«алтын қАҚПА» танымдық –сайыстық ойыны «Алтын қақпа»



Дата20.06.2016
өлшемі31.57 Kb.
#149111
«АЛТЫН ҚАҚПА» ТАНЫМДЫҚ –САЙЫСТЫҚ ОЙЫНЫ
«Алтын қақпа» танымдық –сайыстық ойыны Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбы бойынша өткізілмек.

Іс –шараның мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы алған білімдерін тиянақтау. Отан туралы өлең, мақал – мәтелдер, қанатты сөздер арқылы білімдерін толықтыру. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Іс – шараның барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Саламатсыздар ма, бүгінгі «Алтын қақпа» танымдық- сайыстық ойынына қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар! Біз бүгін «Қазақ тілі» апталығы аясында 8- сыныптар арасында сайыс өткізбекпіз. Ал енді, «Алтын қақпа» танымдық – сайыстық ойынының қатысушыларымен таныс болайық. Олар: «....» деп аталатын 8 «А» сынып оқушылары және «....» деп аталатын 8 «Б» сынып оқушылары.(Әр сыныптан 4 оқушы таңдалып алынады). Қатысушы командалармен танысып алған болсақ, енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін.

-Балалар, біздің мақсатымыз Қазақстан туралы білетінімізді ортаға салу. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жерде «Алтын қақпа» бар. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз.

Ойынның шарты: Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Темір қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең - шешуші кезең «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Ойынның шарты бойынша ойынды бірінші болып мына қобдишадан қай топ қызыл асықты таңдап алса, ойынды сол топ бірінші болып бастайды.

- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастадық. І кезең - «Темір қақпа». Оны ашу үшін «Тәуелсіз Қазақстанға» байланысты сұрақтарға жауап берейік.

1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж)

2. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)

3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және оларды қашан қабылдадық? (ту, елтаңба, әнұран 1992 жылы қабылдадық).

4. Қазақстанның даму стратегиясы жазылған бағдарлама ? (Қазақстан - 2030)

5. Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енді? (15 қараша, 1993 жылы)

6. Ту мен елтаңбаның авторы кімдер? (Ш. Уәлиханов, Ж.Мәлібеков, Ш.Ниязбеков)

7. Қазақ халқының үш биін атыңыздар. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

8. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң – арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.

Өлең шумағының авторы кім? (Абай).



Екінші кезең - «Күміс қақпа». Оны ашу үшін – Туған жер, Отан туралы мақалдарды толықтыру.

  1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл)

  2. Туған жердей жер болмас, ... (туған елдей ел болмас)

  3. Өзге елде сұлтан болғанша, .... (өз еліңде ұлтан бол)

  4. Отан үшін - .... (Отқа түс, күймейсің)

  5. Отан - ... (Оттан да ыстық)

-Балалар, үшінші кезеңіміз «Алтын қақпа» деп аталады. Бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі, алда – «Білім» қазынасы. Олай болса тапсырма да күрделі. Үш түрлі тапсырма орындалады.

І тапсырма:

«Қазақстан» деген сөзден бірнеше есім сөз құрау.



ІІ тапсырма:

«Отан» сөзін септеу



ІІІ тапсырма:

Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.

Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекет.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.

Ал, енді «Алтын сандықты» ашайық. Онда мынадай тапсырма бар:

Берілген тірек сызба арқылы бірнеше сөйлем құра.

Жер көлімі – 2,7 млн ш.м.

Президент

Тәуелсіз


Аймақтары



Рәміздері

Көп ұлтты

ҚАЗАҚСТАН
Ойынды қорытындылау.

-Міне, мақсатымыз, «Білім» қазынасына жету болса, Алтын сандықтағы қазынаға жеттік. Оқушылар арасынан «Отан» туралы жатқа өлең оқитын бала болса, оларды тыңдаймыз.



Оқушыларға жақсы тілек тілей отырып, ойынды аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет