Ақмола облысы Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



Дата25.02.2016
өлшемі211.67 Kb.
#22742






Ақмола облысы Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесіне сәйкес, 2014-2018 жылдарға Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы әзірленген (Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы № а-10/464 қаулысы).

Өңірлердің экономикалық саясатының негізгі бағыттары орта жедел болашағында инфрақұрылымды дамыту және индустрализациялау арқылы диверсификацияны жылдамдату есебінен экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.



Реттік №

Көрсеткіштердің аталуы

2013 жыл

іс жүзінде

2014 жыл

болжам

2015 жыл

болжам

2016 жыл

болжам

2016 жыл

болжам

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі, %

137,2

107,5

104,9

104,9

104,9

2.

Өндіріс өнімдерінің көлемдері, %

99,8

101,0

106,0

106,0

106,0

3.

Халықтың саны, мың.адам.

26,2


26,2


26,1

26,2

26,2

4.

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,6

5,5

5,4

5,3

5,2

Экономикалық дамудың мақсатты параметрлеріне жету инвестициялық белсенділіктің есебінен қамтамасыз етілетін болады.



Бюджеттік қаржылар әлеуметтік саланың объектілерін дамытуға және жөндеу жүргізуге, жылумен қамтамасыз етуді қамтамасыз етуге, қала ішіндегі жолдарды жөндеуге бағытталатын болады.



  1. Аудандық бюджеттің түсімдері және шығыстары


Түсімдер
Аудандық бюджетке түсімдердің көлемі сомасы 2037,2 млн.теңге көлемінде жоспарланған, олардың ішінде меншікті кірістер 785,0 млн.теңгені құрайды.


мың.теңге


Түсімдер

2013 жыл

іс жүзінде

2014 жыл

бекітілген жоспар

2015 жыл

болжам

2016 жыл

болжам

2016 жыл

болжам

Барлығы

2807811

3039528,3

2037187

1952422

1990168

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

592974,8

686194

709344

763365

810352

Жеке табыс салығы

29244,7

24958

25000

26333

28176

Әлеуметтік салық

286425,9

331952

346752

379047

399061

Меншікке салынатын салықтар

145351,5

232275

233320

247612

266608

Жер салығы

16514,2

12508

13378

13165

16165

Көлік құралдарына салынатын салық

37459,6

39635

41595

44998

48104

Біріңғай жер салығы

8924,5

9000

9902

9000

9000

Акциздер

22926,9

5712

6557

5984

6403

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

16379,9

15920

16800

18547

19845

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар

9217,9

8404

8229

9860

10552

Тіркелген салық

306,5

128

160

171

183




32,6













Мемлекеттік баж

20190,6

5702

7651

8648

9255

Салықтық емес түсімдер,оның ішінде:

10602,4

24609,3

7355

6522

6977

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

3941,3

3704,9

6420

5517

5901

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі




0

1

1

1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

296,1

0

18

24

26

Басқа да салықтық емес түсімдер

6365

20904,4

916

980

1049

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

34229,8

52999

68301

17083

17579

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

2169392

2266080

1252187

1165452

1155260

Ағымдағы мақсатты трансферттер

839499,3

751811,7










Мақсатты даму трансферттері

152209,7

195877,3










Субвенция

1177683

1318391

1252187

1165452

1155260

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер
















Бюджеттік кредиттерді өтеу


1149,4

1312










Бюджеттік кредиттер


3700

8334









2015-2017 жылдарға аудандық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, шығыстардың Біріңғай бюджеттік сыныптамасына, іс әрекет етуші нормативтік-құқықтық актілері негізінде, жекеленген атқарушы органдардың штаттық сандарының лимиттеріне, Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25.08. №а-8/325 «Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 мамырдағы №а-5/183 «Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымын және штаттық кестесін бекіту туралы» Қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Қаулысы негізінде.


I. Кірістер

2015-2017 жылдарға аудандық бюджеттің кірістері келесі көлемдерде белгіленген:

2015 жылы - 2037187,0 мың.теңге;

2016 жылы – 1952422,0 мың.теңге;

2017 жылы – 1990168,0 мың.теңге.

Меншікті кірістер 2015 жылға сомасы 785000,0 мың.теңге көлемінде белгіленген. Аудандық бюджетке кірістің өсуі 2014 жылға бекітілген жоспарға қарағанда 112,1 % құрайды. Салықтық түсімдер барлығы 107,8 % өседі. Салықтық емес түсімдердің өcуі 106,8 % құрайды.

2016 жылға меншікті кірістер сомасы 786970,0 мың.теңге көлемінде белгіленген, 2017 жылға – 834908,0 мың.теңге.

Бюджеттің негізгі бөлігін әлеуметтік салық түсімдері құрайды, жалпы түсімдердің көлемінен- 47,9 %. 2014 жылға түсімдердің болжануын есептей келгенде сомасы 326133,0 мың теңге, бұл салық бойынша болжам 2015 жылға сомасы 346752,0 мың.теңге көлемінде болжанады, ол 2014 жылға бекітілген бюджетке қарағанада 11000,0 мың теңгеге көп. 2016 жылға түсімдер 108,7 %, 2017 жылға 105,3 %. өседі.

Меншікке салынатын салықтар сомасы 298195,0 мың.теңге көлемінде белгіленген, 2014 жылдың бекітілген жоспарға қарағанда – 127,2 % өскен. Акциздердің сомасы 18616,0 мың.теңгеге төмендейді, «Курган» ЖШС қызметінің тоқтатылуы себебіне байланысты.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспарланатын жылы сатып алуға өтініш білдірген, жердің көлемін есептей келе жасалған.

2015 жылға облыстық бюджеттен субвенция сомасы 1252187,0 мың теңге көлемінде қарастырылған.
Аудандық бюджеттің шығыстары

2015-2017 жылдары бюджеттік шығыстардың саясатының негізгі басымдықтары ауданның экономикасын дамыту тиімділігін арттыру үшін жағдай жасаумен қатар, мемлекет кепілдік берген міндеттерді орындау және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Шығындардың негізгі үлесі әлеуметтік саланы дамытуға қарастырылған.



2015-2017 жылдарға

аудандық бюджеттің шығыстары бойынша нақтыланған бюджет

Функционалдық топ бойынша

2015

жыл

2016 жыл

2017 жыл

БАРЛЫҒЫ


2037187,0

1952422,0

1990168,0

білім беру


1410170,0

1321562,0

1355462,0

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

114296,0

119839,0

122144,0

мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік

121713,0

127195,0

127195,0

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы


45514,0

35778,0

37973,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

33970,0

34331,0

34701,0

өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

15737,0

15975,0

15975,0

көлік және коммуникация


6278,0

6718,0

6718,0

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер


252984,0

256881,0

255857,0

қорғаныс


2748,0

2835,0

2835,0

басқалар ( жергілікті атқарушы органның резерві, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру)

33777,0

31308,0

31308,0

бюджеттік кредиттер


2037187,0

1952422,0

1990168,0

бюджеттік кредиттерді өтеу


1410170,0

1321562,0

1355462,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық топ бойынша шығыстардың сомасы 262743,0  мың.теңгені құрады.

Бұл функционалдық топ бойынша аудандық бюджеттің қаражаты есебінен келесі мемлекеттік органдардың аппараттары ұсталады: аудан мәслихатының аппараты, аудан әкімінің аппараты, Есіл қ, Красногор кенті, сонымен қатар ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттары, экономика және қаржы бөлімі.

Сонымен қатар қосымша шығыстар енгізілген жалпи сипаттағы трансферттердің көлеміне ауысатын: жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестесін өсіруге сомасы 10 235,0 мың.теңге, Қазақстан Республикасының объектілерінің тізімінен шығарылып тасталған, мемлекеттік күзетуге жататын, объектілерді (әкімдіктерді) күзетуді қамтамасыз етуге сомасы 7442,0 мың.теңге.

Салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізуге – 395,0 мың.теңге, коммуналдық мүлікті жекешелендіруге - 1717,0 мың.теңге қаржы қарастырылған.



Қорғаныс

«Қорғаныс» функционалдық топ бойынша 2015 жылға шығыстар сомасы 2748,0 мың.теңге көлемінде қарастырылған.

Бұл функционалдық топ бойынша жалпы қорғаныс міндеттерін орындау шегінде іс шараларды өткізуге сомасы 1748,0 мың теңге қарастырылған, аудан көлемінде ТЖ алдын алу және жоюға сомасы 1000,0 мың.теңге.

Білім беру

«Білім беру» функционалдық топ бойынша 2015 жылға шығыстар сомасы 1410170,0 мың.теңге көлемінде қарастырылған.

Барлық оқыту қоры бойынша 2,0 % көлемінде ағымдағы шығыстардан аз қамтылған жанұялардың балалары үшін киім, аяқ киім, жолдамалар алу, ақысыз тамақтандыру шығыстары қарастырылған.

Мектептерді ұстауға қаржыландыру сомасы 1 139146,0 мың.теңге қарастырылған, ауданның екі мектептен тыс мекемелерін ұстауға 45 060,0 мың теңге, «Гүлдер» балалар бақшасын ұстауға 47 410,0 мың.теңге, білім беру мекемелері үшін оқулықтарды алу және жеткізуге сомасы 16 000,0 мың.теңге.



Қосымша шығыстар енгізілген, жалпи сипаттағы трансферттердің көлеміне ауысатын: мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне біліктілік дәрежесі үшін қосымша төлемнің көлемін ұлғайтуға сомасы 21 117,0 мың.теңге,

жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне сомасы 19 687,0 мың.теңге, жаңадан енгізілетін білім беру мекемелерінің объектілерін ұстауға сомасы 76 465,0 мың.теңге, ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетім балаларды асырап алған қазақстандық азаматтарға бір жолғы ақшалай қаражатты төлеуге 597,0 мың.теңге.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыруға, негізгі орта және жалпы орта мемлекеттік білім беру мекемелерінде химия кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға сомасы 15336,0 мың.теңге.

Білім беру бөлімінің аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін шығындар сомасы 11 508,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, сонымен қатар қазандықтарды, қазандықтардың құрал жабдықтарын, электроплиталар, компьютерлік техника алуға шығыстар сомасы 15 094,0 мың.теңге қарастырылған, білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге 2 750,0 мың.теңге.



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» функционалдық 6 топ бойынша 2015 жылға шығыстар сомасы 114252,0 мың.теңге көлемінде жоспарланған.

Бұл функционалдық топ бойынша әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қарастырылған, оның ішінде:

Жұмыспен қамту бағдарламасына -22 096,0 мың.теңге, аз қамтылған жанұялардың азаматтарына ӘӘК жәрдем ақы төлеуге 1400,0 мың.теңге. 18 жасқа кәмелетке дейін жетпеген балаларға жәрдем ақы төлеуге 2425,0 мың.теңге, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және ветеринария саланың мамандарына әлеуметтік көмек көрсету жағатын отын сатып алуға 21733,0 мың.теңге, тұрғын үй көмегін көрсетуге 7 185,0 мың.теңге, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 10095,0 мың.теңге, үйден тәрбиленіп оқытатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 714,0 мың.теңге, жеке басты кәрі азаматтарды және мүмкіншілітері шектеулі балаларды қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік қызметкерлерді ұстауға 24 135,0 мың.теңге, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының жеке көмекшілерінің қызмет көрсетуіне 2 682,0 мың.теңге, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік көмекті жеткізу және төлеу, аудару бойынша қызметтерді төлеуге 525,0 мың.теңге, бөлім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге сомасы 18612,0 мың.теңге, Өрлеу жобасы бойынша шартты қаржылай көмекті енгізуге 1000,0 мың.теңге.

Қосымша шығыстар енгізілген, жалпи сипаттағы трансферттердің көлеміне ауысатын: ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне коммуналдық қызметтердің шығыстарына сомасы 1 494,0 мың.теңге, ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көп балалы жанұялардың студенттеріне колледждердегі оқуларына төлем жүргізуге сомасы 200,0 мың.теңге.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

«Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық» функционалдық 07 топ бойынша шығыстар 2015 жылға сомасы 45514,0 мың.теңге жоспарланған.

Бұл функционалдық топ бойынша реалдық секторға келесі іс шаралар қарастырылған:

6 338,0 мың.теңге елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға;

6 339,0 мың.теңге елді мекендерді жарықтандыруға;

9 603,0 мың.теңге елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;

934,0 мың.теңге жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге;

6 087,0 мың.теңге елді мекендерді көгалдандыру және абатттандыруға.

Сонымен қатар тұрғын үй инспекциясының аппаратын ұстауға шығыстар қарастырылған сомасы 4 370,0 мың.теңге.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді күрделі жөндеуге қосымша қаржыландыруға, оның ішінде: Свободное ауылындағы ауылдық клуб сомасы 3340,0 мың.теңге, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ ғимаратының іс жасамайтын бөлігі сомасы 2120,0 мың.теңге, Двуречное ауылындағы су құбырының желістері 6383,0 мың.теңге.



Мәдениет, спорт, туризм және

ақпараттық кеңістік

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық 08 топ бойынша шығыстар сомасы 121987,0 мың.теңге көлемінде қарастырылған.

Бұл функционалдық топ бойынша келесі іс шаралар қарастырылған:

Мәдениет-демалыс жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыруға – 48790,0 мың.теңге, ОКЖ қызмет жасауына – 23 775,0 мың.теңге. Қазақ тілін оқыту бойынша Орталықты ұстауға шығыстар сомасы 8 209,0 мың.теңге қарастырылған, жастар ресурстық орталықты ұстауға сомасы 5825,0 мың.теңге, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 4638,0 мың.теңге

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар сомасы 7 667,0 мың.теңге, ішкі саясат бөлімі- 6 538,0 мың.теңге. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің аппаратының қызметін қамтамасыз етуге - 5 931,0 мың теңге.

Сонымен қатар қаржыландыру жоспарланған: аудандық деңгейде спорттық жарыстарды өткізуге, және облыстық жарыстарда жалпы шығыстар көлемімен- 8 506,0 мың.теңге, ОКЖ материалдық- техникалық жабдықтауға сомасы компьютерлер алуға 577,0 мың.теңге, әдебиет 1007,0 мың.теңге, жастар ресурстық орталығы үшін орг.техника және бағдарламалық қамтымды алуға сомасы 250,0 мың.теңге.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық 10 топ бойынша шығыстар сомасы 33970,0 мың теңге қарастырылған.

Бұл функционалдық топ бойынша ветеринария бөлімінің қызметін қамтамасыз етуге сомасы 7991,0 мың.теңге шығыстар қарастырылған, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға сомасы 1000,0 мың.теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуге сомасы 265,0 мың.теңге Ауыл шаруашылығы бөлімін ұстауға қаржыландыру сомасы 15196,0 мың.теңге қарастырылған, жер қатынастары бөлімін ұстауға 6 758,0 мың.теңге.

Қосымша шығыстар енгізілген сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде, мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша іс шараларды іске асыруға сомасы 2760,0 мың.теңге, жергілікті атқарушы органдардың штат санын өсруге сомасы 2580,0 мың.теңге қарастырылған.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық 11 топ бойынша шығыстар сомасы 15737,0  мың.теңге көлемінде қарастырылған.

Бұл функционалдық топ бойынша қарастырылды: құрылыс бөлімінің аппаратын ұстауға сомасы 10 105,0 мың.теңге. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің аппаратын ұстауға сомасы 5 632,0 мың.теңге.

Көлік және коммуникация

«Көлік және коммуникация» функционалдық 12 топ бойынша шығыстар сомасы 6278,0 мың.теңге көлемінде қарастырылған.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстарды жүргізуге сомасы 6278,0 мың.теңге шығыстар қарастырылған.



Басқалар

«Басқалар» функционалдық 13 топ бойынша 2015 жылға шығыстар сомасы 33466,0 мың.теңге көлемінде қарастырылды.

Бұл функционалдық топ бойынша келесі іс шаралар қарастырылды: 6334,0 мың.теңге кәсіпкерлік бөлімінің аппаратын ұстауға, 48,0 мың теңге кәсіпкерлік қызметті қолдауға, 3350,0 мың теңге – ауданның жергілікті атқарушы органның резерві, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің аппаратын ұстауға 9759,0 мың теңге.

Қосымша шығыстар енгізілген, жалпи сипаттағы трансферттердің көлеміне ауысатын: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде аумақтарды экономикалық дамытуға көмек көрсету шараларын іске асыру үшін сомасы 13 975,0 мың.теңге шығыстар қарастырылған





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет