Амангелді селолық округі әкімі Т. Сәдуовтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан



Дата23.02.2016
өлшемі53.82 Kb.
#2759
Амангелді селолық округі әкімі Т.Сәдуовтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан

Аграрлық кешенде, шағын және орта кәсіпкерлікте және басқа салаларда қол жеткізген нәтижелеріміз жаман емес. Бұл бізге денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, халықтың әлеуметтік қорғалуы салаларында әр түрлі әлеуметтік бағдарламалардың табысты жүзеге асуына әсерін тигізді. Селолық округте 4 елді мекен бар, 305 аула, оларда 1079 адам тұрады. Оның ішінде 49 мектепке дейінгі балалар, 130 мектеп жасындағы балалар, 776 экономикалық белсенді тұрғындар, оның ішінде жұмыссыздар – 13 мүгедек, 48 ересектер, 6 мүгедек балалар, 159 зейнеткерлер, 55 көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек майданында 6 ай 55 адам еңбек еткен.

Жалпы 2008 жылға арналған бағдарлама көрсеткіштері орындалды. Қазіргі заманға сай техникалары қажетті қаржымен қамтамасыз етілген ірі агроқұрамалар құрылды. Егін егуде ұтымды жүйе әзірленген, соған сәйкес дәнді дақылдарды себу 14925 гектар алаңында, көкөніс өнімдер – 1,5 гектар, картоп – 1,5 гектар, жемдік өнімдер – 828 гектар алаңында. Дәнді дақылдардың сапасын сақтау үшін округтегі барлық шаруашылықтар жұмыс істейді. “Амангелді-Есіл” ЖШС-тің тұқым себу мәртебесі бар. Онда 3025 гектар бидай тұқымы себілген. Округ бойынша егін өнімі “Агрохимснаб” ЖШС-інде гектардан 20,5 центнер, “Поляковское” ЖШС-інде – гектардан 26,5 центнер.

Округте машина-трактор паркін техникамен қайта жарақтандыру жұмысы жақсы қолға алынған. Ағымдағы жылы шаруашылықтармен 11 техника 142 млн. 828 мың теңгеге сатып алынды. Биылғы жылы агроқұрамаларға көктемгі егіс және егінді жинау жұмыстарын өткізуге 19,9 млн. теңге көлемінде жәрдемақы берілді.

Мал шаруашылығы саласында округте малды көбейтуге ұмтылыс байқалып отыр. Өткен жылға қарағанда өнім өндіруі өсті. Мал шаруашылығымен жеке тұлғалар айналысады. Округ бойынша 2136 ірі қара мал, оның ішінде 780 бас сиыр, 705 жылқы, оның ішінде 233 аналық жылқы. Мал шаруашылығы өнімдерін қабылдау мөлшері де өсуде, ет, жүн, сүт, қабылдау былтырғы жылғы көрсеткіштерден жоғары. Қазір әлемдік қаржы дағдарысы жүріп жатқанын біз білеміз. Сондықтан біздің үкіметіміз күнделікті сұраныстағы тауарлар бағасын реттеуге арналған іс-шаралар жасап отыр. Сонымен қатар ауыл тұрғындары алған өнімдерін Петропавл қаласында өтетін жәрмеңкелерде өткізулеріне болады, бағалары базар бағаларынан төмен.

Бір жыл ішінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 25 рет болып, 1,5 млн. теңге сомасына өнім өндірілді. Селолық округ тұрғындары және “МолСоюз” ЖШС-і сүт қабылдауға шарт жасасқан. Округте қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Халық арасында қолдан ұрықтандыру жайында түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, олардан келешекте асыл тұқым алу туралы әңгімелер өткізілді. Округ бойынша “Жансерік” фермерлік шаруашылығында шаруа шағын диірмен бар, 2008 жылы жоғары және бірінші сорттағы 53 тонна ұн өндірілді.

Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келеді. Селолық округте 12 шағын кәсіпкер тіркелген. Өткен жылы жеке кәсіпкер Н.Сидорова “Тамара” атты дүкен ашты. Округ бойынша өз істерін бастау үшін аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдауға арналған “СҚО ауылшаруашылыққа қаржылық қор көмегі” АҚ-ы филиалы есебінен 400 мың сомасында екі шағын несие берілді.

Амангелді-Петропавл бағытында жүретін жолаушылар автобусы жұмысын жалғастыруда. (жеке кәсіпкер Б.Сәдуов). Округ бойынша шағын кәсіпкерлікте 21 адам қамтылған. Селолық округте цифрлік стансасы іске қосылып, халық ұялы байланысты қолдана алады. Пошта бөлімшесі жұмыс істейді, пошта аптасына 3 рет қатынасады.

Президентіміздің “Жасыл ел” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жылы 360 ағаш, 3 жыл ішінде 1500 көшет отырғызылды. Денсаулық сақтау, білім беру және өндіріс объектілерінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 300 тонна құмды-гравийлық қоспалар арқылы жолдар жөнделді. Амангелді селосы және округ бойынша үйлердің нөмірлері жаңартылды. Осымен біз жұмысымызды аяқтамаймыз, селомызды көркейтуге әлі де бірлесіп жұмыс істейміз. Бюджет қаржысына Амангелді селосының көшелерін жарықтандыру үшін 10 шам сатып алынды. Барлығы 18 шам қойылды. Поляковка селосын жарықтандыру үшін “Поляковское” ЖШС есебінен (жетекшісі П.А.Чернецкий). Калиновка селосына 3 шам, Талапкер ауылына 6 шам орнатылды.

Білім беруді дамыту бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайту және дамыту көзделіп отыр. Олар білім берудің сапасын жақсартуға және жаңа технологияларды енгізуге көп әсер етеді.

Селолық округте білікті мамандармен қамтылған 2 мектеп жұмыс істейді. Барлық мектептер телефон және Интернет жүйесіне қосылған. Амангелді орта мектебіне 6 компьютер сатып алынды. “Асхат-Агро” ЖШС-не (жетекшісі Н.С.Барлұбаев) факс сыйланды.

Өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Амангелді орта мектебі аудан бойынша 3-ші орынға ие болды. Жазғы демалыс кезінде “Родник” сауықтыру лагерінде жаппай білім беру қоры есебінен 9 оқушы демалса, ал агроқұрамалар есебінен 2 оқушы демалды. Жазғы демалыс кезінде мектепте сауықтыру алаңы жұмыс істеді.

2008 жылдың басынан бастап еліміздің астанасы – Астана қаласын таныстыру турларында мектептің 4 оқушысы барып келді.

2008 жылы қазақ тілін оқытуды жетілдіру мақсатында еңбек етіп жүрген 2 қазақ тілі мұғалімі облыс әкімінің грантына ие болды. Амангелді орта мектебіне жұмысқа 5 жас маман қабылданды. Мектепті жылыту жүйесі жақсы жұмыс істейді. Мектеп оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылған, түскі ас бағасы 1 оқушыға шаққанда 70 теңге.

ҚР “Мемлекеттік адресті әлеуметтік көмек көрсету” Заңына сәйкес селолық округте аз қамтылған отбасылары және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ағымдағы жыл ішінде 12 отбасына 324,4 мың теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік арнаулы көмек тағайындалды, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны 40 отбасы алды, 969,7 мың теңге сомасында. 160 мың теңге сомасында 11 отбасына қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді.

2008 жылға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 102 адам орналастырылды.

Жастардың салауатты өмірін дамытуға арналған іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын селолық округ әкімінің бас жүлдесіне волейболдан жарыстар өткізіліп тұрады. Биыл аудандық “Ақ бидай” спорт мерекесінде 16 округ арасында 4 орынға ие болды.

Селолық округ әкімдігінде полицияның тірек пункті бар. Учаскелік инспекторлар қылмыспен күресті және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жоспарлы және жүйелі жұмыс жүргізеді. Есірткі бизнес және нашақорлық, кәмелетке толмаған балалар құқығын қорғау және маскүнемдікпен күресу бойынша селолық округ әкімдігінде қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Құқықтық мәдениет және заңдарды құрметтеуге арналған құқықтық тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жұмыстар атқарылып келеді. Ішімдікті шектен тыс пайдаланатын тұлғалармен, отбасында жанжал шығарушылармен, қоғамдық тәртіпті бұзушылармен мақсатты арнайы кеңес жұмыс жүргізеді. Қоғамдық кеңес ұсынысы бойынша 10 тәртіп бұзушы есепке алынды.

Есіл ауданы ішкі істер бөліміне округ бойынша әр түрлі санатты 54 адам профилактикалық есепке алынды.

Жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша 23 адамды орналастыру жоспарланса, жұмыспен 34 адам қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 16 адам жоспарланғанмен, 21 адам қамтылды, олар халықтың осы тобына бағытталған. Қарттар және мүгедектер күніне арналған айлықтың өткізілу барысында 211 зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек 338,4 мың теңге сомасына көрсетілді. Ағымдағы жылы азаматтарға 471,9 мың теңге сомасында қайырымдылық көмегі көрсетілді. Ұлы Отан соғысының ардагері С.Сәрсенбаевке Астана қаласына жолдама ретінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Барлық медициналық мекемелер керекті дәрі-дәрмектермен жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні село тұрғындарын дәрігер В.С.Беляев қабылдайды. Талапкер, Поляковка селоларында фельдшерлік пункттер бар.

Село тұрғындарының мәдени өмірін селолық кітапхана мен меншікті Мәдениет үйі қамтамасыз етеді, мәдениет үйінде атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар өткізіледі. 2008 жылы селолық кітапханаға 85 мың 115 теңге сомасына 224 жаңа кітаптар түсті. Барлығы кітап қоры 7544 кітап құрайды.



Мен Президентіміз Н.Ә.Назарбаев әрбір қазақстандыққа іс-әрекет жасауға анық жетекшілік етіп отыр деп ойлаймын, келешекте мемлекетіміз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға көп күш жұмсайды. Біз де жергілікті билік атқару органдары Президентіміздің алға қойған міндеттерін іске асыруға өз күш-жігерлерімізді аямайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет