Алтынбеков әлайдар байниязұлы жоба тақырыбы: Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры Секциясы



бет4/4
Дата18.04.2024
өлшемі4.98 Mb.
#499109
1   2   3   4
ұстаздық- ұлы құрмет Әлайдар ағай

Қадірлі ұстаз! Әлайдар ағай.
Өзіңізден алыстап,өмір соқпағымен әрбір қадам алға басқан сайын,тұлғаңыз соншалықты биіктей түсті,сол биіктей түскен болмысыңыз жанға жігер сыйлағаны бір басқа,әрдайым да уақыт кемесін балалық мінездеріміз жазира жағалауында қалып қойған кешегі күндеріміздің тұп-тұнық айдынына тағы да бір сәт бұрып әкетіп отырушы еді.
Сіздің шәкіртіңіз №157 Б.Пәрімбетов атындағы
қазақ орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Асанбаева Маржан

Құрметті ұстаз!
Осындай өткен шақтарымыздың балғын бейнеге толы парақтарын тағы да бір тамашалай қарап,ой елегінен өткізіп,үңіле түскен сәттерімізде де,сол қызықты жылдардың басты тұлғасы болып саналатын Өзіңізге мықты денсаулық,қажырлы қайрат,толағай табыстар тілей отырып,отбасыңыз бен балаларыңыздың амандығын,еңбек еткен ұстаздық жылдарыңыздың жемісін,ұл-қыздарыңыздың қызықшылығын көре беруіңізге әрдайым да шын жүректен тілектестік білдіруші:

Сіздің шәкіртіңіз
157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта
мектебінің директоры Ермаханова Гүлмира

ӘКЕ
(балаларының тілегі)

Қорғаштап өмір дейтін сында бізді,
Жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды.
Әкетай, дейміз сізге жүз жасаңыз,
Ақ тілек тағыңыз да жырдан ізгі!

Өмірде талай асу алынғаны,
Бақыттың оты бізге жағылғаны-
Бір Сіздің еңбегіңіз екен, Әке,
Бүгінде ойлап тұрсақ-соның бәрі.

Біз үшін өткен талай жылдарыңыз,
Жатыр ғой сол өмірде тұлғалы із.
Әкелік мектебіңізден тәлім алған
Бұл күнде өзі де әке ұлдарыңыз.

Өсті ұрпақ,соңыңыздан жетілді із,
"Ата!"-деп айдарлы ұл,кекілді қыз.
Сонда да бұтақ жайған ұл-қызыңа
Әлі де қатал ұстаз секілдісіз.

Өмірде беріп бізге тағлым із,
Үйреткен аз болды ма тәліміңіз.
Жетсек те жетістікке,алдыңызда
Баладай боп тұрамыз бәрібір біз.

Өмірде үлгіміз де бір Сіз,Әке,
Перзентке таусылмайтын жырсыз,Әке.
Сол тұлға,сол мінезден аласармай,
Біздерге тәлім болып жүрсіз,Әке.

Әлі де биік болсын жұлдызыңыз-
Арналған перзенттерден жыр-гүліміз.
Жүріңіз аман-есен ортамызда,
Тілейді соны бүгін ұл-қызыңыз!

Үлкенге ізетті іні, кішіге қамқор аға, балаларына жанашыр әке болған Әлайдар атам, кейінгі толқын жас буын ұстаздарға өнегелі өмірімен үлгі тұлға.




Мақала авторы: «№157 Б. Пәрімбетов атындағы
орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
7 сынып оқушысы Нұрлыбек Балауса
Жетекшісі: «№157 Б. Пәрімбетов атындағы
орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алданазарова Фарида Нүритдинқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет