Амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасы



Дата04.07.2016
өлшемі185.39 Kb.










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

АМБУЛАТОРЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ






ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Тақырыбы: «Тыныс алу органдарының жіті және аллергиялық аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау»

4-курс


2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.

1. №4тақырып: «Тыныс алу органдарының жіті және аллергиялық аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау»
2. Мақсаты:

Студенттерде пневмониямен балаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау бойынша білім жүйесін қалыптастыру.

Студенттерде бронх демікпесімен балаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау бойынша білім жүйесін қалыптастыру.

Студенттерде маусымдық аллергиялық ринит бар балаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау бойынша білім жүйесін қалыптастыру.

Студенттерде жыл бойы аллергиялық ринит бар балаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау бойынша білім жүйесін қалыптастыру.

Тыныс алу органдарының жіті және аллергиялық ауруларымен науқас балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін анықтау дағдыларын, амбулаторлық ем көрсеткіштерін және қатер тобын анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тыныс алу органдарының жіті және аллергиялық ауруларымен науқастарды жүргізу жөніндегі алған білімдерін қолдану тәжірибесін қалыптастыру.

Клиникалық белгілері ұқсас аурулармен дифференциялық диагноз қою дағдылары мен алынған клинико-зертханалық мәліметтерді сыни түрде талдай білу дағдыларын игеру.

Клиникалық ойлау, науқаспен, оның туыстарымен қарым-қатынас дағдылары, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережелерін сақтау негіздерін, кәсіптік білім алу қажеттілігін және пәнді оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.
3. Оқыту талаптары:

- Студенттерді балалар емханасының аллерголог дәрігерінің міндеттерімен таныстыру.

- Студенттерді тыныс алу органдарының жіті және аллергиялық аурулары бар балаларды емдеу және диагноз қоюдың негізгі принциптеріне үйрету.

- Студенттерді пневмония, маусымдық және аллергиялық ринит, бронх демікпесі аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау принциптеріне үйрету.

- Тыныс жолдары ауруларының алдын алу принциптерін үйрету.

- Тыныс жолдары аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау жоспарын жасау дағдыларын қалыптастыру және бекіту.

- Студенттерде нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

- Студенттерде әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

- Жалпы тәжірибе дәрігерінің құқықтық және адамгершілік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

-пневмонияның ерте белгілері,

- пневмонияға клиникалық, зертханалық және рентгендік диагноз қою әдістері,

- пневмониямен ауырған балаларды емханада және үйде тексеру,

- пневмониямен ауырған балаларды ауруханаға жатқызуға көрсеткіш,

- пневмонияны емхана жағдайында емдеу, үйде стационар ұйымдастырудың маңызы,

- бактерияға қарсы ем таңдау принципі, оның тиімділігін бағалау,

- қабынуға қарсы ем, дәрі-дәрмексіз емдеу әдістері,

- сауығу және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру критерилері,

- жіті пневмониямен ауырған балаларды диспансерлік бақылау,

- балалардағы пневмонияның алдын алу,

- бронх демікпесінің этиологиялық факторлары,

- бронх демікпесіне диагноз қоюдың клиникалық, зертханалық және рентгендік әдістері,

- бронх демікпесімен ауырған балаларды емхана жағдайында тексеру,

- бронх демікпесін кезеңді емдеу,

- бронх демікпесі асқынуын емхана жағдайында емдеу,

- бронх демікпесімен ауырған балаларды ауруханаға жатқызуға көрсеткіш,

- «Астма» мектебі және оның ЖТД жұмысындағы маңызы,

- бронх демікпесімен ауырған балаларды диспансерлік бақылау,

- маусымдық аллергиялық ринит дамуының этиологиялық факторлары,

- балалардағы маусымдық аллергиялық риниттің клиникалық-аспаптық диагностикасы,

- маусымдық аллергиялық ринитпен ауырған балаларды емхана жағдайында және үйде тексеру,

- өршу кезеңінде маусымдық аллергиялық ринитпен ауырған балаларды ауруханаға жатқызуға көрсеткіш,

- маусымдық аллергиялық ринитті емхана жағдайында емдеу,

- балалардағы маусымдық аллергиялық ринитті гормондық емдеу,

- қабынуға қарсы ем, дәрі-дәрмексіз емдеу әдістері,

- сауығу және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру критерилері,

- маусымдық аллергиялық ринитпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.

- жыл бойы аллергиялық ринит дамуының этиологиялық факторлары,

- балалардағы жыл бойы аллергиялық риниттің клиникалық-аспаптық диагностикасы,

- жыл бойы аллергиялық ринитпен ауырған балаларды емхана жағдайында және үйде тексеру,

- жыл бойы аллергиялық ринитпен ауырған балаларды өршу кезеңінде ауруханаға жатқызуға көрсеткіш,

- жыл бойы аллергиялық ринитпен ауырған балаларды емхана жағдайында емдеу,

- жыл бойы аллергиялық ринитті гормондық емдеу,

- қабынуға қарсы ем, дәрі-дәрмексіз емдеу әдістері,

- сауығу және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру критерилері,

-- жыл бойы аллергиялық ринитпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.

5. Оқыту мен үйрету тәсілдері:
Оқытудың жиынтықты әдістері



р/с

Оқытудың қолданылған әдісі

Нәтижесі

1

Аз топта жұмыс

Сабақ тақырыбын еркін игерген, топпен жұмыс істеу қабілеті бар, өз көзқарасын нақты дәлелдермен қорғай алады.

2

Тақырыптық науқастың амбулаторлық картасын талдау


Алған білімдері негізінде науқаспен қарым-қатынас дағдыларын, науқасты тексеру әдістерін, диагноз қою әдістерін таңдай білу және қойылған диагноз бойынша ем тағайындау дағдыларын қалыптастыру. ҚР ДСМ бұйрықтарын, заң актілерін есепке ала отырып науқасты жүргізу тактикасы бойынша шешім қабылдауда жауапкершілікті тәрбиелеу.

3

Ситуациялық есептер шешу

Диагностиканың маңызды мәліметтері негізінде диагноз қою дағдысын, науқасты жүргізу тактикасын қалыптастыру

4

Презентация

Кәсіптік білім алу қажеттілігін және тақырыпты оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:


  1. «Детские болезни», Н.П. Шабалов, учебник, том 1, Санкт-Петербург, 2007 г.

  2. «Поликлиническая педиатрия», Калмыкова А.Т., Москва, 2004 г.


Қосымша:

1. «Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии», А.А. Баранов, Москва, 2006 г.

2. «Поликлиническая педиатрия», В.Н. Чернышов, Москва, 2004 г.

3. Орлова И.В., Парийская Т.В. Справочник педиатра. М., 2001.

4. «Полный справочник: медицинский уход, питание, гигиена», Ю.Ю. Елисеев, Москва, 2004 г.

5. Сарбасова Ж.О. Реабилитация и диспансеризация ЧБД и детей с патологией органов дыхания. Алматы, 2005.



7. Бақылау:

Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:

р/с

Қолданылған бағалау әдісі

Бағаланатын компетенция

1

Тест тапсырмаларын орындау

Когнитивті компонент: сабақ тақырыбы бойынша игерген білімі

2

Тақырыптық науқасты амбулаторлық картасы бойынша талдау

Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер

3

Ситуациялық есептер шешу

Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер

4

Презентация дайындау

Өзін өзі жетілдіру қабілеті

Тесттік тапсырмалар (25),

Ситуациялық есептер (5).

Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы




Сабақтың кезеңі

Сабақ өткізу құралы

Хронометраж

1

Ұйымдастыру бөлімі: тақырыппен және сабақ жоспарымен таныстыру, қатысуын бақылау

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары, оқу журналы

8.00-9.30




Үзіліс




9.30-9.40

2

Тест тапсырмалары арқылы тақырып бойынша теориялық білімдерін бағалау

Тесттік тапсырмалар

9.40-11.10




Үзіліс




11.10-11.20

3

  • Тақырыптық науқасты амбулаторлық карта бойынша талдау

  • Аз топтағы жұмыс

  • Презентация дайындау

Бүйрек аурулары бар балалардың даму тарихы (ф.112/у), тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер

11.20-13.20




Қорытынды




3 академиялық сағат (150 минут


ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР



  1. Пневмония диагнозын қоюдың «Алтын стандарт»-на кіреді:

А) Жөтел

B) Жоғары температура

C) Интоксикация

D) ЭКГдегі өзгеріс

E) Рентгенограммадағы ошақты, сегментарлы өзгерістер
2.«Үйде» (амбулаторлық) жағдайда пневмонияның жиі этиологиялық факторы болып саналады:

А) Стафилококктар

B) Пневмококктар

C) Ішек таяқшасы

D) Қарапайымдылар

E) Стрептококктар


3. Жедел пневмониямен ауырған балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:

А) 3 ай


B) 6 ай

C) 9 ай


D) 1 жыл

E) 3 жыл
4. 3 айға дейінгі жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігін көрсетіңіз:

А) алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін айына 1 рет

B) алғашқы 3айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін айына 1 рет

C) алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін 2 айда 1 рет

D) алғашқы 3айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін 3 айда 1 рет

E) 1 жасқа дейін ай сайын қарау қажет
5. 3 айдан 1 жасқа дейінгі жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігін көрсетіңіз:

А) айына 1 рет

B) алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан соң айына 1 рет

C) алғашқы 6 айда айына1 рет, содан соң 2 айда 1 рет

D) алғашқы 6 айда айына1 рет, содан соң 3 айда 1 рет

E) 2 айда 1 рет


6. 1 жастан 3 жасқа дейінгі жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігі:

А) Айына 1 рет

B) Алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан соң айына 1 рет

C) Алғашқы 6 айда айына 2 рет,содан соң айына 1 рет

D) Алғашқы 6 айда айына 1 рет, содан кейін 2 айда 1 рет

E) 2 айда 1 рет


7. 3 жастан жоғары жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігін көрсетіңіз:

А) айына 1 рет

B) тоқсанына 1 рет

C) тоқсанына 2 рет

D) 2 айда 1 рет

E) алғашқы 6 айда айына 1 рет, содан кейін 2 айда 1 рет


8. Төмендегі аталғандардың бірі жедел пневмонияда қалпына келтіру емінің тиімді екендігінің ең нақты көрсеткіші болып табылады:

А) жалпы жағдай көрсеткіштерінің жақсаруы

B) пневмонияның қалдық көрністерінің жойылуы

C) қан көрсеткіштерінің қалпына келуі

D) жөтелдің азаюы

E) тыныс жетіспеушілік көріністерінің азаюы


9. Созылмалы бронх-өкпе патологиясы бар бала стационардан шыққан соң бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:

А) 1 жыл


B) 3 жыл

C) 5 жыл

D) ересектер емханасына өткізгенге дейін

E) сауыққанға дейін


10. Пневмосклероз және бронхоэктазы бар балалардың емханада алатын реабилитациялық ем курсының жиілігін көрсетіңіз:

А) жылына 1 рет

B) жылына 2 рет

C) жылына 3рет

D) жылына 4 рет

E) ай сайын


11.Балаларда аллергиялық аурулар туғызатын факторларды көрсетіңіз:

1. Туыстарындағы аллергиялық аурулар


2. IgЕ төмен деңгейі
3. IgЕ жоғары деңгейі
4. Ерте жасанды тамақтандыру

А) 1,2,3,4


B) 1,3,4
C) 2,4
D) 2,3,4
E) 1,4

12.Көмекейдің аллергиялық ісінуі басталуы туралы білуге болады:

1. Дауыстың қарлығуы
2. «Үрген» тәрізді жөтел
3. Стридорлық дем алу
4. Инспираторлы демікпе
5. Экспираторлы демікпе
А) 1, 2, 3, 4

B) 1, 3, 5


C) 2, 3, 5

D) 1,5


E) 3,5,4
13.Қайталамалы обструктивті бронхитте маман дәрігерлердің қарау жиілігін көрсетіңіз:

А) ЛОР, стоматолог – жылына 1 рет;


B) Окулист, стоматолог – жылына 2 рет;
C) ЛОР, стоматолог – жылына 2 рет;
D) ЛОР, окулист, стоматолог – тоқсан сайын;
E) ЛОР, стоматолог – тоқсан сайын.
14. Мектеп жасына дейінгі созылмалы бронхиты бар баланы педиатрдың қарау жиілігін көрсетіңіз:
А) ай сайын;
B) тоқсан сайын;
C) жылына 2 рет;

D) жылына 1 рет;


E) айына 2 рет.
15. Созылмалы бронхөкпе патологиясы бар балаларды толық емес ремиссия кезінде диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:
А) ай сайын;
B) тоқсан сайын;
C) жылына 2 рет;
D) жылына 1 рет;
E) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін.
16. «Мезгілдік аллергиялық ринит» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған баланы аллерголог дәрігердің қарау жиілігін көрсетіңізі:
А) ай сайын;
B) тоқсан сайын;
C) жылына 2 рет;

D) жылына 1 рет;


E) айына 2 рет.

17. 4 жасар жедел пневмониямен ауырған баланы маман дәрігерлер (ЛОР, стоматолог) қарау жиілігін көрсетіңіз:


А) ай сайын;
B) тоқсан сайын;
C) жылына 2 рет;

D) жылына 1 рет;


E) апта сайын.
18. «Мезгілдік аллергиялық ринит» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған баланы бақылауға алу ұзақтығын көрсетіңіз:

А) 3 жылға дейін;


B) 1 жылға дейін;
C) 5 жылға дейін;
D) 6 айға дейін;

E) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін.


19. Жедел пневмонияны емдеудің негізгі тәсіліне жатады:

А) дезинтоксикалық ем;

B) антигистаминдік ем;

C) дәрумендік ем;

D) антибактериалдық ем;

E) симптоматикалық ем.


20. Төмендегі қоздырғыштардың бірі жедел стенозданушы ларинготрахеиттің этиологиялық факторы болып табылады:

А) бактериялық инфекция;


B) вирустар;
C) қарапайымдылар;
D) риккетсиялар;
E) даму ақаулықтары
21. Жедел стенозданушы ларинготрахеит кезіндегі I дәрежелі круптың клиникалық көрінісін атаңыз:

A) даустың қарлығуы, қайтпайтын, құрғақ, жабысқақ жөтел, жүктеме кезіндегі тыныс

жетіспеушілігі;

B) қашықтықтан естілетін стридор, инспираторлық ентігу, афония, мазасыздық;

C) адинамия, салғырттық, ТЖ 2 дәр., тыныштық кездегі периоральдық немесе акроцианоз;

D) ұйқышылдық, аритмиялық немесе парадоксальді тыныс, брадикардия;

E) кенеттен ентігу, жөтел, тұншығу, қан түкіру.
22. Төмендегі белгілердің бірі жедел бронхит кезінде өкпеде аускультативті тыңдалады:

А) қатаң тыныс, тыныс алған кезде және тыныс шығарудың басында құрғақ, кейін ылғалды орташа көпіршікті сырылдар;

B) қатаң тыныс, құрғақ және ызыңдаған сырылдармен өкпенің барлық бөлігінде;

C) өкпеде үнсіз майда көпіршікті және сықырлаған сырылдар тыныс алған кезде және тыныс шығарудың ең басында естіледі;

D) өлсіреген тыныс, тұрақты ылғалды майда көпіршікті сырылдар;

E) әлсіреген тыныс, локальды майда көпіршікті сырылдар, сықырлау.

23.Ағымдық сипаты бойынша пневмония бөлінеді:

А) жіті


B) созылмалы

C) қайталамалы

D) жітіге жақын

E) әлсіз ағымды


24.Морфологиялық түрі бойынша пневмония бөлінеді:

А) ауруханадан тыс

B) сегментті

C) созылмалы

D) интерстициальді-біріккен

E) тотальды


25.Төмендегі қоздырғыштардың бірі пневмонияның ең жиі этиологиялық факторы болып табылады:

А) вирусті инфекция;

B) өкпенің туа пайда болған ақаулықтары;

C) бактериальді инфекция;

D) қарапайымдылар;

E) құрттық инвазия.



ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ
1 – E
2 – E

3 –B


4 – D

5 – D


6 – A

7 – B


8 – B

9 – B


10 – D

11 – D


12 – B

13 – A


14 – C

15 – B


16 –B

17 – C


18 – C

19 –E


20 – D

21 – B


22 – A

23 – A


24 – A

25 – B



Ситуациялық есептер

1 есеп


10 жасар науқас дәрігерге көзінің қызаруына, жас ағатынына, мұрын бітуіне, мұрнынан көп мөлшерде шырышты су ағатынына, дене қызуының 37.60С көтерілгеніне, тез шаршау, мазасыздық, ұйқысы қашқанына шағымданып келді. Анамнезінен: соңғы 3 жылда көктемде осы аталған симптомдар байқалады. Нафтизинмен, супрастинмен, альбуцидпен емделген, тиімділігі шамалы. Дәрі-дәрмекке қарсы көрсеткіш жоқ. Жақын туыстарынан – туған тәтесі (анасы жағынан) бала кезінен экзогенді бронх демікпесімен ауырады, триггерлері – қайың, терек.

Тапсырма: Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

А) Аденовирусті инфекция.

Б) Жыл бойы аллергиялық ринит.

В) ЖРВИ.


Г) Маусымдық аллергиялық ринит.

Д) Жіті ринит.


2 есеп
Бала 7 жаста. Балалар емханасында жиі ауыратын балалар тобында «Д» есепте тұрады. Жыл бойы 5-7 рет ЖРВИ-мен ауырады. 3 жасынан балабақшаға барған кезден бастап ауыра бастады. Ерте жаста сирек ауырған. Өмірінің алғашқы жылы мешел болған. Аралас тамақтандырады. Терісінде жақсы күтімге қарамастан тер бөртпе және сулы баздану түрінде ЭКД белгілері бар.
Тапсырма:

А) Педиатр жылына 4 рет; Лор, стоматолог, физиотерапевт – жылына 2 рет, басқа мамандар – көрсеткішіне қарай; ЖҚА, ЖЗА – жылына 2 рет

Б) Педиатр жылына 2 рет; Лор, стоматолог, физиотерапевт – жылына 1 рет, басқа мамандар – көрсеткішіне қарай; ЖҚА, ЖЗА – жылына 1 рет

В) Педиатр жылына 1 рет; Лор, стоматолог, физиотерапевт – көрсеткішіне қарай; ЖҚА, ЖЗА – жылына 1 рет;

Г) Педиатр- ай сайын, Лор, стоматолог – жылына 4 рет, физиотерапевт – жылына 2 рет, басқа мамандар – көрсеткішіне қарай; ЖҚА, ЖЗА – ай сайын

Д) Педиатр- тоқсан сайын, Лор, стоматолог, физиотерапевт – жылына 4 рет, ЖҚА, ЖЗА – жылына 2 рет

3 есеп
Бала 5 жаста. Балабақшаға барады, бірақ жиі ЖРВИ-мен ауырады. Ауру айқын мұрын бітумен, жөтелмен және түшкірумен өтеді. Терісінде кейде қышымалы бөртпе пайда болады, көзінен жас ағады. Бұл белгілер көбінесе көктемде жиі, күзде сиректеу болатыны анықталды. Бала дене дамуы жағынан әлсіз, тәбеті төмен, үлкен дәреті тұрақсыз. Анамнез жинау кезінде баланың әжесі бронх демікпесімен ауыратыны анықталды.
Тапсырма: Диспансерлік бақылау үлгісін таңдаңыз

А) Дәрігерлік бақылау: педиатр – жылына 2 рет, ЛОР, стоматолог – жылына 2 рет, ЖҚА, ЖЗА – жылына 2 рет. Ұтымды тамақтану, антигистаминдік дәрілер, ферментотерапия, симптоматикалық ем.

Б) Дәрігерлік бақылау: педиатр – жылына 4 және одан да көп, ЛОР, стоматолог, физиотерапевт – жылына 2 рет және одан көп, аллерголог – жылына 2 рет және одан көп, ЖҚА, ЖЗА – жылына 2 рет. Өмір салтын үйлестіру, ұтымды тамақтану, арнайы гипосенсибилизация, антигистаминдік дәрілер, ферменттер, симптоматикалық ем.

В) Дәрігерлік бақылау: педиатр – жылына 3 рет, ЛОР, стоматолог- жылына 2 рет, аллерголог – көрсеткішіне қарай, ЖҚА, ЖЗА- жылына 1 рет. Ұтымды тамақтану, антигистаминдік дәрілер, ферментотерапия, симптоматикалық ем.

Г) Дәрігерлік бақылау: педиатр – жылына 1 рет, ЛОР, стоматолог-жылына 1 рет. ЖҚА, ЖЗА- жылына 1 рет. Ұтымды тамақтану, антигистаминдік дәрілер, ферментотерапия, симптоматикалық ем.

Д) Дәрігерлік бақылау: педиатр – ай сайын, ЛОР, стоматолог- жылына 2 рет. ЖҚА, ЖЗА – жылына 4 рет. Өмір салтын үйлестіру, ұтымды тамақтану, симптоматикалық ем.

4 есеп
6 жасар қызға учаскелік педиатрды шақырды. Ауырғанына 4 күн, дене қызуы 38,0°С көтерілген, жөтелі күшейген. Қараған кезде: дене дамуы астеникалық, терісі бозғылт, ылғалды, ыстық, көмейінде гиперемия, өкпесінде қатаң дем алу, көптеген құрғақ сырылдар. Дем шығаруы қиындаған, созылған. ТЖ – минутына 18 рет, аздаған тахикардия минутына 110 дейін, іші жұмсақ, ауырмайды, қолмен басқан кезде бауыры+0,5 см, үлкен және кіші дәреті бұзылмаған, дене қызуы 38,3°С. Обструктивті бронхит диагнозымен бала ауруханаға жіберілді. Ары қарай жыл бойы обструктивті бронхит екі рет қайталанды. Емханада Қайталанбалы жіті бронхит диагнозымен емханада «Д» есепке алынды.
Тапсырма: Диспансерлік бақылау ұзақтығын анықтаңыз

А) 1 жыл
Б) 2 жыл


В) 6 ай
Г) 4 жыл
Д) жыл
5 есеп
Бала 6 жаста. Тез шаршайтынына, дене қызуының 38 о С көтерілуіне, ылғалды жөтелге шағымданады. Анамнезінен: ауырғанына 5-7 күн болған. Өз бетімен емделген: ампициллин – 2 күн, халық емі, мукалтин. Объективті: терісі таза, бозғылт, тершеңдік, периорбитальды цианоз. Ауыз қуысының шырыгты қабаты аздап қызарған. Өкпесінде қатаң дем алу, ылғалды сырылдар, төменгі бөлігінде дем алу әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар, сықырлау. Жүрек үні тұншыққан, аздаған тахикардия – минутына 110. Іші жұмсақ, ауырмайды. Физиологиялық бөлінділер бұзылмаған. Жіті пневмониямен емделіп стационардан шыққан соң емханада диспансерлік есепке алынды.
Тапсырма: Диспансерлік бақылау жиілігі және ұзақтығы қандай.
А) 1 жылы: педиатр және пульмонолог – жыл бойы ай сайын
Б) 2 жылы: педиатр және пульмонолог – жылына 1 рет

В) 3 жылы: педиатр және пульмонолог – жылына 2 рет


Г) 5 жылы: педиатр және пульмонолог – жылына 2 рет

Д) 4 жылы: педиатр және пульмонолог – жылына 2 рет



ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ

1– Г

2 - А


3 - Б

4 – В


5 - А


Каталог: 12943


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет