Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі17.71 Kb.
#3814
Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы ЕСЕБІ
Жамбыл ауданы 2015 жылдың 12 айына көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 75 түрі бойынша 196613 мың тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетті. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі, олардың стандарттары мен регламенттері аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылған.

Оның ішінде мекемелер арқылы 58 қызмет түрі 156375 тұлғаға, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 21 қызмет түрі 17269 тұлғаға, электрондық үкімет порталы арқылы 1108 тұлғаға қызмет көрсетілді.

12 айдың ішінде 8684 ветеринарлық анықтама 5991 мал иесіне, 27662 ветеринарлық паспорт 26301 мал иесіне берілсе, жалпы идентификацияланған малдын саны 118626.

Талдау негізінде, көрсетілген қызметтердің  басым бөлігі:

-Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру - 118626 қызмет (66,9 %);

- Ветеринарлық анықтама беру - 8684 қызмет – (4,9 %)

- Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және

арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау – 5646 қызмет –(3,18% );

Жыл басынан 1 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылды, шағым түскен жоқ.

Аудандық АХАТ қызметімен неке жасын қысқарту бойынша Эльмира Тагировна Музафардың 2015 жылы 8 қаңтардағы қызы Музафар С.А. неке жасын төмендету туралы өтінішін қарауда мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 1 күнге бұзылған.Бұл кемшілік бойынша аудан әкімінің 2015 жылдың 17 наурыздағы № 23 өкімімен аудан әкімі аппаратының бас маманы Берсүгірова М.М. ескерту жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша орын алған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, қажетті шаралар қолданылды.



Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қанағаттану деңгейін арттыру, орын алған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, семинарлармен дөңгелек үстелдер өткізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 1 дөңгелек үстел, 3 семинар өткізілді. Аудандық білім, ветеринария, сәулет және қалақұрылысы бөлімі, АХАТ бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өз салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді аудандық «Атамекен» газетіне, аудан әкімінің ресми сайтына мақалалар жариялады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ХҚКО аудандық филиалымен тығыз жұмыстар жасалып, аудандық мекемелердің мамандарымен семинарлар өткізіп осы арқылы мемлекеттік қызметтердің мерзімінің бұзылуы және қызмет көрсету сапасына түскен шағымдардың санын төмендету жоспарланып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет