Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы



Дата19.06.2016
өлшемі44 Kb.
#148328


Алматы облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ
2010 жылғы 16 маусым №34-202




Алматы облысы әділет департаментінде

2010 жылғы 19 шілдеде 2056 номірімен тіркелген.

Алматы облысының жер үсті

көздеріндегі су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы

ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 487-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихат Облыстық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

_______________М.Мырзағалиев ______________А. Сыдық

Алматы облыстық мәслихатының

2010 жылғы 16 маусымдағы

«Алматы облысының жер үсті

көздеріндегі су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы

ставкаларын белгілеу туралы»

№34-202 шешіміне қосымша



Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары


№ п/п

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшеу бірліктері

Төлемақы ставкалары

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету

тиын/текше метр

4,64

2

Өнеркәсіп, жылу энергетиканы қоса есептегенде

тиын/текше метр

30,4

3

Ауыл шаруашылығы

тиын/текше метр

0,92

4

Су көздерінен су алатын тоған шаруашылықтары

тиын/текше метр

8,8

5

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

теңге/тонна

228

6

Гидроэнергетика

тиын/кВт. сағат

7,31

7

Су көлігі

тиын/мың. шақырым

0,5




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет