Алматы облысы бойынша коммуналдық меншікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Мазмұны



Дата17.06.2016
өлшемі253.46 Kb.
#142045
Алматы облысы әкімдігінің

2003 жылғы 18 шілдедегі №



68 қаулысымен бекітілген


Алматы облысы бойынша коммуналдық меншікті

басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін

арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған

аймақтық бағдарламасы

Мазмұны


1.

Бағдарламаның паспорты


2.

Кіріспе


3.

Коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің қазіргі жайын талдау


3.1.

Мемлекеттік мүлікті басқарудың нормативтік-құқықтық базасы


3.2.

Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды және заңды тұлғаларды басқару


3.3.

Мемлекеттік мүлікті есепке алу


3.4.

Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру


3.5.

Жекешелендіруден кейінгі бақылау


4.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері


5.

Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны жүзеге асыру тетіктері


6.

Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже


7.

Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары




  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның Аталуы




Алматы облысы бойынша коммуналдық меншікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы


Бағдарламаны әзірлеудің негіздемесі




Қазақстан Республикасы Үкіметінің2003 жылғы 3- ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» №118 Қаулысы


Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі




Алматы облысы Әкімінің коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті


Бағдарламаның басты мақсаты




Мемлекеттік коммуналдық меншікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттыру


Бағдарламаның негізгі міндеттері




Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару жүйесін жетілдіру және оның тиімді пайдалануын бақылауды күшейту


Бағдарламаны қаржыландыру көздері





Бағдарлама мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды талап етпейді

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі





2003-2005 жылдар


2. Кіріспе
Мемлекетте қалыптасқан әлеуметтік-әкономикалық ахуал, мемлекеттік меншіктің республикалық және коммуналдық болып бөлінуі коммуналдық мүлікті басқарудың принциптері мен басым бағыттарын анықтап, әкономикалық даму процесстерінде мемлекеттің ролін күшейтуді қажет етіп отыр.

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде маңызды қадам жасалды. «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер енгізу, мемлекеттік меншік объектілерін басқару субъектілерінің өкілеттіктері шектерін белгілеу және оларды нақтылау, басқарудың әртүрлі субъектілерінің мемлекеттік мүліктің объектілерін басқаруының одан әрі мақсаттарын, міндеттерін айқындау, жоғарыда көрсетілген Заңды жүзеге асыру жөнінде бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу қажеттігі туады.

Осы Бағдарлама Республика Үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 апандағы № 118 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылғы арналған салалық бағдарламасының негізінде, Алматы облысының әлеуметтік-әкономикалық дамуының 2002-2003 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасының 3 тарауын ескере отырып әзірленді.

Бағдарламада төмендегідей негізгі бағыттар бойынша кешенді шараларды іске асыру көзделіп отыр:


  • мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару жүйесін жетілдіру;

  • оның тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту;

  • мемлекеттік мүлікті есепке алуды жетілдіру;

  • мемлекет мүддесіне сай коммуналдық меншікті жекешелендіруді жүзеге асыру;

  • жекешелендіруден кейінгі бақылауды жетілдіру


3. Коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің казіргі жайы
3.1. Мемлекеттік мүлікті басқарудың нормативтік-құқықтық базасы

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқаруды жетілдіру, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатымен, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21-мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды (бұдан әрі-Заң)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19-маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» № 2335 заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» № 2721 заң күші бар Жарлығына, ҚР Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10-шілдедегі «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22-сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Негізгі өзгерістер мемлекеттік мүлікке қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі ретінде мемлекеттік меншіктің республикалық және коммуналдық болып бөлінуін ескере отырып, бірыңғай өкілетті органды анықтау қажеттілігіне байланысты болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19- маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына (бұдан әрі-«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлық) мемлекеттік меншікке құқығы бар субъектінің және мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік органның функцияларын шектеу бөлігіне өзгерістер енгізілді; өкілеттіктерін кеңейту арқылы мемлекеттік басқару органдарының тарапынан мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейтуге бағытталған толықтырулар енгізілді.

Алматы облысы Әкімінің коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытуды арттыру шаралары туралы» 1997 жылғы 9-сәуірдегі № 3398 Жарлығын орындау мақсатында, төмендегі құжаттарды әзірленіп облыстық Мәслихат сессиясының шешімімен бекітілді:

«Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің таңдауы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардағы пайдаланылмай бос тұрған өндірістік жайлар мен объектілерді, офистік жайларды олар тапсырған ақпараттар негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен олардың меншігіне беру құқымен жалға және сенімгерлік басқаруға беру тәртібі туралы Ереже» және Коммуналдық меншік мемлекеттік кәсіпорындарындағы пайдаланылмай бос тұрған өндірістік жайлар мен объектілерді, офистік жайларды олардың тапсырған ақпараттары негізінде өндірістік қызметті ұйымдастыру шартымен меншігіне беру тәртібі туралы Ереже.

Бұдан басқа Кәсіпорындардың мүліктік кешенін және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлік басқаруға беру Ережесі және Облыстық мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерінің балансындағы объектілерді (Алматы облысы Әкімінің коммуналдық меншігі) сатып алу құқымен және сатып алу құқынсыз мүліктік жалға беру (аренда) Ережесі әзірленіп, Алматы облысы Әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 21 және № 22 қаулыларымен бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27- маусымдағы «Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» № 880 Қаулысын орындау мақсатында, облыста мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар туралы ақпараты бар мәліметтер жиынтығын құру мақсатымен, облыс Әкімінің 2002 жылғы 20- ақпандағы «Комиссия құру туралы» № 96 р өкімі қабылданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25-қарашадағы «Жылжымайтын мүлікке түгендеу жүргізу туралы» № 183-р өкіміне сәйкес, иесіз объектілерді есепке алу үшін «Жылжымайтын мүлікті түгендеу жөнінде комиссия құру туралы» облыс Әкімінің 2003 жылғы 28- қаңтардағы № 39-р өкімі қабылданды.


3.2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды басқару

2003 жылғы 1-қаңтарда облыстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың саны 123, оның 67 шаруашылық жүргізу құқындағы және 56 қазыналық (жедел басқару құқындағы) кәсіпорын.

2000 жылдың қорытындысы бойынша, 67 шаруашылық жүргізу құқындағы кәсіпорындардың тек екеуі ғана қаржылық жылын пайдамен аяқатады, пайда сомасы 1175,0 мың теңге және 7 кәсіпорын шығынмен аяқтады, шығын сомасы – 43318,0 мың теңге.

Іле ауданының «Бірінші май» ТҮКШ ШК МК-сі және Панфилов ауданындағы «Су құбыры және канализация» МКК-ны пайдамен жұмыс істеді. Ақсу ауданының «Су құбыры және канализация» МКК, СЖК МЕК-ны, «Рудник» КСКШ КК және басқалар шығынмен жұмыс істеді.

2001 жылы жеті кәсіпорын жылды пайдамен аяқтап, пайда сомасы-5562,0 мың теңгені, 34 кәсіпорын шығынмен аяқтап, шығын сомасы-194348,0 мың теңгені құрады.

Іле ауданының «Бірінші май» ТҮКШ ШК МК-ны, Қараой МК-ны, «Чапаев» ТҮКШ МК-ны «Алматыгеодезия» АҚ МКК-ны, Талғар, Панфилов аудандарының «Су құбыры және канализация» МКК-ры және басқалар пайдамен жұмыс істеді.

Ақсу, Қаратал, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласының «Су құбыры және канализация» МКК, СЖК МЕК-ры, Сарқан ауданының «Водоканал» МКК-ны, Панфилов ауданының СЖК МЕК, «Талдықорғантеплосервис» МҚКК және басқалар шығынмен жұмыс істеді.

2002 жылды 12 кәсіпорын пайдамен аяқтап, пайда сомасы-7487,0 мың теңге болды, ал 34 кәсіпорын шығынмен аяқтады, шығын сомасы-212698,0 мың теңге.

2002 жылы алғашқы жылмен салыстырғанда пайдамен жұмыс істеген кәсіпорындардың саны 20%-ға ал, олардың алған пайда сомасы 34,7% өсті.

2002 жылы шығын сомасы 2001 жылмен салыстырғанда 9,4% өсті, оның ішінде «Талдықорғантеплосервис» МҚКК 55% -ға, Панфилов СЖК МЕК – 66,8% -ға; Қаратал ауданының «Су құбыры және канализация» МКК 26,0%-ға және басқалар.

2003ж.01.01. облыста 34 акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бар, оның 32 акционерлік қоғам, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2001 жылы тек үш акционерлік қоғам-«Алматытемір» АОҚ, «Аквопарк БК» ЖШС және «Қазақстан тауарлары» ЖАҚ-мы 5266,9 мың теңге сомасында пайда тапты, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне – 591,4 мың теңге дивидент есептелді. Сегіз акционерлік төменгі рентабельді деп танылды.

2002 жылы «Алматытемір» ААҚ және «Аквопарк БК» табысты жұмыс істеді, олар акциялардың мемлекеттік пакеттеріне-2563,6 мың теңге есептеді.

Жергілікті бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттерін дивиденттердің түсуі бойынша деректер 2000-2002 жылдар кезеңінде былайша көрініс табады:




Кезеңі

Мемлекеттік коммуналдық меншік болып табылатын акциялардың пакеттеріне дивиденттердің түсуі, мың теңге

Барлығы Облыстық бюджет

2000ж.

Жоспар

Факті

Жоспар

Факті




500,0

557,7

500

575,7

2001ж.

500,0

476,0

500

476,0

2002ж.

500,0

2232,0

500

2232,8

Көрсетілген көрсеткіштерден 2001 жылы өткен жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттердің түсуі 17,3% төмендегенін көреміз, ал 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттердің түсуі 5 есе артты.

Алайда жалпы алғанда, 2002 жылдың қорытындысы көрсеткендей, мемлекеттік кәсіпорындар мен акциялардың мемлекеттік пакеті бар (үлесі) акционерлік қоғамдар (серіктестіктер) шығынмен жұмыс істеді.
3.3. Мемлекеттік мүлікті есепке алу

Мемлекеттік мүлікті есепке алу мақсаты, мемлекеттік мүдделер есебінен оны пайдалануға негізделген шешімдер қабылдау мақсатымен, мемлекеттік мүліктің мониторингі үшін жағдай жасауда мемлекеттік меншік объектілерінің сақталуын және жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету.

Облыс Әкімінің 2002 жылғы 20-ақпандағы «Комиссия құру туралы» № 96р шешімі бойынша, мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және жарғылық капиталында мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу арқылы іске асады.

2003 жылғы 1 қаңтарда облыста 1125 мемлекетттік коммуналдық мекемелер, кәсіпорындар және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар бар, олардың баланстық құны – 15942947,0 мың теңгені құрайды. Олардың:



  • 642-білім объектілері – 4357208,0 мың теңге;

  • 247- білім объектілері – 1600167,0 мың теңге;

  • 34 – мәдениет объектілері – 56918,0 мың теңге;

  • 169- басқада объектілер – 8983923,0 мың теңге;

  • 32 АҚ және 2 ЖШС – 944731,0 мың теңге;

Кейіннен меншігіне беру құқымен сенімгерлік басқаруға берілген (аренда) объектілердің мониторингі жүргізілді. Мысалы, 2002 жылы сомасы 62016,3 мың теңге инвестиция құю және 381 жаңа жұмыс орнын ашу шартымен, кейіннен меншігіне беру құқымен аумағы 21725,17 шаршы метр 29 объект сенімгерлік басқаруға берілді.

2003 жылғы 1- қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын емес мемлекеттік жайларды жалға беру жөнінде 454 шарт жұмыс істейді, олардың жалпы аумағы 24,6 мың шаршы метрді құрайды.

Олардың:

108 – денсаулық сақтау мекемелерінде;

232 – білім мекемелерінде;

114 – басқа да;

Аудан әкімдері және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-мен бірлесе отырып, бос тұрған иесіз объектілерді анықтап есепке қою, сот органдары арқылы оларды иесіз деп танып (иесін анықтау) соңыра облыстың коммуналдық меншігіне беру жұмыстары жүргізілуде.

2003 ж. 1-сәуірде «Жылжымайтын мүлік орталығы» АМК филиалдарында 3725 объект есепке алынды. Жыл басынан бастап орнында жоқ шамасыз борышкерлермен меншіктің барлық түріндегі мүліксіз ауылшаруашылық кәсіпорындарын тарату жұмыстары жүргізілуде.

2003 жылы 343 кәсіпорынды тарату көзделуде, оның ішінде 73 мүліксіз ауылшаруашылық кәсіпорындары, қалғандары тарату комиссиялары арқылы жүзеге асады.

Бұл жұмысты жүргізу үшін облыс бюджеттен 14499,0 мың теңге бөлінді. 2003ж. 1-маусымда тарату жұмыстарын жүргізуге 78 шарт жасалынып, ол бойынша 32 кәсіпорын тарап, оған 1225,8 мың теңге жұмсалынды.


3.4. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру

Объектілерді сату облыс Әкімінің шешімімен бекітілген жекешелендіруге жататын объектілер тізбесі негізінде жүзеге асады.

2001 жылы 72 объект жекешелендірілді, олардың сату бағасы 159854,0 мың теңге.

2002 жылы 11865 мың теңгеге 44 объект, оның ішінде 7700,0 мың теңгеге акциялардың 2 мемлекеттік пакеті сатылды. Бұрын кейіннен сатып алу құқымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілердін, Алматы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, жалпы аумағы 7347,3 ш/м 14 объектісін кәсіпкерлердің өз шарттарын орындауына байланысты олардың меншігіне берді. Бұл объектілерде өндірістік қызмет жақсы жолға қойылған, оларда 13584,5 теңге инвестиция құйылып, 149 жұмыс орны ашылды.

2003 жылдың I-тоқсанында 39-объект 51163 мың теңгеге, оның ішінде бір акциялардың мемлекеттік пакеті-1279 мың теңгеге сатылды.
3.5. Жекешелендіруден кейінгі бақылау

2003 ж. 1-сәуірге үш жыл мерзімге қызмет бағдарын сақтап, инвестиция құю, борыштарын өтеу, жұмыс орнын ашу шартымен инвестициялық тендерде сатылған 2 мемлекеттік объектілердің сатып алу-сату шарты жекешелендіруден кейінгі бақылауға жатады.

Бұдан басқа 2002 жылы шағын бизнес өкілдерінің меншігіне берілген 14 объект 2005 жылға дейін олардың өз міндеттемелерін тыңғылықты орындау мәселелері бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылауға жатады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Алматы облысының әлеуметтік-әкономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасын және Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру Тұжырымдамасын жүзеге асыру мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясат төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:


  • мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

  • жергілікті бюджетке түсімдер есебінен кірістерді көбейту;

  • мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржылық-әкономикалық көрсеткіштерін жақсарту.


5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны жүзеге асыру тетіктері
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21-мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне «мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, олардың өкілеттіктерінің шектеулері мен нақтылауларын ескере отырып, әр түрлі басқару субъектілерінің мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру көзделіп отыр.

Қолда бар мемлекеттік меншік еліміздің әкономикасы үшін оның маңыздылығы дәрежесіне байланысты үш санатқа бөлінетін болады.

Бірінші санатқа жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілері жатқызылатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28- шілдедегі № 422 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысымен жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі анықталған.

Екінші санатқа жататын мемлекеттік меншік объектілері әкономиканың стратегиялық салаларында әрекет ететін ұйымдар. Бұл санатқа жататын объектілер облыста жоқ.

Үшінші санатты алғашқы екі санаттарға жатқызылмаған мемлекеттік меншік объектілері құрайды; акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесі, аяқталмаған құрылыс, жылжымайтын мүлік объектілері, мүліктік кешендер және басқа да мүліктер, оларды жекешелендіру олардың мемлекет меншігінде болғанда қаншалықты тиімді принципі бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар Заңды тұлғаларға қатысты бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жөнінде төмендегі қызметтерді атқарады:


  • мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызметінің басымдық бағыттарын айқындайды;

  • шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын қарап бекіту, оның ішінде жоспарлы қаржы көрсеткіштері, оларды тапсырудың кезеңдері мен тәртіптерін белгілеу;

  • белгіленген мерзімде өкілетті органдарға есепті көрсеткіштерді тапсыра отырып, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуына талдау және бақылау жасау;

  • мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың әкімішілік шығындарына оларды оңтайландыру мақсатымен мониторинг жүргізу;

Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне ( қатысудың

мемлекеттік үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға мынадай функциялар жүктеледі:



  • Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлесі) коммуналдық меншікке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;

  • Оңтайландыру мақсатында бақылау пакеттері (қатысу үлесі) коммуналдық меншікке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) әкімшілік шығыстарының мониторингін жүзеге асыру;

  • Акциялардың бақылау пакеттері (қатысу үлестері) коммуналдық меншікке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтері жоспарларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;

6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны жүзеге асырудан төмендегідей нәтиже күтіледі:

- мемлекеттік меншік объектілері сондай-ақ мемлекеттің меншік үлесі бар объектілердің жұмысындағы кемшіліктерді ескерту, жою және олардың қызметін жетілдіру үшін негізді ұсынымдар жасау мақсатында мониторинг нәтижесі есебінің біртұтас деректер жиынтығын құру;

- мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру.

Болжамды деректер бойынша 2003 жылы мемлекеттік мүлікті пайдаланудан бюджетке 75 млн. теңге түседі деп күтілуде, оның ішінде:



  • объектілерді жекешелендіруден – 64,5 млн. теңге;

  • акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер 0,5 млн.теңге;

  • тұрғын емес мемлекеттік қорларды жолдаудан – 10 млн.теңге;

2004 жылы 40 млн. теңге, оның ішінде:

  • объектілерді жекешелендіруден - 29,5 млн. теңге;

  • акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер – 0,5 млн. теңге;

  • тұрғын емес мемлекеттік қорларды жалдаудан – 10 млн. теңге;

2005 жылы – 35 млн. теңге, оның ішінде :

  • объектілерді жекешелендіруден – 24,5 млн. теңге;

  • акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер – 0,5 млн. теңге;

  • тұрғын емес мемлекеттік қорларды жалдаудан – 10 млн. теңге түседі деп көзделуде.

Осы бағдарламаны орындауға бағытталған шараларды жүзеге асыру барысында 2003-2005 жылдары мемлекеттік мүлікті пайдаланудан облыстық және жергілікті бюджетке түсетін төлем сомалары нақтыланады.

7.Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі

2003-2005 жылдарға шаралар жоспары


Р/с

Шаралар

Орындалуына жауаптылар

Орындау мерзімі

Аяқталу нысаны

1. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

1.1.

Шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза пайдасының бір бөлігін, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындардың сметадан тыс алған пайдасын жергілікті бюджетке аударудың тәртібін әзірлеу

Облыстық қаржы басқармасы департаменттер, басқармалар, комитеттер және аудан әкімдерімен бірге

3 тоқсан, 2003 жылғы 27 тамызға дейін

әкімдіктің қаулысы

1.2.

Коммуналдық меншіктегі мүлікті басқару және билік ету мәселелерін реттейтін ведомствалық нормативтік- құқықтық кесімдерді заңнамалық кесімдерге сәйкес келтіру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

2003 ж. 3 тоқсан

Үкіметке есеп және ҚМ ММЖК-на ақпарат

2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру

2.1.

Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және заңды тұлғалар туралы ақпараттары бар облыстағы деректер жиынтығы тізілімін анықтау үшін, сондай-ақ қатаң мемлекеттік есеп жүргізу мақсатымен коммуналдық меншікті түгендеу жұмыстарын одан әрі жалғастыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, аудан, қала әкімдері

тоқсан сайын есепті кезеңнен кейін екінші айдың 15-інен кешіктірмей

ҚМ ММЖК-на ақпарат

2.2.

Құжаттық растау (қабылдау-тапсыру актілері, сенімгерлік басқаруға беру шарттары, акционерлер тізілімдерінен үзінділер) арқылы акциялардың мемлекеттік пакеттеріне түгендеу жүргізу

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Есептік жыл қорытындысы бойынша 4 тоқсан

Үкіметке есеп және ҚМ ММЖК ақпарат

2.3.

Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын қарау және бекіту туралы ақпарат ұсыну

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ауыл шаруашылыы департаменті, "Алматыводхоз" КМК, "Қаратал орманы" КМК, "Жетісу орманы" КМК, "Сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ

Жыл сайын 10- наурызға дейін

ҚМ ММЖК-на ақпарат

2.4.

Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ауыл шаруашылық департаменті, "Алматыводхоз" КМК, "Қаратал орманы" КМК, "Жетісу орманы" КМК, "Сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ

Есептік жыл қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей

Үкіметке есеп және ҚМ ММЖК-на ақпарат

2.5.

Шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акция пакеті /қатысу үлесі/ мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың /ЖШС/ қаржы-шаруашылық қызметі туралы жылдық ақпаратты тапсыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешеленліру департаменті, Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ауыл шаруашылық департаменті, Орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасы, "Алматыводхоз" КМК, Алматыоблгеодезия

Есеп жылының қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-інен кешіктірмей

Коммуналдық меншік департаментіне, ҚМ ММЖК-на ақпарат

2.6.

ҚР қаржы Министрлігінің 2002 ж. 9-сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережесіне сәйкес, жыл қорытындысы бойынша шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметтеріне талдау жүргізу

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ауыл шаруашылық департаменті, Орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасы, "Алматыводхоз" КМК, Алматыоблгеодезия

Есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың 15-інен кешіктірмей

Үкіметке есеп және ҚМ ММЖК-на ақпарат

2.7.

Жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесіне сәйкес жылдың қорытындысы бойынша акциялардың бақылау пакеті /қатысу үлесі/ мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың /ЖШС/ қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Есепті кезеңнен кейінгі алтыншы айдың 15-інен кешіктірмей




2.8.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 998 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес кешенді мониторинг объектілері болып табылатын коммуналдық меншік объектілерінің жай-күйі туралы материалдарды тапсыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Қажеттігіне қарай

ҚМ ММЖК-на ақпарат

2.9.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланбай тұрған өндірістік жайлар мен объектілерді беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 9-сәуірдегі "Шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы" № 3398 Жарлығын орындау жұмыстарын жалғастыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ына

ҚМ ММЖК-на ақпарат

2.10.

Алматы облысы әкімінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 39 өкімін орындау мақсатында облыстың иесіз объектілеріне түгендеу жүргізу

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, аудан және қала әкімдері, ҚР Әділет министрлігі, "Тіркеу қызметі комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік Орталығы" РМК

2003 ж. желтоқсан

ҚМ ММЖК –на ақпарат

2.11.

Қолданыстағы заңнамара сәйкес акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар акционерлері мен ЖШС-нің есепті жылдың қорытындылары бойынша жалпы жиналыстарын өткізудің кестесін бекіту

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Жыл сайын сәуір-мамыр

Облыс әкімдігіне ақпарат

2.12.

Жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру, тарату және жекешелендіру бойынша ұсыныстар енгізу

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Жыл сайын желтоқсан

Облыс Әкімдігіне ұсыныс

2.13.

Мемлекеттік басқару органдарымен, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе отырып есепті жылдың қорытындысы бойынша шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындардың сметадан тыс алған табыстарын бюджет кірісіне аударуының уақтылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Департаменттер: - білім; - денсаулық сақтау; - мәдениет; - ауылшаруашы-лығы;

- спорт және дене тәрбиесі; - аудан және қала әкімдері;



Жыл сайын 10-шы маусымға дейін

Үкіметке есеп және ҚР ММЖК-на ақпарат

2.14.

Есепті жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджетке кәсіпорындар таза кірісінің бір бөлігін аударуының, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетіне дивиденттер, сондай-ақ мемлекет қатысатын серіктестердегі қатысудың мемлекеттік үлесіне таза кіріс есептеудің уақтылығы мен толықтығы мәніне тексерулер жүргізу кестесін әзірлеу және бекіту

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Жыл сайын 1 тоқсан

Облыс әкімінің шешімі

2.15

Есепті жылдың қорытындысы бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер есептеудің және аударудың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Жарты жылда 1 рет шілдеде

Үкіметке есеп және ҚР ММЖК-на ақпарат

3.Мемлекеттік мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру

3.1.

2003-2005 жылдары коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру және оның алдын ала сату туралы ұсынысты облыс Әкімінің бекітуіне енгізу

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, аудан және қала әкімдері

Жыл сайын сәуір-желтоқсан

Облыс Әкімінің өкімі

3.2.

2003-2005 жылдары жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерін сатуды жүзеге асыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Ай сайын есепті кезеңнен кейінгі 3-ші күнге дейін

ҚМ ММЖК-на есеп беру

3.3.

Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуінің жоспарланған көлемдерін қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

Есепті жарты жылдықтан кейін айдың 25-не

Үкіметке есеп және ҚР ММЖК-на есеп беру

3.4.

Есеп берудің барлық түрлері бойынша уақтылы ақпарат беруді қамтамасыз ету

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті

2003-2005 ж.ж. есепті кезеңдер бойынша

Үкіметке есеп және ҚМ ММЖК-на ақпарат

4.Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру

4.1.

Тендерде сатылған объектілерді сатып алушылардың, сенімділік басқарушылардың және мемлекеттік меншік объектілерін жалдаушылардың келісім-шарттық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті, аудан және қала әкімдері

Есепті жарты жылдықтан кейін екінші айдың 10-на

Үкіметке есеп және ҚМ ММЖК-на ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет