«Алматы қаласының Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы»



Дата09.07.2016
өлшемі34 Kb.
#186992
«Алматы қаласының Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орталықта алты бөлімше жұмыс атқарады, оның ішінде үш бөлімше мүмкіндігі шектеулі балаларға (ары қарай м/ш) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі, төртінші мүгедектермен жұмыс жасау бөлімшесі, бесінші 18 жастан асқан азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі және мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтарға арналған күндізгі жартылай стационар бөлімшесі. Бұл бөлімшеде тегін уқалау қызметі, оңалту мен бейімдеу бойынша әр-түрлі қызмет түрлері, мәселен әдіскер, психолог, логопед, дефектолог, уқалау мед.бикеші, невропатолог дәрігері, бала емдеу дәрігері, еңбекке баулу жаттықтырушысы, емдік дене-шынықтыру жаттықтырушысы, психиатр дәрігері, иппотерапия жаттықтырушысы сияқты мамандар бар.

Орталығымызда үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде- 240 мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр, 18 жастан асқан азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде - 80 азамат есепте тұр және күндізі жартылай стационар бөлімшесінде 50 мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтар есепте тұр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы № 1222 Қаулысымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйке үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әрбір әлеуметтік маманына 5 балалар немесе 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азамат жүктелген.

Орталық мамандарымен келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;

  2. Әлеуметтік-медициналық қызмет;

  3. Әлеуметтік-психологиялық қызмет;

  4. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет;

  5. Әлеуметтік-мәдени қызмет;

  6. Әлеуметтік-экономикалық қызмет;

  7. Әлеуметтік-құқықтық қызмет;

Арнаулы қызмет алушыларды қабылдау келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

  1. Қызмет алушының жазбаша өтініші немесе заңды өкілінің өтініші;

  2. Баланың туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

  3. Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжай туралы анықтамасы;

  4. Мүгедектік туралы анықтамының көшірмесі;

  5. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының үзінді көшірмесі;


Біздің мекен-жайымыз:

Алматы қаласы, 5 ықшам-ауданы, 19а үй.

Байланыс телефоны: : 249-32-05, 249-34-73

Факс:249-34-74, 249-32-35

E-mail: center_19a@mail.ru



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет