«Аманжолов оқулары-2014» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары



Дата21.06.2016
өлшемі71.69 Kb.
#151938




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2014 жылдың 10-11 сәуірі аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті көрнекті түркітанушы ғалым, қазақ тілтануы негізін қалаушылардың бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Мәңгілік ел» - Қазақстан білімі мен ғылымын жаңғыртудың уәждемесі» атты «Аманжолов оқулары-2014» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Дөңгелек үстелдер:

  1. С.Аманжолов еңбектері және ХХІ ғасырдағы ғылымдар сабақтастығы

  2. «Бабалар сөзі»

Секциялық отырыстар:

  1. Сәрсен Аманжолов және филологияның өзекті мәселелері

  2. Білім берудегі инновациялық және ақпараттық технологиялар: бағыттары мен болашағы

  3. Ғылыми қайтымды экономикаға көшу: мәселелері және болашағы

  4. Заманауи ғылыми білім құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары

  5. Математика, физика және жаңа технологиялардың өзекті сұрақтары

  6. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, жоғарғы оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.


Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 15 ақпанынан 26 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:



  • белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;

  • төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес рәсімделген мақала;

  • ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесі.


МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ
Баяндамалар мақала түрінде көлемі суреттер, графиктер, кестелерді қоса санағанда 5-6 беттен аспайтын қағаз нұсқасында А4 (210-297 мм) форматта қабылданады. Мақала Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен теріледі: негізгі мәтін – 14 шрифтпен (кестелер, суреттер, графиктер атаулары 10 шрифтпен), аралық интервалы – 1, ахат жол – 0,7 см. Жиектері: сол жағы – 20 мм, оң жағы – 17 мм, үстіңгі мен төменгі жақтары – 20 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, оның астында келесі жолда үлкен әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып баяндама мәтіні көрсетіледі. Баяндама ішінде тек сызықша ретіндегі маркерлер, ал нөмірлеу тек жақшасы бар араб сандары түрінде қолданылады. Әдебиеттер тізімін міндетті түрде көрсету қажет (оларға сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек). Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырылып жазылады.

Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.



МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ


ӘОЖ 669.162.214

РАКИШОВА Д.К., КОЙШИНОВА Г. К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТУРИСТІК

ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ
Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. (14 pt)
1-кесте – Ет ұлпаларының және мал етінің химиялық құрамы (10 pt)


Ұлпалар аты

Мөлшері,%

ұшадағы

ұлпа


су

ақуыз

май

күл

бұлшық ет

50-70

72-80

18-20

2-3

0,7-1,5

май

2-40

5-32

0,8-5,0

60-94

0,1-1,0

жалғаушы

9-12

58-63

21-40

1,0-3,3

0,5-0,7

сүйек

8-30

15-53

14-23

6-30

14-50

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [1].

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [2]:


  1. Баяндама мәтіні;

  2. Баяндама мәтіні;

  3. Баяндама мәтіні.

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [3]:

  • Баяндама мәтіні;

  • Баяндама мәтіні;

  • Баяндама мәтіні.


1-сурет – Емен ағашының бұтақтары (10 pt)


Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. (14 pt)
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Пененко В.В., Алоян А.Е. Модели и методы для задач охраны окружающей среды. –Новосибирск: Наука, 1985. -54 б.

2 Марчук Г.И. Математическое моделирование в проблеме окружающей среды. – М.: Наука, 1982. - 19 б.

3 Берлянд М.Е. Современные проблемы атмосферной диффузии и загрязнения атмосферы - Л.: Гидрометеоиздат, 1975. – 48 б.


Жұмыстарды қабылдау:
Басқа ұйымдар қызметкерлері үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына konfer_vkgu@mail.ru жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Қасымова ҚазҰУ өтінім; Қасымова ҚазҰУ мақала, Қасымова ҚазҰУ төлемақы.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері үшін: мақала мәтінінің қағаз нұсқасының бір данасы (беттер саны көрсетілмейді) және CD дискідегі электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Мақалалардың қағаздағы және электрондық нұсқасы бір-біріне сәйкес болуы керек.


Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.
Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3500 теңге көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Аманжолов оқулары – 2014» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «БТА-банк» АҚ ШҚО бөлімшесі 181800014976; ИИК KZ16319B010000333860, БИК ABKZKZKX, БИН 990240007414, КБЕ 16: «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.
Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары:

8 (7232) 241-401 – ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімі.


«Мәңгілік ел» - Қазақстан білімі мен ғылымын жаңғыртуға уәждеме» атты

«Аманжолов оқулары – 2014»



Халықаралық ғылыми--тәжірибелік конференциясына

ҚАТЫСУШЫНЫҢ САУАЛНАМА-ӨТІНІМІ




Автор (лар)

Тегі




Аты




Әкесінің аты




Мекеме




Лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы




Мемлекет, Индекс, қала, көше, үй, пәтер (материалдар жинағын жіберу үшін)




Байланыс телефоны




E–mail




Баяндама атауы




Секция атауы




Конференцияға қатысуы (іштей, сырттай)




Қонақ үйде бөлмені жалдау қажеттілігі (иә/жоқ)





Әрбір тармақ міндетті түрде толтырылуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет