Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «17»қантардағы №1/30 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №1/30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»



жүктеу 1.67 Mb.
бет1/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «17»қантардағы

1/30 қаулысымен бекітілген


( «Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 1/30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 3/692 қаулысына енгізілген өзгерістермен )

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


  1. Тарау. Миссиясы мен пайымы

Қаладағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ету, халықты жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру.

Әлеуметтік қорғау саласында азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту.


  1. Тарау. Әлеуметтік қорғау саласы дамуының негізгі параметрлері

2.1) Ағымдағы жағдайды талдау
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау

Қалалық еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың өсімі байқалады: 2009 жылы олардың саны 706,8 адамды құраған болса, 2010 жылы 722,4 мың. адамды, ал 2011 жылдың үшінші тоқсанында 755,4 мың. адамды құрады. 2009 жылы экономикалық белсенді халықтың құрылымында жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 92,3 пайыз, ал жұмыссыздардың үлесі 7,7 пайыз болған болса, сәйкесінше 2010 жылы – 93,7 және 6,3 пайызды, 2011 жылдың үшінші тоқсанында - 94,4 және 5,6 пайызды құрады. Яғни талдау жасалған кезеңдегі жұмыссыздықтың деңгейі 2,1 пайызға төмендеген.

2009 жылы дағдарыстың әсерінен тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың деңгейі 0,3 пайыздан, 0,7 пайызға дейін өскен болса, аталған көрсеткіш 2010 - 2011 жылдары айтарлықтай қысқарып 0,4 пайызды құрады.

Сонымен қатар белсенді әйелдер санында да өсім байқалады: 2009 жылы олардың саны 374,4 мың адам болса, 2010 жылы 380,4 мың адамды, ал 2011 жылдың үшінші тоқсанында – 392,8 пайызды құрады. Экономикалық белсенді әйелдердің арасындағы жұмыс істейтіндердің үлесі 89,6 пайыздан, 93,6 пайзға дейін өсті, ал жұмыссыздардың үлесі 10,4 пайыздан 6,4 пайызға дейін қысқарды.

Жұмыссыздар құрамының 57 пайызы әйелдер, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздардың арасындағы әйелдердің саны 69 пайызға жуық.

Белсенді түрде Жол картасының аясында жүзеге асырылған шаралар, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органға жұмыс табу мақсатында өтініш білдірген жұмыссыздар санының өсуіне ықпалын тигізді. 2009 жылы осы мақсатта 19,6 мың адам өтініш білдірген. Соның ішінде 9,6 мың адам немесе 49 пайызы тіркелмеген жұмыссыз ретінде Жол картасына қатыстықандар қатарында, ал 51 пайызы немесе 10,0 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелгендер болып табылады. 2010 жылы тіркелген еңбек нарығының көлемі қысқарды. 2011 жлдың 11 айында жұмыс табу мақсатында өтініш білдіргендердің саны – 7,9 мың адамды құрады, яғни бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 45 пайызға аз.

Еңбек нарығында жасырын жұмыссыздықтың пайда болуы экономикалық жағдайдың шиеленісуіне алып келді. 2009 жылдың соңында оның деңгейі 0,4 пайыз мөлшерінде деп бағаланған болса, 2010 жылы 0,3 пайызды, ал 2011 жылы – 0,2 пайызды құрады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша шаралар Алматы қаласының жұмыспен қамту Бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу негізгі шара ретінде қалды. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган арқылы 2009 жылы - 4,5 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылған болса, 2010 жылы – 4,1 мың жұмыссыз, ал 2011 жылдың 11 айында – 4,1 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылған. Тіркелген еңбек нарығында нысаналы топқа жататын қабілеті төмен жұмыссыздар басым болуда. Олардың саны 70 пайыздан астам. Жұмыс орындарының құрылымы жұмыссыздардың кәсіби-білікті және орта жастағы құрамына сәйкес келмейді.

Аталған санаттағы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары қамтамасыз етуде: 2009 жылы қоғамдық жұмыс орындарында 4,7 мың адам, ал әлеуметтік жұмыс орындарында 619 адам жұмыс істеген болса, 2010 жылы қоғамдық жұмыстарда 4,4 мың адам, ал әлеуметтік жұмыс орындарында 561 адам, ал 2011 жылдың 11 айында тиісінше 4,6 мың. адам және 648 адам жұмыс істеген. Сәйкесінше қатысушы әйелдердің жеке салмағы 59,2 және 71,5 пайызды құрады.

Жыл сайын 1,4-1,5 мың жұмыссыздар кәсіби оқыту және қайта даярлау курстарына жіберілді. Оқытумен қамтылғандардың арасында әйелдердің үлесі 67 пайызды құрады.

Сонымен қатар, 2009 жылы Жол картасының аясында әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істегендердің, жастар іс-тәжірибесі бойынша тәжірибеден және қайта дярлау курстарынан өткендердің саны 11,9 мың адам болса, солардың басым бөлігі әйелдер болып табылады. Инвестжобаларды жүзеге асыру барысында 20,0 мың. адам уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

2010 жылы Жол картасының іс-шараларымен қамтылғандардың саны - 11,7 мың. адам болса, ал құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың саны - 7,3 мың. адам.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын пилоттық режимде іске асыру 2011 жылдың 1 шілдесінен басталды. Аталған бағдарламаның іс-шараларымен 2103 адам қамтылды, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында істейтіндер – 436 адам, қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстарынан өтетіндердің саны – 1667 адам.

Еңбек нарығының тенденциясы мен экономиканың дамуының жағымды болжамын ескерсек, алдағы уақытта халықты жұмыспен қамтудың өсімі мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі күтілуде. Тіркелген жұмыссыздықтың көлемі 3,0-3,5 мың адам шамасында сақталуда, ал тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 0,4-0,5 пайыз шамасында болуы болжануда.

Қызметкерлердің кепілдіктері мен еңбек құқықтарын қорғауда әлеуметтік әріптестік институты маңызды рөлге ие. Алматы қаласы әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматы қалалық өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағының арасындағы 2008-2010 жылдардағы өңірлік келісімі қатысушылардың өздеріне алған міндеттерін орындау мақсатындағы тығыз әріптестікке бағытталған. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы келісімге қол жеткізуде ұжымдық келісім-шарт тиімді құрал болып табылдаы. Сондықтан аталған бағыттағы жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. 2011 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалада 2497 ұжымдық келісім-шарт жасалынды. Жыл соңына дейін ірі және орта кәсіпорындардағы ұжымдық келісім-шартпен қамту 60,4 пайызды құрауы күтілуде. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілген болжам бағамы бойынша алдағы уақытта бұл көрсеткіш 2015 жылға қарай 71 пайызға, ал 2020 жылы 90 пайызға өседі деп болжануда.

Ішкі еңбек нарығын қорғау белгіленген квота шегінде шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырылуда. 2011 жылға Алматы қаласына белгіленген квота мөлшері 5100 бірлік. 2011 жылдың 11 айында 3756 шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген. Квотаны игеру 73,7 пайызды құрады. (2009 жылы 5503 шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген, квотаны игеру 88 пайызды құраған, 2010 жылы сәйкесінше). Рұқсат алған адамадардың арасында Түркия және Қытай елдерінің азаматтары басым. Қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің арасалмағы сәйкесінше 96 мен 4 пайызды құрады. Шетел жұмыс күшін тартушы ұйымдарда қазақстандық азаматтар үшін 6164 жұмыс орындары құрылды, ал 3238 адам кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өтті.



Халыққа әлеуметтік көмек көрсету және өмір-сүру деңгейін жоғарылату

Халықтың тиісті өмір сүру деңгейін қалыптастыру үшін халықтың едәуір осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетіліп, жәрдемақылар төленеді. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатының белсенді түрін қолданудың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны жылдан жылға төмендеуде.

2011 жылдың 11 айында АӘК алушылардың саны 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,5 пайызға төмендеп, 2560 адамды құрады. АӘК алушылардың жартысынан көбі – балалар, әрбір үшінші адам жұмыссыз, сондай-ақ бала қарап отырғандар, студенттер, мүгедектер мен тағы да басқалар.

Атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың саны азайғандықтан, жұмысқа қабілетті халықтың үлес салмағы да төмендеп, 39 пайызды құрады, бұлай болуының басты себебі жұмыссыздардың арасында олардың үлесінің жоғары болуына байланысты. АӘК алушы жұмыссыздар –жұмысқа орналасуда қиындық көретін әйелдер болса, соның 67 пайызы 45 жастан асқан әйелдер мен жас балалы әйелдер болып табылады.

2009 жылдың 11 ай ішінде балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы (18 жасқа дейін берілетін жәрдемақы) 33,8 млн. теңге сомасында 3894 адамға тағайындалған болса, 2010 жылдың сәйкес кезеңінде аталған жәрдемақы 36,1 млн теңге сомасында 3642 адамға, ал 2011 жылдың 11 айында 29,4 млн. теңге сомада 3018 адамға тағайындалды.

2009 жылы тұрғын үй көмегі 234,7 млн. теңге сомасында 8092 алушыларға тағайындалды. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға 178,1 млн. теңге сомасында 5714 адамға және аз қамтамасыз етілген 2378 отбасыға 56,6 млн. теңге сомасындағы тұрғын үй көмегі көрсетілген. Ал 2010 жылы аталған көмек 212,3 млн. теңге сомасында 8499 алушыларға тағайындалды. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушылары мен оларға теңестірілгендерге 151,5 млн. теңге сомасында 4483 адамға және аз қамтамасыз етілген 4016 отбасыға 60,8 млн. теңге сомасында, ал 2011 жылдың 11 айында 72,7 млн. теңге сомасында 8301 адамға (5210 адам ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері) тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Тұрғын үй көмегін жетілдіру бойынша соңғы 3 жылдың ішінде Алматы қаласының мәслихаты 3 шешім қабылдады. 2007 жылдың мамыр айынан бастап аз қамтамасыз етілген отбасылардың мүмкін болған шығынының үлесі тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің төлемі үшін 10 пайызға төмендетілді. Қалалық мәслихаттың 2010 жылдың желтоқсанында бекіткен Тұрғын үй көмегін тағайындаудың жаңа Ережесіне сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде күрделі жөндеуге және кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар да ескерілетін болды.

Қалада мемлекеттік шаралармен қоса, қала әкімдігі мен мәслихаттың шешімі бойынша халыққа әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Қала бюджетінен ай сайын барлық зейнеткерлерге, сонымен қатар соғыс жылдарында тылда жұмыс істегендерге арнаулы қалалық жәрдемақы 1,0 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде төленеді. Зейнеткерлер санының өсуіне байланысты арнаулы қалалық көмек алушылардың саны да өсуде. Егер 2009 жылдың 11 ай ішінде жәрдемақы 136350 адамға 2 076,2 млн. теңгеге тағайындалған болса, 2011 жылдың 1 желтоқсанында жәрдемақы алушылардың саны 145186 адамды құрап, оларға 2 409,4 млн. теңгеге сомасында жәрдемақы тағайындалды.

2009 жылы мүгедек балаларды үйде оқытып тәрбиелеушілерге 6,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде 433 балаға 10,1 млн. теңге тағайындалған болса, 2011 жылдың 11 айында аталған көмек 708 мүгедек балаларға 18,2 млн. теңге сомасында тағайындалды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға 5,0 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. 2009 жылдың 1 желтоқсанына аталған көмекті 23,3 млн.теңге сомасында 4858 адам алған болса, 2010 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көмекті 4274 адам 23,3 млн. теңге сомасында, ал 2011 жылдың 11 айында 4701 адам 27,9 млн. теңге көлемінде алды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және қала зейнеткерлерінің әлеуметттік мәселелерін шешу мақсатында санаториялық-курорттық ем қабылдау үшін жеңілдіктер белгіленген. 2009 жылы санаториялық-курорттық емді 2560 адам 199,6 млн. теңге сомаға алған болса, 2011 жылдың 11 айында 3515 соғыс және еңбек ардагерлері жалпы сомасы 293,4 млн. теңгеге денсаулықтарын түзеуге мүмкіндік алды.

2009 жылы 6,9 млн.теңге сомаға 1300 ыстық және суық су құрылғылары орнатылып, тексерілген болса, 2010 жылы 4,0 млн. теңге сомасындағы қаражатқа 700 ыстық және суық су құрылғылары орнатылып, тексерілді. 2011 жылы әлеуметтік төлемдер жүйесінің оңтайландырылуына байланысты тұрмысы төмен азаматтарға орнатылатын есептеуіш құралдар, оларды орнатуға арналған материалдық көмекпен алмастырылды.

Қарт адамдарды, ардагерлерді, зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту
Алматы қаласында 163 246 зейнеткер өмір сүреді, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 1733 адам, еңбек майданының қатысуышлары - 22 943 адам, Ленинград қоршауында болғандар – 118 адам, мүгедектердің барлық санаты бойынша- 34 943 адам, «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапатталған көп балалы аналар - 3653 адам. Сондай-ақ 1361 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте тегін жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту шаралары Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 «Кемтар балалардың әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында жүзеге асырылуда.

Аталған құқықтық нормативтік құжаттардың негізінде тұрғылықты жері бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуымен мүгедектердің барлық санаттары қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу, сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық бұйымдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының регламенттер мен стандарттарда бекітілді.

Мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, оларға әлеуметтік карталар құрастырылады, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасына сәйкес әр түрлі әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етіледі, үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетіледі, интернат-үйлерінде күтіліп, денсаулықтарын шипажай-курорттарда сауықтырады.

Мүгедектерді әлеуметік қорғауға арналған шығындар жыл сайын ұлғаюда. Ымдау тілі мен жеке көмекшінің қызметіне мұқтаж мүгедектердің саны өсіп, соған байланысты аталған қызметтер төлемінің шығыны да өсуде.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында, 2009 жылы - 243 млн. теңге, 2010 жылы – 343,6 млн. теңге, ал 2011 жылы – 421,4 млн. теңге бөлінді. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 2011 жылдың 11 айында 295 адам жүрдекше арбашалармен қамтамасыз етілді; шамамен 26 млн. тенгеге есту қабілеті төмен 521 адам сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді; 12 млн. теңгеге жуық сомаға көру қабілеті бойынша мүгедек 731 адам оқуға, жазуға сурет салуға мүмкіндік беретін тифлотехникалық құралдармен; 1043 адам 56,8 млн. теңге сомасындағы гигиеналық бұйымдармен; сондай-ақ 95 адам ымдау тілі мамандарының қызметімен, 385 адам жеке көмекшілердің қызметімен, 250 мүгедек дыбысты–протездеу көмегімен және протездік-ортопедиялық көмекпен 1464 адам қамтамасыз етілді.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап психофизикалық даму мүмкіншілігі шектеулі балалар алатын «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң күшіне енді. 2011 жылы Алматы қаласына республикалық бюджеттің қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мүгедек балалардың күндізгі уақытта болуына арналған бөлімдерінің жүйесін құруға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 62,6 млн. теңге, сонымен қатар 50 орындық осы үлгідегі «Алматы қалалық балалар психикалық-неврологиялық интернат үйі» ММ құруға 23 млн. теңге бөлінді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттары жасалынды. 2010 жылы аталған стандарттың міндетті қызметтерді көрсетуді ұлғайту бөлігіне өзгертулер енгізілді. 2011 жылы міндетті ұсынылатын қызметтердің санын ұлғайту бөлігіне өзгерістер енгізілді. Мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты мәселелерді шешу үшін «Мирный Казахстан», «АРДИ», «РУХ жастар Одағы» қоғамдық қорлары 300 балаға және 18 жастан жоғары психоневрологиялық ауытқуы бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

Мүгедек балаларды үйде оқытып-тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсету мақсатында әкімдіктің 2002 жылғы қаулысына сәйкес тоқсан сайын 6,5 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленді.



Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған 74 пәтерлік Әлеуметтік үй және 350 орындық Ардагерлер үйі сонымен қатар, 160 адамға есептелген «Алматы қалалық (балалар) психо-неврологиялық интернат үйі» және 630 адамға есептелген «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектер мен тұлғаларға арналған интернат үйі (ересек)» ММ жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, мүгедек отбасыларға арналған 25 пәтерлік тұрғын үйінің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.






Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 ақпанда №1/138 «Мүгедектер үшін жұмыс орнындары квотасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жыл сайын мүгедектерге жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіліп, қоғамдық жұмыс орындарда уақытша жұмыспен қамтумен қамтамасыз етілуде, сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындарына және кәсіби даярлау және қайта дярлау курстарына жіберу жүзеге асырылуда. 2011 жылдың 11 айында қоғамдық жұмысқа қатысқан мүгекдердің саны – 33 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер - 214 адам, жұмысқа орналастырылғандар -31 адам, сондай-ақ қайта даярлау курстарында оқыған мүгедектердің саны – 52 адам.

Алматы қаласының халқын әлеуметтік қорғау стратегиясын жүзеге асыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін және жетістік мүмкіндіктерін бағалауды және артықшылықтар мен мүмкіндіктерді мейілінше тиімді пайдалануды, сондай-ақ кемшіліктерді жою мен қауіп-қатерден қорғау бойынша ұсыныстарды әзірлеуді талап етіледі.


2.2) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

  • жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың ахуалы;

  • кадрлық әлеуетті сақтап қалу мен жұмыссыздықтың өсуін тежеуші фактор, қызметкерлерді мәжбүрлі еңбек демалысына жіберу немесе жұмысты уақытын толық емес жұмыс режиміне ауыстыру болып табылады;

  • қалалық еңбек нарығына салмақ түсуіне үлкен көлемдегі жұмысқа қабілетті халықтың қалаға тұрақты мекен-жай іздеп келуі және іргелес ауылдық аудандар мен заңсыз еңбек мигранттарының ауып келуі ықпал етуде;

  • еңбек нарығына қажетті жұмыс күшінің талабына кадрларды даярлау сапасының сай келмеуі;

  • экономикалық конъюнктураның нашарлауы, жұмыссыздықтың өсуі, жұмыс күшіне жұмыс берушілер тарапынан ұсыныстың төмендеуі, аз қамтамасыз етілеген азаматтар санының өсуіне әсер етуі мүмкін;

  • қоммуналдық қызмет тарифінің және азық-түлік бағасының жоғарылауы және т.б. ;

  • Алматы тұрғындарының арасында мүгедектер, зейнеткерлер және ардагерлер санының өсуі;

  • көші-қон үдерісінің есебінен мүгедектер, зейнеткерлер мен ардагерлер санының өсуі.


Ішкі факторлар:

  • еңбек нарығында нысаналы, қабілеті төмен жұмыссыздардың көбейуі;

  • жұмыс орындарының жетіспеушілігі, әйелдер мен жастарға және басқада нысаналы топтағы жұмыссыздарға арналған икемді жұмыс түрінің болмауы;

  • жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу және бос жұмыс орындары туралы мәлімет беру бөлігін орындамағандығынан.

  • жұмыссыздардың кейбір бөлігінің, әсіресе ұзақ уақыт жұмыс істемегендердің еңбек қызметін қайта бастауға деген ынтасының төмен болуы;

  • «көлеңкелі» жұмыспен қамту және жасырын жұмыссыздықтың болуы аз қамтамасыз етілген тұлғаларға табысы туралы мәліметті растауға мүмкіндік бермейтіндігі;

  • мүгедектердің әлеуметтік қызмет алу саласындағы құқықтары туралы хабардар болмауынан;

  • ЖОБ болмауы (жеке оңалту бағдарламасы);

  • Алматы қаласының аумағына тіркелу туралы құжатының болмауы;

  • мүгедектер үшін қоғамдық көліктің қолжетімді болмауы.


3 Тарау. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
1.Стратегиялық бағыттар. Жұмысты жоғалту (жоқ болу) тәуекелдігін басқару
Мақсаты 1.1. Жұмысты жоғалту (жоқ болу) тәуекелдігін ескерту
Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды: 003- Жұмыспен қамту бағдарламасы, 023 - «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау, 030 – Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар (соңғы кезеңдегі жетістіктермен көрсету)

Ақпараттар көзі

Өлшем бірлігі

Оның ішінде аралық маңызын көрсету

есептік кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  1. Жұмыссыздық деңгейі




Статистика

Департаменті



%

7,7

6,3

7,1

5,6

5,5

5,4

5,3

Нысаналы индикаторға жету жолдары, тәсілдері мен шаралары
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет