Амангелдиева Ақбөпе Аянқызы


ОҚУШЫЛАРҒА ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ



бет7/9
Дата19.09.2022
өлшемі370.5 Kb.
#460942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Амангельдиева А ПП115

2 ОҚУШЫЛАРҒА ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ


2.1. Эмоционалдық күй-жағдайдағы оқшаулану себептері және коррекциялау жолдары

Теориялық көзқарастарының әр түрлілігіне қарамастан, бұл ғылымдарды бір мақсат біріктіреді: балалардағы әлеуметтік изоляцияның ерте формаларын зерттеу, олардың пайда болу механизмдерін анықтау, сонымен қатар балалардың болашақта адамдармен қарым-қатынас жасау барысында туындайтын қиыншылықтарды болжай білу.



  1. Мінез-құлықтың әлеуметтік эмоционалдық реттеуші моделі ( К.Рубин ұсынған ). Бұл теорияның негізін баланың сыртқы ортамен қарым-қатынас кезінде туындайтын қиыншылық проблемалары құрайды. Бұл модельге сәйкес баланың әлеуметтік эмоционалдық дамуы интериндивидуалды, интроиндивидуалды және макрожүйелік күштердің өзара әрекетімен түсіндіріледі.

Интериндивидуалды күштер бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың сенімділігімен және сенімсізділігімен сипатталады. Ал интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процестері бойынша баланың темперамент ерекшелігімен сипатталады. Интериндивидуалдық күштердің сенімділік жағдайында ата-аналар баласының сезімін, ойын, қажеттілігін елеусіз қалдырмай, оның өзіне деген сенімділікпен қарауын қолдайды.
Осының нәтижесінде балада өмірге деген сенімділік арта түсіп, әлеуметтік ортаны ең алдымен үлкен адамдармен, кейін келе өз қатарымен танып білуі күшейеді. Ал сенімсіздік қарым-қатынаста ата-аналар баласының жан-күйін түсінбей, тіпті оны жақсы көруден де қалады. Балада өмірге деген сенімсіздік пайда болып, бұл сенімсіздік оның дамуына негативті әсерін тигізеді, яғни балада өзіне деген баға, танымдылық белсенділік төмендеп, қоршаған ортадан өзін оқшаулай бастайды [64].
Ата-ананың балаға өз құрбыларымен қарым-қатынас процесінде жүргізетін шектен тыс бақылауы, қамқорлығы (гипеопека) – балаларда үлкендерге деген тәуелділікті, жаңа жағдайлар мен проблемалар алдында қорқыныш сезімін туғызады.
Макрожүйелік күштер – бұл жанұяның экономикалық жағдайы , ата-ананың білім деңгейі және қарым-қатынастың сипаты (эмоционалды тұрақтылық деңгейі, ұрыстар және дағдарыстар, т.б.). Бұл күштер ата–ананың балаға деген адекватты емес қатынасының пайда болуына алып келеді.
Егер әрбір сала тиімді күйде жүзеге асатын болса, онда баланың дұрыс дамуына қолайлы жағдай туады. Біреуінің бұзылуы гармониялық әрекетті деформациялайды. Осылайша жанұядағы дау – жанжалдар ата – ананың балаға деген қарым – қатынасын негативті бағытқа қарай өзгертуі мүмкін. Балада қорқыныш сезімін, шектен тыс қозғыштықты, тынышсыздықты, тағы басқа қиыншылықтарды қамқорлық және ілтипаттылық қарым – қатынаспен жеңуге болады.
Мотивациялық теория (Дж. Эйсендорф ұсынған).
Бұл теория бойынша әлеуметтік дамудағы балалардың түрлі ауытқуларыныың пайда болуы жақындау немесе алыстау мотивтерінің механизмдері арқылы жүзеге асуы қарастырылады. Бұл мотивтердің өзара байланысының бұзылысы қарым – қатынаста қиыншылықтардың пайда болуына алып келеді. Дж. Эйсендорф мұндай бұзылыстардың 3 түрін көрсетеді. Бірінші бұзылыс жақындау мотивациясының төмендігімен сипатталады. Егер бұл мотивация жоғары жаста шектен тыс айқын көрінетін болса, онда ол балалардың әлеуметтік қарым – қатынас сферасында ауытқушылықтардың барын көрсетеді.
Екінші түрі жақындау және алшақтау мотивациялары арасындағы дау – жанжалмен байланысты. Бұл жағдай белгілі бір себептерге байланысты баланың басқа адамдармен, әсіресе, жаңа жағдайларда араласа алмайтындығымен сипатталады. Дау – жанжал белгілі бір ымыраға (комплеске) алып келеді. Мысалы: басқаларды алыстан бақылау, құрбылар тобына жақындау жерде жекеше ойнап отыруы. Мұндай конфликтке басынан өткізіп жатқан балалар сақтығымен, ұялшақтығымен, тұйықтығымен ерекшеленеді.
Мотивтер арасындағы дау – жанжалдардың пайда болуы баланың биологиялық табиғатына да, тәрбие жағдайына да қатысты. Мотивтер арасындағы қарым – қатынастың ауытқуының үшінші түрі әлеуметтік жақындау мотивінің жоғарлауымен және алшақтау мотивінің төмендеуімен сипатталады. Мұндай мотивациалық профилі бар балалар әлеуметтенгіш болады, бірақ олар қарым – қатынаста өзіне шек қоя алмайды. Осындай балалар агрессивті мінез – құлыққа ие. Құрбылармен қарым-қатынас – баланың әлеуметтік және жекелік даму факторы ретінде.
Құрбыларымен қарым-қатынас балаларда мінез-құлықтың әлеуметтік-эмоционалдық реттеу мүмкіндігін ашады. Осыдан келіп мынадай сұрақ туындайды: белгілі бір себептерге байланысты өзінің құрбылармен қарым-қатынасқа түсе алмайтын баланың дамуындағы әлеуметтік изоляцияның нәтижесі қандай?
Әлеуметтік оқшалану әртүрлі түрлерге ие. Соның бірі – балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы - тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт. Осыған жақын түсінік – «Ұстамдылық мінез» - бала өзін адамдарға (танитын, танымайтын) жақын ұстайды, бірақ олармен қарым-қатынасқа түспейді, тек сырттай әрекеттерін бақылаумен шектеледі. Мұның негізінде жақындау және алшақтау мотивтері жатыр. Ол аз сөйлейтін балаларға да қатысты.
Ендігі кезекте зерттеулерден алынған эксперименттік материалдарға тоқталайық. Оларды бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға болады [65].
А./ Темперамент және мінез құлықтың әлеуметтік регуляциясы.

  1. Зерттеулер нәтижесінде балалар темпераментінің екі типі анықталған. Олар бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ белгілі болады. Оның біреуі жаңа жағдайда балада қорқыныш сезімінің жоқтығымен сипатталатын стресстік жағдайдағы баланың фрустрациясы. Бұл топтағы балалар жаңа жағдайларға жақсы бейімделу қабілетіне ие. Ал келесі темперамент типі қарама-қарсы белгілерге ие: аналарының берген сипаттамасына қарағанда бұл балалар беймаза және күйгелек. Сонымен қоса, бұл екі типті темпераментті ажыратудың физиологиялық индикаторы табылды. Ол – жүрек ырғағы. Бірінші топтағы балалар жүрек ырғағының күшті көрсетуімен, бейімделу қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

  2. Баланың темпераменті мен оның анасына бауыр басу арасындағы байланыс саласы арасындағы ќатынас.

  3. Нәрестенің темпераменті мен ерте шақта мінезінің тежелуі арасындағы байланыс.

Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты емес, керісінше темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.
Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол – нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.
Б./ Балалардың өз құрбыларымен қарым – қатынасы және әлеуметтік изоляция.
Бұл мәселені зерттеу үшін К.Рубиннің басшылығымен құрылған «Ватерлоо Лангитюдты проекті» алынған. Зерттеуде келесі мәселер шешіледі:
1. Балалардың өз құрбыларымен қарым-қатынасы кезінде әлеуметтік изоляцияның ерте формаларын зерттеу.
2. Баланың әлеуметтік изоляциялық жағдайда дамуына ерте әлеуметтік изоляцияның әсерін анықтау.
3. Баланың әлеуметтік дамуы үшін ерте әлеуметтік изоляцияның прогностикалық күштерін анықтау.
К.Рубиннің зерттелінген жобасының күшті жағы болып зерттеуде әдістемелік тәсілдерді кеңінен қолдану және зерттенушілердің мінезін бағалау мен бақылаудың шкалаларын тиянақты құрастыру болып табылады. Экспериментте бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата – аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата – аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата - ана мен бала арасынлдағы қарым – қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылады [35,36,37,38].
Балалардағы изоляцияның ерте формалары. Әлеуметтік изоляциялану проблемасын талдау кезінде балалардың өз құрбыларынан оқшауланудың алты формасын бөліп көрсетуге болады.

  1. Кемеліне жетпеген сенсоматорлық және функционалды ойын - қанағат алу үшін қайталанатын жай моторлық белсенділік.

  2. Конструктивті ойын – белгілі бір нәтижеге жету үшін заттармен әрекет жасау.

  3. Жекелік ойын - драматургия - басқа адамдардың қатысуынсыз арнайы жүргізілетін ойынның бір түрі немесе элементі.

  4. Зерттеуші әрекет – белгілі бір объект, оны зерттеу.

  5. Бақылаушы әрекет – бала ойнап жатқан балаларға жақын жерде жүріп, оларға қосылмай сырттай бақылайды.

  6. Еркіндік – қатысусыз еш пайдасыз уақыт құрту.

К.Рубин жекелік белсенділік ойынды импульсивтілікпен, кемеліне жетпегендікпен және де агрессивті мінез – құлық көрсетуге бейімділік сияқты бала психикасының сипатымен байланыстырады [66,67].
Мектеп оқушылар арасындағы конфликттер. В.Воронин халықтық білім беру сферасындағы іс-әрекеттің төрт субъектілерін бөліп көрсетеді: оқушы, мұғалім, ата-ана және әкімшілік. Субъекттердің өзаралық әртүрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты конфликтердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: оқушы – оқушы; оқушы – мұғалім; оқушы – ата-ана; оқушы – әкімшілік; мұғалім – әкімшілік; мұғалім – мұғалім; мұғалім – ата-ана; ата-ана – ата-ана; ата-ана – әкімшілік; әкімшілік – әкімшілік. Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар арасындағы конфликтіні қарастырайық.
Жасөспірімдік, жеткіншектік ортадағы конфликтер барлық заманға және халыққа тән, ол Р.Киплингтің бейнелеген ХІХ ғасырдағы аристократтық мектебі болсын немесе ағылшын жазушысы У.Голдингтің «Повелитель мух» шығармасындағы ересектердің қарауынсыз, адам аяғы баспаған аралдар қалып қойған бір топ балалардың оқиғасы болсын (И.Кон) [53].
Оқушылар арасындағы болатын конфликтердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы конфликтері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен конфликтке түсуі мүмкін.
О.Ситковская, О.Михайлова сияќты психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік – барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі бойынша бала ересектенде көбірек өзінің қатарластарына қатыгездік көреді.
Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың конфликтке түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Яғни өзімен жастылардың оны моральды этикалық критериймен бағалауы және т.с.с. (В.Лозоцева) [41,42,43,44,45].
Диплом ж±мысымыздыњ екінші бµлімінде балалар ±жымында оќшауланѓан балалардыњ шеттелу себептерін аныќтау маќсатында эксперименттік зерттеу ж±мыстарын ж‰ргізу арќылы, топтан изоляциялану себептерін аныќтап талдау жасау міндеті ќойылѓан болатын. Сондыќтан біз ж‰ргізген социометриялыќ єдістеріміздіњ кµмегімен мектеп жасына дейінгі жєне мектеп оќушылары арасынан оќшауланѓан балалар іріктелді. Балалар ±жымынан оќшауланѓан балаларды аныќтау ењ бірінші кезекте олардыњ µзара ќарым-ќатынасы мен бір-біріне деген ж±ѓысуы мен алшаќтауын ањѓарудан басталады.
Оќшауланѓан баланыњ себептері т‰рлі болатындыѓын біздіњ зерттеулерімізден ањѓаруѓа болады. Бірінші кезекте єлеуметтік оқшаланудыњ бір т‰рі – балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы - тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт.
Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу, яѓни басќа адамдармен ќарым-ќатынасќа т‰суден бас тартуѓа тырысушылыќ зерттеулер кµрсеткендей оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты, єрі темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.
Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына, яѓни топта алатын орнына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол – нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.
Оқушылар арасындағы баланың әлеуметтік жағдайына, яѓни топта алатын орны мен топтан тыс ќалуына әсер ететін тағы бір фоктор – конфликтер. Оныњ ішіндегі конфликтілердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы конфликтері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен конфликтке түсуі мүмкін.
О.Ситковская, О.Михайлова сияќты психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялау – топтан тыс ќалудыњ немесе оќушылардыњ конфликтілі балалармен ќарым-ќатынас жасаудан ќашќаќтайтынын кµрсетеді.
Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Єлеуметтік дефектісі балалардыњ ќарым-ќатынасында проблема тудырып, оныњ топтан оќшаулануын тудыруына єбден ыќтимал. Сондай-аќ, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың конфликтке түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты даѓдарыстарыныњ негізі – топтан оќшаулануыныњ да бір себебі болып табылады [46,47].
Ќорытындылай келе, сыныптан оќшауланѓан балаларѓа психологиялыќ кµмек кµрсетпес б±рын, оќшауланѓан баланы аныќтап алу, оныњ ±жымнан шектелу себептерін жан-жаќты аныќтап алу міндеті т±рады. Біздіњ екінші тарауымыздаѓы материалдар б±л міндетті шешудіњ бірден-бір жолы деп сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет