Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау



жүктеу 31.59 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі31.59 Kb.


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙІНІН

ГИГИЕНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ
Адилова М.Т.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Мақалада Алматы қаласының қазіргі уақыттағы ауа бассейінін сапасының гигиеналық сипаты төңірегінде қысқаша жағдайы берілген.
Кілттік сөздер: атмосфералық ауа, метро,шаһар.
Алатауы көк тәңірмен теңескен,

Лебі есіп, самал желмен тілдескен.

Күні ашық, иісі бар нөсердің,

Ауасына Алматының не жеткен?!
«Бұл қала - арман қала, жап-жасыл орман қала» - деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасымен танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың «брендіне» айналды десек те артық айтқандық емес. Әрине, бұған көп үлес қосып жатқан қаламыздағы жарты милионға жуық автокөлік екендігі кім-кімге де болса түсінікті.

Алатау тау бөктеріне орналасқан қаламыздың климат жағдайларының өте қолайлы екендігіне қарамастан, қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде болып табылады. Сонымен бірге, атмосфераны ластаушы көздердің артуына байланысты қала ауасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

Жалпы айтқанда, Алматы қаласының қоршаған орта ауасының тазалығына үнемі мониторинг жүргізу арқылы, антропогенді әсерден болатын ластаушылардың түрін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады.

Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан Алматы қаласы бүгінгі күнде дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты себебі, автокөліктер болып табылады. Орта есеппен алғанда, қаламызға күнделікті 200 мыңның астам шамасында автокөліктер келіп-кетіп жатады. Бұнда ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі болып табылады: яғни, әрбір мың автокөліктен күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға шығарады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары – бенз-а-пирен, альдегидтер) бар. Осының барлығы адам үшін өте улы болып келеді, осыған байланысты, соңғы кезде, ауаның ластануынан Алматы шаһарында кемтар баллардың дүниеге келуі, тыныс алу, өкпе дерттері көбейіп болып отыр.


Осыған байланысты, қазіргі уақытта атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша бірнеше алдын алу шаралары, яғни, ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге тыйым салу, бір маршрутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермеу, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылау-реттегіш қондырғыларын пайдалану, сондай-ақ, барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру қолға алынуда. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет.

Гигиеналық тұрғыдан алып қарағанда, газды пайдалану өте тиімді болып табылады, себебі, одан ауа ластанбайды және оны қолдануда экономикалық шығын туғызбайды, өте арзанға түседі. Сонымен қатар, Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвай авто көлік түрлерін кеңінен пайдаланған тиімді болып табылады. Қалада салынып бітпей жатқан метро келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсарар еді.



«Таза ауа - жанға дауа» деп дана халқымыз айтпақшы туған қаламыз тек қана экологиялық тұғырдан таза көрінсін десек бәріміз бірге ат салысайық!

Гигиеническая оценка атмосферного воздуха г Алматы

Преподаватель Адилова М.Т.

Основным источником, по нашему мнению, является автомобильный транспорт. Потому что Алматы можно считать не промышленным городом, поскольку в Алматы нет крупных промышленных объектов, загрязняющих атмосферу. Главный загрязнитель - это автомобильный транспорт. На сегодняшний день Алматы входить в состав 25 загрязненных городов по атмосферному воздуху. В настоящее время, в Алматы зарегистрировано более 200 тыс. единиц автомобильного транспорта, а если учесть транзитные автомобили, то их получается до 500 тыс. В связи с этим идет сильное загрязнение атмосферного воздуха.

Ключевые слова: атмосферный воздух, метро, город
Hygienic evaluation of air quality of Almaty

Teacher Adilova M. T.



The main source is, in our opinion, is the road transport. Because Almaty can be regarded as an industrial city, as in Almaty there are no large industrial plants that pollute the atmosphere. The main polluter - is road transport. To date, Almaty part of the 25 polluted cities in the air. At the present time, in Almaty, registered more than 200 thousand units of motor vehicles, and if we consider transit cars, they get up to 500 thousand. In this regard, is a strong air pollution.

Keywords: the air, metro, city



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет