Алшымбеков саяхат қанағАТҰлы болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлау



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі350.5 Kb.
#126015
түріАвтореферат
  1   2   3   4
ӘОЖ 378.02:37.01:39 Қолжазба құқығында


АЛШЫМБЕКОВ САЯХАТ ҚАНАҒАТҰЛЫ

БОЛАШАҚ ТУРИЗМ МАМАНДАРЫН ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТТЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУ

13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы
Саипов Ә.А.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Омаров Қ.М.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы

Жолдасбеков А.А.

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Исабек Н.Е.

Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері
университеті

Қорғау 2010 ж. « » сағат ______ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14.05.01. диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек-би 30, 3-қабат.

Автореферат 2010 жылы «____ » ____________ таратылды.





Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: Көшербаева А.Н.


КІРІСПЕ



Зерттеудің көкейкестілігі. Әрбір мемлекеттің интеллектуальды, экономикалық, ұлттық рухани және мәдени деңгейі, оның білім беру салалары мен даму қарқынына тікелей байланысты. Осыған сәйкес «Қазақстанның 2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасында» білім берудің әлеуметтік-мемлекеттік маңыздылығы айқындалып, әсіресе кәсіби мамандар даярлау ісіне баса көңіл бөлу керектігі анық көрсетілген.

Сондықтан ғылыми техникалық прогрестің дамуы мен елдің нарықтық экономикаға өтуі,жаңа мамандықтар бойынша жүйелі түрде даярлаудың қажеттілігін тудырды. Осы тұрғыдан алғанда туризм мамандарын жүйелі түрде кәсіби даярлау, жалпы әлеуметтік сипатқа ие бола отырып, халқымыздың салауатты өмір сүру салты мен рухани мәдениетіне жастардың кәсіби танымдық көзқарастарын кеңейту, туристік іс-әрекеттер арқылы ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселесінің біріне айналуда.

Қазақстанның дербес тәуелсіз мемлекет болуымен қатар алғаш рет экономиканың қызықты да, ауқымды жаңа саласы туризм қалыптасып дами бастады. Туризм өзінің әмбебап ұйымдастыру түрлері мен мүмкіндіктері жағынан, дәстүрлі түрде қалыптасқан басқа экономикалық салалармен біріге отырып өндірістік, кәсіпкерлік мәселелерді ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік, педагогикалық білім мен тәрбие беру кеңістігін де қамтиды, қалың бұхараны экскурсия үдерісі барысында туристік танымдық-тәрбиелік іс-әрекетке тарту арқылы жеке адамның құнды ұлттық рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал етуде.

Осы орайда, жоғары оқу орындарындағы болашақ туризм мамандарын, атап айтқанда туризмнің танымдық-ақпараттық қызметін жүргізуші экскурсоводтарды, экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдаланып қана қоймай, осы экскурсияларды даярлау технологиясын меңгеруге де даярлықтарын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады. Олай дейтін себебіміз, шетелдік және отандық туризм субъектілері ғысырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпай, керісінше, әрбір қоғамдық ортада болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырады.

Алайда, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ұлттық мәдениеті туралы ақпараттық білім беру және оны әлемге әйгілеу болашақ экскурсоводтардың осы бағытта меңгерген этнопедагогикалық білімдерінің теориялық, практикалық, іскерлік, дағдыларының деңгейіне байланысты айқындалады.

Сондықтан жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі, бакалавриаттар мен магистранттарды болашақ туризм мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Демек, маман дайындау үшін кәсіби білім беру үдерісін белсендендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсендендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің кәсіби шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра отырып, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру қажет.

Болашақ туризм мамандарының, туризмнің экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын танымдық,тәрбиелік мақсатта пайдалануға даярлықтарын қалыптастыру үшін, оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет барысында пайдаланылытын этнопедагогика -

лық кәсіби білім, этнографиялық экскурисияларды даярлау және өткізу іскерліктері мен дағдылар жүйесін қалыптастыру қажет етіледі.

Осы тұрғыдан алғанда, болашақ туризм мамандарын экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға даярлықтарын, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесінің көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.

Педагогика саласы ғалымдары (В. И. Андреев, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмина, В. В. Сериков, В .А. Сластенин, А. В. Усова, Н. Д. Хмель,Г.Т.Хайруллин,В.В.Трифонов, Н. Н. Хан, Қ. Қ. Жампеисова, А. А.Бейсенбаева және т.б.) маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маман іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік негізделген бағдар ұсынады.

Қоғамның қазіргі даму жағдайында еңбек сапасына талаптың
күшеюіне байланысты білім беру саласының дамуы жөніндегі Қ.М.Арынгазин, С.Ж.Пірәлиев, Б.Б.Баймұханов, С.Т.Каргин, Л.Керимов, Т.С.Көшеров, А.Қ.Құсаинов, Е.Ө.Медеуов және т.б. еңбектері; студенттердің кәсіптік және техникалық даярлығын қалыптастыруға арналған Ш.А.Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, В.В.Егоров, К.А.Жусупова, М.С.Мәлібекова, Б.К.Момынбаев, О.Мұсабеков, Ы.А.Нәби, Ә.П.Сейтешев, О.С.Сыздықов, С.Маусымбаевтың еңбектері; мамандар даярлаудағы әлеуметтік мәселелердің маңызы жөнінде Г.К.Ахметова, Е.З.Батталханов, З.Ө.Кенесарина, Г.Ж.Меңлібекова зерттеулері; мамандар даярлауда арнайы пәндер мазмұнын оқыту тиімділігін арттыру туралы М.С.Молдабекова, Ж.Ж.Наурызбай, Л.А.Шкутина, К.М.Беркімбаевжәне т.б.еңбектері; білім беру саласында арнайы педагогикалық идеяларды іске асыруда және мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары туралы: А.В.Усова, В.И.Земцова, В.И.Тесленко, И.Л.Беленок, М.А.Құдайқұлов, А.Е.Әбілқасымова, Н.Э.Пфейфер, Ш.Таубаева, В.Г.Храпченков, А.Б.Абибуллаева, Б.Кенжебеков және т.б. ғалымдардың болашақ маман даярлау туралы ізденістерінің маңызы жоғары болды.

Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі проблемалары туралы және студенттердің жалпы этнопедагогикалық,әскери-патриоттық,этноэкологиялық, технологиялық білімдері мен дағдыларын дамытуға Ю.К.Васильев, В.П.Кузьмина, А.Н.Гудимова,Қ.Б.Жарықбаев,С.Қалиев,С.А.Ұзақбаева,Қ.Б.Бөлеев, Р.К.Төлеубекова,Қ.Қ.Шалғынбаева,Р.К.Дүйсембинова, Б.А.Әлмұхамбетов, Ұ.М.Әбдіғапбарова,Р.А..Жаңабаева,А.Н.Көшербаева,Д.Чилдебаев, С.М.Кеңесбаев, және т.б. зерттеулері арналған. Бұл жұмыстар негізінен инженер-педагог, мұғалім сияқты халық шаруашылығының түрлі саласына мамандар даярлауға байланысты жүргізілген.

Көптеген ғалымдардың оқушылардың туристік іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты П.И.Истоминнің, А.А.Остапец-Свешниковтың, О.А.Юрьеваның, А.А.Саиповтың, В.Н.Вуколовтың, О.Б.Мазбаевтың, А.А.Жолдасбековтың, В.П.Фоминнің, Қ.М.Омаровтың, Н.У.Серикованың, О.Г.Лютеровичтың зерттеулерінде туристік-өлкетану іс-әрекеттері біршама нақты зерттеліп, туризм кадрларын даярлау үдерісі жалпылама түрде сипатталған.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық, психологиялық, туризм, өлкетану ғылымдары, тарихи-этнографиялық, этнопедагогикалық әдебиеттер мен зерттеу еңбектерге және озық тәжірибелерге жасаған талдау авторлардың өздерінің зерттеу нысаналарына қарай педагогика, этнопедагогка ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылып жүргенін, ал біздің қарастырып отырған зерттеу жұмысымыздың проблемасы бұл еңбектерде қарастырылмағанын дәлелдейді. Туризм мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының оқыту үдерісіндегі болашақ экскурсоводтарды кәсіби даярлау мәселесінің қазіргі таңға дейін ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегендігін, нақтылай айтқанда болашақ экскурсоводтардың экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогикасы материадарын танымдық - тәрбиелік мақсатта пайдалуға әдістемелік даярлықтарын қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламалардың жоқтығы байқалады.



Демек, бүгінгі туризм кадрларын даярлау үдерісінде болашақ экскурсоводтардың кәсіби даярлықтарын қалыптастыру мәселесінің жүйелі зерттелмеуі арасында; туризм саласының сұранысына сәйкес, болашақ экскурсоводтарды экскурсия үдерісінде, туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында, қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға, кәсіби даярлықтарын қалыптастыруға байланысты, бірегей кешенді оқу-әдістемелік нусқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Олай болса, осы қарама-қайшылықтардың тиімді педагогикалық шешімін іздестіру, біздің зерттеу жұмысымыздың проблемаларын айқындауға және тақырыпты «Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлау» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты. Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемесін жасау,эксперименттік тексерістен өткізу.

Зерттеудің объектісі. Жоғары оқу орындарындағы болашақ туризм мамандарын кәсіби дайярлау үдерісі.

Зерттеудің пәні. Болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлықтарын қалыптастыру.

Зерттеудің болжамы. Егер болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлықтарын қалыптастыру теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның қазіргі кредиттік технологиялық оқыту жүйесі бойынша әдістемелік кешені даярланса,онда туризмнің экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануды жетік меңгерген экскурсоводтарды кәсіби дайындау үдерісінің тиімділігі артады, өйткені бұл,бүгінгі туризм саласы бойынша болашақ экскурсоводтарға кәсіби білім беру сұранысына сәйкес келеді.

Зерттеудің міндеттері.

  1. Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау.

  2. Болашақ туризм мамандарын экскурсиялық үдерісте қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға даярлықтарының моделін жасау, оның өлшемдері мен көрсекіштерін және қалыптасу деңгейлерін айқындау.

  3. Болашақ туризм мамандарын экскурсиялық үдерісте қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға даярлаудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру.

  4. Қазақ этнопедагогика материалдары қолданылған этнографиялық экскурсиялар жүйесінің мазмұнын даярлау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орнындағы болашақ туризм мамандарының кәсіби даярлығын теориялық тұрғыдан дамыту және экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға даярлықтарын жетік меңгерту,олардың кәсіби білімі мен іскерлігін қалыптастыру мен қатар,туризм субьектілеріне ұлттық құндылықтарды тиімді меңгертуге ықпал етеді.

Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық және теориялық негіздері білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, этнопедагогикалық ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдістемелік және эксперименттік қағидаларын жасауда кәсіби оқыту үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми ұстанымдары, сонымен бірге кәсіпқойлық, оның бәсекеге қабілетті және кәсіби толысқан маман болып қалыптасуындағы рөлі; іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық теориясы; проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.



Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың, этнографтардың және т.б. ғалымдардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; ҚР туризм саласын дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламасы, экскурсоводтардың озық тәжірибелері; туризм кадрларын кәсіби даярлау саласындағы ғылыми еңбектері.

Автордың жоғары оқу орнында аға оқытушы, туризм нұсқаушысы, гид-экскурсовод, жоғары категориялы экскурсовод қызметтеріндегі көп жылдық педагогикалық және зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.



Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелер); әлеуметтану (сауалнама); білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің негізгі кезеңдері

Бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мен теориясының жалпы және арнайы мәселелері бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерді мақсатты зерттеу мен талдау; болашақ экскурсовод мамандарын дайындау тәжірибесін талдау жұмысы ұйымдастырылды. Маманды даярлаудың мемлекеттік стандарттары, білім беру саласындағы бағдарламалар және бірқатар жоғары оқу орындарында негізге алынып жүрген мамандарды даярлау оқу жоспарлары зерделенді. Зерттеудің басты қағидалары анықталды, тәжірибелік-эксперимент жұмысының әдістемесі қалыптасты. Жоғары оқу орнында болашақ туризм мамандығы студенттеріне арнайы, кәсіби пәндерді оқытудың әдістемесін қалыптастырудың заманауи проблемаларының зерттеу деңгейі анықталды, анықтау экспериментінің нәтижелері өңделді.

Екінші кезеңде (2003-2006 жж.) студенттерге туризм, экскурсиятнау, туризм педагогикасы, этнопедагогика, дүние жүзі халықтарының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптары саласында білім берудің көп сатылы құрылымыдық ерекшеліктері негізделді. Болашақ туризм мамандарына арналған арнайы мамандық пәндердің құрылымы және мазмұны жетілдірілді. Болашақ туризм мамандығы шеңберінде жалпы кәсіби дайындау тиімділігін арттыруға бағытталған оқу үдерісінің құрылымы жетілдірілді және қалыптастыру эксперименті жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде (2007-2009жж.) болашақ туризм мамандығы студенттеріне арнайы мамандық пәндерді оқытудың бағдарламасын, дидактикалық қамтамасыздандыруын және әдістемесін негіздеп, жетілдіру үстіндегі жұмыстары жалғасты. Болашақ туризм мамандығы студенттеріне экскурсия үдерісінде ұлттық тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға даярлықтарын қалыптастыруға бағытталған білім берудің ұстанымдары негізделіп, оқу үдерісіне ендірілді. Болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлықтарын қалыптастыруды кәсіби дайындау технологиясы жасалып, әдістемесі ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, деректер статистикалық өңдеуден өтті және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. Пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді. Диссертациялық жұмыс талап бойынша рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі

1.Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсиялық үдерісте пайдалануға даярлудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздері алғаш рет жасалды.

2.Болашақ туризм мамандарын экскурсиялық үдерісте қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға даярлықтарының моделі жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері және қалыптасу деңгейлері айқындалды.

3.Болашақ туризм мамандарын экскурсиялық үдерісте қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға даярлаудың жаңа кредиттік технологиялық оқыту жүйесі бойынша әдістемесі жасалып, оның тиімділігі эксперимент жүзінде тексеріліп дәлелденді.

4.Қазақ этнопедагогика материалдары қолданылған этнографиялық экскурсиялар жүйесінің мазмұны даярланды.(Отандық және шет елдік туристерге арналған.)

Зерттеудің практикалық маңыздылығы

Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орынының студенттеріне арналған “Экскурсиятану негіздері” атты оқу құралы, «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері” атты арнайы курс бағдарламалары жарық көрді. Сонымен қатар шетелдік және отандық туристерге арналған экскурсоводтың портфеліне жинақталған «Армысың әз Наурыз», «Қазақ халқының шежіресі», «Қазақ халқының салт дәстүрлері», «Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары», «Қазақи дәстүрлі баспана», «Қазақтың ұлттық дастарханы», «Қазақ халқының ұлттық қол өнер туындылары.(Шеберлер аулына саяхат)» атты этнографияляқ экскурсиялардың әдістемелері даярланған. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында болашақ экускурсоводтарды дайындауда және туризм мамандарының кәсіби білімін жетілдіретін курстарда пайдаланылады.



Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады

1.Болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарын қалыптастырудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтаудың мазмұндық сипаттамасы;

2.Болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлықтарын қалыптастыру моделінің негізделуі және оны сипаттайтын өлшемдері мен көрсеткіштері;

3.Болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлықтарын қалыптастыру әдістемесінің негізделуі; болашақ экскурсоводтардың қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлықтарын арнайы пәндерді оқыту үдерісінде қалыптастырудың формалары мен әдістері негізделеді,

4.Болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлықтарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік нұсқаулары.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік

жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерiсіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.



Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Туран унивеситетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру эксперимент барысында жүзеге асты және халықаралық (Алматы, 1999, 2001, 2005; Астана, 2007, Тараз, 2007; Шымкент, 2004; 2006; 2007; Ресейдің Мәскеу, 2007;), республикалық ғылыми-практикалық (Көкшетау, 2006; Кентау, 2006), ғылыми-теориялық конференцияларда; республикалық педагогикалық оқуларда (Шымкент, Алматы, Түркістан, Кентау 1999-2007) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жыл
сайынғы өтетін конференцияларында, ғылыми-әдістемелік семинарларында, мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда және жинақтарда
көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқу үдерісіне және т.б. туризм мамандарын даярлау практикасына ендірілді.

Зерттеу материалдары бойынша 23 еңбек жарияланды, соның ішінде


1 оқу құралы, 22 ғылыми-әдістемелік мақалалар мен баяндамалардың материалдары баспадан шығарылды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар мазмұндалады.

«Болашақ туризм мамандарының кәсәби іс – әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда кәсіби іс–әрекетті қалыптастырудың мәні, оның құрамы, құрылымы мен болашақ туризм мамандарының кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады және жоғары оқу орындарында болашақ туризм мамандарын кәсіби даярлаудың бүгінгі жағдайы мен қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарын қалыптастыру моделі айқындалады.
«Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде болашақ экскурсоводтарды қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлау әдістемесі» атты екінші тарауда болашақ экскурсоводтардың қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлықтарын арнайы пәндерді оқыту үдерісінде қалыптастырудың формалары мен әдістері негізделеді, тәжірибелік-эксперимент жұмысының әрбір кезеңдеріндегі нәтижелері көрсетіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдары мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қосымшада болашақ экскурсоводтардың қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлықтарын қалыптастыру үдерісінде пайдаланылған оқу материалдарының мазмұны көрініс табады (А, Б,В,Г,Д қосымшалары).
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жоғары оқу орнының кәсіби маман даярлаудағы басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның кәсіби ой-өрісін арттыру, жоғары кәсіби білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.

Болашақ туризм мамандарын дайындауда, атап айтқанда олардың болашақ кәсіби іс-әрекетте (экскурсияда) қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастыру мәселесін теориялық-әдіснамалық тұрғыда біз екі аспектіде қарастыруға талпыныс жасадық (психологиялық және педагогикалық), онда аталған кәсіби іс – әрекетке даярлықтың негізін, экскурсовод кәсібі үшін маңызды оның нақтылығы мен құрылымын анықтауға мүмкіндік беріледі және осы негізде туризм мамандығы студенттерін кәсіби теориялық, кәсіби өндірістік оқыту үдерісінде болашақ кәсіби іс-әрекетте қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастырудағы олардың кәсіби оқу, кәсіби танымдық белсенділігін арттырудың әдіс-тәсілдері талданды.

Сондықтан экскурсия үдерісінің барысында отандық (олардың ішінде барлық жастардағы қала тұрғындарының) сонымен қатар әсіресе шет елдік туристердің аса танымдық экзотикалық қызығушылығын тудыратын этнопедагогикалық экскурсиялық материалдардың (Қазақстан халықтарының және қазақ халқының әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, қазақ халқының көне шежіресі, Қазақстанның тарихи мұралары мен мәдениеті) мазмұндық сипаттамасын студенттер кредиттік технология жүйесінің талаптарына сай аудиториялық дәрістік және практикалық сағаттардың күрт қысқаруына байланысты өздігінен орындайтын жұмыстар тапсырмасы ретінде даярлап, СОӨЖ сабақтарында талқылайды. Бүгінгі білім беру жағдайында қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үдерісінде ретсіз, жүйесіз қолдану салдарынан ұлттық мұраның мән-маңызына нұқсан келуде. Ал біздің тәжірибемізде болашақ экскусоводтарды экскурсия үдерісінде этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлау жұмысымыз, оқу үдерісімен қатар негізінен әр студентпен жеке дара, және топтық әдістермен оқытушылардың басшылығымен өткізілетін аудиториядан тыс сабақтарда, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында, ғылыми жобалар дайындауда, ғылыми конференцияларға арнайы баяндамалар дайындау барысында өткізіледі. Ал өндірістік практика кезінде мүмкіндігінше нақты материалдар негізінде, мерекелік тойларға (Наурыз мерекесі), үйлену, қыз ұзату, құда түсу тойларына қатысу арқылы даярлық үдерісі бейне таспаға түсіріліп өткізіледі, бұл шаралар оқу үдерісінен тыс, оқытушылардың және студенттердің өзіндік кәсіби танымдылығының, белсенділігінің арқасында жүргізіледі. Демек қазіргі жаңа кредиттік технология жағдайында бұл құбылыстың әрі қарай даму мүмкіндігі күшейе түспек, оған оқытушылар да, студенттер де әдістемелік жағынан даяр болуы қажеттігі туындайды.

Осы қарастырылған мәселелерге жасалған теориялық - әдіснамалық талдау нәтижесі бізге төмендегідей тұжырымдар жасауға негіз болды:

1. Жоғары оқу орындарында болашақ туризм мамандарының кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастыруда қазіргі кәсіби оқу үдерісін жаңа кредиттік технология жүйесінің талаптарына сай құрудың теориялық-әдіснамалық және кәсіби танымдық, кәсіби шығармашылық негізі болып адамның кәсіби дамуы, оның жеке кәсіби құзіретті, толерантты тұлға ретіндегі қоғамдағы орны, қоғамның материалдық және рухани байлығын дамытудағы, баянды етудегі адам іс-әрекетінің рөлі, адам іс-әрекетінің мақсаттылығы мен қайта құру сипаты табылады.

2. Шығармашылық деңгейге көтерілген өзіндік кәсіби оқу-танымдық іс- әрекеттегі белсенділік, іс-әрекеттің өзгертуіндегі сипат алғанын байқатады. Оның шығармашылық маңызы әрқашан да жаңаның келуімен, іс-әрекеттегі стереотипінің, жағдайының өзгеруімен байланысты.

3. Кәсіби іс-әрекеттің міндетті түрі мен оның ерік түрін таңдау ерекше маңызға ие болады, онда студент кәсіби іс-әрекеттің мақсатын да, құрылымын да өзі таңдай алады. Бұның бәрі кәсіби оқыту процесінде де, оқу мен өндірістік іс- әрекеттің өзара байланысында да жүзеге асады.

4. Студенттің кәсіби еңбекпен, өзара қарым-қатынаспен, қоғамдық іс-әрекетпен байланыс жағдайында кәсіби танымдық үдерістердің белсенділігі, жан-жақты іс-әрекеттер тәжірибесінен студенттердің жетілуі интенсивті іске асады.

5. Оқытушы мен студенттің іс-әрекетіндегі белсенділікті күшейтуде олардың арасындағы жағымды қарым-қатынас үлкен роль атқарады, ол студенттің белсенділігін, дербестілігін, оның тұлғалық ұстанымына шығуын қамтамасыз етеді.

6. Оқу мен оқытуда оқытушы мен студенттің субъектаралық қарым- қатынасы аса маңызды: олар оқытушы мен студенттің іс-әрекетінің күш бірлігін, әрекет бірлігін, әрекеттегі өзара байланысты қамтамасыз етеді.

7. Студенттердің танымдық қызығушылығы, оның оқуына іштей және сырттай жағымды жағдай туғызатын кәсіби танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда әсерін тигізеді. Кәсіби танымдық қызығушылық оқытудың объективті шынайы бағаларын анықтайды, оқуға күш, жеңілдік, екпін, қозғалыс, іс-әрекеттің өнімділігін, оған даралық мән, үстемді, кәсіби оқу-танымдық іс- әрекетке жағымды интеллектуалды – эмоциялық рең береді.

8. Қазіргі кезде өздігінен кәсіби оқу іс-әрекетін белсендірудің әлсіздігі байқалады: әрбір оқытушының әдістемелік жағы; топтың барлық оқытушыларының іс-әрекетіндегі синхрондық немесе әркелкілік; оқытушы іс- әрекеті стилінің студентке әсері; әр түрлі сабақтарда студент іс-әрекетінің өзгеруі; оқытушының студенттермен қарым-қатынасы және оның студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетіне әсері; сабақтағы студенттердің басым әрекеттері; кәсіби танымдық белсенділігінің, кәсіби қызығушылығының әр түрлі сабақтағы тұрақсыздығы, топтағы ұжымдық қатынастың сипаты, оның әр дәрежеде көрінуі.

Осы тұжырымдамаларға байланысты болашақ экскурсоводтарды даярлау, олардың кәсіби іскерлігін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Осы орайда, біз болашақ туризм мамандарының экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық (1-сурет).

Модель болашақ туризм мамандарының кәсіби сапасына қойылып, зерттеу идеясын болашақ туризм мамандарының экскурсияда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастыруды оңтайландыру мәселесі бойынша, осы қарастырылып жатқан проблемаға студенттерді тұтас бір кәсіби дайындау жүйесін құруда негізгі рөл атқарады. Онда кәсіби ақпараттық этнопедагогикалық материалдар мен кәсіби даярлық мәселелері басым қарастырылатындықтан - болашақ кәсіби экскурсоводтарда мотивациялық компонент, осы тұрғыда кәсіби танымдық, кәсіби бейімділікке, белсенділікке, құзіреттілікке арнайы талап болатындықтан мазмұндық компонент, сонымен қатар арнайы бағытталған кәсіби білім, біліктілікті, дағдыны тәжірибеде пайдалана білу болғандықтан болашақ экскурсоводтарға іс-әрекеттік пен рефлексивтік компоненттер болуы қажеттілігін модельде ескердік.



Мотивациялық компонент – оқытушы әрекеттерінің болашақ экскурсоводтардың кәсіби танымдық қызығушылығына әсер ететін жағдайлары, жағдаяттары (мамандық туралы алғашқы тәжирібелік ой-толғанысы) және өзара қатынас жолдарын алдын-ала білуі мен студенттер бойында қалыптасатын кәсіби сапаны дұрыс таңдауы және нәтижесін көрсетуінде. Сонымен қатар болашақ экскурсоводтардың бойында кәсіби қасиеттерді (кәсіби білімділік пен біліктілік денгейі, кәсіби шеберлік және құзіреттілік, кісіби танымдық қызуғушылық, толеранттылық, борыштылық,

ұлттық сана және т.б.) қалыптастыруға жағдай туғызуында. Кәсіби оқыту процесі арқылы болашақ экскурсоводтарды экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын





















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет