Алматы қаласы әуезов ауданы әкімі аппаратының 2015 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп



жүктеу 353.5 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі353.5 Kb.



АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ

2015 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

ЕСЕП

БЮДЖЕТ

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратына бөлінген жылдық қаржы -4179010,0 мың.теңгені құрайды, 12 айлық -4179010,0 мың.теңге құрады, 25.12.2015 жылдағы күйi бойынша игерілген қаржы сомасы -0,0 мың теңге, ауытқу -0,0 мың теңгеге немесе 100%.


САЛЫҚ ТҮСІМІ БОЙЫНША

Алматы қаласы Әуезов аудандық кірістер басқармасы бойынша 31-желтоқсан 2015 жылға мемлекеттік салық түсімі 104,9 пайызға орындалды. 2015жылдың салық болжамы 61 435 924,0мың теңге,нақты салық түсімі 64 425 337,0 мың теңге. Өткен 2014 жылмен салыстырғанда 122,3 пайызға орындалған, яғни 11 754 237,0 мың теңгеге артык салық түсімі тускен (31-желтоқсан 2014 жылғы нақты салық түсімі – 52 671 100,0 мың теңге).

31-желтоқсан 2015 жылға республикалық салық түсімі 107,3 пайызға орындалды .2015 жылдың республикалық салық болжамы 37 073 141,0 мың теңге, нақты салық түсімі 39 781 563,0 мың теңге. Өткен 2014 жылмен салыстырғанда 128,8 пайызға орындалған, яғни 8 884 227,0 мың теңгеге артык салық түсімі тускен ( 31-желтоқсан 2014 жылғы нақты салық түсімі –30 897 336,0 мың теңге).

31-желтоқсан 2015 жылға жергілікті салық түсімі 101,2пайызға орындалды.2015 жылдың жергілікті салық болжамы 24 362 783,0 мың теңге, нақты салық түсімі 24 643 774,0 мың теңге. Өткен 2014 жылмен салыстырғанда 113,2 пайызға орындалған, яғни 2 870 010,0 мың теңгеге артык салық түсімі тускен (31- желтоқсан 2014 жылғы нақты салық 21 773 764,0 мың теңге).


мың теңге есебімен

Бюджет түрі

31.12.15 ж болжау

31.12.15 ж нақты салық түсімі

орындалуы%

31.12.14 ж

нақты салық

түсімі

% өсім

Республикалық


37 073 141,0

39 781 563,0

107,3

30 897 336,0

128,8

Жергілікті

24 362 783,0

24 643 774,0

101,2

21 773 764,0

113,2

Мемлекеттік

61 435 924,0

64 425 337,0

104,9

52 671 100,0

122,3


КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ

Аудандағы өнеркәсіп секторы жалпы қалалық өнеркәсіп өнімдерін шығару деңгейінің 12,4 % қамтиды.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) 72 млрд. теңге көлемінде өнім өндірген, яғни 2014 жылғы осы уақытпен салыстырғандағы нақты көлем көрсеткіші 100,3%-ды, бөлшек тауар айналымың нақты көлемі 201,7 млрд.тенгені құрап, 2014 жылғы осы уақытпен салыстырғандағы нақты көлем көрсеткіші 125,2% болып отыр.

Ірі және орта кәсіпорындарда жалданбалы жұмысшылардың нақты саны 36 265 мың адам. Өткен жылмен салыстырғанда 108,4 % өскен.

Аталған сектордағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 115 754 тенге. Өткен жылмен салыстырғанда 94,0% өскен.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестицияның 48,4 млрд. теңгесі игеріліп, Өткен жылмен салыстырғанда 97,3% өскен. Аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталдағы жалпы қала бойынша инвестициялық үлесі –10,5%.

Тіркелген заңды тұлғалар саны Аудан бойынша 2015 жылдың басынан бері 14 285 (жұмыс істейтіні – 8 562 ) заңды тұлға тіркелген, оның ішінде, шағын –14 045 (жұмыс істейтіні – 8 338), орта – 181 (жұмыс істейтіні - 168), ірі кәсіпорын – 59 (жұмыс істейтіні - 56).

Кіші және орта бизнес саласын дамыту жағдайы тұрақты қалыптасқан аудан бойынша 13 081 кәсіпорын тіркелген оның ішінде жұмыс істейтіні 7 846, белсендісі 5 881.

Кәсіпкерлер үшін сауықтыру және мемлекеттік қолдаудың басты құралы – Индустрияландыру картасы, «Биснестің жол картасы-2020», «Өндірістілік-2020» және тағы басқа да бағдарламалар болып табылады.

Бизнестің жол картасы-2020

2015 жылдың басынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 1 бағытын қаржыландыру аясындағы жобалар бойынша ауданда 14 жоба мақұлданды. Жобалардың сомасы 2,1 млрд. теңгені құрайтын.

1. «Досчан-М» ЖШС автокөлік алды, жоба сомасы 24 568 000 теңге;

2. «Айым Логстик Сервис» ЖШС автокөлік алды, жоба сомасы 19 278 311 теңге;

3. "Compass Land" ЖШС автокөлік алды, жоба сомасы 14 600 000 теңге;

4. "Фаспо" ЖШС өндірістік база алу , жоба сомасы 202  400 000 тенге;

5. "Бетон" МТК автокөлік алды, жоба сомасы 57 395  827 тенге;

6. ТОО "Лор Цент Ай-Медикус" өндірістік база алу , жоба сомасы 97 550  000 тенге;

7.«ОCIN» ЖШС «Сарыарқа» кино орталығын кеңейту және жаңарту, қосымша залдар ашу, жоба сомасы 389 602 024 тенге;

8. «Хлебобулочный комбинат «Алматынан» ЖШС пісіру пештерін жаңғырту, заем сомасы 4 498 000 тенге;

9. «Мыспаева» ЖК фитнес клубтың құрылысы жоба сомасы 50 000 000 тенге;

10. «Досчан-М» ЖШС автокөлік алды, жоба сомасы 20 000 000 теңге;

11. «Медцентр-Рахат» ЖШС медициналық орталығының құрылысы - сомасы 130 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды сатып алу;

12. «SBS med Орталығы зертханалық зерттеулер» ЖШС несие қарыздарын қайта қаржыландыру ДБЗ, сомасы 266 298 147 тенге;

13.«Онкологиялық орталығы Сұнкар ішкі қайта қаржыландыру» ЖШС сомасы 840 560 000 тенге;

14. «Клиника доктора Раисовой Медицинский центр Рада» ЖШС сомасы 46 500 000 теңгеге, медициналық жабдықтарды сатып алу.



Индустрияландыру картасының аясында

Аудан көлемінде кәсіпорындарындарда 1 жоба «Цин-Каз» ЖШС томат өнімдерін шығару бойынша қолданыстағы технологиялар қатарына автоматизациялау және өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстың аяқталуы 2016 жылға жоспарланып отыр және жобаның бағасы – 618 млн. теңгені құрайды.



Жібек жолы бағдарламасы

2015 жылдың басынан «Жібек жолы» бағдарламасының бағытын қаржыландыру аясындағы жобалар бойынша ауданда 6 жоба мақұлданды. Жобалардың сомасы 325 млн. теңгені құрайтын.



Ауыл шаруашылық жәрменкелері

«Алматы қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуі» бағдарламасына және Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласындағы азық-түлік жәрмеңкелері туралы» Қаулысына сәйкес, ауданда Н.Сац атындағы жасөспірім театырының жаныңда Алматы облысының ауыл шаруашылық кәсіпкерлерімен әр аптаның сенбі-жексенбі күн 52 сауда орны бар жәрменке өткізіледі. Мұнда Алматы облысының Еңбекші-Қазақ, Талғар, Жамбыл, Іле және Қарасай аудандарының кәсіпкерлері қатысады. «Алматы» АТК АҚ ұлттық компаниясының 15 павильоны жұмыс істейді.



Рұқсат берілмеген орындардағы сауда

Жылдың басынан бастап, 116 рұқсатсыз орналастырылған дүңгіршек пен контейнерлер бұзылып алынды, Аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің «Белгіленбеген жерлердегі сауда» бойынша 204-бабына сәйкес 844 әкімшілік хаттама толтырылды.



Жаңа нысандардың ашылуы

2015 жылы ауданда қызмет көрсету саласында олар «Алматинский Золотой Базар», «Грант Парк Алматы» бірінші комплексі, «Сатті» сауда орталықтары, «Сарбаз», «Гранд Остериа», «Rass-Al palas», «Шафран» мейрамхана құрылымдары, «ЕМБУСУ» монша құрылымы, «Спутник» сауда үйі аумағында көк-өніс базары және т.б. қолданысқа берілді, осы нысандар бойынша 2182 жұмыс орны құрылды.

2016 жылы ауданда «Москва», «Almaty mall» және «Грант Парк Алматы» екінші сауда орталығында «Казак ауыл», «Арбат» комплекстері сонымен қатар Алматы және Алматы облысы өндірушілеріне алма сатылатын жәрменке қатары және т.б. ашылад.

Іс-шаралар

2015 жылы аудан кәсіпорындарын қолдау бағытында көптеген ісшаралар жүргізілді.

Аудан кәсіпкерлері «Экспортер-2020» семинарларына қатысып, базар басшыларымен «Базарларды қайта жаңғырту» мәселелері бойынша жиналыс, жыл сайынғы «Әуезов ауданындағы кәсіпкерлік күні» акциясы өткізілді.

Сонымен қатар, аудан өндірушілері кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қалалық және аудандық көрмелерге, оның ішінде «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос орындар жәрменкесі» жыл сайын өткізілетін «Мемлекеттік тапсырыс 2016», «Инновациялық Конвент» акцияларына қатысты.

Қалалық «Алматы гүл қала» фестиваліне ауданның кәсіби және әуесқой флористері конкурсында 1-ші орынды жеңіп алды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында өтен «Қазақстан үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсына ауданнан 18 өндірістік кәсіпорын қатысты.

Аталған конкустың нәтижесі бойынша 3 өнеркәсіптік кәсіпорын Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған «Алтын сапа» және «Парыз - 2016» конкурс-көрмелеріне қатысты.
КӨРІКТЕНДІРУ

Ауданның санитарлық жағдайы

Қазіргі таңда ауданда ұзындығы 58,15 км құрайтын 18 магистралды деңгейдегі, ұзындығы 33,555 км құрайтын - 34 аудандық деңгейдегі, ал ұзындығы 80,264 км құрайтын 108 жергілікті деңгейдегі көшелерге, барлығы ұзындығы 171,969 км құрайтын 160 көшелерге қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, ұзындығы 77,83 км құрайтын 44 аулааралық жолдарға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Аудан бойынша барлығы 249,799 км құрайтын 204 көшелерге және аулааралық өтпе жолдарға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Аудан көшелерінде санитарлық жинау бойынша қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу байқауының жеңімпаздары болып табылатын арнайы мердігер ұйымдарға жүктелген.

Атап айтсақ, 91,705 км құрайтын қалалық және аудандық деңгейдегі көшелерді кездейсоқ қоқыстардан тазалау, сыпыру, қар жамылғыларынан тазалау, көктайғаққа қарсы қоспаларды себу жұмыстарын «Алматы Тазалық» МКК-ы күнделікті жүргізеді.

«Таугүл-3», «Таугүл-1,2», «Школьный» шағынаудандарындағы 36,626 км құрайтын көшелерді кездейсоқ қоқыстардан тазалау, сыпыру, көшелерді қар жамылғыларынан тазалау, көктайғаққа қарсы қоспаларды себу жұмыстарын «BSHZ-DOSTYK Company» ЖШС мекемесі жүргізеді. «Достық», «Алтын Бесік», «МТФ» шағынаудандарындағы 43,638 км құрайтын көшелерді кездейсоқ қоқыстардан тазалау, сыпыру, көшелерді қар жамылғыларынан тазалау, көктайғаққа қарсы қоспаларды себу жұмыстарын күнделікті «Аван Құрылыс» ЖШС жүргізеді.

Ауданда ұзындығы 86,02 км құрайтын 24 көше бойындағы жаяу жүргінші жолын тазалау, сыпыру, қар жамылғыларынан тазалау, көктайғаққа қарсы қоспаларды себу жұмыстарын «Фирма ЛЭУ» ЖШС.

Аудан бойынша ұзындығы 91,54 км құрайтын арық жүйесін тазалау жұмыстарын «BSHZ-DOSTYK Company» ЖШС мекемесі жүргізеді.

Жыл басынан бастап Әуезов ауданы бойынша аудан қызметкерлерімен, экологиялық инспекция, заңды және тұрғындармен бірлесіп 45 аудандық және 2 қалааралық сенбілік жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан бойынша иесіз және қамтамассыз етілмейтін аумақтарда жүргізілді.

Ауэзов ауданы бойынша магистральді көшелері, жергілікті және аудандық көшелерінде 548 ағашқа кесу, 7600 құрғақ және апаттық ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, аудан аумағына 548 өтемдік ағаштар отырғызылды.

Әуезов ауданында ұзындығы 7,385 км құрайтын ағымдық жол жөндеу жұмыстары жүргізілді (тізім қосымша парақта).

Сонымен қатар, ағымдық арық жүйесін жөндеу жұмыстары келесі мекенжайлар бойынша жүргізілді:


  1. Төле би көшесі мен Яссауи көшесінің (оңтүстік - шығыс жағы);

  2. Өтеген батыр көшесі (шығыс жағы) Абай даңғылынан төмен;

  3. Жұбанов көшесі мен Сайын көшесі (оңтүстік-шығыс жағы);

  4. Төле би көшесі мен Момышұлы көшесінің (солтүстік-шығыс жағы);

  5. Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының (солтүстік-батыс жағы);

  6. Өтеген батыр көшесі мен Жұбанов көшесінің (солтүстік-шығыс жағы);

  7. Өтеген батыр көшесі мен Қуанышбаев көшесінің (оңтүстік-шығыс жағы);

8. Пригородный көшесі.

Магистральді көшлерде жүріп жатқан 27 құрылыс алаңына баннер ілу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, аулааралық құрылыс алаңдарына баннер ілу жұмыстары жүргізілді.

«Сайран» көлінің (батыс жағы) жағалауына ағымдық жұмыстары және демалыс орынына көріктендіру жұмыстарын жүргізу аяқталды. Бұл бағыт бойынша келесі жұмыстар атқарылды:


  • сыртқы жарықтандыру желісін орнату;

  • жолды асфальттау;

  • жәшігімен бірге орындықтар орнату;

  • жағаға күш шатырын орнату;

  • құтқарушыларға арналған мұнара орнату;

  • гүлзарларын орнату;

  • тоспа орнату;

  • полиция пункті орнату;

  • балалар ойнайтын алаң орнату;

  • спорт алаңы орнату.

«Город для людей, а не для транспорта» жобасы бойынша Әуезов ауданы аумағында Б. Момышұлы көшесінде (шығыс жағы) ағымдық жөндеу жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, кіші архитектуралық формалар орнату жұмыстары аяқталды. Бұл бағыт бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

- балалар ойнайтын алаң орнату;

- зейнеткерлерге арналған спорт алаңын орнату;

- орындықтар орнату

- қоршау орнату;

- көгал орнату;

- велосипед жолы;

- қоқыс жәшіктерін орнату.



Көгалдандыру

«Парктерді және саябақтарды дамыту» бағдарламасына сәйкес, келесі мекенжайлар бойынша көріктендіру жұмыстары жүргізілді:



  1. «Мамыр-2» шағынауданы Шаляпин көшесінің бойы;

  2. Сайын көшесі мен Ұлықбек көшесінің қиылысы (солтүстік- батыс);

  3. «Жетісу-3» ш/а №64 үйдің жаны;

  4. Өтеген батыр (шығыс жағы) көшесінің бойы Абай мен Жұбанов көшелері аралығы;

  5. Саиын көшесі Райымбек даңғылынан жоғары Қабдолов көшесіне дейін «батыс жағы);

  6. Сүлейменов-Жандосов көшелерінің оңтүстік-батыс жағы;

  7. Момышұлы-Шаляпин көшелерінің оңтүстік-батыс жағы;

  8. Сайран өзенінің батыс жағалауы;

  9. Момышұлы көшесі Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін (Ян Гейл).

Жоғарыда аталған жерлерде де жаяу жүргінші жолдарға жаңа асфальт жамылғысын, мүсіндер, көгал алаңдарын төсеу, көшеттер отырғызу, орындықтар, қоқыс жәшіктерін, сыртқы жарықтандыру шамдарын және қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.




Жұмыстың түрлері

Жоспар

Орындалу фактісі



Ағаштарды санитарлық кесу

548дана.

548 дана.



Ағаштарды санитарлық қырқу

7600 дана.

7600 дана.



Көгалдарды жайластыру

17000м2

25749 м2



Қоршауды бояу(2р)

25536п.м.

25536 п.м.



Орындықтар бояу(2р)

1131 дана.

1131 дана.



Гүлзарларды бояу (2р)

924 м2

924 м2



Гүлзарлар

1500 м2

1500 м2



Ағаштарды әктеу(2р)

30 146 дана.

30 146 дана.



Ағаштарды химиялық өңдеу (2р)

30 146 дана

30 146 дана



Раушан гүлдерін дәрілеу (2р)

8990 м2

8990 м2


Ауданның магистралды көшелерін жарықтандыру

Ауданда барлық магистралды көшелер жарықтандырылған, жарық шамдарының жалпы саны – 9112 дана, электр сымдарының ұзындығы – 295,30 км. Күнделікті жарық шамдарын тексеріп, істен шыққан шамдарды ауыстыру жұмыстарын «Алматықалажарық» АҚ жүргізеді. Ағымдағы жылы «Алматыгорсвет» АҚ күшімен 5 794 шам, 11 690 м СИП және 1 845 м тоқ ауыстырылды.


Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару

Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару бағдарламасының әкімшісі ретінде Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өткізген байқауының нәтижесі бойынша аудандағы қоқыс шығару мекемесі – Әуезов ауданы бойынша учаскесі «Тәртіп» АҚ, техника саны – 43 дана, ауданда 247 контейнерлік алаңға қызмет көрсетеді, яғни, жалпы контейнерлік алаңдарда орнатылған контейнерлер саны – 1 872 дана.

Күнделікті белгіленген кестеге сәйкес қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп, көріктендіру бөлімімен қадағалануда. Жыл басынан орташа есеппен қалалық полигонға 102 016,86 тоннадан астам қоқыс шығарады.

2015 жылдың басынан бастап, Әуезов ауданы бойынша 153 контейнерлік алаңға жөндеу жұмыстары және 21 алаңға асфальт төселінді, сонымен қатар қосымша 7 жаңа контейнер алаңы салынды. Қоқыс шығарушы мекеме «Тәртіп» АҚ 2016 жылы жаңа 25 конейнерлік алаңға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

«ТКШ 2011-2020 жж. жаңғырту» бағдарламасының жүзеге асырылуы

«2011-2020 жылдарда Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің бастамасымен 197 үйді қамтитын тұрғындармен 114 жиналыстар өткізілді.

2015 жылы Әуезов ауданында 21 көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 15 үйдің құжаттары уәкілетті органға өткізілді.

«Қауіпсіз аула» бағдарламасының жүзеге асырылуы

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Әуезов ауданы аулаларында бейне қадағалау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.



Аудан аумағында бүгінгі күні барлығы - 6796 бейне бақылау қондырғысы орнатылған, оның ішінде сыртқы – 3430, ал ішкі – 3366. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында, жалпы саны 405 ауланы қамтитын – 3997 бейне бақылау қондырғысы орнатылды.

Электрмен жабдықтау

Аудан аумағында №7 ПС (220/110/10кВ) Төле би көшесінің оңтүстігі мен Өтеген батыр көшесінің батысында «АЖК» АҚ инвестициалық бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың басынан бастап «ЭМ-Транш» ЖШС күшімен «электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында шаматан тыс қолданылған және қызмет көрсету мөлшерінен асып кеткен 10 кв 7-ЭЖТ-шы электр таратушы жүйесін қайта құрылымдау және жаңарту» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта «ВЛ-0,4кВ сымын СИП құрылымдау» жобасы бойынша «Электроремонт» ЖШС «АЖК» АҚ тапсыруымен бағандарды орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, «Мамыр» паселкасы, «Достық» шағынауданындағы шектен тыс қолданылған трансформатор қондырғыларын қайта құрылымдау бойынша «ЭЛМО» ЖШС жұмыстар жүргізіп жатыр, тапсырыс беруші «АЖК» АҚ.



Сумен жабдықтау

Аудан аумағындағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 375 000 п.м құрайды, ал кәріз желілері 236 441,74 м.

Қазіргі уақытта «Школьник-1,2» шағынаудандарындағы сумен қамту жүйесі жобаның шешімінсіз ұйымдастырылған, су көзі таудың суы болып отыр. Сондай-ақ, судың берілуі су құбыры жүйесінде бастапқы өңдеуден өтпей және қосымша тазаланбағандықтан ауыз су сапасының нормасына сәйкес келмейді.

Кәріз жүйесін тұтыну жоғарыда аталған мәселеге ұқсас, жергілікті септиктерді пайдалану жиі байқалады.

Осы аталған мәселені шешу үшін су құбыры және кәріз желісі жүйесін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, алдағы уақытта қолданысқа беру қажет болып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылда мемлекеттік тапсырыспен Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Таугүл-3», «Алтын бесік» және «Достық» шағынаудандырын су құбырымен және кәріз желісімен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл жобаның іске асырылуы 2015-2016 жж. жоспарланған.



Жер үйлерді газдандыру жұмыстары

Қазіргі уақытта Әуезов ауданы аумағындағы жер үйлерді газдандыру жұмыстары толық көлемде қамтамасыздандырылуда.

Жер үйлердің жалпы саны 6689 құрайды, оның ішінде 6609 үй газ жүйесіне қосылған.

Жылу жүйелері

Аудандағы жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 296 000 п.м құрайды, газ жүйелеріне «Алматы жылу жүйелері» ЖШС қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Нұрлы-Жол» бағдарламасына сәйкес құбырдың ұзындығы 422 м, диаметрі 300 және ұзындығы 1300 п.м, диаметрі 400-500, ұзындығы 1300 п.м, диаметрі 600-800 құрайтын жылу жүйелеріне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізуде.


Қазіргі уақытта барлық тұрғын үй қоры, денсаулық сақтау және білім беру нысандары орталық жылу жүйесіне қосылып, жылудың үздіксіз берілуі бақылауға алынған.

Ауданда жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша көбқабатты тұрғын үйлерде 1977 есептеуіш құралын орнату қажет болған, соның ішінде қазіргі уақытта 1783 есептеуіш құралы орнатылып, алдағы уақытта қалған 194 есептеуіш құралын орнату жоспарланған.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС және ПИК арасында 118 есептеу құралын орнату бойынша келісім шарт жасалды. Жұмыстар жылыту маусымы аяқталғаннан кейін басталады.
2015-2016 жж. жылыту маусымы

МЖКС бойынша атқарылған жұмыстар (мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік серіктестік)

Ауданда мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік серіктестік барысында келесі мекенжайлардағы балалар алаңына қайта жабдықтау, жаңарту жұмыстары жүргізілді:



  • Саин көшесі, 10;

  • Саин көшесі, 8;

  • Саин көшесі, 14/1, 14;

  • №5 шағынаудан, 23;

  • №3 шағынаудан, 65;

  • Пятницкий көшесі, 1/35;

  • №3 шағынаудан, №37,38;

  • №8 шағынаудан;

  • Жандосов көшесі, 162 үй;

  • №8 шағынаудан (үй жануарларын қыдырту орны);

  • №5 шағынаудан, №49А (футбол алаңы);

  • «Ақсай-2» шағынауданы, №69А (футбол алаңы);

  • №9 шағынаудан, №16 (футбол алаңы);

  • №11 шағынаудан, №36 (футбол алаңы);

  • №6 шағынаудан, №51 (футбол алаңы);

  • Шаляпин көшесі («Бес қару» демалыс алаңы);

  • Саин көшесі мен Қабдолов көшесінің қиылысында саябақ ұйымдастырылды.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Ауданның қамқоршы және қорғаншы органының комиссиясына 2015 жылдың 18 желтоқсанына қамқоршы тағайындау туралы 33 өтініш қарастырылды. Қамқоршы және қорғаншы органының қадағалаынуда 275 іс есепте тұр.

Ауданда барлығы 4321 ТЕА тіркелген. Осы жылдың басынан Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 09 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі комиссиядан 368 адам өтті, олардың ішінен ТЕА статусын алғандар саны – 261.

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, сонымен қатар, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға қаржылай жәрдемақы төленуге 46 іс қабылданып, Алматы қалалық зейнетақы төлеу орталығына жолданды, жеңілдік алуға 53 куәлік берілді .



Әуезов ауданның еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініңАуданның еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша 2015 жылдың ішінде 2818 адам жолықты, оның ішінде жұмыссыздар саны 1344, мүгедектер саны - 120 адам, 16 жастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны 869 адам, оның ішінде мүгедектер саны – 28.

Жұмыссыз ретінде тіркеуде 238 адам тұр, оның ішінде мүгедектер саны – 7 адам, 16 жастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны 32 адам, оның ішінде мүгедектер саны –1.

Жұмысқа орналасуға жыл басынан 692 жолдама берілді.

Жұмысқа орналасқандар саны 2071 адам (оның ішінде «ЖҚЖК-2020» Бағдарламасы бойынша - 1573), оның ішінде 16 жастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны 116 адам.

Әлеуметтік жұмысқа жіберілгендер саны 92 адам, оның ішінде мүгедектер саны – 40 адам, 16 жастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны 26 адам, оның ішінде мүгедектер саны – 16.

Қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер саны 465 адам, оның ішінде мүгедектер саны – 16 адам, 16 жастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны –19 адам, оның ішінде мүгедектер саны – 2.

Кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздар саны – 163 адам, оның ішінде 16 жастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны –30, оның ішінде мүгедектер саны – 6.

Жастар іс-тәжірибесіне 102 адам жіберілді, оның ішінде мүгедектер саны – 2.

Жұмыспен қамту Кешенді жоспары бойынша 1417 адам жұмысқа орналасты.

2015 жылда2729 жаңа жұмыс орын ашылды. Жылдық жоспар 118,7 % орындалды.

2015 жылдың басынан Әуезов ауданы әкімінің сайтына мекемелер мен кәсіпорындардан түскен 1204 бос жұмыс орын туралы мәлімет енгізілді.

Әлеуметтік саладағы ең басты тағы бір мәселе – ол әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылар мен жағдайы төмен тұрғындарға дер кезінде берілетін көмек пен жәрдемақыларды тағайындап, уақытысында төлеуді қамтамасыз ету.

Ауданда зейнетақы және жәрдемақы алушылар саны – 67830 адам, оның ішінде жардемақы алушылар саны – 25288, зейнеткерлер саны – 42 542, олардың ішінде ҰОС мүгедектері – 95 адам, ҰОС ардагерлері – 43 адам.

Ауданның 5 әлеуметтік қызметкерлер бөлімі үйінде әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін 486 жалғызбасты, жалғызбасты тұратын қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуде.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА

Ауезов аудандық медициналық бірлестігі 12 медициналық ұйымнан құралған. Оның ішінде біріншілік медико-снанитарлық көмек- 5 емхана, 2 босандыру үйі, Санаторлық емдеу-2 балалар саноториясы, 1 балалар реабилитациялық орталығы,1 туберкулезге қарсы диспансер орталығы,1 көп бейіңді балалар стационары кіреді.

Қазақстан республикасының Президентінің жолдауында және елдің дамуына жасалатын 100 қадамда көрсетілгендей, медицина қызметкерлері және халықтың өз денсаулығына деген көз қарасын көтеру және арттыру.

Осыған орай медициналық ұйымдарында: қант диабеті мектебі, артериялық қан қысымы мектебі, бронх демікпесі мектебі, дені сау бала бөлмесі, жас ана мектебі, тәртіптік қауіп қатері мектебі, отбасын жоспарлау бөлмесі, егде адамдар мектебі, глаукома мектебі. Бүл денсаулық мектептерінде науқастар қажетті көмектер мен ақпараттар алады. Медициналық қызметкерлер науқастарға өз денсаулықтарын бақылауға және қолдауға көмектеседі.

Бүгінгі танда, әр поликлиникада халыққа медициналық қызметті ыңғайлы және қол жетімді болу үшін алдын-ала дәрігерге жазылу, автоматты электронды жүйе бойынша кезекте түру мәселесін шешуге комектеседи.

Әр медициналық мекемеде web-сайт және науқастарда қолдау қызметті көрсетеді.

Медициналық көмектің сапасын анықтауда сенім телефоны жұмыс істейді.2015жыл бойынша, 985 ауызша шағымдар мен ұсыныстар қаралған. Бұл сұрақтарды қарастыруда медицина мекемелерінің бірінші басшыларының еңбегі орасан.

Психологтар және әлеуметтік қызметкерлер белсенді түрде тек мекемеде ғана емес үй жағдайындада көмек көрсетеді. Медицина ұйымдарында штаттық мамандармен толығымен қамтамасыз етілуі –науқастарга толық қанды көмек көрсетуге жардемдесуде.

Барлық мекемелер мүгедектерге көмек ретінде техникалық құралдармен қамтылған: пандустар қойылған, есіктері ұлғайтылған, анықтама белгілері, шақырту түймесі.

Ауданда белсенді түрде «Салауатты өмір салты» бағдарламасы жүреді.

2015жыл бойынша, Әуезов ауданында келесі мақсатты индикаторлар іске асырылды:


  1. Орташа өмір сүру көрсеткіші 74,6жас(мемлекеттік көрсеткіш – 71 жас)

  2. Ана өлімінің болмауы

  3. Бала өлімі 13,3% 2015 жыл бойынша ( 15,6 % 2014жыл)

  4. Жүрек қан айналым жүйесі бойынша өлім көрсеткіші төмендеу - 2014 жылға 74,1 қарағанда 2015 жыл 41.8

  5. Туберкулез ауруының көрсеткіші төмендеу - 2014 ж 58,6, 2015 ж 45,5.

  6. Жыл сайынғы профилактикалық скрининг өткізудың арқасындақатерлі ісік ауруларын ерте кезінде анықтау мен дер кезінде көмек көрсету жоғарлады.

  7. Мүгедектерді реабилитацияжасау үшін күндізгі стационар – 860 адам, үйдегі стационар – 712 адам ем қабылдады.

  8. Тегін көмек көрсету бағдарламасы бойынша мүгедектер тегін дәрілік препаратпен қамтамассыз етілген (2015 ж – 18809, 2014 ж – 16982, 2015 ж – 64,913,175,00 тг, 2014 ж – 58,234,294,00 тг).


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Бөлімнің арнайы бекітілген бір жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2015 жылы 630 дан астам аудандық мәдени бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде 45-і – мемлекеттік және кәсіби мерекелер. Наурыз мейрамын тойлау кезінде Әуезов ауданы әкімдігі ғимараты алдында 15 қазақ үй тігіліп, мол дастархан жайылып, қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен (Жігіттер тобы, Медеу Арынбаев, Ескендір Хасанғалиев және т.б.) арнайы мерекелік концерт өткізілді, 9 мамыр Жеңіс күніне орай, «Фэмили» саябағында Ұлы отан соғысының 500 ардагерлері мен соғыс жылдары тылда еңбек еткен ардагерлерге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, мейрамханада түскі ас берілді. Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай «Спутник» ойын сауық орталығы мен «Фэмили» саябағында концерттер өткізіліп, қала тұрғындарының қатысуымен түрлі конкурстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне, Тәуелсіздік күніне, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халық Ассамблеясының 70 жылдығы мен Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты түрлі акциялар, концерттер, дөңгелек үстелдер, конкурстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салты мен спортты насихаттау шарасы бойынша 550 ден астам спорттық шаралар мен командалар арасында (мемлекеттік қызметкерлер арасында, жастар арасында, оқушылар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ардагерлер арасында) шахматтан, волейболдан, футболдан, боулингтен, дартстан және өзге де спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. 2015 жылдың тек қараша айының өзінде Халықаралық студенттер күніне орай, аудандағы жоғары және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің студенттері арасында мини футболдан, волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, және КТК (қазақша КВН) және «Ғасырлар жырлайды» тақырыбында Қазақа хандығының 550 жылдығына арналған интеллектуалды марафон өткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатында қазақ ертегілерін оқу бойынша шаралар өткізіліп, жастар арасында бірнеше акциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар өткізілді.

Студенттер мен мектеп оқушылары кітапханаларда өткізілетін конференцияларға, семинарлар мен дебаттарға белсенді қатысып отырады. 2015 жылы бөлім мемлекеттік тілді насихаттау бойынша 32 конкурс ұйымдастырды. Айта кететін бір жайт – қалалық конкурстарда Әуезов ауданы әкімінің аппараты жүлделі I және II орындарды иемденіп жүреді.

Ауданымызда 30 мыңнан астам студент білім алатын 6 жоғары және 22 арнайы техникалық орта білім беру мекемелері бар. Олардың барлығы студенттерге қажетті спорт және мәжіліс залдарымен жабдықталған. Барлық жоғары және арнайы орта білім беретін мекемелерде жылына бір рет арнайы слайдтармен, фотолар және видеолармен көркемделген терроризмге, экстремизмге, нашақорлыққа, алкоголизмге және әлеуметтік маңызы бар ауруларға (ВИЧ, СПИД, туберкулез және т.б.) қарсы семинарлар өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ ауданымызда оқушыларды тігу ісіне, сурет салу, аспаптарда ойнау және спортпен шұғылдануға баулитын 8 аула клубы жұмыс істейді.
БІЛІМ БЕРУ

Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында білім беретін циклдың барлық баспалдақтарының сапасын жақсарту үшін білім беру жүйесіне міндеттеп жаңа мақсат қойды.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 11207 бала санымен 45 мемлекеттік балабақша, 1869 бала санымен 35 жеке балабақша, 1548 бала санымен 14 шағын-орталықтар жұмыс істейді.

Ауданның мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне барлығы 14624 бала барады.

2010 жылдан ғана бастап балабақшамен қамтамасыз ету 4732 орынға яғни 55 % (пайызға) өсті.

Сол мезетте қаржыландыруды арттыру мен мектепке дейінгі тәрбие жүйесін кеңейту кезінде 0 жастан 6 жасқа дейін 7317 бала, ал 3 жастан 6 жасқа дейін 3708 бала есепте болды.

3 жастан 6 жасқа дейінгі баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – 61,3 %. Республикалық көрсеткіш – 78,4 %.

Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына әр жыл сайынғы жолдауында 2020 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен толық қамтамасыз етуге мақсат қойды.Аталған тапсырманы орындау мақсатында қала бойынша «Балапан» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламамен ауданда 720 орындық 6 жаңа мемлекеттік балабақша салынды. Осы бағдарламамен 684 бала санымен 19 жеке мектепке дейнгі тәрбие мекемелері жұмыс істеп жатыр.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар 2015 жылы 80 орны бар түзету балабақшасы салынды және пайдалануға берілді.

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен» мектептегі сапалы білімді қамту тапсырмасы алға қойылды. Ауданда 39042 оқушы оқитын 32 жалпы білім беретін мектеп бар (оның ішінде: қазақ тілінде оқытатын 11 мектеп, орыс тілінде оқытатын 11 мектеп, аралас (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын) 9 мектеп, ұйғыр тілінде оқытатын 1 мектеп).

Білім беру жетістіктерінің деңгейін ҰБТ-дан алынған орта балл дәлелдей алады, 2015 жылы 91,71 балл, 2014 жылғы көрсеткішке қарағанда 0,34 баллға жоғары.

ҰБТ-ға қатысушылардың ішінде 1331 түлектің 38-і өздерінің білімдерін дәлелдеді және жалпы білім туралы аттесттарын «Алтын белгі» алды, 27 түлек мектепті өте жақсыға бітірді, сонымен бірге №153 мектептің (орта балл – 105,67), №119 мектептің (орта балл – 104,38), №175 мектептің (орта балл – 104,05), №173 мектептің (орта балл – 100,20) түлектері жоғары нәтиже көрсетті.

Ауданның оқушылары әр түрлі конкурстарға да белсенді қатысты.

Өткен жылы оқушылар әр түрлі деңгейде жарыс түрінде өз білімдерін тексерді.

Аудандық пәндік олимпиадаларда жүлделі орынды 748 оқушы иеленді, қалалық олимпиадада 96 оқушы, республикалық олимпиадада 23 оқушы жүлдегер болды және халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 105 оқушы қатысушы да жүлдегер де атанды.

Ауданның 101 оқушысы Алматы қаласы әкімінің тағайындаған «Үркер» төс белгісінің иегері атанды, 12 оқушы Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қосымша білім беру оқу процесінің маңызды жасаушысы болып саналады.

Қосымша білім беру жүйесі 3 музыкалық мектеп, 7 аула және 2 әскери-патриоттық клубтан тұрады. Оқушыларды қосымша білім берумен қамту 32,3 % құрайды.

Балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мақсатында «Спутник» балаларды сауықтыру орталығында 580 әлеуметтік қорғалмаған балаларды қамтып, 5 сауықтыру маусымы өтті.


ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

Әуезов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының 2015 жылғы қызметі, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға; объектілерде техникалық регламаенттер талаптарының сақталу сәйкестігіне қадағалау-бақылау; жұқпа және паразитарлық аурулар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының тұрақтылғығын қамтамасыз етуге; сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын жүзеге асыруға бағытталды.

Есеп беріп отырған мезгілде 103 арыз-шағым, оның 24(23,3%) жазбаша түрде Әуезов ауданының тұтынушыларынан, 76 (74,7%) қоңырау ыстық желіге (73,7%) және 4 хат (3,8%) ғаламторлық желіге келіп түскен. Барлық жағдайларға байланысты түсіндірулер берілген, біздің құзырымызға кіретін мәселе бойынша 7 субъектіге тексерулер жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылық бойынша 475680 тенгеге 7 айыппұл салынып, мемлекеттік кіріс табысы бойынша басқармаға, алдағы уақытта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы «Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі» ҚР Заңына сәйкес, тұтынушылардың құқығын бұзушылық жөніндегі ҚР заңнамалығын бұзушылыққа жол бермеу үшін жеке кәсіпкерлерге жіберілді.

Кедендік декларацияға және ЕАС Кедендік Одақтың ЕАС-на келісіміне сай сатылатын тауарлардың, сәйкестік сертификатының болуын қадағалау үшін «BAKARDY» ЖШС-не автокөлік бөлшектеріне және балалар ойыншықтарының, «Dosgroup» ЖШС-не, автокөлік бөлшектері бойынша «СҮ Сапсан» ЖШС-не, балалар ойыншықтарына тексерулер жүргізілді.

«СҮ Сапсан» ЖШС-нің, анықталған заңбұзушылық бойынша, тауар сатуды 2 айға тоқтату жөніндегі тиісті құжаттары Мамандандырылған Ауданаралық Әкімшілік сотқа (МАӘС) беріліп, 198200 тг. сомасы көлемінде айыппұл салынды.

Одан бөлек, ауданның 11 объектісі бойынша, Ұлттық сараптама орталығында зертханалық тексерулермен, өнеркәсіптік тауарлар және арақ-шарап өнімдерін бақылауға сатып алу жүргізілді. Сәйкестігі сай емес тағамдардың материалдары «МАӘС»-қа жіберілді: «Грин март» супермаркетіне 991000тг., «Моника» минимаркетіне 396400тг., «Скиф сауда» ЖШС-нің «Смол» супермаркетінің 10 күнге қызметі тоқтатылып, 991000тг. көлемінде айыппұл салынды.

Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы кешенді шараларды жүрізудің нәтижесінде 2015 жылы түберкулез аурушаңдығының деңгейі 1,8 есеге, тамақтан улану 4,5 есеге, вирусты гепатит 46,5%-ға оның ішінде вирусты гепатит А түрі 2,6 есеге, іріңді менингит 39,9%-ға, өткір ішек инфекциясы 1,4%-ға, төмендеп, бактериялық дизентерия 7 жағдайға азайып, індетті жағдайдың тұрақтылығы байқалып отыр.

Ұйымдасқан ұжымдарда инфекциялық және паразитарлық індеттердің таралуы тіркелген жоқ. Сондай-ақ, аудан аумағында менингококты жұқпа ауруы 4,7 есеге, эхинококты жұқпа 4 жағдайға, тұмау 8 жағдайға өскені байқалып отыр.

2015 жыл ішінде менингококты жұқпа 17 жағдай тіркелген, бұл өткен 2014 жылмен салыстырғанда 4,7 есеге жоғары (2014ж. – 2 жағдай). 14 жасқа дейінгі балалар арасында 6 жағдай (2014ж.- 2 жағдай). Әлеуметтік-кәсіптік құрылымда мынандай түрде бөлінді: ұйымдаспаған балалар – 1 жағдай, МДБМ-не баратын балалар – 4 жағдай, оқушылар – 2 жағдай, студенттер – 4 жағдай, жұмысшылар мен қызметшілер – 3 жағдай, жұмыссыз адамдар арасында - 3 жағдай. Клиникалық түрлері бойынша: менингококты назофарингит – 9 жағдай, менингококты менингит – 6 жағдай, менингококцемия – 2 жағдай. Менингококты инфекция жұқтыру бойынша 3845 адамға зертханалық тексеру жүргізілген, оның ішінде 6-уы жұқпа індетін жұқтырғаны анықталған, барлығы профилактилактикалық шаралардан өткізілген.

Инфекциялық және паразитарлық барлық аурулар ошақтарында індетке қарсы және профилактикалық шаралар уақытында және толық көлемде жүргізілді.

Ауданның медициналық ұйымдарында індетке қарсы және залалсыздандару мен стерилизациялау режимдерін сақтауға бақылау жүргізілді. 2015 жылы барлық нәрестеханалар мен балалар стационарында індеттік жағдай қалыптылығын сақтады, топтық ауруханаішілік жұқпа індеті тіркелген жоқ.

Вакцинамен басқарылатын жұқпаның таралуының адын-алу бойынша шаралар жүргізілді. Ауданның медициналық ұйымдарында жылдық жоспарға сәйкес, декреттелген жастағы тұрғындарға егу бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

Аудан бойынша тұмауға қарсы, 28044 адам оның ішінде бюджет бойынша 8778 адам, жекеменшік медициналық орталықтарда 2887 адам, жұмыс берушілердің есебінен 16379 адам егілген. ДДҰ талаптарына сәйкес, иммундық қыртыс 10%-ды құрады.

Қызылша ауруының республикада өсуіне байланысты қызылшаға қарсы 15 жастан 19 жастағыларға 2 қайтарадан қосымша егу науқаны жүргізілді. Қызылшаға қарсы егумен көрсетілген жастағыларды қамту 99,5%-ды құрады, егуге байланысты өршулермен қарсы реакция тіркелген жоқ.

2015 жыл бойы басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын-алу жұмыстары күшейтілді. Құқықтық сауаттылықты көтеру мен сыбайлас жемқорлық заңбұзушылығының алдын алу мақсатында барлық қызметкерлермен семинар-кеңестер өткізілді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қоғамдық кеңесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл-әрекет мәселесі бойынша бірлескен кеңес өткізілді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бірлескен қызмет жөніндегі екі жақты Меморандумға қол қойылды.

Есеп беріп отырған 2015 жылы 206 текесру жүргізіліп, анеықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 95 хаттама толтырылып, 3587420 тг. сомасында 87 айыппұл салынған, 89 адам уақытылы медициналық тексеруден өтпегені үшін уақытша жұмыстан шеттетіліп, заңбұзушылықты қалпына келтіру жөнінде 86 ескертпе берілген, «МАӘС»-қа 8 құжаттық материалдар тапсырылған, 10 құжаттық материал Экономикалық сотқа жіберілді.


ЭКОЛОГИЯ

Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі қоршаған ортаның ауа ахуалын, санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында 2015 жылы аудан тазарту барысында үлкен жұмыстар атқарды.

Алдын ала келісілген іс-шаралар жоспар бойынша орындалып, ауданымыздағы арық жүйелерін, республикалық, қалалық, аудандық маңызы бар жолдарды, ішкі аулаларды, өзен жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізіліп отырылды.

Жыл басынан бері ішкі істер басқармасының табиғатты қорғау қорғау полиция инспекторларымен бірлесіп, Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі талаптарының сақталуы бақыланып, Қазақстан Республикасының ӘК 386,505 бабына сәйкес, 502хаттама толтырылып, 14 млн. 625926 тг.айыппұл салынды.Соның ішінде, ПИК-не 54 хатттама толтырылып, 2 467590 тг. айыппұл салынды; заңды тұлғаға 45 хаттама толтырылып, 3 956820 тг.айыппұл салынды; жеке тұлғаға 244 хаттама толтырылып, 8 201516 тг.айыппұл салынып, мемлекет еншісіне өндірілді және 159хаттама ескерту хаттамасы жазылды. 2014 жылмен салыстырғанда үш есе көп 9249570 теңге.

Алматы қаласының жасыл желекті күту және қорғау Ережесінің талаптарына сәйкес, Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының рұқсатына сәйкес 148 рұқсат құжат апатты жағдайдағы және мәжбүрлі түрде жасыл желектерге санитарлық қырқуға және кесуге берілді. Оның ішінде 79 даназаңды тұлғаларға, 35 данажеке тұлғаларға, 34 дана ПИК-нің ішкі және маңайдағы аумақтарында орналасқан апатты жағдайдағы ағаштарға санитарлық қырқу мен кесуге беріліп, рұқсаттағы талаптардың орындалуы тексеріліп отырылды.

Аудан төңірегінде 3876дана жасыл желек, көктем мезгілінде 2000 дана, күз мезгілінде 1876 дана ағаш отырғызылды.Сонымен қатар, қалпына келтіру-32, жобалы -344, бастамашыл - 427 дана ағаш отырғызылды. 2014 жылға қарағанда 1836 данаға көп.

Фирма «ЛЭУ» ЖШС-нің тарапынан Алтынсарин көшесінен төмен Абай даңғылының шығыс жағына қарай 131 үйеңкі, Елемесов көшесінен балабақшаның саябағына екі жағына 67 үйеңкі, Жандосова көшесінің бойына 169 үйеңкі, Қабдолов көшесіне 20 қылқан жапырақты, «Ақсай-2» саябағына 65 қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды.

Өзін - өзі басқару комитеті және Табиғатты қорғау полициясымен бірігіп, тұрғындардан түскен 301шағым қаралып, иелеріне заңда көрсетілген мерзімде қанағаттанарлықтай жауап берілді. Бұл шағымдар 73 жазбаша, 138 шағым қала, аудан әкімдерінің веб сайтына, 90 шағым сенім телефонына хабарласқан тұрғындардан тіркелген болатын.

Аула аумақтарында заңсыз парковка орнатылған (тростар, столбтар, цептер, бағандар және т.б.) көріктендіру Ережесіне қарама қайшы келетін 2б. 1 п. 16 және 19б. 146 сәйкес үлкен жұмыс атқарды. Көктем мезгілінен бастап 2762 дана тұрғын үй аулаларына заңсыз бағыттағы тросс, қазық, шынжырлармен ұйымдастырған автотұрақтарды жою жұмыстары жүргізілуде.

Жас натуралистер станциясының экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны көркейтуге баулу мақсатында, мектеп оқушылары арасында 24 іс-шара жарыстары ұйымдастырылды.

«Алматыжарнама» ЖШС-гі, көріктендіру бөлімі мамандарымен бірлесіп заңсыз орнатылған жарнамаларды жою барысындыа 12 көрнекі жарнама билборд және қоршауларға, нысандарға, бағандарға ілінген, көріктендіру Ережесінің талаптарына сай келмейтін 541 жарнама алынып, иелеріне ескертулер берілді.

Аудан бойынша 47 сенбілік, оның ішінде 2 жалпы қалалық, 45 аудан төңірегінде өткізілді. Сенбілікте 595 техника тартылып, 4199 м³ ҚТҚ және ІҚҚ шығарылды.


ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Ауданда «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Қазақстант Республикасының заңдары, құқық бұзушылықтың, басқа адамның мүлкін ұрлау, қылмыстың алдын алу, адам саудасына қатысты, діни терроризм мен экстремизмнің таралуына қарсы Алматы қалалық жергілікті бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Жоғарыда аталған заңнамалық актілерді жүзеге асыру бойынша аудандық ішкі істер басқармасы, прокуратура, «Тұрғын үй» заңды тұлғалар бірлестігі ассоциациясы, ПИК, Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, «Алматы қалалық құқықтық тәртіпті қорғауға көмектесу бірлестігі» және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен 3 кеңейтілген кеңес өткізілді.

Мектеп оқушыларының және студенттердің, аудан тұрғындардың арасында, қоғамдық орындарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтау және тәртіпті қадағалау бойынша аудан әкімі аппараты, полицияға қоғамдық жардемдесу штабы, Әуезов ауданы ішкі істер басқармасымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әуезов ауданы құқық қорғау ісі бойынша әр түрлі жастағы топтарды құрайтын өз қатарында 1073 азаматы бар - 85 қалыптастыру қоғамы қатысады. Соның ішінде 537адамнан тұратын -18 студенттер отряды,217 адамы бар - 34 ПИК қарасты тәртіпті құқық қорғау күзеті, және 319 адамы бар – 33 жас көмекшілер отряды қатысады.



2015 жылдың басынан 31 желтоқсан айына дейін тұрғын үй-жайды жалға беруші 646 тұлға анықталып жеке кәсіпкер ретінде есепке қойылды.

Қоғамдық орындар мен көшелерде орын алған қылмыстарды дер уақытында реттестіріп, орын алуына жол бермеу мақсатында ішкі істер басқармасынан бөлек «Боран», «Фотон» путрульдік топтары, әскери кезекшілік топтары мен полицияға көмек көрсету отряды жұмыс жасайды. Жол-патруль полициясының 28 автокөлік-бригадасында 97 қызметкер жұмыс жасайды. Аталған қызмет 2 ауысымда жұмыс жасайды.



2015 жылы участкелік инспекторлар әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға 11007 хаттама толтырған. Яғни, 2014 жылмен салыстырғанда 79,4 пайызға жоғары (204 бап бойынша – 862хаттама, 505 бап бойынша – 2658 хаттама). Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 854 081 теңге,өндірілді 699 590 теңге, 3389 адамға ескерту берілді.
ЛЕГАЛИЗАЦИЯ

2014 жылдың 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес Әуезов ауданында мүлікті заңдастыру (ақшадан бөлек) бойынша комиссия құрылған болатын.

Аталған комиссиядан 2014 жылдың1 қырқүйек тен2015 жылдың31 желтоқсан айлары аралығында 3977 адам кеңес алды. Комиссияның қарауына 664 өтінім қабылданды, оның 509-ы оң бағытта шешілсе, 56-ы қайтарылды, 99-ы жария етуден бас тартылды.
ҚҰЖАТАЙНАЛЫМ

Әуезов аудан әкімі аппаратында есептік кезеңде 6790 кіріс құжаттары түсті, оның ішінді: 679 - заңды тұлғалардан; 1790 - жеке тұлғалардан; 3720 - қызметтік, директивтіқ – 448, бақылау секторы – 76, ұйымдастыру құжаттары – 77. Шығыс құжаттары – 9563, оның ішінде: 677 - заңды тұлғалардан; 1788 жеке тұлғалардан; 3611 - қызметтік, ұйымдастыру құжаттар – 77, бастамашыл – 3334.

Жалпы шығыс құжаттар саны – 16353. 2014 жылмен салыстырғанда 8469 адамға (7884 адам) артық.

Есепті мерзім ішінде, аудан әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауында 488 адам болды. 2014 жылмен салыстырғанда 67 адамға (421 адам) артық. Сұрақтардың негізгі бөлігі: коммуналдық шаруашылық және көріктендіру сұрақтары –222, 2014 жылмен салыстырғанда 54 сұраққа (168) артық; кәсіпкерлікк қызметіне қатысты - 119, 2014 жылмен салыстырғанда 2 сұраққа (117) артық; әлеуметтік сұрақтар – 105, 2014 жылмен салыстырғанда 7 сұраққа (112) төмен; жер туралы – 15, 2014 жылмен салыстырғанда 14 сұраққа (1) артық; тұрғын үй жағдайын шешу туралы – 10, 2014 жылмен салыстырғанда 6 сұраққа (4) артық, және басқа.

Олардың ішінде оң шешілгендері - 7, 2014 жылмен салыстырғанда 9 сұраққа (16) төмен; өтініш қанағаттандырылмады – жоқ, 2014 жылмен салыстырғанда 6 сұраққа (6) төмен; түсінік берілгені – 481, 2014 жылмен салыстырғанда 94 сұраққа (387) артық болса; басқа ұйымдарға жіберілгені –21, 2014 жылмен салыстырғанда 9 сұраққа (12) артық.

Әуезов ауданы әкімінің қабылданған өкімдері – 437, шешімдері – 6.


ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

2015 жылы 2015 жылға бекітілген бақылау шараларының жоспарына сәйкес жеті тақырыптық, жоспарлы бақылау жүргізілді, оның ішінде: екеуі бақылау аппараттың құрылымдық, яғни кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту және мемлекеттік құқықтық бөліміндерінде, бес тақырыптық бақылау «Гауһар №100 балабақша», «№ 53 балабақша», «№ 154 балабақша», «№ 36 балабақша», «№ 58 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында, мемлекеттік тапсырманың орындалуын, салықтық емес төлемдердің толық және уақтылы бюджет есебіне аударылу сұрақтары бойынша жүргізілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік сала бөлімінде жоспардан тыс, аудандағы қамқоршылық және қорғаншылық органы комиссиясының жұмысы жөніндегі сұрақтар бойынша тақырыпты бақылау жүргізілді.

Бақылаумен жалпы сомасы 401325,0 мың тенге, оның ішінде ағымды жылы 173088,0 мың тенге қамтылды.Тексеру нәтижесінде, жалпы сомасы 18799,9 мың теңге бұзушылық анықталды. Ағымды жылы жалпы сомасы 1659,6 мың теңге бұзушылық анықталды, оның ішінде бюджет қайтарылуы тиіс 398,3 мың тенге тиісті бюджетке қайтарылды, кәсіпорынның есеп шотына қайтарылуы тиіс 78,3 мың тенге кәсіпорынның есеп шотына қайтарылды, 1183,0 мың тенге кәсіпорындардың қаржылық жоспарларынаң азайтылды.

Бақылау барысында анықталған анықталған бұзушылық:


  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметкерлердің, мекемелердегі қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қазыналық кәсіпорындағы қызметкерлердің еңбек ақы төлеу жүйесі туралы»;

  • 2008 жылғы 30-шы қаңтардағы № 77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы»;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 «Орташа еңбек ақының есептеудің біркелкі ережесі» қаулыларын дұрыс қолданбауынан орын алған.

Бақылау нысандарының бесеүінде бұзушылық жіберген жауапты түлгаларға әкімшілік тәртіптік жаза қолданылған.

Бақылау нысандарында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

Бақылау нысандарына ескертулер мен бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс хаттар жолданды. Бақылау нысандарынаң жіберілген ұсыныс хаттарға растау құжаттарымен бірге бұзушылықтарды жойғандығы туралы жауаптар алынды.

Бақылау қорытындары бойынша бағыныстағы кісіпорындардың есепшілерінін қатысуымен семинар-жиналыс өткізілді.


ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ (КАДР ҚЫЗМЕТІ)

2015 жылда персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) келесі жұмыстар атқарылды:

Аудан әкімі аппаратының бекітілген штат кестесіне сәйкес қызметкерлер саны 39, нақты жұмыс істеп отырғандары – 39.

2015 жылдан бастап босатылғаны – 7 қызметкер.

Бос әкімшілік лауазымына конкурстар өткізіліп, оның ішінде 8 бос лауазым бойынша конкурсқа қатысушыға орналасу құқы берілді.

Ауысу тәртібімен жоғары лауазымға - 2 қызметкер.

Бір деңгейдегі лауазымға - 1 қызметкер тағайындалды.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар - 2.

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс өтілін тағайындау жөнінде комиссияның 9 отырысы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында оқудан өтті, оның ішінде: 3-еуі кайта даярлауға, 9-і біліктілігін арттыруға, Астана қаласындағы семинарға 1- қызметкер қатысты.

Алматы қаласы бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасылармен әскериқызметкерлердің Т-2 нысанын сәйкестендіру тұрақты бақылауда.

Әуезов ауданының зейнеткерлік жасқа толған, мүгедектер мен қарттарға үйінде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік жұмысшылармен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жеке істерін қалыптастыру және үйлестіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.


АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен 2015 жылда мемлекеттік қызмет көрсету барысында 24996 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мерзімін өткізіп берілген құжат жоқ.

Тууыды тіркеу – 9628, қайтыс болуды тіркеу – 2399, некені қию – 3969, некені бұзу – 1305, әкелікті анықтау – 1096, бала асырап алу – 36, тууыды қалпына келтіру жалпы саны – 59, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы – 180, түзету, толықтыру, өзгерту енгізу мәселесі бойынша – 314 қортынды бекітілді.

Бөлім мамандары 20 сот мәжілісіне қатысды. Мемлекетке 17071026 тенге баж сомасы өндірілді.

Құжаттарды кері қайтару, бас тартуды азайту және мемлекеттік қызметтердің көрсетуін сапасын көтеру мақсатында, ай сайын ХҚКО-ның инспекторларымен дәріс, тиісті сабақ өткізілуде.
Түйіткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары
1. Арық жүйесі.

Аудан бойынша меридиан көшелердің арық жүйелеріне ЖСҚ жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет. Абай даңғылы, Б.Момышұлы, Шаляпин, Төле би көшелерінде жаз мезгілінде жасыл желектерді суғару үшін суғаратын су құбыр жүйесінің мәселесін шешу қажет.



Шешу жолдары: Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жағынан ЖСҚ жүйесін жобалау.

2. Жарық жүйесі.

«Достық» шағынауданында қолданыста бар ЖСҚ бойынша сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысын салу қажет. Сонымен қатар, Дубок, Школьник, Баян ауыл, Таугүл шағынаудандарында сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы үшін ЖСҚ жасау қажет.



Шешу жолдары:

Сыртқы жарықтандыру жүйесінің құрылысы мен ЖСҚ жасауды жүзеге асыру үшін «Алматы Қалажарық» МКК бюджетінен қаржы қаражат бөлу.



3. Су құбыры желісін қайта құрылымдау.

«Школьник-1,2» шағынаудандарын сумен қамтамасыз ету жүйесі жоба шешімінсіз ұйымдастырылған, пайдаланылып отырған су көзі таудың суы болып отыр. Сондай-ақ, судың берілуі су құбыры жүйесінде бастапқы өңдеуден өтпей және қосымша тазаланбағандықтан ауыз су сапасының талаптарына сәйкес келмейді.



Кәріз жүйесін тұтынуда жоғарыда аталған мәселеге ұқсас, жергілікті септиктерді пайдалану жиі байқалады.

Шешу жолы: Мәселені шешу үшін су құбыры және кәріз желісі жүйесін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, алдағы уақытта қолданысқа беру қажет болып отыр.
4. Мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы

  1. №173 мектеп – оқушы саны 2439 (жобалық қуаты 1000 балаға арналған)

  2. №123 мектеп – оқушы саны 1873 (жобалық қуаты 1200 балаға арналған)

  3. №133 мектеп – оқушы саны 1906 (жобалық қуаты 1200 балаға арналған)

  4. №130 мектеп – оқушы саны 1449 (жобалық қуаты 1176 балаға арналған)

Шешу жолдары:Мемлекеттік және жекеменшіксеріктестік аясында «Мамыр», «Алтын бесік» ықшамаудандарында әрқайсысы 1200 оқушы орнына арналған 2 мектеп пен әрқайсысы 320 орындық 2 балабақшаның құрылысы.

2016жылы 23 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр. Жалға берілетін 20 коттедждің тізімі анықталды, 2016 жылдың 22 наурызына дейін 10 балабақша және 2016 жылдың 1 мамырына дейін 10 балабақша ашылатын болады. Сонымен қатар жер телімін немесе коммуналдық меншіктегі ғимаратты ұсынған жағдайда балабақша ашуға тілек білдіруші 7 инвестордың тізімі анықталды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет