басқа түспен бояймыз. Пайда болған тіктөртбұрыштың ауданын есептейік.
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. «Көпмүшелер» бағдарламасы 10 - сынып оқушыларына алгебра және анализ пәнін оқытуға арналған. Бағдарлама негізгі мектептегі
бағдарлама мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Бағдарлама оқушылардың теориялық білімдерін кеңейтеді, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Бұл курста оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, білімі тереңдетіледі, танымдық қабілеті дамыйды.
Оқушылардың білімдерін бағалау:
«Көпмүшелер» элективтік курсының мазмұнын игеруде сынақ, тақырыптық тестер тапсырмалары, бақылау жұмыстары, реферат қорғау, шығармашылық есеп шығару, презентация т.с.с жұмыс түрлері болуы мүмкін. Осы жұмыс түрлерін бағалау критериалды бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалауда тақырып бойынша алды ала анықталған критерийлер бойынша бағалау. Критериалды бағалау оқу процесін тиімді жоспарлау, ұйымдастыруда пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау оқушылар мен мұғалім арасында кері байланыс. Қалыптастырушы бағалау оқушыға алға ілгерлеуіне ықпал ететіндей, бағалау критерилеріне сәйкес жұмыстың қаншалықты дұрыс орындалғаны, жіберілген қателерге байланысты ұсыныстар беріледі. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі
функциялары қалыптастыру, ынталандыру, нұсқау беру болып табылады.
Оқушылардың ауызша тапсырмаларын бағалау барысында
өте жақсы деген бағалауды егер оқушы жауапты толық теориялық материалды практикамен ұштастыра отырып жауап берсе бағаланады. Оқушы
жақсы деген бағалауды егер оқушы жауапты теориялық материалға сәйкес бір немесе екі қателіктер жіберсе және
талпын деген бағалауды теориялық материалды толық емес жауап берген оқушылар бағаланады.
Жиынтық бағалау - бөлімнің немесе тоқсанның соңында оқушының бағдарламаның мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылардың білімдерін бағалау бағаның пайыздық көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі: «5» - 85-100%
өте жақсы, «4»- 40- 64% жақсы, «3»- 40-64% қанағаттанарлық , «2»- 0-39 % қанағаттанарлықсыз.