Алтын кемер белге сән Ақылды жігіт елге сән



жүктеу 23.46 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі23.46 Kb.
Алтын кемер белге сән 

 Ақылды жігіт елге сән.

                *** 

Ас ыл қайшы пішуге жақсы

Күміс қасық  ішуге жақсы.

***


Атаны көріп оқ жонар

Ананы көріп тон пішер.

***

Ауыр жүкті нар көтерер



Қиындықты ер көтерер.

***


Ақ сауыттың жағасы бар , жеңі жоқ,

Қас жақсының  өкпесі бар кегі  жоқ.

 

 

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма



 

***


Білмегенді көріп үйрен .

Білгеніңді  басқаға үйрет,

***

Батыр адам қорқақты сүймес.



Шебер адам шорқақты сүйсес .

***


Бұтақсыз ағаш июге жақсы ,

Бұлтақсыз сөз түюге жақсы.

Дау қуған жау табады ,

Өнер қуған қазына табады.

***

Ел қадірін ерлер білер ,



Зер қадірін зергер білер.

***


Жас келсе – іске, кәрі  келсе- асқа.

***


Жеті рет өлше ,бір рет кес.

***


Зейіні  бар жігітке  өнер өзі келеді.

***


Қисық ағашты тез түзер ,

Қисық сызықты көз түзер.

***

Кәсібі молдың ,несібі мол.



***

Көз көрерге тоймас ,

Көңіл өнерге тоймас.

***


Өз үйінде ою оймаған

Кісі үйінде сызу да сыза алмас.

***

Өнерлінің  қолы алтын ,



Өлеңшінің сөзі алтын.

Өнер түрі  елде  мол,

Өнім  сыры  жерде  мол.

***


Талаппен  баста,

Талғаммен  аяқта.

***

Өнегелінің  қолын  ұста,



Өнегелінің  жолын  ұста.

***


Ұшын  түймегеннің,

Үш  шаншым  жер  қалар.

***

Шебердің  саусағы  алтын.



***

Шын  шеберде  мін  болмас.

***

Шебердің  нұсқасын  өнері  көрсетер.

       


Бұл үстелді әркімде істеп алуға болады.

 Ол үшін жарамсыз болып қалған   жылжымалы орындықтың төменгі бөлігін аламыз,ал тірек үшін биіктігі   550-600     көлеміндегі диаметрі 100-120   азбесьт   немесе темір труба аламыз ,ал үстелдің бетінің өлшемі 750*750 өлшеміндегі формасы   дөңгелек , немесе алты қырлы   болдырып алуға болады.

Енді   үстелді құрастыру   үшін ұзындығы   650*700   диаметрі 10-12 мм    резьбалы    білік темір алып   үстінгі бел ағашпен қосып бекітеміз.



Шағын киім ілгіш

Киім ілгіштің тұғыры   600*30*60мм болатын екі ағашты ырып  бір-біріне қосу арқылы жасалады, ал негізгі тірегі биіктігі 1м диаметрі 30мм пласмасса су құбырынан жасап үстінгі жағынан арасы   200мм болатындай екі немесе үш көлделең киім ілгіш істеуге болады. Киім ілгіш    ұзындығы 450 мм    диаметрі 15 мм ағаштан жасалады.Ілгішті тірекке 14мм бұрғымен тесу арқылы қосамыз. Ал   тұғырды тірекке бұрандалы шеге арқылы қосуға 



болады.

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет