Алмұратов Еркебұлан!



бет3/4
Дата30.01.2024
өлшемі23.88 Kb.
#490241
1   2   3   4
алгыс хат

Құрметті Аразбаев Юзбай,
Сарбаева Ұлбибі!

18 М. Сатыбалдиев атындағы мектеп ұжымы 11 «В» сыныбында оқыған қызыңыз Копиген Аружан 11 жыл бойы үздік оқып, үлгілі болуына мүмкіндік жасап, берген тәлім-тәрбиеңіз үшін, баланы оқытып-тәрбиелеуде сынып жетекшісінің сенімді көмекшісі болғаныңыз үшін алғыс жариялайды.


Сіздің балаңыз өзін талапты, қабілетті, еңбекқор және заманауи білімді игерген дарынды тұлға екенін көрсетті. Сөзсіз, бұл сіздердің еңбектеріңіз! Ата-ананың қолдауы балаға сенімділік пен жаңа жеңістерге жол ашады. Балаңыздың алар белесі көп болсын! Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің білікті Азаматы болып өсе берсін!
Отбасыларыңызға денсаулық, береке, амандық тілейміз!

Мектеп директоры Ибраева А.А.
Сынып жетекшісі Акмурзиева А.А.
21 маусым 2023 жыл

Құрметті !
18 М.Сатыбалдиев атындағы мектеп ұжымы сіздерге мектептің өміріне белсене қатысқандарыңыз және өзін жаңа білім алуға ұмтылатын қабілетті оқушы ретінде көрсеткен 9в-сыныбында оқитын қызыңыз ұлдарыңыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен карап, сынып жетекшісіне сенімді серік, тұғырлы тірек бола білгендеріңіз үшін шын жүректен ризашылығы мен алғысын білдіреді.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Сонымен қатар оқушылар бойындағы ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам — ата-ана. Осының бәрі сізде сай болып, баланың бойына дарыта алғаныңызға қуаныштымыз. Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, сәттілік және амандық тілейміз! Балаларыңыз еліміздің ұлылығымызды ұлықтап, мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін демекпіз.

Мектеп директоры Ибраева А.А..
Сынып жетекшісі Акмурзиева А.А..

11 маусым, 2019 жыл


Құрметті Жәнібек Уәлиұлы,
Сәнжан Бабайқызы!

18 М.Сатыбалдиев атындағы мектеп ұжымы 9г-сыныбында оқитын қызыңыз Уәлиева Жансаяның 9 жыл бойы үздік оқып,үлгілі болуына мүмкіндік жасап,берген тәлім-тәрбиеңіз үшін,баланы оқытып-тәрбиелеуде сынып жетекшісінің сенімді көмекшісі болғаныңыз үшін алғыс жариялайды.


Бала тәрбиесіне ең алдымен ата-ананың ой-ақылы, адамгершілігі,ұстанымы,еңбекқорлығы әсер етеді. Осының бәрі сізде сай болып, баланың бойына дарыта алғаныңызға қуаныштымыз.Біз де Жансаяның жетістіктерін мақтан тұтамыз,әлі талай биіктерді бағындыруына тілектеспіз.
Отбасыларыңызға денсаулық ,береке, амандық тілейміз!


Мектеп директоры Жаймұханова Ұ.Ш.
Сынып жетекшісі Мұқанбаева Г.С.

11 маусым, 2019 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет