Амангелді орта мектебінің мектеп президентін сайлау туралы хаттама №1



Дата22.12.2022
өлшемі15.8 Kb.
#467718
сайлау протокол


Амангелді орта мектебінің мектеп президентін сайлау туралы хаттама №1.
Мектеп оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сайлау бюллетені таратылды, өзін – өзі басқару ұйымының президентіне үміткерлер

  1. Құдайберген Жайна 7 сынып

  2. Нұржанқызы Жанерке 7 сынып

  3. Касымова Баян 9 сынып

  4. Жумабекова Ариза 10 сынып

Үміткерлерді сайлау мектептің акт залында өтті. Акт залында сайлау кабинкалары болды. Комиссия мүшелері (Ермекбаева Ж., Жақсылық Е. Есболат Б.) отырып келген оқушыларға,мұғалімдерге, қамту қызметкерлеріне сайлау бюллетендерін бір – біреуден беріп, бір – бір адамнан сайлау кабинкасына кіргізіп отырдық. Оқушылар сайлау парақшасын белгілеп сайлау жәшігіне салып отырды. Әр – бір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Сайлау комиссия үміткерлерді сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады.
Бірінші үміткер Құдайберген Жайна 15 дауыс жинады.
Екінші үміткер Нұржанқызы Жанерке 22 дауыс жинады.
Үшінші үміткер Касымова Баян 46 дауыс жинады.
Төртінші үміткер Жумабекова Ариза 15 дауыс жинады
Қортындылай келе сайлауға жалпы 98 адам қатысты. 46 дауыс жинаған 9 –сынып оқушысы Касымова Баян мектебіміздің президенті болып сайланды.


Тәлімгер Жолдыбаева Г.Д.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет