Алматы қаласы Оку ағарту басқармасының



бет3/3
Дата04.11.2022
өлшемі54.38 Kb.
#464026
1   2   3
Қаз дауысты Қазбек бидің туғанына-355 жыл 2

1-жүргізуші: би
1-жүргізуші: Сергіту сәті «Мақалды тап»
2-жүргізуші: Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен домбыра.
Сахнада « _________» күйі
Орындайтын: Тоқтабаева Аружан және Құрбанбаева Нұрсулу
1-жүргізуші:Келесі кезекте студенттердің тағы бір көрінісін тамашалаңыздар!
Қаз дауысты Қазыбектің бидің даналығы".

Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сєлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда:


— Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, — дейді Төле би.
— Айтыңыз, айтыңыз?
— Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Отырғандар таң тамаша болады.
— Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ болады ма?
— Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз? – дейді Қаз дауысты Қазыбек.
— Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,
— Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.
— Үш дегеніміз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
— Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.
— Бес дегеніміз –белсеніп шыққан жау жаман.
— Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.
— Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.
— Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
— Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.
— Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, — дейді Қаз дауысты Қазыбек.
— Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, — деп Төле би Қазыбекке риза болыпты».
1-жүргізуші: Сергіту сәті «Сіздің әрекетіңіз» деп аталады, яғни экранда әр түрлі жағдаяттар беріледі соны шешуіміз керек.
1-жүргізуші: монолог
1-жүргізуші: би
1-жүргізуші: «Әнді сүйсең, менше сүй» - деп, бүгінгі Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызды “Қазақстаным” патриоттық әнімен аяқтаймыз.
Орындайтын: Сержан Бақытнұр
2-жүргізуші: Дүниеде не өлмейді? Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, жақсы сөз жерде қалмайды. Артына аталы сөз қалдырған, азаттық, теңдік, туыстықты ту етіп көтерген, қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рухтары одан әрі биіктей берсін!- деп «Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355жыл» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет