«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтерінің регламенті



Дата19.06.2016
өлшемі67.5 Kb.
#148384


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда,

мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен

мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте мынадай ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

АӨҚО Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы;

АӨҚО қатысушы – заңды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) берген заңды тұлғаны АӨҚО қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті берген АӨҚО қатысушы ретінде акредитациялау туралы куәлігі және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар – осы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы;

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер – осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын Комитеттің құрылымдық бөлімшесі және уәкілетті қызметкерлері.

2. Жалпы ережелер

 

2. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) – бұл АӨҚО қатысушысына аударма қызметін көрсету рәсімі.

3. Қызметтерді Комитет көрсетеді.

4. Қызметтер автоматтандырылмаған.

5. Қызметтер «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы ____ қарашадағы № ____ Жарлығымен бекітілген «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. АӨҚО қатысушысына мемлекеттік органдарға беру үшін қағаз және электронды жеткізгіштегі құжаттама аудармасын беру қызметтің нәтижесі болып табылады.

Осы Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда АӨҚО қатысушысына осы Регламенттің 9-тармағында көзделген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.

3. Қызметтер көрсету тәртібіне талаптар

 

7. Мемлекеттік қызметтерді Комитет мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 203 кабинет. Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын-ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.

8. Қызметтер көрсету туралы ақпаратты www.nationalbank.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсынан не Комитетке жеке келу арқылы алуға болады. Өтініш беруші қызметтер көрсету барысы туралы 8(727) 244-95-00 телефоны бойынша біле алады.

9. Қызметтер көрсету мерзімі аударылатын құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.

10. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

11. Қызметтер көрсету кезеңдері:

қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

құжаттаманы аудару;

аударылған құжаттаманы беру.

12. Құжаттарды Комитеттің уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің бір мемлекеттік қызметшісі қабылдайды.

4. Қызметтер көрсету процесіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау
13. Қосымша құжаттары бар өтінішті Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін осы Регламенттің 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен қабылдайды және тіркейді.

Өтініш берушіге өның өтінішін және қоса берілген құжаттарын қабылдауды растайтын Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы
№ 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу
ережесінде белгіленген нысан бойынша талон беріледі.

14. Аударылуға тиісті құжаттама өтінішке қоса беріледі. Өтініші еркін нысанда жасалады. Осы қызметтер бойынша жеңілдіктер көзделмеген.

15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

ұсынылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

АӨҚО қатысушысы ұсынған ақпаратты пайдалануға жол бермеу.

16. Қызметтер көрсету барысында мынадай ҚФБ қатысады:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы – өтінішті қабылдау және тіркеу, құжаттаманы аудару;

2) Комитеттің басшысы – ілеспе хатқа қол қою.

ҚФБ іс-әрекетінің бірізділігі және ҚФБ-нің қызметтер көрсету барысында өзара байланысын көрсететін диаграмма осы Регламенттің 1, 2-қосымшаларында келтірілген.



5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының

құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда,

мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен

мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 1-ҚОСЫМША



ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті


1

Іс-әрекеттің

1

2

2

ҚФБ атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы

Комитет басшылығы

3

Іс-әрекеттің атауы және олардың сипаттамалары

1) қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

2) құжаттарды орындаушыға беру;

3) құжаттаманы аудару;

4) ілеспе хат дайындау




Ілеспе хатқа қол қою

4

Аяқталу нысаны

Құжаттаманың аударылған мәтіні


Ілеспе хат

5

Орындалу мерзімі

Өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні


Хатты енгізу күні

2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі процесс.


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы

Комитет басшылығы

1. Қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

2. Құжаттарды орындаушыға беру;

3. Құжаттаманы аудару;

5. Аударылған құжаттаманы АӨҚО қатысушысына беру.



4. Ілеспе хатқа қол қою


3-кесте. Пайдалану нұсқасы. Балама процесс.


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы

Комитет басшылығы

1. Қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу

2. Құжаттарды орындаушыға беру

3. Қызметтер көрсетуге жазбаша дәлелденген бас тарту дайындау

5. Қызметтер көрсетуге жазбаша дәлелденген бас тарту жіберу





4. Қызметтер көрсетуге жазбаша дәлелденген бас тартуға қол қою


«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының

құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда,

мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен

мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 3-ҚОСЫМША



Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару
























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет