Алматы қаласында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бағдарламасын жүзеге асыру туралы 2015 жылдың 1 сәуірі бойынша ақпарат Алматы қаласында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»



жүктеу 14.27 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі14.27 Kb.
Алматы қаласында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бағдарламасын

жүзеге асыру туралы 2015 жылдың 1 сәуірі бойынша ақпарат
Алматы қаласында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыты бойынша жұмыс жалғасуда.

2015 жылдың 1 сәуір айында Бағдарламаға қатысу үшін 2247 адам келіп, 2096 адам - әлеуметтік келісім шартқа қол койды, оның ішінде жұмыссыздыр саны 99,3% (2081 адам, оның ішінде тіркелмеген жұмыссыздар саны 1900 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 0,7% (15 адам), табысы аздар саны (4 адам немесе 0,19%), әйелдер – 61,3% (1285 адам), 29 жасқа дейінгі жастар – 36,8% (771 адам), 50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін – 11,6% (244 адам), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған- 1 адам, мүгедектер – 32 адам, зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар саны – 11 адам.



Үшінші бағыт

Кәсіптік оқыту. Кәсіптік даярлау курсын ұйымдастыруға мемлекеттік бюджет қаражатынан 39,2 млн.теңге бөлінді, қайта даярлау курсына 30,9 адам жіберілді, біліктілікті арттыру курстарына 4,1 млн. теңге, 22 адам кәсіптік даярлауға жіберілді – 4,2 млн.теңге бөлінді 1,818 мың теңгесі игерілді немесе 43%.

Әлеуметтік жұмыс орны. Осы мақсатта мемлекеттік бюджет қаражатынан 61,6 млн.теңге бөлініп, 13,4 млн.теңгесі игерілді немесе 21,7%. Орташа еңбекақы мөлшері - 59215 теңгені құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына -391 адам (2014 жылдан – 298 адам жаңадан қабылданған 91 адам) жіберілді, нақты жұмысты жалғастырып жатқандардың саны – 300 адам, жұмысты 91 адам аяқтап, осы жылы 26 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.



Жастар тәжірибесі. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға мемлекеттік бюджет қаражатынан 96,8 млн.теңге бөлінді, оның 13,4 млн.теңгесі 13,8% игерілді.

Жастар тәжірибесін өтуге – 298 адам (2014 жылдан 208 адам, жаңадан қабылданған 90 адам) жіберілді, нақты жұмысты жалғастырып жатқандардың саны – 139 адам, 159 адам жұмысты аяқтап, осы жылы 62 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.



Түлектер заңгер, экономист, программист, есепші, ұстаз, қаржыгер, психолог, аударма ісі, және т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істейді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет