«Алматының жас балеті» шақырады



Дата19.06.2016
өлшемі19.57 Kb.
#148397

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.Мирзоян 2, 136

«Алматының жас балеті» шақырады
Әлемге әйгілі балетмейстер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Болат АЮХАНОВ  Алматы хореографиялық училищесін А.Селезневтің класы бойынша, Санкт-Петербордағы А.Ваганова атындағы би академиясын, ГИТИС-тің балетмейстерлік бөлімін бітірген. Осыдан 47 жыл бұрын «Алматының жас балеті» ансамблін құрған. Сол жылдан бастап осы ансамбльде билер мен хореографиялық миниатюраларды, композицияларды, бір, екі актылы балеттерді талай мәрте сахнаға қойды. Сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (Ш.Жиенқұловамен бірге), Д.Шостаковичтің 4-ші симфониясы бойынша «Қылмыс пен жаза», П.Чайковский мен М.Плетневтің «Евгений Онегин», Ф.Шопеннің «Шопениана», «Пахита» балеті негізінде қойылған гран па (жеке өзінің хореографиялық болжамдары) тәрізді жұмыстары қазақ балетінің ғана емес, дүние жүзілік балет тарихына енген жаңалықтар болды. «Алматының жас балетінің» шын мәнінде Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, репертуарының бай, шеберліктерінің жоғары болуында Аюхановтың үлесі ерекше. Оның қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық тән. Қырық жылдан астам Аюханов жетекшілік етіп келе жатқан ансамбль дүние жүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына енген.

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аты аңызға айналған Болат Аюхановтың қатысуымен «Алматының жас балеті» өнер көрсетеді. Біз білетін баллетмейстер күні бойы аяқтың ұшымен жүріп еңбек етеді. Түнде ұйқыдан гөрі, кітап оқуға құмар. Бір жерге кешігіп барғанды ұнатпайды. Сіз де 3 наурыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (УЛК, сағат 15.00) концерт залында Қазақстан халық әртісі, балет өнерінің шебері, профессор Болат Аюхановтың қатысуымен өтетін 8-наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орайластырылған «Алматының жас балетінен» кешігіп қалмаңыз.


Өтетін орны:

Астан қаласы, Мирзоян көшесі 2,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

УЛК (оқу-лабараториялық корпус)

Уақыты: 03.03.14. 15.00

Ұйымдастырушы: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Баспасөз қызметі:

8 (7172) 709-548

8 (7172) 70-95-00 (ішкі 31-116, 31-118)

Ляйля Рахманова, Базарбек Түкібай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет