Алтынбеков әлайдар байниязұлы жоба тақырыбы: Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры Секциясы



бет2/4
Дата18.04.2024
өлшемі4.98 Mb.
#499109
1   2   3   4
ұстаздық- ұлы құрмет Әлайдар ағай

Жұбайы Құрманкүл Сейітжановамен

Екеуінің ұстаздық өмір жолы осылай басталған екен.


Әлайдар ағай осы Еңбекші орта мектебінде 1964 жылы оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарады. Ол кезде бұл қызметтің аты «завуч» деп аталатын. Әлайдар ағай мен Құрманкүл апай 1966 жылы Алғабас орта мектебіне ауысады. Және зейнеткерлікке шыққанға дейін осы мектепте еңбек етеді.
Әлайдар ағайдың шәкірттерінің айтуынша, ол кісінің сабағы қызықты, тартымды өтетін. Сол жылдарда оқушы жасөспірімдер арасында «Химия – қиын, ашиды миың» деген қалжың сөзі болған екен. Әлайдар ағайдың сабағы дүние есігін ашқан жасөспірімдерге табиғаттың таңғажайып тылсым сырларын ашқан мейлінше, қызықты сабақ болды. Мектепте тағы бір химия пәнінің оқытушысы Ақберген ағай екеуі мектепте химияның кереметтерін көрсететін тәжірибелік сабақтар өткізіп, оқушылардың осынау қиын пәнге қызығушылығын арттырған.





Әлайдар ағай әріптестер ортасында

Аудандық пән олимпиадасына «Алғабас» мектебінен жыл сайын 10-15 оқушы қатысып отырған. Олардың ішінде облыстық пән олимпиадасына қатысқандар да болған. Әлайдар ағайдың шәкірттері Әбдіқадыр Ахетов, Күлайша Қамысбаева, Мәриям Әуезова, сол қызығушылықтың нәтижесіндей Шымкент-химия технология институтына оқуға түсіп, химик мамандығын алған. Басқа да бірқатар оқушылар ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдап, агроном және мал дәрігері білімін алған. Олардың бәрі де жемісті еңбек етіп, отанымызға қызмет еткен белгілі азаматтар. Мысалы, Әбдіқадыр Ахетов химия ғылымының кандидаты. Шымкент цемент зауытында еңбек етіп, цементтің сапасын арттыру мәселесі бойынша ғылыми еңбек қорғаған.



  • «Бала күнімізде әр нәрсеге әуеспіз, бәрі қызық. Сөйтіп, ойымыз сан саққа жүгіріп жүрген кезеңде Ақберген және Әлайдар ағайлар органикалық және бейорганикалық химия пәндерінен сабақ берді. Табиғаттың тылсым сырларына тартып тұратын химия пәніне қызығушылық құмарымды туғызды. Бұл ағайлар өз шәкірттерінің қабілетін байқап, пәнге деген танымын, білімін кеңейте түсу мақсатында оқулықтан да тыс білімді сіңіруге тырысатын. Сол жылдары орысшаға шорқақтау болғанымызбен, Әлайдар ағай Мәскеуде шығатын «Химия в школе» деген журналда басылатын химия есептерін шығаруды үйрететін. Расын айту керек, осындай өз пәнін тереңірек үйрету үшін басқа да қосымша материалдарды пайдалану кездесе бермейтін», - дейді ғалым-шәкірт Әбдіқадыр Ахетов.

  • «Әлайдар ағай Алғабас мектебіне ауысып келген жылы бір жылдай өзінің туған ауылы Қызылдиқаннан жаяулап-жалпылап қатынап жұмыс істеп жүрді. Қызылдиқан ол кезде Ленин атындағы колхоздың бір бөлімшесі еді де, Алғабас сол колхоздың орталығы болатын. Көрші жатқан бөлімше ауылдар Қызылдиқанның және қазіргі Бестамның балалары бастауыш мектептен соң, Алғабасқа қатынап оқитын. Сол күндерде Әлайдар ағай оқушылармен бірге жаяулап Қызылдиқанға келе жатқан кезде уақытты босқа өткізбеу үшін оқушылармен ауызша пәндік сайыс өткізетін. Осылайша сайыс қызығына түскен бәріміз ауылға шаршамай жетіп қалғанымызды бір-ақ білетінбіз», - дейді Әлайдар ағайдың шәкірті, белгілі жазушы- журналист Ақайдар Ысымұлы.

Әлайдар ағай мектеп жанындағы интернатқа басшылық етті. Интернатқа малшылардың және Бестам мен Қызылдиқанның балалары жатып оқитын. Олардың сабақ үлгерімі, киімінің тазалығы, тәртібінің дұрыстығы, тамағының тоқтығы интернат жетекшісінің міндеті еді. Әлайдар атам көп жыл бұл жұмысты да абыроймен атқарды. Интернатқа келіп балалардың түрлі пәндік үйірмелерге қатысуын қадағалады. Оқушыларда бос уақыт болмайтын. Балаларының жай-күйінің жақсылығына алыстағы ата-ана да, мектеп басшылығы да, мұғалімдер де риза болатын. Әлайдар ағай интернат балаларына қамқор әке бола білді.

Әлайдар ағайдың интернат жетекшісі Еңбекші ауылының мектебінде завуч қызметін атқарған кезі

Әлайдар ағай мектептің қоғамдық жұмысына да белсене қатынасқан. Оны ұстаздар ұжымы мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы етіп сайлаған. Көп жыл осы жұмысты қоса атқарған. Мұғалімдердің денсаулығына, демалысын тиімді ұйымдастыруына мән беріп, түрлі шипажайларға жолдамалар алуына қол жеткізіп отырған. Кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде мұғалімдердің еңбек құқықтарының сақталуын ұдайы назарда ұстаған. Осындай қамқор көңілі, турашылдығы үшін әріптестері арасында құрметке бөленген. Кәсіподақ органдары тарапынан әлденеше рет марапатқа ие болған.


Ұстаз еңбегі - әмбебап. Өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасында өкімет ауыл шаруашылығына химия жетістіктерін кеңінен енгізу туралы шешім қабылдайды. Соған байланысты диқандар мен малшыларды ғылым жетістіктерімен таныстыруға арналған сабақтар, семинарлар өзара тәжірибе алмасулар өткізіледі. Осы шараларға мектептердің химия пәнінің оқытушылары да тартылады. Олар ауыл шаруашылығы мамандарына химия ғылымының жетістіктері туралы танымдық сабақтар өткізеді. Солардың бірі - Әлайдар Алтынбеков еді. 1996 жылы экологияға байланысты 55 жасында зейнетке шығады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де өз қызметінде жүріп, шәкірттеріне білімін беруден жалықпады. Әсіресе, химия сабағын енді бастағалы отырған орта буын сынып оқушыларына, алғашқы сабағын қызықтыра оқыту көп нәрсені талап етті. Әрбір бала бір-бір әлем. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға ерекше көңіл бөлді. Әлайдар атам 2001 жылға дейін осылай сабақ берген. Құдай берген қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар басына алқынбай жеткен Әлайдар ағайымыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем.
Әлайдар ағайдың отбасы ұстаздар әулеті. Қазіргі таңда 4 ұл, 5қыз өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған әке. Барлығы жоғары оқу орындарына түсіп, өз қоныстарын тауып, дипломдарымен жұмыс істеуде. 9 баладан 23 немере көріп, солардың қызығына тоймай келуде.
Солардың ішінде үш ұл-қызы және келіндері ұстаздар. Олар осы Алғабас мектебінде және Алматы қаласында ұстаздық еңбек етеді. Немерелері де биология пәнін таңдап өздерінің мамандықтарын алып отыр. Алтынбекова Фариза Ақтөбе қаласындағы Асфендияров атындағы Медициналық Академияда «Гинекология» мамандығы бойынша оқып шықты. Ал Әлайдаров Әділет Алматы қаласындағы Медициналық Академияда VIII курс студенті. Қазіргі таңда аяулы әке, ардақты ата Әлайдар атай, мектепте ғана ардагер емес, ауыл ардагері. Ауыл ақсақалы, қариясы. Әрдайым өзінің ұл – қыздарына, немерелеріне өсиетін айтып жүр.



Шәкірттерімен 40 жылдан кейінгі кездесу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет