліп ұшыратты, саны шамамен 600 адамды құрайды.
1.3. Негізгі және ішкі факторларды бағалау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Алматы қаласы - бұл Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы Еуропа құрылығының орталығы;
Алматы қаласы Еуропа құрлығында маңызды және қолайлы жағдайды иеленеді, Ұлы Жібек Жолының транзитті пункттерінің бірі болып табылады және туризмді бұдан әрі дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие;
Алматы қаласы және оның аймағы халықаралық туристік және қаржылық орталығы ретінде пайдаланылады.
|
Жолаушылар көлігінің жылжымалы құрамының тозуы;
Қалалық жолаушылар көлігін қолдау бойынша заңнамалық ресурстың жеткіліксіздігі;
Қалалық жолаушылар көлігін жеткілікті бюджеттік қаржыландырудың болмауы;
Жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейі.
Білікті кадрлардың тапшылығы;
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін дамыту;
Алдыңғы техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу.
Алматы қаласының туризмін бұдан әрі дамыту.
|
Көлік қызметтерінің сапасының халықты қанағаттандырмауының өсуі;
Жол-көлік оқиғаларының өсуі.
|
2 Стратегиялық бағыт.
-
Әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша жолаушылар көлігін ұйымдастыру:
2.1. Мақсат: Реттелетін саланы немесе қызметтің саласын дамытудың негізгі параметрлері.
Қоғамдық көліктің бағыттық желісі 115 бағыттан тұрады: - 103 автобус, 10 троллейбус және 2 трамвай бағыты. «ККҒЗИ» ЖШС мәліметтері бойынша 2011 жылы жұмыс күндері күн сайын қоғамдық көлік қызметтерін шамамен 1,4 млн. жолаушы пайдаланған. Барлық бағыттардағы жолақы төлемі бірыңғай және бір жол жүру үшін 80 теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық бағыттарда құны 4500 теңге тасымалдаушылардың бірыңғай жол жүру билеттері жарамды. Бұдан басқа, Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес азаматтардың жекелеген санатына жол ақы төлемі бойынша жеңілдіктер берілген, олар бірыңғай жеңілдігі бар жол жүру билеттерін алу арқылы іске асырылады. Мұндай билеттерді күн сайын 130 000 қала азаматы пайдаланады. Осылай, қолданыстағы бағыттық желі қаланың тіршілікті қамтамасыз ету - қалалық шаруашылықтың әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымының ажырағысыз бөлігі болып табылады.
2.2.Негізгі мәселелерді талдау
Алматы қаласы мәслихатының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы және 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 180, 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 395 шешіміне сәйкес азаматтардың жекелеген санатына қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүру құқығы берілді: ҰОС қатысушыларына жол жүру құнынан 100% жеңілдікпен, 15 жастан жоғары жалпы білім беретін мектептерде оқитындарға, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде оқитындарға, жасына қарай зейнеткерлерге 50% жеңілдікпен берілді. Осы жеңілдік осы санаттағы азаматтардың аты-жөні жазылған айлық жол жүру билеттерін сатып алуы арқылы іске асырылады. ҰОС қатысушыларына жол жүру билеттері тегін беріледі, ал басқа санаттар тиісті жол жүру билетінің тек 50% құнын төлейді. ҰОС қатысушыларына жол жүру билеттерінің құны толық және қалған санаттар үшін жол жүру билетінің 50% құны олардың сатылған санына сәйкес қалалық бюджеттен өтеледі. Уәкілетті органдардың 2012 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтері бойынша ұсынылған жеңілдіктерді - 537 565 адам алған, оның ішінде 197 053 студент, 164 000 зейнеткер, 175 212 оқушы және 1300 ҰОС қатысушысы. Қазіргі уақытта жеңілдікті жол жүру құқығын жыл сайын шамамен 130 000 адам пайдаланады. Жеңілдікті алушылардың көп болуы, олардың саны бойынша өзгерушіліктің жиі әрбір мұқтаж азаматтарға жеңілдіктер алуын ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Жеңілдікті пайдаланушылар жеңілдікті атаулы түрде алады – билет құнының тек 50 % төлей отырып жол жүру билетін алу кезінде (немесе ҰОС қатысушылары оларды тегін алады). Ал сатылған билеттер бойынша жеңілдіктер сомасы «Әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау» 005 бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен бөлінеді. Осы сома қала әкімдігі бекіткен, осы билеттер жарамды болатын бағыттарда жол жүру билеті бойынша жолаушыларды тасымалдайтын тасымалдаушылар арасындағы «Жолаушылардың жеңілдігі бар санаттарын тасымалдау жөнінде әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау туралы ережеге» сәйкес бөлінеді. Әлеуметтік маңызды тасымалдардың осындай субсидиялау жүйесі қаламызда ҚР Үкіметі арқылы 2011 жылғы 3 қыркүйекте «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» бекітілгенге дейін тәжірибе пайдаланылды. ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мәселесіне қойылатын жаңа талаптар бөлігінде «Әлеуметтік маңызды тасымалдауды субсидиялау ережесі» әзірленді және Алматы қаласы мәслихатының бекітуіне жіберілді.
2.3. Негізгі және ішкі факторларды бағалау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Халықтың барынша әлсіз топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.
Қаладағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.
|
Жолаушылардың жеңілдігі бар санаттарын тасымалдау бойынша тасымалдаушылар шығандарының орнын толтыру бойынша тиісті құралдың болмауы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
Халықтың барлық топтарына көлік қол жетімділігін жақсарту.
|
Тасымалдаушылар шығындарының уақтылы орны толмауының салдарынан жеңілдікті пайдаланатын жолаушылар мен қоғамдық көлік арасында антагонизмнін орын алуы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |